Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?



бет66/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды? 20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. 

Семей әуесқой театр. 

Орынбордағы қазақ институты

Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.

  Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Оның шығармашылығы 20-жылдардңің соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. 

 Ә. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. 

Соғысқа дейінгі кезеңде Ә. Ысмайылов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды.

Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен танысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет