Денис Юрьевич Тен (Алматы, 13 маусым, 1993 жыл - 19 шілде 2018 жыл) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері,255,10 ұпаймен қола медальға ие болды Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері , VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ванкувердегі олимпиадада Денис Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты. Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (сәуір, 2009 ж), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл.), ал 2013 жылы — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009 ж), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (қазан 2008 ж.). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ). 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды