Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте қарастырылған:
1) қажетті қорғану;
2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;
3) аса қажеттілік;
4) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;
5) бұйрықты немесе өкімді орындау;
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):
1) кінәлі адамның өкінуі;
2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;
5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтжесінде жасау;
7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):
1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру;
2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша ӘҚБтК-тің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;
3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
Қажетті қорғану.
1. Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын,тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бүл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Өздерінің кәсіби немесе өзгеде арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде етті қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сурап жүгіну мүмкіндігі болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесілі болады.
3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәикес келмеуі, осынын нәтижесінде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдің, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен адам әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс емес.
Аса қажеттілік.
1. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтар мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бүл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса кажеттілік шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
Бұйрықты немесе өкімді орындау.
1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекетті жасауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттің жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.
2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау әкімшілік жауаптылықты болдырмайды.
№8. Әкімшілік жаза. Негізгі сұрақтар:
1. Әкімшілік жаза ұғымы.
2. Әкімшілік жазалардың түрлері.
3. Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі.
4. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану.
1. Әкімшілік жаза ұғымы.
Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзғаны үшін жауаптылық шарасы. Ол: а) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңдарды сақтау және құқықтық тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеу;
б) құқық бұзушының да, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік жазалар белгілі межеде құқық бұзушылықтың алдын алу функциясын орындайды.
Әкімшілік жазалар, әдетте, құқық бұзушыға иә моральдық, иә материалдық ықпал жасаудан көрінісін табады. Кейбір әкімшілік жазалар өзіне бір мезгілде әрі моральдық айыптауды, әрі материалдык ықпалды, әрі бұзушының құқығын уакытша шектеуді біріктіреді (мысалы, әкімшілік қамауға алу, ар-найы құқығынан айыру және басқалар).
Әкімшілік жазалар мәнінің бірлігімен, оларды қолданудың негіздерімен және мақсаттарымен, оларды бірімен бірін ауыстырудың мүмкіндігімен айырылатын үйлесімді жүйе кұрады.
ӘПБтК-те мынадай әкімшілік жазалар белгіленіп, бекітілген: 1) ескерту; 2) затты құнын өтеп алып қою; 4) затты тәркілеу; 5) арнайы кұкығынан айыру; 6) әкімшілік қамауға алу; 7) кәсіпкерлік қызметке қадағалау тағайындау; 8) белгілі бір қызмет түрінін лицензиясынан (патентінен) айыру.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Казакстан Республикасынын аумағынан аласталуы мүімкін.
Занда әкімшілік жазалар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Заттарды құнын өтеп алып қою және тәркілеу негізгі және қосымша әкімшілік жазалар ретінде колданылуы мүмкін, қалғандары тек кана негізгілер ретінде. Қосымша жазалар жеке түрінде қолданылмайды.Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымын уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпап ету шарасы деп түсінуге болады. Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді және сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады. Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықтағы жазаны қолдануды көздейді.