Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары



бет6/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Терминологиялық сөздік:

  1. Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне 1906-1917 жж. жасалған реформа. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин болатын.

  2. Жатақ — дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы. Жатақтар кейін басқа әлеуметтік топтарға сіңіп,  жұмысшы,  қызметші,  кеншімұнайшы  тәрізді түрлі кәсіп иелеріне айналған.

  3. Столыпин Петр Аркадьевич (1862 ж. - 1911 ж.) - Ресейдің белгілі мемлекет қайраткері, Ресей Министрлер Кеңесінің Төрағасы (1906 ж. - 1911 ж.), шаруаларды Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібір мен Қазақстанға жаппай қоныс аудартудың бастамашысы.

  4. Демография  (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың,  этникалық топтың  санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік  ғылым  саласы.


Сұрақтар:


  1. XX ғасыр басында қазақ өлкесі неше облыстан тұрды?

  2. Сібір теміржолы қашан салынды?

  3. Қазақстанға қай жерлерден шаруалар көшіп келді?

  4. Қазақстанға неліктен басқа ұлт өкілдері қоныс аударды? Себептерін түсіндіріңіз.

  5. А.Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтқанын түсіндіріңіз.

  6. Ресей империясының қоныстандыру арқылы отарлық саясат жүргізгеніне дәлел келтіріңіз. Қоныстандыру саясатының екі-үш салдарын атаңыз.




2-тақырып.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет