Байланысты: Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау – негізгі саты, оның шегінде юрисдикциялық әкімшілік – процестік қызметке тәнді аса маңызды белгілері көрініс табады.
Бұл сияқты істерді қарауға уәкілетті судья, орган /лауазымды адам/ ең алдымен істі қарауға әзірлеуді жүзеге асырады. Бұл орайда маңызды заңдық мәні бар мәселелер шешілуге тиіс, атап айтқанда: бұл істі қарау өзінің құзыретіне жата ма; істі қарау мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлар бар ма; хаттама және басқа материалдар дұрыс жасалған ба; іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар бар ма; өтініштер және бас тарту бар ма; істі қарауға қатысатын адамдар қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланған ба.
Мұнымен бірге мына жағдай ескеріледі, істі қарайтын судьяның немесе лауазымды адамның іс жүргізуге қатысушылармен арасында туыстық байланыстары немесе істің шешілуіне жеке басы, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болған жағдайларда бұл істің қаралуы мүмкін емес. Мұндай мән-жайлар болған кезде олар бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті, ал іс жүргізуге басқа қатысушылар бұл ресми адамдардан бас тартатындығын мәлімдеуге құқылы.