Шешім қабылдау. Жиналған материалдар негізінде мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы әкімшілік құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланатын жеке құқықтық акт нысанында шешім қабылдайды. Қабылданған шешім мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіледі.
Шешімге шағымдану.Әкімшілік процестің бұл сатысы мүдделі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен қабылданған шешімге шағым берген кезде диспозитивтік қағидатын іске асыру кезінде туындайды. Заңда шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе тікелей сотқа берілуі мүмкін екендігі анықталды. Әкімшілік процесте қабылданған шешімге прокурор наразылық келтіруі мүмкін.