Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Әкімшілік жазалардың түрлері



бет11/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Әкімшілік жазалардың түрлері.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:
1 ескерту жасау; '
2.айыппұл салу;
3.әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп апу;
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты тіркілеу;
5. арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жүргізу құқығынан);
6. берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестаттан (куәліктен) айыру, яғни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядал айыру;
7. тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
8. кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған мүлдем тыйым салу;
9. әкімшілік қамауға алу;
10. азаматтығы жоқ адамды немесе шетелдікті ҚР (территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
Кішігірім, елеусіз әкімшілік теріс әрекет жасағандық үшін тартылатын әкімшілік жауапкершіліктің ең жеңіл түрі ескерту жасау болып табылады. Ескерту жасау бір жағынан тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады, онда теріс әрекет жасаған адам басқа азаматтарға қоғамдық және мемлекеттік институттарға зиян келтіретін әрекеттерді алдағы уақытта қайталап інде ескертеді. Ескерту жасау кінәлі адамға қандай да құқықтық салдарлар әкеледі, ол әкімшілік жазаға тартылған болып саналады, сонымен қатар ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған теріс әрекет үшін жазалау мәселесін шешкенде жазаның басқа түрлерімен қоса есепке алынады.
Айыппұл салу белгілі бір әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған кінәлі адамға ақшалай жаза қолдану арқылы мүліктік ықпал ету шарасы болып табылады.
Лауазымды адамдарға салынатын әкімшілік айыппүлдың мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына қарай өзгеріп отырады, мысалы, әкімшілік құқық, бұзушылық туралы кодекс әкімшілік айыппұлдың мөлшерін құқық бұзушылықтың сипатына және құқық бұзушының мәртебесіне қарай белгілеп отырады. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бірінен аз емес, лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем емес, ал заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 48-бабында:
ақшалай жаза ретінде;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және шектерде;
айлық есептік көрсеткіш санына сәйкес келетін сома түрінде салынады деп қаралады;
азаматтарға салынатын айыппул, әдетте айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінен, ал лауазымды адамдарға мөлшерінен аспауға тиіс деп көрсетілген.
Айыппұлды құқық бұзушы өзіне айыппұл салу туралы қаулы тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей телейді. Бұл ретте азаматтың, лауазымды адамның шағымдану құқығы сақталады және егер шағым беріліп қаралғаннан кейін немесе прокурордың наразылығынан кейін шағым қанағаттандырусыз қалдырылса, онда жоғарыдағы мерзім шағымның қанағаттандырусыз қалдырыл-ғандағы жайында хабар берілген күннен бастап саналады.
Әкімшілік құқық бұзушылық қаруы болған немесе тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып кою әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 49-бабы бойынша жүзеге асырылатын әкімшілік жазанын бір түрі болып табылады. Осы бап бойынша зат алынып сатылады, ал сатуға байланысты шығын алынып тастапынады, қалган сома заттың бұрынғы иесіне тапсырылады.
Тәркілеу мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза ол құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды мемлекет меншігіне тегін алу, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте нақтырақ айтылған. Тәркілегенде әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған немесе тікелей объектісі болып табылатын зат төлемсіз алынады. Құзіретті орган немесе өкілеттілік берілген лауазымды тұлға затты кілегенде тәркілеу туралы тиісті қаулы шығарады, ал алынған күні қаулының орындалғаны туралы тиісті қаулы шығарады.
Әкімшілік ықпал етудің қаралып отырған тәртібін анықтай келе шығарушы, атылатын кару мен оқ дәрінің тәркіленуі де, өтемі төленіп алынуы да аңшылық күн көрудің негізгі көзі болып табылатын адамға қатысты қолданылмайтындығын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айырыкша атап өтеді.
Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру дегеніміз -осы құқықты пайдалану тәртібін өрескел немесе үнемі бұзғаны үшін оны сол құқықтан айыру болып табылады, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 51 бабында айтылып өткен. Осы баптың негізінде белгілі бір қызметпен айналысудың немесе белгілі біртүрін орындаудың арнаулы құқығынан айыру мынадай 2 жағдайда ғана пайдаланылады; 1) көлік құралын мас күйінде басқарғанда, жол козғалысы ережесін басқадай бұзған жағдайда. 2) аң аулау ережесін бұзғанда.
Басқару құқығынан айырумен қатар, күшіндегі заң, көлік құралын басқару құқығының күшін тоқтатудың басқа да негіздемелерін белгілейді:
жүргізуші куәлігі күшінің белгіленген мерзімінің өтуі;
жүргізушінің денсаулығының көлік құралын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретіндей дәрігерлік (медициналық) қорытындымен расталып нашарлауы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте:
Әкімшілік қамауға алу әкімшілік жаза қолданудың негізгі түрі. Ерекше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтын кейбір түрлері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге, ал төтенше жағдайда жасалған құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қолданылады. Осы әкімшілік жазаға тартылған адамдар ішкі істер органдары белгілеген жерлерде ұсталады, олар қамаудағы адамдардың басқа санаттарынан бөлек болады.
Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне кіреді, сол себепті қамауда ұстау мерзімі қысқарады. Қызметтің белгілі бір түріне берілген рұқсаттан лицензиядан айыру азаматтарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және лауазымды адамдарға арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың ҚРнда белгіленген тәртіпте қолданатын әкімшілік жазасы.
3. Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тулғаның қызметін тоқтата тұру немесе тиым салу әкімшілік шара болып табылады және белгілі бір жағдайларда қолданылады, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 53-бабының 1бөлігінде айтылған. Біріншіден, бұл тек сот арқылы беріледі. Екіншіден, іс сотта өкілетті органның өтініші бойынша қаралады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қызметі ерекше жағдайларда және үш күннен аспайтын мерзімге сот шешімінсіз тоқтата тұру немесе оған тиым салу мүмкіндігіне жол береді,
Осы аталып көрсетілген шаралармен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте, өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу, сондай-ақ ҚР аумағынан (территориясынан) әкімшілік жолмең аластату шараларын қарастырған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік жазаларды қолдану ережелері көрсетілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік жазалардың мерзімі жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін 2 ай өткен соң жеке адамға қарсы әкімшілік жаза қолдануға болмайды, ал әкімшілік құқық бұзушылықты қоршаған отаны қорғау саласында жасаса 6 айдан кейін, салық салу аласында жасаса үш жыл өткен соң әкімшілік жауапқа тартылмаған деп санауға болатын мерзімді де белгілеген.
Заң шығарушы іс бойынша қабылдануы мүмкін қаулылардың мынадай түрлерін белгілейді: .
1. әкімшілік жаза беру туралы;
2. іс бойынша істің жүргізілуін тоқтату туралы;
3. істі жазаның басқа турін немесе мөлшерін белгілеуге құқығы бар судьяның, органның қарауына беру туралы; айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату турапы.
4. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану.
Бір ғана тұлғаның бірнеше рет құқық бұзушылыққа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, құқық бұзушылықтық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған құқықбұзушылықтары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше құқық бұзушылық жасауының өзі әдетте, бұл құқық бұзушының бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал құқық бұзушылықтық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше құқық бұзушылық жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Тұлғаның құқық бұзушылықтық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе құқық бұзушылықтық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп құқық бұзушылық жасауы құқық бұзушылықтық құқыққа құқық бұзушылықтардың көптігі деп танылады. Қазіргі құқық бұзушылықтық заңдар бойынша құқық бұзушылықтардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
1) құқық бұзушылықтың бірнеше мәрте жасалуы;
2) құқық бұзушылықтардың жиынтығы;
3) құқық бұзушылықтың қайталануы.
Құқық бұзушылықтардың көптігінің өзіне тән белгісі – бір тұлғаның кемінде екі рет құқық бұзушылық, яғни құқық бұзушылықтардың дербес құрамдарының белгілері бар әрекеттер (немесе жиынтықталған бір әрекет) жасауы. Ал әкімшілік құқық бұзушылық, тәртіпке қарсы қылық, азаматтық – құқықтық тәртіп бұзушылық, сол сияқты, ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігінде қарастырылған іс әрекет немесе әрекетсіздік құқық бұзушылықтың көптігіне жатпайды.
Құқық бұзушылықтық жауаптылықтың ескеру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да құқық бұзушылықтың көптігіне жатпайды. Бұл туралы құқық бұзушылықтың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-те анық айтылған.

Лекция №9 Әкімшілік жауаптылықтан және жазадан босату
Негізгі сұрақтар:
Әкімшілік жауаптылықтан және жазадан босатудың ұғымы мен түрлері
Әкімшілік жауаптылықтан және жазадан босатудың түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет