94. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық реформалар және олардың нәтижесі. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы.
Ел экономикасын ырықтандырудың алғашқы кезеңі (1991-1993жж.) мен өтпелі кезеңіндегі (1994-1997жж.) әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басқару тетіктерін іздестіру бағытында төмендегідей маңызды экономикалық реформалардың тұтас кешені жүзеге асырылды: а) бағаны ырықтандыру;б) мемлекеттік меншікті жекешелендіру;в) ұлттық валютаны енгізу;г) қаржы жүйесін құру, салық және бюджет жүйесін қалыптастыру;д) нарықтық инфрақұрылымды дамыту;е) шетел инвестицияларын тарту, т.б. реформаларды жүзеге асыру экономиканың тұрақтандыру кезеңіне (1998-2001жж.) өтуге, нарықтық экономикаға қажетті алғышарттарды қалыптастыруға жол ашып, макроэкономикалық тұрақтандыруға негіз болды. 1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан бағаны ырықтандырды. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Қаңтар айынан тамызға дейін өндірістік тауарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс өршіп, инфляция үрдістері күшейді.Реформа қарсаңында мемлекеттік меншіктің негізгі қордағы үлесі 80%-ды құрады. Бұл елдегі инфляцияны өршітті. Әлемдік практика көрсеткендей кәсіпорындар мен компаниялар қызметінің нәтижесі мен тиімділігі олардың меншік формасына байланысты еді. Республика басшылығы нарықтық экономиканың басты принциптерінің бірі ретінде елде мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.Жекешелендіру Қазақстандабірнеше кезеңмен өтті. Осы жылдары жекешелендіру туралы бірнеше заң жобалары қабылданып, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.Бірінші кезеңде(1991-1992 жж) «Кіші жекешелендіру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік саудажәне қызметкөрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Бұл кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатта болды, яғни кәсіпорындар аукционға, конкурстарға қойылды немесе еңбек ұжымының меншігіне тегін берілді. Бұл кезеңде барлығы 4770 субъект жекешелендірілді. Сонымен қатар
52осы кезеңде тұрғын үй нарығы қалыптасты. Тұрғын үй қоры тегін жекешелендірілді.Екінші кезеңде(1993 -1996 жылдары) 1993 жылғы сәуірде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды.Бұл кезеңде жұмыс істеушілерінің саны 200 адамнан 5 мың адамға дейінгі мемлекттік меншік нысандарын жекешелендіруді көзделді.1996 жылыреспубликадағы бұрынғы мемлекеттік бөлшек сауда, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету жүйесі толық жекешелендірілді, бәсекені дамыту мақсатында шағын жеке меншік кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді.Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды
Достарыңызбен бөлісу: |