Қазақстан спортшылары



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#92889
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
интер

БОКС

Головкин Геннадий

  • Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) - қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы, 2010 - қ.у; WBA тұжырымы, 2011 - қ.у; уақытша WBC, 2014 - қ.у). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан, үздік боксшылардың ондығына кіреді. 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша, орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин беделді америкалық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанған болатын.
  • Өзінің алғашқы ресми белдесуін Головкин 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластармен белдесті, сөйтіп сол жарыста жеңіске жетті.
  • 2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.
  • 2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилді жеңді (15 – 3).
  • 2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 белдесуінде жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзірбайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19 – 8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан - Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10 – 7). Ал жалпылай санағанда 7 – 5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6 – 4).
  • 2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.
  • 2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.
  • 2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет