Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Істерді қараудың айқын тәртібі



бет43/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Істерді қараудың айқын тәртібі белгіленген.
Ол істі кім қарайтынын, қандай іс қаралғалы жатқанын, кім және кодекстің қай бабы негізінде жауапқа тартылып отырғанын хабарлаудан басталады. Сонан соң іс жүргізуге қатысушылардың жеке басы анықталады, олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Одан кейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жарияланады. Іске қатысушылардың түсініктемелері, айғақтары, қорытындылары тыңдалады, дәлелдер зерттеледі, қатысып отырған прокурордың қорытындысы тыңдалады.
Әкімшілік іс жүргізудің бұл сатысы мазмұнындағы ең маңыздысы мынада, судья, орган /лауазымды адам/ іс қараған кезде мыналарды анықтауға міндетті: әкімшілік құқық бұзушылық жасалған ба, осы адам соны жасауға кінәлі ме, ол әкімшілік жауаптылыққа жата ма, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар бар ма, мүліктік залал келтірілген бе. Заңды тұлғалар жөнінде де осы сияқты мәселелер /кінәліліктен басқалары/ анықталады.
Судья немесе уәкілетті орган (лауазымды адам) істі қараған кезде міндетті түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қараудың хаттамасын жасайды.
Осы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда, кінәліні тәртіптік жауапқа тарту үшін істі қарауға берген жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтан қылмыс белгілерін тапқан жағдайда істі қарау іс жүргізуді қысқартумен аяқталады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі шешу судьяның, органның /лауазымды адамның/ іс бойынша қаулы шығаруынан көрініс табады.
Ол не іс жүргізуді қысқарту туралы, ол жөнінде бұған дейін айтылды, не әкімшілік жаза қолдану туралы болуы мүмкін. Соңғы жағдайда істі қарау барысында әкімшілік құқық бұзушылық фактінің және оны жасаған адамның анықталғандығын куәландыратын барлық деректер қаулыда болуы керек. Адамның қадір-қасиетін қорлайтын қаулы қабылдауға жол берілмейді.
Судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, дау болмаған жағдайда жаза қолданумен қатар бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы деп белгіленген. Өзге уәкілетті органдар /лауазымды адамдар/ қарайтын істер бойынша мүліктік залалды өтеу азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Іс жөніндегі қаулыда әкімшілік жаза шарасын белгілеуден басқа заттық дәлелдемелер, алып қойылған заттар, құжаттар мен құндылықтар туралы мәселелер шешілуге тиіс. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тікелей объектісі болған жеке немесе заңды тұлғаға жататын заттар тәркіленеді немесе тиісті мекемеге беріледі немесе жойылады. Қалған жағдайларда олар кімдерге тиесілі болса, соларға қайтарылады.
Іс жөніндегі қаулы ол қаралып біткен соң хабарланады. Оның көшірмесі жазаланған адамға тапсырылады, ал әкімшілік қамауға алу туралы қаулының көшірмесі дереу прокурорға жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет