Қазақстан спортшылары



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#92889
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
интер

Ермахан Ыбрайымов

  • Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер.
  • 1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
  • 2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы.
  • 2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Хьюстон, 1999); XXVII Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы чемпионы (Сидней, 2000); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Филиппин, 1994); (Галле, Бангкок, 1998). КСРО спорт шебері (1988). Халықаралық класстағы спорт шебері. ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы. I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет