Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі



бет37/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Әкімшілік әділет деп атқарушы билікке тәуелсіз сот билігі органының атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдары арасындағы дауларды қарау және шешу жөніндегі іс жүргізу қызметі түсініледі.
Әкімшілік Әділет өзінің мәні бойынша даулы жағдайларды, Жария және жеке мүдделері сәйкес келмейтін жария-құқықтық дауларды басқару саласындағы шешу жөніндегі соттың іс жүргізу қызметін білдіреді. Осындай сәйкессіздік нәтижесінде басқарушы субъект басқарушы субъектінің шешімдері мен іс-әрекеттерінің заңдылығына шағымданады.

Дәріс №14. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу
Негізгі сұрақтар:
1. Әкімшілік іс жүргізудің ұғымы және белгілері.
2. Әкімшілік іс жүргізуді құқықтық реттеу және оның принциптері.
3. Әкімшілік іс жүргізудің түрлері және сатылары.
ӘҚБтК өзінің материалдық және процессуалдық құқық нормаларымен сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тысқары тәртіппен де жүзеге асырылатын әкімшілік-юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттеген.
Онда іс жүргізудің міндеттері айқындалған: әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты толық және объективті анықтау; оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау. /577-бап/.
Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар да анықталған. Төмендегі мән-жайлардың ең болмағанда біреуі болған жағдайда іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады; әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының және құрамының болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін Заңның күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі. Аталған мән-жайлар жеке тұлғаларға да, сол сияқты заңды тұлғаларға да қатысты. Мұның сыртында, тек жеке тұлғаларға ғана қатысты іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар белгіленген. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде адамның 16 жасқа толмауы; құқыққа қарсы әрекет жасаған адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы; құқық бұзушылық ӘҚБтК-тің 5-тарауына сәйкес мән-жайларда жасалған ретте; әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы не істің қысқартылуы туралы судьяның, органның /лауазымды адамның/ қаулысының, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық іс болуы; ісі жүргізіліп отырған адамның қайтыс болуы.
Егер ісіті қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылықта қылмыс белгілері бар екендігі табылса, онда істі қарайтын орган /лауазымды адам/ материалдарды прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына береді.
Сонымен бірге, іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңдардың негізінде және оны жасаған жері бойынша /көлік құралдары туралы істер бойынша – олардың есепке алынған жері бойынша немесе іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да/ жүзеге асырылады деп белгіленген.
Іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылады. Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамдарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеу, аудармашының қызметін тегін пайдалану қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барлық азаматтардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысуына және тағы басқаларға қарамастан заң мен істі қарайтын органның алдында тең негізде жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер ашық түрде қаралады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын қадағалауды прокуратура органдары жүргізеді.
Кәмелетке толмаған адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты, сондай-ақ әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы прокурор хабардар етіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер істі қарауға құқықты судья, орган /лауазымды адам/ бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа материалдарын алған күннен бастап он бес күн мерзімде қаралады. Кейбір істер өте қысқа мерзімде қаралады. Мысалы, қамауға әкеліп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ол жөнінде хаттама мен басқа материалдар алынған күні қаралуға тиіс.
Істі жүргізіп жатқан судьяның немесе органның /лауазымды адамның/ әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының болғанын немесе болмағанын, осы адамның кінәлілігін, және істің дұрыс шешілуі үшін мәні бар өзге де мән-жайларды анықтау негізіне жататын дәлелдемелердің, яғни кез-келген нақты деректердің үлкен процессуалдық маңызы бар. Бұл деректер әкімшілік жауапқа тартылатын адамның түсініктемелерімен, жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен, сарапшының қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен, өзге де құжаттармен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттамалармен анықталады. Бұл орайда заттай дәлелдемелер ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құралы немесе тікелей объектісі болған, не өзінде оның іздері қалған заттар болып табылады.
Әкімшілік істі жүргізуді жүзеге асыратын судья, алқалы органның мүшесі, лауазымды адам дәлелдемелерді Заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелерді өз жиынтығында жан-жақты толық және объективті қарауға негізделген өзінің ішкі сезімі бойынша бағалайды. Ешбір дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші болмайды.
Істің уақытылы және дұрыс қаралуы мен ол жөнінде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында заңнамалар іс жүргізуді процессуалдық қамтамасыз ету шараларын қолдану мүмкіндігін қараған. Өздерінің заңдық сипаты бойынша олар әкімшілік – алдын алу және әкімшілік – жолын кесу шараларының бір түрі болып табылады. Бұл адамды әкімшілік түрде ұстау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу, жеке тексеріп шығу және көлік құралын және заттарды тексеріп шығу, құжаттар мен заттарды алып қою, көлік құралын жүргізуден шеттету және алкогольмен масаю күйін куәландыру, көлік құралын ұстау.
Барлық көрсетілген шаралар тиісті хаттамалармен рәсімделеді. ӘҚБтК /620-бап/ бұл шараларды қолданатын лауазымды адамдардың өкілеттіктерін айқындаған /мысалы, ішкі істер /полиция/, бақылау-қадағалау органдарының лауазымды адамдары және т.б./. Адамның жеке басын тексеру, заттарды, көлік құралдарын тексеру әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тікелей объектілерін табу мақсатында жүргізіледі. Бұл шаралар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиісті заттар мен құжаттарды алып қою екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
Іс жүргізуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны әкімшілік ұстау сияқты шараны айрықша бөлген жөн, өйткені мәселе оның бостандығын уақытша шектеу жөнінде қойылып отыр. Бұл шараны ерекше жағдайларда ішкі істер /полиция/, шекара қызметінің органдары, әскерилендірілген күзет пен әскери автомобиль инспекциясы лауазымды адамдары және т.б. қолданады. Ол ықпал етудің басқа шаралары таусылған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу; бұзушының жеке басын анықтау үшін; әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, егер ол міндетті болатын болса, жасау мақсатында жүзеге асырылады.
Әкімшілік ұстау үш сағаттан ұзақ болмауы керек. Адам шекара, кеден режимін, төтенше жағдай тәртібін бұзған жағдайда 24 сағат ішінде прокурорға хабарланып, 48 сағатқа дейін ұсталуы мүмкін.
Өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады. Шағым бес күн мерзімде қаралуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет