Дәріс 1. «Кіріспе. Электрохимиялық процестердің жалпы сипаттамасы».
Дәріс сабақтың мазмұны:
1. Электрохимия пәні.
2. Бірінші және екінші реттік өткізгіштер.
3. Электрохимиялық реакциялардың ерекшеліктері.
Кіріспе.
Электрохимия – химия/қ энергия электр/к энергияға ж/е электр/к энергия химия/қ энергияға айналу процестерін оқитын ғылым. Осындай айналуларының мысалы ретінде жұмыс жасау және зарядталу кезіндегі аккумуляторлы батареяда жүретін процестерді қарастыруға болады. Сонымен, қорғасын аккумуляторда, күкірт қышқылы толтырылған сыйымдылық, оның ішінде екі қорғасын пластинкасы бар – электродтар, біреуі көбікті қорғасынмен, ал екіншісі – PbO2, қорғасын тотығымен қапталған, жұмыс барысында мынадай химиялық реакция жүреді:
Pb + PbO2 + 2Н2SО4 = 2PbSО4 + 2Н2О
екі реакцияның суммасы болып табылатын:
І. Pb + SО42- = 2PbSО4 + 2ê
- көбікті қорғасынмен қапталған электродта, және
ІІ. PbO2 + 4Н + + SО42- = PbSО4 + 2Н2О – 2ê
- қорғасын тотығымен қапталған электродта жүретін.
Электрондар, бір электродтан екінші электродқа сыртқы тізбек арқылы өтіп электродты реакцияға түсіп электр тоғын туғызады. Аккумуляторда өтетін химиялық реакция нәтижесінде сыртқы тізбекте электр тоғының пайда болу процесі, аккумулятордың разрядталу процесі деп аталады.
Электрлік энергия, қорғасын аккумуляторында қорғасын мен қорғасын тотығының жаратылуы және электродтарда қорғасын сульфаты PbSО4 жиналу арқылы бөлінеді. Қорғасын аккумуляторының разрядталу процесі барлық қорғасын тотығы PbO2 жаратылып және екі электродта да тек қорғасын сульфаты PbSО4 болғандағана аяқталады. Аккумулятроды зарядтау үшін оның үстінен сыртқы көз арқылы үздіксіз тоғын жібереді. Осы кезде электродтарда жоғардағы І,ІІ реакциялар кері жүреді, яғни электр/к энергия химия/қ энергияға айналуы:
2PbSО4 + 2Н2О = Pb + PbO2 + 2Н2SО4
Электр/к энергияның химия/қ энергияға айналу процестерін электролиз деп атайды.
Электрохимиялық процес жүретін электрохимиялық жүйе І-ші текті өткізгіштерден – электродтардан басқа ІІ-ші текті өткізгіштерден – электродтар арасындағы кеңістікті толтыратын, өткізетін ерітінді немесе балқымадан, және сыртқы электр тізбегін құратын І-ші текті өткізгіштерден тұрады.
Химия/қ және электр/к энергияның өзара өтулері тек электрохимиялық жүйелерде жүре алады, ал осы жүйелердің ерекшеліктері электрохимия пәнінде қарастырылады деп анықтайды.
Электрохимия пәнінде электролиттер ерітінділерінің қасиеттері, электрохимиялық реакциялар жүргенде ерітінділерде өтетін процестер, электролит ерітінділерін зерттейтін бірқатр әдістер, электродтар жанындағы ерітіінділер қабатының (ҚЭҚ) құрылысы, электродты процестердің кинетикасын, электролиз процесі деген бөлімдер қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |