Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



бет40/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Іс жүргізудің сатылары. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу мыналардан тұрады: істі қозғаудан; оны қарап шешуден; іс бойынша шығарылған қаулыға шағым немесе наразылық келтіруден; іс бойынша шығарылған қаулыны орындаудан.
Әкімшілік іс қозғау әкімшілік іс жүргізудің бастапқы сатысы. Оның себептері мен негіздемелерін айыру керек.
Іс қозғауға: уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы; құқық қорғау органдарынан; сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар; жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері; бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы іс қозғау үшін негіздеме болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе ол жөнінде іс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет