Братислава қаласында 2-6 қаңтар аралығында мәнерлеп сырғанаудан "Словакияның жаңа жылдық кубогы" атты халық аралық турнир өтті. Турнирде Қазақстанның намысын қорғаған ең жас мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жеңімпаз атанды. Ол- осы жарыста Қазақстанды әлемге танытып, абыройымызды асқақтатқан жалғыз мәнерлеп сырғанаушы. Элизабет алғаш жастар арасында додаға түскен болатын. Соған қарамастан, әдемі ойын өрнегін көрсетіп, топ жарды. Додаға жалпы 15 мемлекеттен 14 спортшы қатысқан. Жерлесіміз 53, 22 балмен көш бастады, екіші орында Полина Эдмундс (52,49). Элизабет- мәнерлеп сырғанаудан осыған дейін талай айтулы жарыста топ жарып үлгерген. Қазақстанның үш дүркін чемпионы және бірнеше рет халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 2011 жылы Германияның Дортмунд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды. Бұл жарыста 12 елден келген 46 спортышмен бәсекеге түсті. Сөйтіп, жасөспірімдердің 2013-2014 жылғы маусымға арналған әлемдік Гран-приінің бес кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы үштіктің құрамына енді. Ол мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберіне үміткер. Бос уақытында скрипка, фортепьяномен шұғылданады. негізгі армандарын спортпен байланыстыратын Элизабет мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарында әлем чемпионы болуды армандайды.