«Қырғи қабақ соғысы» немесе Қырғи Қабақ Соғыс— 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат.
Партизан қозғалысы – жау басып алған территорияда өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі және әлеуметтік өзгерістер жолындағы халықтық күрестің бір түрі; оған жау тылында қимыл жасаушы әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін.
Фашизм (лат.fascismo, fascio – диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) — 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішіндеГерманияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.
Сұрақтар: Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
Қай шайқастарда қазақстандықтар елеулі еңбек көрсетті?
Партизан қозғалысының танымал өкілі?
Қазақстандық партизандардың саны қанша болды?
Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары қандай ерлік жасады?