Қазақстан ресупбликасының білім және ғылым министрлігі


Электролит ерітінділердің меншікті электрөткізгіші



бет16/20
Дата19.03.2022
өлшемі152,98 Kb.
#136139
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
эЛЕКТРОХИМИЯ

Электролит ерітінділердің меншікті электрөткізгіші.
Жоғарыда айтылған себептермен металдың өткізгіштер сияқты электролит ерітінділерінде электр тогының өтуіне нақты кедергілері болады. Қабырғасы 1 мл кубтың қарама-қарсы қырларының арасында орналасқан электролит ерітінді қабатының кедергісін ерітіндінің меншікті кедергісі деп аталады, және ρ деп белгіленеді. Меншікті кедергіге кері шаманы меншікті электрөткізгіштігі деп атайды
χ = 1/ρ (2.4)

мұндағы, ρ - меншікті кедергісі, ом ∙ см; χ - меншікті электрөткізгіштік, ом-1 ∙ см-1.


Ерітінді концентрациясы төмен болған кезде ерітіндінің 1 см3-да иондар саны өте аз, ал ток иондар арқылы жүргізілетіндіктен ерітінділердің меншікті электрөткізгіштігі де төмен болады. Концентрация өскен сайын 1 см3-та ерітіндіде иондар саны да көп болады және меншікті электрөткізгіштігі де өседі. Бірақ ерітінді концентрациясы қандай да бір шамаға жеткенде меншікті электрөткізгіштігі төмендей бастайды күшті элетролиттерде релаксациялық және электрофоретикалық эффектілер әсерінен иондардың тежелуі күшейгендіктен болады, ал әлсіз электролиттерде – диссоциялану дәрежесі төмендегендіктен. Меншікті электрөткізгіштікке сонымен қоса температура да әсер береді, иондардың үйкеліс коэффициенті төмендеуіне байланысты, температура өскен сайын электрөткішгіштік те өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет