Әкімшілік-рәсімдік мағынада әкімшілік процесс атқарушы биліктің уәкілетті органдарының әкімшілік құқықтың реттеуші нормаларын іске асыру жөніндегі қызметі ретінде айқындалады.
Әкімшілік процестің әкімшілік-юрисдикциялық түрі өзінің мәні бойынша даулы жағдайларды шешуге немесе қабылданған шешімді іске асыру бойынша мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, құқық бұзушылықтарды бағалауға бағытталады.
Әкімшілік-юрисдикциялық процестекелесі өндіріс түрлері бөлінеді:
тәртіптік өндіріс;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс:
шағымдар бойынша өндіріс.
Әкімшілік процесс үшін белгілі бір сатылардың, яғни қисынды дәйектілікпен жасалатын іс жүргізу іс-әрекеттер тобының болуы тән. Мұндай кезеңдердің қатарына жатады:
Істі қозғау.Осы кезеңде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы өз бастамасы бойынша немесе азаматтың немесе заңды тұлғаның өтініші бойынша басқару қызметінде туындаған даудың мән-жайларын анықтау үшін әкімшілік процесті қозғау туралы шешім қабылдайды.
Дауды қарау. Осы кезеңде лауазымды адам туындаған даудың барлық мән-жайларын зерттейді, осы даудың құқықтық мазмұнын анықтау мақсатында қажетті материалдар жинайды.