ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әсет Пазылов, Баянауыл ауданы, Мәшһүр Жүсіп мұражайы.
2. «Абай-ақпарат».
3. Қазақстан-ZAMAN. 2011. № 9).
4. Шоқан Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы. 1984. 201 бет.
5. Абай Құнанбаев. Шығармалар. І том, Алматы, Жазушы. 1968. 237-238 бб.
6. Шәкәрім. Шығармалары. Алматы. 1998. 298-299 бб.
7. Сәкен Ӛзбекұлы, Атақожа Исмайлов. Ғұмар Қарашевтің қоғамдық-саяси және
құқықтық кӛзқарастары. Алматы, 2005. 71 б.
8. Барлыбек Сыртанов. Алматы, Жеті-Жарғы. 1996. 90 бет.
9. С.Б.Алашинский. Айқап, 1912, №13.
10. М.Ж. (Мағжан Жұмабаев) 1913 ж. «Айқап» №2.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена произведениям деятелей Алашорды, где освещаются жизнь, судьбы
и общественный роль казахских женщин.
S
UMMARY
Article is devoted to works Alashorda's figures where are shined life, destinies and public a
role of the Kazakh women
ӘОЖ 346:316,652 (574)
ОТАРЛЫҚ САЯСАТ БОЛҒАН ЖОҚ ДЕГЕН ПІКІР КІМДЕР ҮШІН ТИІМДІ?
Берлібаев Е.Т. -т.ғ.к., доцент
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Тоқбергенова Ч. А.-
аудандық
мәслихат депутаты
Қазақстан, Жамбыл обл., Қордай
Аннотация: Мақалада патшалық және кеңестік Ресейдің қазақстандағы отарлық
саясаты қарастырылған. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді
мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни, 1991 жылдан
кейін баса назар аудара бастады. Шет аймақ халықтары сол кездегі отар елдер халықтары,
жабайылар тарихы мәселелері ӛткен кездерде империялық ӛктемдіктің және марксизмнің
қатаң қағидасымен, тоталитаризмнің жеке адамға табынушылық идеологиясының
ықпалымен кӛрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи
ӛткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа кӛзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Түйін сөздер: отарлық, патша үкіметі, басқару ережесі, Қазақстан, Ресей, отарлау,
ұжымдастыру, соғыс қарсаңында.
КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіз мемлекеттер пайда болған кезде де империялық
ойлауды кӛрінеу және жасырын жақтаушылар Ресей отаршыл, империялық держава
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
20
болмаған дегенінен айнымай келеді. Бұл сұраққа кезінде Ресей тарихының аталары
Н.М.Карамзин, В.О.Ключевский жауап қайтарған болатын. Олар «Ресейдің тарихы
отарлаушы елдің тарихы» деп айқын жазған.
Ӛткен ғасырдың 90-жылдарынан Қазақстан тарихында «отар» және «отарлау» терминін
ұрпақ санасында тарихи шындық тұрғысынан қалыптастыруға бағытталған жаңа
зерделеумен ой-пікір басталды. Бұл зерделеулердің барлығына да тән нәрсе тарихи
шындықты нақтылай отырып, бүгінгі күн талабы үрдісінен шығу мақсатында шынайы
бағасын беру мақсатын кӛздеді. Ӛйткені, мұндай мәселе қазақ елінің ӛскелең ұрпағын
тәрбиелеу, ұлттық рухты насихаттау ісінде ӛзіндік мәні бар екендігі рас.
Қазақстанның мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі білім мен ғылым салаларында
түбірлі ӛзгерістер жүргізуді, халықтың тарихи санасын объективтік шындық тұрғысынан
қалыптастыруды қажет етеді. Осыған байланысты соңғы жылдары отандық тарих
ғылымында бұрмалауға ұшырап, не болмаса ғалымдар назарынан тыс қалып келе жатқан
тақырыптарға ден қойылуда. Қазақстан тарихшылары жалпы қоғамымыз тәрізді ұлттық
құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда ӛткен тарихымызға қазақ
ұлтының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшылардың еңбектеріне салыстырмалы талдау
жасаудың маңызы зор. Бұл бүгінгі ұрпақтың тарихи дүниетанымын кеңейтеді, тарихи білімді
толықтыра түседі.
Кеңестік дәуірде патша ӛкіметінің қазақ жерін отарлау саясатын әшкерелеуге баса
кӛңіл бӛлген еңбектер сонымен бірге ұлттық қатынастардың жер мәселесімен байланысты
кейбір тұстарын батыл аша алмады. Қалыптасқан коммунистік идеология бұл мәселеде орыс
ұлтының беделін түсіретін қандай да бір зерттеу әрекетіне, ашық пікірлер мен
тұжырымдарға қолдау білдіре қоймайтын еді. Кезінде қуғындалған қазақ ұлттық
тарихшыларының еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты кӛтерілді. Олардың еңбектерін
кеңестік цензура бақылауға алып, қоғамда оларды оқуға және пайдалануға ұзақ уақыт тыйым
салды.
Ресей империясының отаршылық мүддесі, 70 - жылдық кеңес ӛкіметі кезінде тап-
тартысы принциптері негізінде зерттеліп келді. Ал, егемендік алған бүгінгі кезеңде екі түрлі
қауіп орын алып отыр. Ол бұрындардан орын алып келе жатқан шовинистік кӛзқарастармен
шектен тыс ұлтшылдық пікірлер. Айталық кейбір ресейлік зерттеушілер Ресей империясы
«отар» дегенді білмеді дегенді дәлелдегісі келеді. Осы пікірді қостағандар отар деген
капитализм дәуіріне тән деп түсіндіруге тырысады [1]. Ал, енді бір авторлар «ресей
капиталистік ел болған жоқ отаршылдық капитализмге ғана тән, сондықтан ол отаршыл
емес, «халықтар түрмесі», оның тұтқыны башқұрт та, грузин де, эстон да, орыста болды» [3]
деп қорытындылайды. Енді бір авторлар Ресейдегі отаршылдық Батыс Европа елдерінен
ерекше оны батыс европалық метрополиялар мен олардың колониялары арасындағы
қатынастармен салыстыруға болмайды, оның үстіне XX ғасырдағы экономикалық есеп
бойынша Түркістан ӛлкесі Ресей қазынасы үшін қып-қызыл зиян болды, ал Түркістанға
Қазақстан территориясының едәуір бӛлігі кіргені белгілі деген пікір білдіреді [4]. Осы
кӛзқарасты ұстанғандар патша ӛкіметінің қазақ халқынан тартып алған 45 млн. десятина
жерден табылған табыс, осы жерден ашылған рудник, мұнай құбырлары, кӛмір шахталары,
алтын кендерінен алынған табысты есептеді ме екен?
Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе, оның түйінді мәселелеріне отандық
тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни, 1991 жылдан кейін баса назар аудара
бастады. Шет аймақ халықтары сол кездегі отар елдер халықтары, жабайылар тарихы
мәселелері ӛткен кездерде империялық ӛктемдіктің және марксизмнің қасаң қағидасы,
тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен кӛрінеу
бұрмалаушылыққа ұшыратылды. Әсіресе, XVІІІ – ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресейлік
империялық ӛктемдік тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи ӛткен
кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа кӛзқарастарды тиянақтауды талап етеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
21
Кеңестік тарихнамада Қазақстанды отарлаудың басталуы оның Ресейге қосылуы
тұрғысынан пайымдалды. Кейбір авторлар мәселенің экономикалық жағына да, саяси
себептеріне де мүлде тереңдеп бармай оны тек қана сырт жағынан қарап қосылу
кездейсоқтан болды деп есептеді. Әбілқайырды Ресейге бодан болуға итермелеген алдымен
айнала қаптаған жаудың айбары және белгілі дәрежеде орыс мемлекетінің сыртқы саясаты да
мәжбір етті.
XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында патшалық Ресей ӛзінің сыртқы саясатында Орта
Азия, Үндістан елдерімен тұрақты қатынас орнату үшін күреске белін түріп кіріскен еді. Ал,
Қазақстан болса оның жолында жатты. Демек, Әбілқайыр ӛз еркімен бодандыққа ӛту арқылы
Ресейдің жаулап алушылық саясатын болдырмады. Ерте ме, кеш пе, бәрі бір бұл саясат
жүзеге асатын еді.
Жоңғар шапқыншылығына ойдағыдай тойтарыс бергеннен кейін Қазақстан бірыңғай
және біртұтас мемлекет ретінде бабалары мұраға қалдырған дәстүрлі аймақта ӛзінің
шаруашылық ӛмірін қайтадан дамыта бастады. Алайда XVIII ғасырдың 30-жылдарының орта
шенінен бастап Ресей мемлекеті қазақтардың жеріне империяның бодандары ретінде,
қазақтардың ӛздеріне орыс мемлекеттік идеологиясы тұрғысында кӛз тіге бастады. Ӛлкенің
әр әкімі Ресей империясының толық және шексіз билігіне кӛшкен жер деп есептеп оны
ұлғайтуға ұмтылды. Осы саясатты жүзеге асыру барысында Ресейдің ӛкімет орындары
жергілікті халықтың қайтпас қарсылығына душар болды. Сондықтан оларды бӛлшектеу,
халықтарды қырқыстыру, халықтың барлық топтарында ӛз агентурасын құру, отарлаудың
басты күші ретінде қазақтарды біржола бағындырып, оларды осы мақсатқа пайдалану
сияқты түрлі әдіс - тәсілдер қолданыла бастады. Осы саясат империясының шекарасына ең
жақын орналасқан аймақ ретінде алғаш Батыс Қазақстанда жүзеге асырыла бастады.
Патшалық отарлау саясатының кӛздеген мақсатының ең бастыларының бірі жерге ие болу
еді. Бұл саясат орыстарды қазақ жеріне қоныстандыру арқылы, алғашында бей-берекет,
жоспарсыз, заңсыз, жүргізілді. Кейіннен біртіндеп қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан
тұрмыс құру, тіршілік ету, шаруа жүргізу жүйелері мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр үрдістерінің
күре тамырлары балталанды. Осыдан келіп қоныстанушылар мен тұрғылықтылар арасында
ұлтаралық қақтығыстар бой кӛтерді. Мұның соңы ұлт - азаттық кӛтеріліске ұласқаны белгілі .
Рас, отаршылдар бұл саясатын еппен, асықпай жүзеге асырды. Патша ӛкіметі алғашында
кіші жүзде ел билеудің хандық жүйесін сақтап, оның ішкі ісіне араласпай, тұзақты алыстан
құрып, сырттай келісім жасады. Қазақ даласын ӛзіне жағынып, бас шұлғып, бағынышты
болған хандар мен сұлтандар арқылы басқарды. Кейіннен Кіші жүзде хандық билік
жойылып, оның орнына аға сұлтандық жүйе енгізілді. Сӛйтіп, қазақ жерінде орыс
әкімшілігінің басқару жүйесін орната бастады.
XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей империясы Қазақстанды толығымен жаулап алып,
оны ӛзінің отарына айналдырды. Капиталистік даму жолына түскен Ресей енді отарына
айналған қазақ жерінде басқарудың империяға ыңғайлы жүйесін енгізуге кірісті. Патша
үкіметінің алдында аса күрделі міндет - жаңа қосылған ӛлке жерін басқаруды реттеу және
соның негіздерінде халықтан алым-салық жинау мәселесі тұрды. ІІ Александр патша 1867
жылы 11 шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге»,
ал 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығын басқарудың
уақытша Ережесіне» қол қойды. Шын мәнінде, қазақ даласында «бос жатқан» немесе «артық
жерлер» жоқ еді. Әр аймақ белгілі бір рудың жаз жайлауы, қыс қыстауы болатын және оның
шекарасы әр ру басы үшін әлдеқашан айқын белгіленіп қоятын.
«Қазақ» газетінде жарияланған (1915 ж., №156) Әлихан Бӛкейхановтың «Екі жол»
деген мақаласында: ... 1897 жылы қазақ үй басына қазақ - орысқа жылына 10 сом тӛлеуші
еді. Енді осы 10 сом 20-40 сом болды. Пайдаланған жер - баяғы он шақырым. Үй басына 40
сом тӛлеу оңай емес. Қан тӛгіп, кір жуып, кіндік кескен ата - қонысымыз-Ертіс. Мұннан
кетсек, бұдан неше есе бақытсыздыққа кез болуымыз анық?» – деп ащы шындықты ашына
жазады [5]. Патшалық Ресейдің орыстандыру және отарлау саясаты Кеңес ӛкіметі тұсында
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
22
одан әрі жалғастырылды. Ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған
бай-құлақ жер аударылды. Соғыстың алдындағы жылдары түрлі республикалардан ӛнеркәсіп
құрылысын жүргізу сылтауымен тағы 1 миллион 200 мың адам қоныстандырылды.
Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жӛн - жосықсыз
айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Сол кезде
Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері,
КСРО-ның батыс аймақтарынан 100 мыңнан астам поляк, Кавказдың 500 мыңнан астам
тұрғыны күшпен қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп кӛшірудің қара дауылын Қырым
татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да кеңес
халықтарының ӛкілдері бастап кӛшті.
Ресми деректер бойынша, осындай келеңсіз жүргізілген жұмыстардан соң сол кезде
Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға кӛбейген екен. Соғыс кезінде әр түрлі
ӛндірістермен бірге мұнда 350 мыңнан астам адамның әкелінгені де анық.
Солтүстік және Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге
2,5 миллиондай адам келді. Тыңгерлердің арасында Қазақстанға күшпен әкелінгендердің
ішінде тікелей қамау орындарынан жеткізілгендердің болғаны да жасырын емес. Орталық
ӛкімет жергілікті басшылықпен де, республиканың қарапайым тұрғындарымен де еш
келісімі болған жоқ. Мұның ӛзі қазақ халқын ӛз жерінде азшылыққа айландырып біртіндеп
орыстандыратын, отарлаудың кеңестік дәуірінің жалғасы болатын. Абырой болғанда алып
империя КСРО-ның ыдырауы бұл процестің жалғасын табуына мүмкіндік бермеді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Виноградов В.В, Умаров О.С. Вместе к великой. Грозный. 1983. с.10.
2. Галиев В. Национально-освободительное движение казахского народа «Мысль»
1993 с. 79.
3. Дергульян.Г.Н. Была ли Россия колониальной «Международная жизнь», 1991 с.171.
4. Галиев В. Национально-освободительное движение казахского народа «Мысль»
1993 с.78
5. Әлихан Бӛкейханов Екі жол // Қазақ» газеті 1915 ж., №156.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются колонизации Казахстана Российской империей.
S
UMMARY
In this article deals with colonization of Kazakhstan Russian Empire
ӘОЖ 9(С) 55 Ж 92
АБЫЛАЙ ХАН: ӨМІРІ, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
ЖӘНЕ ҚОЛБАСШЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жылқышыбаева Қ.Қ.-т.ғ.к., доцент
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Райсов Қ.Д. - оқытушы
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Аннотация: Мақалада Қазақ хандығының ӛз алдына жеке ел болып қалыптасуын
біржолата аяқтауда шешуші рӛль атқарған және қазақ жерін қорғау үшін бар күш-қайратын,
ақыл-ой парасатын елінің, ұлтының, Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін, бостандығын қорғау,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
23
сақтау үшін жұмсаған Абылай ханның ӛмірі, жүргізген ішкі және сыртқы дипломатиялық
саясаты, қолбасшы ретінде қалыптасуы жӛніндегі мәселелер қарастырылған.
Түйін сөздер: Абылай хан, жоңғар, жаулау, қазақ, ұлттық, бодан, Ресей, ерлік, Орта
жүз, тӛлеңгіт, сұлтан.
Бәрінен бұрын Абылай хан қазаққа ұлттық мақтаныш сезімін қайта алып бергенімен
қымбат. Онан кейінгі Абылайдың ерекше бір еңбегі ретінде қазақ арасындағы алауыздықты
азайтқанын айтқан жӛн шығар. Сол дәуір үшін бұл ӛмірлік мәні бар мәселелердің бірі еді.
Ақыр-аяғында, Абылай түптің түбінде Қазақ елінің тұтас, тәуелсіз мемлекет бола алатынына
сенімді оятып кеткенімен де ерекше қадірлі. Абылай бала күнінен жоңғар
шапқыншылығының бар қасіретін кӛріп ӛсті. Оның текті әулеттен, текті болғанда да кәдімгі
Шыңғыс ханның ұрпағы Жошы тұқымынан екенін барша жұрт біледі. Әріге аспай-ақ, оның
бергідегі бабаларының ӛзінен әз-Жәнібекті, Еңсегей бойлы ер Есімді, Салқам Жәңгірді
атасақ та жетіп жатыр. Абылай небәрі бір мүшелге толар-толмаста, 1723 жылы жоңғарлар
қазақ даласына бұрын-соңды болып кӛрмеген алапат күшпен келіп соқтыққан еді. Ерте
кӛктемде, тұтқиылдан басталған шабуыл елдің тоз-тозын шығарған-ды. Жоңғарлар аз ғана
уақыттың арасында Жетісуды жайпап ӛтіп, Ташкентті иеленіп үлгерді, қазақтарды Сырдың
сағасына, Арал түбіне дейін тықсырып тастады. Содан 1725 жылға дейін қазақ даласы осы
ауыр соққыдан есін жия алған жоқ. Ол заманды айтып жатудың қажеті шамалы. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакӛл сұлама» деген сӛздің ӛзі-ақ жетіп жатыр.
Абылайдың аты алғаш рет 1731 жылғы Ұлытау маңындағы шайқаста шыққан. Жиырма
жасар Әбілмансұр сол жолы жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте жер құштырып, қазақ
қолын «Абылай! Абылай!» деп ұрандап бастап бергені, сол күннен Абылай атанып кеткені,
жас батырдың атақ-даңқы қазақ даласына кеңінен жайылғаны мәлім. Кӛп ұзамай Орта жүз
ханы Әбілмәмбеттің, Бӛгенбай батырдың, Тӛле бидің басқа да игі жақсылардың қолдауымен
Абылай Арғын тайпасын қолына алады. Кейіннен бір ақынның ӛзін танымай қалған
Кенесарыға ашуланып
«Атаңа алты қатын алып берген Атығай-Қарауылдың баласымын», -
дейтіні соған байланысты айтылған сӛз. Бұл кезең Абылайға мол мүмкіндік ашқан. Ол
заманда сұлтандар мен хандардың ӛзінде халыққа нақты ықпал жасай алатын тетік ретіндегі
аппарат та, бір ортаға қордаланған қаражат та болмағанын ескерсек, рулық биліктің
тұтқаларын орнымен пайдалана білген адам ел басқарғандардың ӛзіне кӛп әсер ететін.
Белгілі тарихшы П.П.Румянцев рудың қазақ қауымындағы орнын жақсы пайымдаған. Сол
кісі «Киргизский народ в прошлом и настоящем» атты кітабында былай деп жазыпты
«Даладағы бүкіл экономикалық және әлеуметтік тыныс - тіршілік руға тіреліп тұратын,
ағайын біткен бірге кӛшіп жүретін, малын бірлесіп бағатын, барымтаға бірге аттанып,
дұшпанның бетін бірге қайтарысатын, тойын бірге тойлап, адам ӛміріндегі жӛн-жоралғының
бәрін бірге атқарысатын. Руынан бӛлектеніп қалса-ақ қазақтың күні қараң, ол бас еркінен
айырылып шыға келеді, жолы болды дегенде тӛлеңгіттікке қолы зорға жетеді» [1]. Біз бұрын
бірыңғай сӛгіп, сілікпелей беретін рулық құрылым, шынтуайтында, әлдеқайда күрделі дүние
кӛрінеді. Тіпті рулық автархияның ӛзінің де белгілі бір дәрежеде демократиялық сипаттары
болғанын жоққа шығару қиын. Ру-рудың игі жақсылары, би-батырлары жиналып келіп
сұлтандарды, хандарды сайлап отырғаны сол кез үшін едәуір ілгері қадам еді.
Абылай орыс жылнамаларында Сібірдің ханзадасы деп аталады. Ал, шынында Абылай
орта жүз қазақтарының XVIII ғасырда ӛмір сүрген ханы. Оның тегі кіші жүз сұлтандарының
кенже буынан тарайды да, үшінші атадан барып Әбілмәмбет ханға қосылады. Онымен
Абылай
Абылай сұлтан ханның немере інісі
1739 жылы Орынборда Ресейге мәңгі бодан
болатыны туралы ант берген. Атасы, онда аты Абылай, Түркістанның билеушісі болып
тұрған. Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін қанішер деген қаһарлы да,
құрметті атаққа ие болған кісі. Бірақ баласы Уәли әкесінің даңқын асыра алмай, Түркістанды
басып алған кӛрші билеушілердің бірінің қолынан қаза тапты. Қалтқысыз берілген бір
құлының арқасында ғана он үш жасар ұлы Абылай аман қалды [2].
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
24
Адал тӛлеңгіт ӛз түлегін ертіп, қазақ даласына тартты. Ағайын-туғандары сыртқа
тепкен жас Абылай қырға келіп, Жақсылық руының бір байына малшы болады. Дүрбелеңге
толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығы, ақылдылығы мен
алғырлығын танытуына жағдай жасайды. XVIII ғасырдың алғашқы 10 жылдығы қазақ
халқының ӛміріндегі бір алапат кезең еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары
мен башқұрттар қазақ руларына жан-жақтан тарта бас салып, қырып-жойып, малын айдап,
жанын байлап әкетіп, талай әулетті тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді. Қытымыр қыс,
кесапат жұт пен ашаршылық тәңірден түскен қыспақтай-ақ халықты сансыратып,
қайыршыландырып жіберді. Орынбордағы бір қазақ-рубасының ӛз жерлестерінің қайғылы
хәлін соңынан бір топ ұялас тазы қуған қоянның жағдайына теңегені бар.
Әсіресе, 1723 жыл сұмдық сипатымен қазақтардың есінде ӛшпестей боп қалды. Қары
қалың әрі кӛктайғақ болған сол бір сұрапыл қыста жоңғар қонтайшысы Қалдан-Серен
қисапсыз қолмен қазақ қырына басып кіріп қазақтар мен қырғыздарды бұрынғы
шаруашылығымен шапқыншылығы үшін жаппай жазалауға кірісті. Қайда барса да қаңқұйлы
жоңғарлар қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол жӛнекей
дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арық-тұрық малын, үй мүлкі-мәнін шашып,
түстікке барып қойып кетті. Орта жүз-Самарқанның түбіне, кіші жүз Хиуа мен Бұқарға
барып паналайды. Ал, қырғыздар, олардың адам аяғы баспаған құз-жарына жасырынып,
үрейі ұшқаны сонша, Гиссар алқабына дейін жетеді. Орта Азия құм белдерінен шүйгім
жайылым таба алмай, жаңа кӛршілерімен жауыққан қазақтар құдіретті Ресейдің шекарасына
кӛз салып, олардан қолдау мен қолқабыс іздейді.
Міне, осындай үрейлі қанды-қисап кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады. Ӛйткені,
ол жорықтардың бәріне алғаш қатардағы жауынгер боп қатысып, соның ӛзінде қисапсыз
ерлік кӛрсетіп, айырықша амал-айласымен кӛзге түскен еді. Ӛнегелі ақыл кеңесі, сұңғыла
зердесі арқасында да ол бірден-ақ кӛреген, кемеңгер деген атқа ие болады. Шынында да,
қазақтар мұны ұлы істер атқаруы үшін алланың ӛзі жіберген емшісі, аруақ иесі деп ұққанға
дейін Абылай талай күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей ӛтті. Ол екі мәрте қолға
түсіп, бірінде-қырғыздарға, екіншісінде Қалдан-Серенге тұтқын болды. Оның Қалданнан
құтылуы шын мәнінде керемет. Себебі, ол ханның сүйікті ұлы Шарышты жекпе-жекте
ӛлтіріп, құдіретті қалмақтың қазақтардан табандап тұрып, талап етуімен тұтқынға түскен ғой
[3].
Қалай болғанмен де, 1739 жылы біз оны Орта жүздің ең ықпалды, ең күшті билеушісі
деп таныдық. Орыс үкіметі де кӛбінесе Абылаймен және оның інісі Сұлтанбекпен ғана
байланыс жасап отырған. Ӛйткені, қырға барып қайтқан орыстардың айтуына қарағанда, ол
тұста нағыз ханның ешқандай мәні де, беделі де болмаған. Даламен жақсы таныс Тевкелев
бұл сұлтанды қырғыз билеушілерінің ішіндегі ең айлакері, әрі ең ықпалдысы дейді.
1759 жылы Абылай орыс сарайына ӛзінің туысын Жолбарыс сұлтанды жіберіп, сый-
сияпат сұрайды. Кейін оған ӛкілеттік қағаз жіберіп, жылына 300 сом жалақы тағайындалып,
200 пұт ұн беріп тұру белгіленеді. Осы екі арада Орта Азияда Абылайдың мансап
жолындағы ой-арманын жүзеге асыруына жағдай жасайтын оқиғалар болған еді. Ол оның
халық алдындағы абырой-беделін тіпті аспандатып жіберді. 1745 жылы қазақтарға
әзірейілдей Қалдан-Серен дүние салып, Жоңғарияда билікке таласқан дүрбелең басталды.
Қалмақ тайпалары енді Абылайдан кӛмек күтеді. Ескі кегі зығырданын қайнатып,
жоңғарларға тісін қайрап жүрген сұлтан олардың алтыбаған алауыз боп әлсіреуін
пайдаланып, бірде бір жағына, бірде екіншісіне ыршып шығып, ұрыс-керістің кӛрігін
қыздыра түседі [4].
Жоңғарияны тарихта теңдесі жоқ жылдамдықпен оп-оңай жаулап алған император
Цянь-Луннің жеңімпаз армиясының Жоңғар жеріне келуі Абылайдың саясатына үлкен ықпал
етеді. Жоңғария мен Кіші Бұқар аймағын оп-оңай ӛзіне қаратуы және қытайлардың
жауынгерлік рухын кӛтеріп, басқыншылық құштарлығын арттыра түседі. Зайыры, император
Цянь-Лун хань және таңь әлеуметтерінің заманын қайта қайталағысы келгенге ұқсайды.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
25
1756, 1758 және 1760 жылдары Қытай жасақтары Орта жүз қазақтарының жеріне ат ізін
тастайды. Қазақ билеушілері Кіші жүздің ханы Нұралы, Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен
Абылай Аспанасты империясымен келісімге келуге құлшынады. 1756 жылы Абылай ӛзін
Бӛгдіханның вассалы деп мойындап, бекзада атағы мен жылпарақ алады. Ал, Нұралы
Пекинге елшілік жібереді. Қоқан билеушісі Ердеке би - 1758 жылы, кейін мұрагері Нұрбота
би – кӛктің ұлына пенделігін мойындайды.
Осынау сырттай тәнтілікке қарамастан орта-азиялықтар аса абыржулы еді. Күшті
Жоңғария құлап, кіші Бұқардың басып алуы адам айтқысыз үрей туғызды. Оның үстіне
діндер, мұсылмандар ақыр заман болар алдында жердің жүзін қара Қытай қаптайды деген
аңызға қатты сенетінді. 1762 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанға 130
адамнан тұратын Қытай елшілері келіп, императордың әмірі бойынша кӛктем туа Түркістан
мен Самарқандқа әскер шығатынын жариялап, алда болар жорық үшін кӛмекке кісі, кӛлікке
жылқы мен ӛгіз, сойымға қой сұрауы, бұрынғы бұрынғы ма, қазақтардың үрейін тіпті
ұшырып жіберді. Олар уақытша ӛзара ірің-кезекті доғарып, одақ құрып, оның басына
қолбасшы етіп Нәдір-шахтың түменбасы, қандағар билеушісі әрі Дураки әулетінің негізін
қалаушы Ахметті тағайындады. Абылай сырттай одаққа кіретін сияқты кӛрінгенімен, шын
мәнінде Қытай үкіметімен байланысын үзбей, барған сайын онымен жақындаса түсті. Олар
тіпті Пекинге аманат етіп ұлы Әділді жіберді. Бірақ, Бӛгдіхан Абылайдың тәнтілігіне дән
разы болып, Әділді қолына ӛкілеттік қағаз беріп, кӛп сый-сияпатпен әкесіне қайта
аттандырады. Ал, Абылайдың ӛзі болса, Сайрамкӛл жағасында Іле цзян-цзунымен
генерал-
губернаторымен
кездесіп, онымен сауда шартын жасасты. Шарт бойынша Тарбағатай мен
Іледе айырбас базары ашылып, онда қазақтар айдап әкелген малына Қытай бұйымдарын
айырбастап алып жүрді [5].
Қытайлармен байланыс бекіген сайын Абылай Ресеймен қарым-қатынастан іргесін
аулақ сала бастады. 1771 жылы хан сайлағанда да ол орыс шекарасына барып, ант бергісі
келмеді. Сӛйтіп, ол ӛзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықтап қойғанын, кӛктің
ұлының және ӛкіметті қырға ӛз қызметшісін арнайы жіберіп, Абылайға ант бергізіп хан
атағының белгілерін
қылыш, қамқа тон және бӛрік
тапсырды. Ондағысы ӛздері бекітпей
тұрып, хан болу деген қазақтардың қаперіне де келмесін деген ішкі есеп. Абылай ӛз
балаларына ақыл айтқанда Қытаймен жақындаса түсуге кеңес беріп, Ресеймен келісімді
сақтау керек деп тапсырды. Оның ойынша, қытайлар хан билігі үшін ешқашан қатерлі емес,
ал, орыс үкіметі болса, жергілікті билікке ең күшті бәсекелес. Оның үстіне заман ағымы
қазақтардың Ресей кӛмегіне мұқтаждығы аз екенін айқындай түсті. Абылайдың қырдағы
билігі тіптен нығайды. Ұлы жүзде
үйсін болыстары
оның билігін мойындады.
Жоңғарларды Қытайлар жойып жіберді. Қазақтар ту-талапай еткен, әсіресе Абылайдың ӛзі
түбіне жеткен торғауыттар Ілеге әрең жетіп, Қытай саятшыларының қитұрқы торына түсті.
Пугачѐв бүліншілігі титықтатып, тағдырын енді үкімет қолына алған Жайық қазақтары ӛз
бетімен басып кіре алмас халге жетті. Қазақтардың ендігі жауы Түркістан, Созақ, Сайрам,
Шу мен Ташкенттің арасындағы және басқа қалалардың қазақ сұлтандарымен ауылын аулақ
салуға тырысқан қу қырғыздар мен Орта Азия билеушілерінің бір бӛлігі ғана. Абылайға аян
беріп отыратын әдеттен тыс аруаққа деген сенімі қазақ халқына бұрын-соңды болмаған
ӛжеттік дарытты. 1770 жылы Абылай Шат асуынан да асып, Туро ӛзенінің маңында
қырғыздарға шабуыл жасады. Таулықтарды ӛкшелей қуып ол Шу жағына дейін айдап салды.
Шуға құятын Қызылсу мен Шамси ӛздерінің бойында қырғыздар Абылайға қарсы одақтасып
қан кеше жүріп айқасады. Бұл жайында «Жайыл қырғыны» атты аңыз күні бүгінге дейін бар
қырғыздардың қырылғаны сонша, Сұлту руының Талқан деген атасынан тек қырық-ақ адам
тірі қалады. Сонан соң Абылай олжасын артынып-тартынып ӛзінің Сібір желісіне жақын
сүйікті қонысы Кӛкшетауға қайтып келеді [6]. Алып келген тұтқындары тіпті кӛп, қазір
олардың ұрпағы Жаңа және Бай қырғыз деген екі болыс ел болып отыр.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
26
Абылайдың Ташкентпен және Ходжетпен соғысы Жизаққа дейін жеті шаһарды
алуымен тынды. Олардың арасында Әзірет-сұлтан Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа
қалалар бар. Ал, Ташкент алым-салық отыруға тиісті болды. 1774 жылы Абылай Үйсіннің ел
ағаларының ӛтінуі бойынша оларды басқару үшін ұлы Әділді жіберіп, оған Талас ӛзенінің
бойымен қалашық салып берді. Кентті кілең еңбекқор қарақалпақтар қоныстанды. Ұзын
саны жетпіс бірге жететін басқа балаларына ол Орта жүз және Ұлы жүз руларын бӛліп берді.
Ал, ӛзі әулет басы ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша ӛмір сүру үшін Түркістанда
қалды.
Қазақ хандарының арасында Абылайдай шексіз билікке ие болған бірде-бірі жоқ. Ол ӛз
ӛктемдігін асырып, ең алғаш ӛлім жазасын енгізді. Бұрын мұндай сұмдық шешім халық
жиынының ұйғарымымен ғана жүзеге асатын. Сӛйтіп, ол ханның билігін алқалы кеңес
арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың ӛркӛкірек үстемдігін тыйды. Әуелі
мұндай жаңалық сұлтандар мен билердің наразылығын туғызып, бас кӛтертті де, 1781 жылы
Дайыр сұлтан Орынбор губернаторына арыз айтып, Абылайды ӛзіне тиісті емес билікті
басып алушы деп бейнеледі. Рубасылары ежелгі әдет бойынша кәдімгі Польшадағы корольға
қарсы соғыс сияқты, ханға қарсы аттанбақ та болды. Алайда Абылайдың тӛлеңгіттері оларды
тас-талқан қылды да, бәрі ханның темір тезіне бағынуға мәжбүр болды. Бұл ханның ықылым
заманынан аяланып келген еркін жайылуды ӛктемдікпен басып, ӛз қимыл-әрекетін қалай
заңдастырғанын кім білсін, әйтеуір ұрпақтар оны әулие санап, шабуылға шыққанда есімін
жігер шыңдар ұран етіп атайды.
Ал, оның ӛз балаларына қалдырған ауызша ӛсиеті Ақсақ Темір саясатымен астасып
жатқанын аңғартады. Балаларына ол қазақ тайпалары арасындағы ру таласып ешқашан
түбегейлі шешім, дүрдараздық пен дау-дамай қашан да хан билігінің тапжылмас таяныш-
тірегі болуы керек деп ақыл-кеңес беріп отырған.
Бір жағынан қанды қырғын ала келген жоңғар экспансиясы, екінші жағынан
мысықтабандап жылжи бастаған Ресей империясы қазақ қауымын тұтастандыруды, халықты,
оның жерін сақтап қалу міндетін шеше алатын, бір орталыққа бағындырылған билік жүйесін
қалыптастыруды талап етті. Әрі мұны рулық құрылым жағдайында жүзеге асыру қажет еді.
Ол, ғаламат қиын іс болатын. Абылайдың алдында әз Тәуке осыған әрекет еткен. Халқымыз
«әз» деген әзіз анықтауышты қиған екі адамның бірі дәстүрлі дала құқығының бұрынғы бес
жарғысын жаңғыртып, оны екі жаңа жарғымен толықтырып, феодалдық мемлекеттің
құқықтық негізін қалай бастаған болатын. Мұны басын ашып әдейі айтып отырмын-әз
Тәукеге дейін де ол қалыптан кеткен «Жеті Жарғыға» дейін де далада құқық ұғымы, оның
табан тірер тұғыры болғанын ұмытпауымыз керек. Тәуке ханның ӛлімінен кейін билік
басындағылардың сепаратизмі күшейіп кеткені, жағдай әбден асқынған, «ақтабан
шұбырындыға» ұрынып, ел басына күн туған шақта барып атақты Ордабасы биігінде ортақ
жауға қарсы тұрар қуатты жасақ құру жӛнінде тоқтам жасалғаны, оның тізгіні кіші жүз ханы
Әбілқайырға берілгені мәлім. Әбілқайыр, қазір қалам ұстағанның кейбірі оңды-солды
соқтығып, жеңіл-желпі жазып жүргеніндей, кім кӛрінген келіп оп-оңай оспақтай беретін
тұлға емес. Оның, әсіресе, жоңғарларға қарсы күрестегі орны бӛлекше. Мұнымен қатар, ата
жаумен алысқанда кӛмегі тиер ме екен деп Ресейге қол артқан Әбілқайырдың кӛп ұзамай
қазақ сұлтандарының наразылығына ілініп, кӛз түрткі бола бастағаны тағы рас еді. Бірте-
бірте Әбілқайырдың бас қазақтың басын қосып кете алар тұлға бола алмайтыны байқала
берді. Қазақ елін шығыстағы кӛршіден де, батыстағы кӛршіден де біршама аулақтау
ұстайтын жаңа тұрпатты саясат қажеттігі айқын бола бастады. Мұндай саясат айналасы бес-
он жылда қалыптаса қалмайды. Ол үшін ең алдымен ойлау жүйесі, іс-қимыл сипаты атымен
бӛлек, тың тұлға керек еді.
Абылай сондай тұлға бола білді. Абылай қазақ қауымының сол тұстағы жағдайында
тіпті қолдан келместі жасай алды. Кӛшпелі елдің рулық-тайпалық құрылымын сақтай
отырып, орталықтанған мемлекеттің негізгі ұстындарын орната алды. Бір жағынан, Цин
империясы мен Ресейдің ӛзара мүдделерін бір-бірімен қағыстыра-соғыстыра жүріп, екінші
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
27
жағынан, хандар, сұлтандар, билер, батырлар арасындағы қым-қиғаш қайшылықтарды
орнымен пайдалана біліп, ұдайы ұстараның жүзінен ӛткендей жағдайда ғұмыр кешті.
1731 жылы қазақ жерлерін ӛзіне қосып алуды бастаған Ресей Кіші жүзбен қанағат
тұтып, тоқтап қалған жоқ. Оның үстіне Ресей қарауына ӛтуді қазақ елінің сол тұстағы талай-
талай беделді адамдары да қолдағанын ұмытпаған жӛн.
Алла тағала ӛзі бір адамдарды туа бітті лидер етіп жаратады. Олардың беделі елден
ерекше болады. Ӛзінің ағасы Әбілмәмбет ханмен 1740 жылғы тамыз айында Орск (қазақтар
Жаманқала дейді) қаласына қалай келгенін генерал-лейтенант князь Урусов Әбілмәмбет пен
Абылайға деп бір үлкен отау тіккізген екен. Абылай салған беттен ӛзіне бӛлек отау тігіп
беруді, ханмен бірдей құрмет кӛрсетуді талап етеді. 1776 жылы «Қатын патша» - Екінші
Екатеринаға «Мені үш жүздің ханы етіп бекітіңіз» деген сипатта хат жазатыны бар [7].
Абылайдың беделін арттыруға мүдделілік танытпаған Санкт-Петербург әрі бұлғақтатып, бері
бұлғақтатып, екі жылдай жүріп алады да 1778 жылы 24-мамырда Абылайды орта жүздің
ханы етіп бекітетін жарлық шығарады. Ол жӛніндегі грамота Орынборда тапсырылатын
болады. Дегенін жасамаған соң Абылай ол жерге бармай қойған.
Абылайдың Ресейге бодандыққа ант беруін бергенмен ӛле-ӛлгенше ӛзін тәуелді ретінде
сезінбегені анық. Мысалы, 1771 жылы қасиетті Түркістанда, Қожа Ахмет Йассауи кенесінде
хан болып сайлағаннан кейін Санкт - Петербургтен түскен бұйрық бойынша Сібір әкімшілігі
мен Орынбор генерал – губернаторы Абылайдың Омбыға немесе Орынборға келіп, Ресейге
адалдыққа ант беруі қажеттігін айтады. Абылай ол жаққа бармайтынын хабарлайды.
Император грамотасын Орынбор губернаторының қатысумен тек Петропавловскіде ғана
қабыл алатынын, ӛйтетін себебі ӛзі сол жерге таяу маңайда кӛшіп-қонып жүріп жатқанын,
хан ордасын сонда тіккенін мәлімдейді... Осының тӛңірегінде дипломатиялық келіссӛздердің
ӛзі бірнеше жылға созылған. Ақыр аяғында Орынборда кездесетін болып, жеме-жемге
келгенде Абылай оған да бармай қойғаны жаңа айтылды.
Абылайдың тұтқынға түсуіне келсек, ол былай болған. 1741 жылдың қасында
30 мыңдық жоңғар қазақ жеріне сұғына кіріп, Тобыл мен Есілге дейін жеткен. Бұл жолғы
агрессияның Ресеймен шектелетін аймаққа бірден бағытталғаны тегін емес еді. Жоңғарлар
қазақтар Ресеймен жақындасып күшейіп кете ме деп қауіп еткен. Расында да, елдің ішіне
ендеп кетті демесеңіз қазақ жағынан адам шығыны бұл жолы аз болған – ауылдардың бәрі
дерлік орыс әскерлері тұрған шептерге жетіп алған-ды. Абылай шағын қолмен
шапқыншылық жасап жүргенде жау арасына ӛтіп кеткенде, аты ӛліп, ӛзі қолға түскен.
Тұтқында екі жылдан артық болған. Таяуда баспадан шыққан «Қазақстан»
энциклопедиясының бірінші томындағы «Абылай» мақаласында «Қазақтың үш жүзінен Тӛле
би бастаған 90 адам елші барып, келіссӛз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды
тұтқыннан шығарып алады», - деп жазылыпты. Оған қоса, тарихи әділдік үшін осы іске
Ресейдің дипломатиялық ӛкілдіктері де араласқанын айтқан жӛн. Отанына келген соң
Абылайдың Ресей ӛкіметіне разылығын айтып
«я же должен за всемилостивейшую
государыню милостию ис полону от калмык владения Галдан-Чирина освободить», деп
хабарлағаны осының дәлелі. Ресейдің бұл іске қандай мақсатпен араласқаны басқа әңгіме,
әрине. Бірақ, араласқаны анық. Жалпы, тұтқыннан Абылай негізінен ӛзін-ӛзі алып шыққан
[8].
Әңгіменің басына Шоқанның «Абылай дәуірі-қазақтардың ерлігі мен серілігінің
ғасыры» деген сӛздер айтылды. Ерлік те, серілік те неден шығады
Сенімнен шығады.
Абылайдың ең ұлы еңбегі-қазақтың ӛзіне ӛзінің сенімін арттырғаны. Сол сенімнен қазақ
тарихтың қандай қиын тұстарында да айырылып кӛрген емес. Оның жемісін енді тәуелсіз
Қазақ елінің бүгінгі ұрпақтары татып отыр. Абылай бізді асудан асуға, биіктен биікке
шақыра бермек, шақыра бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |