Қазақстан тарихы әОЖ9(с)55 А92



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата05.03.2020
өлшемі1,3 Mb.
#59650
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  А.Байтұрсыновтың ағартушылық  мұраларының зерттелу жайы  // Ізденіс. N 1, 2000; 
2.  А.Байтұрсыновтың педагогикалық  кӛзқарастары // Бастауыш  мектеп. N 8-9, 1999; 
3.  А.Байтұрсынов – ағарту ісінің кӛш басшысы. Этнопедагогика, - этнопсихология. V 
жинақ, 1998. 
4.  Т.Тұрлығұл, Л.Т.Қожакеева «Қазақстан тарихы» 11 сынып. Мектеп 2011. 
 
РЕЗЮМЕ 
Статья  посвящена  педагогическому  наследию  видного  государственного  деятеля 
А.Байтурсынова, внесшего особый вклад в начале ХХ века в развитие педагогической науки 
Казахстана. 
 
SUMMARY 
Article focuses on the pedagogical heritage A.Baitursynov prominent statesman, who made a 
special  contribution  to  the  early  twentieth  century  in  the  development  of  teaching  science  in 
Kazakhstan.  
 
 
 
АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ 
ӘОЖ 9(с)55 Ч 20 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰРАҒАТ ТАРИХЫНА ШОЛУ  
 
Чаргынова Г.О. – оқытушы 
Қазақстан, Алматы қ.,  
Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті 
 
Аннотация: Мақалада Қазақстандағы мұрағат тарихының қалыптасу кезеңдері, патша 
үкіметі дәуірінен бастап, ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы республикалық мұрағаттың қалыптасу 
жағдайы баяндалған. 
Түйін  сөздер:  мұрағат,  Қазақстан,  ұлттық,  әкімшілік,  А.Байтұрсынов,  құжаттар, 
министрлік. 
Қазақстандағы  мұрағат  жүйесі  (республика,  салалық,  аймақтық,  т.с.с.)  негізінен  ХХ 
ғасырдың  20–30-жылдары  қалыптасты.  Ұлттық  мұрағат  ісінің  бастауында  А.Байтұрсынов, 
С.Сейфуллин,  М.Жолдыбаев  сынды  мәдениет  қайраткерлері  тұрды.  Мемлекет  1921–1938 
жылы Қазақ АКСР-і Халық ағарту халкоматының, 1938–1958 жылы Қазақ КСР-і Ішкі  Істер 
халкоматының  қарамағында  болды,  1958  жылдан  Министрлер  кеңесіне  бағындырылды. 
Облысы,  ауданы  мұрағат  жергілікті  әкімшіліктерге  қарады.  Мұрағат  қызметінің  басты 
бағыттары:  қор  жинақтау,  құжаттардың  сақталуын  қамтамасыз  ету,  қор  құрамын  зерттеп, 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
105 
жүйелеу,  ғылыми  анықтамалар  мен  кӛрсеткіштер  жасау,  құжаттарды  пайдалануды 
ұйымдастыру және жария ету. 
КСРО  дәуірінде  мұрағат  социализмді  дәріптеудің  идеологиялық  құралы  болды. 
Республикадағы  барлық  құжаттар  айналымының  10%-ға  жуығы  коммунистік  құндылықтар 
тұрғысынан мұқият сұрыпталып, мемлекет сақтауға – мұрағатқа жинақталды. Құжаттардың 
біржақты  іріктелуінің  салдарынан  Қазақстанның  шынайы  тарихын  бейнелейтін  аса  бағалы 
деректер  архивке  түспей,  біржола  жойылып  отырды.  Ал,  мұрағат  қорындағы  құжаттардың 
басым  бӛлігі  түрлі  жасанды  шектеулер  қою  арқылы  зерттеушілерге  берілмеді.  Қазіргі 
мұрағатта  дәстүрлі  қағаз  құжаттардың  түпнұсқаларымен  және  кӛшірмелерімен  қатар  фото-
киноматериалдар,  дыбыстық  және  бейнежазбалар,  ақпараттың  барлық  жәдігерлер  түрлері 
сақталады.  Мұрағатта  мәңгілік  мерзімге  сақталып,  қорғалатын  тарихи  деректер  – 
мемлекеттің  ішкі-сыртқы  жағдайы,  экономика,  саяси-идеология  қатынастары  туралы 
құжаттар  Ұлттық  байлықтың  бір  бӛлігі  болып  табылады.  Тәуелсіз  Қазақстан  мұрағаттану 
қызметіне халықаралық байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр [1]. 
ХVIII  ғасырдың  30-жылдары  Кіші  жүздің  Ресей  империясының  қол  астына  ӛтуі 
орыстар үшін шығысқа бағытталған отарлық саясатты бастау үшін қолайлы жағдай туғызды. 
І-Петр патша кезінде алып империяға айналған Ресей, ӛз жеріне тағы да біршама жерлерді 
қосып  алуға  кірісті.  Ал,  шығыстағы  Орта  Азия  мемлекеттерін  отарға  айналдыру  үшін 
алдымен қазақ жерінен бастау қажет болды. 
Ресейдің отарлық саясатының ерекше күш алған кезеңі, бұл ХVIII ғасырдың соңы еді. 
Осы кезеңде Кіші жүзде Патша үкіметі мен хандық билікке қарсы халық қозғалысы күшейе 
түсті, сұлтандар арасында да билікке талас орын алды. Ақыры Кіші жүз халқы екіге бӛлініп, 
бір бӛлігі 1801 жылы Жайық ӛзенін асып, жаңа мекенге қоныс тепті. Бұл орын алған ахуал 
Ресейдің  Кіші  жүзде  арандату  саясатын  жүргізіп,  екі  бӛлікке  бӛліп,  әлсірету  мақсаты 
орындалғанын  кӛрсетеді.  Ӛйткені,  1799  жылы  Нұралы  ханның  баласы  Бӛкей  сұлтан  Ресей 
патшасы І Павелге бос жатқан Еділ мен Жайық аралығын мекендеу туралы ӛтініш білдірген 
кезде, Ресей патшасы ұзақ ойланбастан ӛз келісімін берген еді. Осыдан, яғни 1801 жылдың 
11 наурызынан бастап Бӛкей ордасы тарихи сахнаға шықты. 
1801  жылы  құрылған  Бӛкей  хандығы  қазақ  тарихына  бірнеше  жаңа  есімдерді  алып 
келді. Оларға Бӛкей, Шығай, әлі де болса күні бүгінге дейін зерттеушілердің пікір таласына 
айналған  әйгілі  Жәңгір,  сонымен  қатар  ержүрек  қолбасшы  Исатай,  батыр,  әрі  жырау 
Махамбет.  Күйлері  қазақ  музыкасының  алтын  қорына  енген  күйшілер  Құрманғазы, 
Дәулеткерей және Динаның есімдері халқымыздың жадында мәңгілікке сақталып қалды.  
Бӛкей  хандығы  құрылғаннан  бастап  Орынбор  губернаторлығына  бағынышты  болып, 
бірінен  соң  бірі  алма-кезек  губернаторлық  қызметке  келген  орыс  шенеуніктерінің 
қадағалауы  мен  бұйрықтарын  орындаумен  ӛмір  сүріп  келді.  Ресейдің  еуропалық  бӛлігіне 
жақын  орналасқан  хандық  ӛз  тарихында  бірнеше  саяси  әкімшілік  ӛзгерістерге  ұшырап, 
орыстандыру  шаралары  ауқымды  жүзеге  асқан  аймаққа  айналды.  Оған  дейін  сыртқы  істер 
министрлігінің  бақылауында  болып  келген  Бӛкей  ордасы  1838  жылы  ақпан  айының  5  күні 
Мемлекеттік  мүлік  министрлігінің  қарамағына  ауыстырылды.  Ӛйткені,  жалпы  Орта  Азия 
аумағын  отарлауды  тереңдетіп,  нәтижелі  жүргізу  үшін  Патша  үкіметі  1837  жылы  осы 
министрлікті  құрған  болатын.  Осы  арқылы  жаңа  жерлерді  ӛз  империясына  қосып  алу 
мақсатында түрлі айла шараларды іске асыра бастады. 
Мемлекеттік  мүлік  министрлігі  Бӛкей  хандығын  бақылауға  алысымен  оның  алдында 
жүзеге асырылуға тиісті мынадай міндеттер тұрды: орда жерінде тыныштықты сақтау, Қазақ 
халқын  орыс  халқымен  жақындастырып,  хандықтың  басқару  жүйесін  Ресейдің  басқару 
жүйесімен сәйкестендіру, орда жерін кӛршілес орыс губернияларына біріктіріп жіберу, т.с.с. 
[1].  
Патша  әкімшілігінің  Бӛкей  хандығының  ішкі  істеріне  араласуға  қол  жеткізу 
мақсатының орындалуына 1836-1838 жылдары болып ӛткен шаруалар кӛтерілісі ӛз кезегінде 
қолайлы  жағдай  туғызды.  Орда  жерінде  тыныштықты  сақтап  тұру  мақсатын  алға  қойып, 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
106 
хандықты  бақылауға  алған  Мемлекеттік  мүлік  министрлігі  ханға  ішкі  қиыншылықтарды 
реттеуге  жәрдем  беруді  желеу  етіп,  хан  және  ӛзге  сұлтандардың  күмәнін  туғызбай 
хандықтың  ішкі  саясатына  араласып  кетті.  Дәлірек  айтқанда,  1843  жылы  Жәңгір  ханның 
кеңсесінің  жанында  орыс  шенеуніктерінен  құрылған  жаңа  орыс  кеңсесінің  ашылуы  және 
оның  басшысы  ретінде  мемлекеттік  мүлік  министрлігінің  қызметкері  С.И.Матвеев 
тағайындалды  [2].  Матвеев  арқылы  Орынбор  басшылығы  хандықтың  ахуалы  туралы 
ақпараттармен дер кезінде қамтамасыз етіліп тұрды.  
1845  жылдың  11-тамызында  Жәңгірдің  кенет  дүние  салуы  халықты  ауыр  қайғыға 
ұшыратты,  бірақ  бұл  оқиға  Патша  үкіметінің  Бӛкей  ордасында  хандықты  біржола  жою 
ниетін  жүзеге  асыруға  ӛте  ыңғайлы  жағдай  туғызды.  Жәңгірдің  ӛлімі  туралы  деректі 
Саратовтан 
арнайы 
ханға 
жіберілген 
дәрігер 
И.Ф.Троицкийдің 
медициналық 
қорытындысынан  кӛре  аламыз,  онда:  «Тамыз  айының  10-нан  11-не  қараған  түні  ханның 
ӛліміне  19  сағат  қалған  кезде  Торғын  ӛзенінің  бойындағы  хан  ордасына  жеттім. 
Медициналық тексеру барысында оның миына қан құйылып, ауыр халде жатыр»  - делінген 
[3]. Жәңгір хан 11-тамыз күні, кешкі сағат алты жарым шамасында дүниеден ӛтеді [4]. 
Ендігі  кезекте  мемлекеттік  мүлік  министрлігі  мен  Орынбор  әкімшілігінің  алдында 
Бӛкей  ордасын  тиімді  басқару  мәселесі  тұрды.  Жергілікті  билікке  орыс  шенеунігін  қойып, 
сұлтандар мен халық билігінің наразылығын тудырып алудан қауіптенген патша әкімшілігі 
ӛздеріне  ыңғайлы,  халық  арасында  беделі  мығым  қазақ  сұлтандарының  арасынан  біреуін 
таңдап алуды жӛн кӛрді. Оған басты үміткер ретінде Жәңгірдің жақын бауыры әрі кӛмекшісі, 
сондай-ақ бірнеше руды бір мезгілде басқарып, патша әкімшілігіне танылған беделді сұлтан 
Әділ Бӛкейұлын «Ішкі орданы уақытша басқарушысы» ретінде тағайындалды [5]. Ал, оның 
кеңесшілері  болып  сұлтандар  Шӛке  Нұралыханұлы  мен  Меңдікерей  Бӛкейұлы  ұсынылады 
[6]. Кіші жүздің ханы Нұралының баласы жасы егде тартқан Шӛке Нұралыханұлы сұлтандар 
мен халық алдында беделі жоғары, орданың ішкі  жағдайымен жақсы таныс сұлтан болатын. 
Кейінгісі,  Жәңгірдің  інісі  Меңдікерей  шеркеш  руының  басқарушысы  және  ханның 
«жақындарының»  бірі,  беделді  сұлтан  ретінде  патша  әкімшілігіне  жақсы  таныс  болды. 
Осылайша  патша  үкіметі  хан  туысқандарынан  Бӛкей  ордасының  уақытша  әкімшілігін 
ұйымдастырды,  әрі  хандықты  жою  мақсатында  жергілікті  басқару  жӛнінде  аз  уақыт 
аралығында 
жаңа 
жоба 
әзірлеп, 
1846 
жылы  
21 қаңтарда «Ішкі орданы басқару жӛніндегі уақытша кеңесті» құрады [7]. Кеңестің тӛрағасы 
ретінде  жоғарыда  аталған  сұлтан  әділ  Бӛкейұлы  тағайындалады.  Орынбор  генерал 
губернаторы  Обручев  пен  Орынбор  шекара  комиссиясының  басшысы  Ладыженскийдің 
бірігіп даярлаған жобасы бойынша Уақытша кеңестің тӛрағасымен қатар оған жәрдем, кеңес 
беріп  тұру  үшін  жергілікті  сұлтандардан  екі  кеңесші  және  мемлекеттік  мүлік  министрлігі 
тарапынан  бір  кеңесші  тағайындалуы  қажет  болды.  Сұлтандар  арасынан  Шӛке 
Нұралыханұлы мен Меңдікерей Бӛкейұлы тағайындалса, орыс шенеуніктерінен ӛз қызметіне 
орданың  істерімен  жіті  таныс,  Жәңгірдің  орыс  кеңсесінің  тӛрағасы  болған,  басқару 
қызметінде бірнеше жыл тәжірибе жинаған С.И.Матвеев кірісті [8]. 
Жаңадан  құрылған  Уақытша  кеңестің  басты  міндеттері  Бӛкей  ордасы  туралы 
ақпараттарды Орынбор әкімшілігіне жедел жеткізу, халық арасындағы тыныштық жағдайды 
сақтау, заң бұзушылық әрекеттерді шешу және алдын алу, жыл сайын халықтан жиналатын 
зекет  пен  соғым  түріндегі  салықты  жинау  және  сол  туралы  мәліметтерді  Орынбор 
басшылығына  жеткізу,  сондай-ақ  империяның  отарлық  кӛзқарасындағы  істерді  бұлжытпай 
орындау  т.с.с.  [9].  Осы  дерек  кӛздері  арқылы  біз  патшалық  Ресейдің  уақытша  кеңесті 
құрудағы негізгі мақсатын анықтай аламыз. 
Сұлтандар мен халықтың наразылығын тудырмау үшін кеңестің басшысы ретінде Әділ 
Бӛкейұлы тағайындалса да, негізгі басқару ісімен мемлекеттік мүлік  министрлігі тарапынан 
тағайындалған кеңесші айналысатын. Бұл туралы деректі біз атақты қазақ этнограф ғалымы 
Салық  Бабажанұлының  Бӛкей  ордасына  қатысты  әлеуметтік-этнографиялық  жазбаларынан 
кездестіре аламыз. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
107 
1847 жылы 31 ақпанда, шекара комиссиясы қызметкерлерінің жұмыс қарқынын тездету 
мақсатында  Орынбор  басшылығы  аталған  басқарманың  жанынан  «Ішкі  орданы  басқару 
туралы  уақытша  бӛлімшені»  құру  идеясын  жүзеге  асырды  [10].  Уақытша  бӛлімшенің 
қызметкерлер  құрамы  11  адамнан  құрылып,  зекеттен  түскен  кірістен  2830  рубльді  осы 
бӛлімшенің қызметкерлеріне жыл сайын бӛліп отырды. 
Осылайша,  ӛз  тарихында  кӛптеген  басшыларды  кезекпен  ауыстырған  Уақытша  кеңес 
тұсында  Бӛкей  ордасы  түрлі  әкімшілік  ӛзгерістерге  ұшырап,  1917  жылы  бұл  жергілікті 
коллегиалды  басқару  аппараты  біржола  жойылады.  Біз  бұдан  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысынан бастап Бӛкей ордасының тарихы толығымен орыс отарлық саясатының кӛрінісі 
ретінде білеміз. 
Мұрағат  –  тарихи  маңызы  бар  құжаттар  сақталатын  мемлекеттік  арнаулы  мекеме. 
Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бӛлімі немесе жеке тұлғаның ӛмірі мен қызметіне 
байланысты  жинақталған  жәдігерлер  жиынтығы  да  архив  делінеді.  Қазіргі  таңда  Қазақстан 
Республикасы  Байланыс  және  ақпарат  министрлігі  Ақпарат  және  мұрағаттар  комитетінің 
Орталық  мемлекеттік  ғылыми-техникалық  құжаттама  мұрағаты  ХІХ  ғасырдың  соңынан 
бүгінгі  күнге  дейінгі  Қазақстанның   ғылымы  мен  техникасының  қалыптасуы  және  дамуы 
тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме. 
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында Алматы қаласының 
аумағына  орналасқан  республикалық  және  бұрынғы  одақтық  бағыныштылықтағы  ғылыми-
зерттеу,  жобалау,  конструкторлық  технологиялық  ұйымдар  мен  мекемелердің  қызметі 
нәтижесінде  құрылған  ғылыми-техникалық  және  басшылық  құжаттамалар  мемлекеттік 
сақтауға алынған. 
Мұрағатта  бүгінгі  күні  мемлекеттік  сақтауда  184621  сақтау  бірлігі  бар.  Оның  ішінде 
ғылыми-техникалық  құжаттама  кӛлемі  105925  сақтау  бірлігін  құрайды,  олардың  18654 
сақтау  бірлігі  ғылыми-техникалық,  2265  сақтау  бірлігі  –  конструкторлық,  83005  сақтау 
бірлігі  –  жобалау,  2001  сақтау  бірлігі  –  патенттік  құжаттар  болып  табылады.  Басшылық 
құжаттамалар кӛлемі 59036, жеке тектік құжаттар 3608, жеке құрам бойынша құжаттар 16052 
сақтау бірліктерінен тұрады. Барлығы мұрағатта 156 қор сақталады. Олардың хронологиялық 
шегі 1775 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықты құрайды. 
Мұрағат  қорларының  құрамы  мамандандырылған  мұрағаттың  ерекшеліктерін 
кӛрсететін тӛмендегі жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады:  
1. ғылыми-зерттеу құжаттамасы; 2. конструкторлық құжаттама; 3. технологиялық құжаттама; 
4. жобалау-сметалық құжаттама; 5. патенттік құжаттама; 6. басшылық құжаттама. 
Орталық  мемлекеттік  ғылыми-техникалық  құжаттама  мұрағаты  құжаттарының 
маңызды  бӛлігін  Қазақстан,  Орта  Азия  және  Шығыс  Сібір  электр  энергетикасы 
нысаналарының, азаматтық-тұрғын үй, ӛнеркәсіп және машина жасау,  мелиорация, су және 
орман  шаруашылығы  саласы  құрылыстарының  жобалау  құжаттамалары  құрайды.  Кӛптеген 
қорлар  сейсмикалық  аса  қауіпті  аймақтарда  қала  құрылысы  бойынша  құжаттардан  тұрады. 
Алматы  қаласының  тұрғын  үй  және  азаматтық  құрылыстарының  жобалары  бойынша, 
соғыстан кейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің барлық даму 
тарихын кӛруге болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Дакенов М., Нурпеисова Б.И. и др. Архивоведение. Алматы, 2003. 
2.  Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А. 1980. 
3.  Закон  Республики  Казахстан  «О  национальном  архивном  фонде  и  архивах».  А.  22 
декабря. 1998.   
4.  Сариева Р. Мұрағат және тарих. «Арыс», 2004. 
5.  Теория  и  практика  архивного  дела  в  СССР.  Учебник.Под  редакцией  Ф.И.Долгих  и 
К.И. Рудольсона. М. Высшая школа. 1980. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
108 
6.  Система  единой  классификации  документальной  информации  в  систематических 
каталогах. М. 1978. 
7.  Программа развития архивного дела на 2001-2005 гг. От 11.06.2001. 
8.  Алдамжар З. Тарих: пайым мен тағылым. Алматы, 2002. 
9. Мұрағат құжаттары- халық қазынасы. Материалдар жинағы. Атырау 2005. 
10.  Государственный  архив  Костанайской  области.  Исторический  очерк.  Костанай, 
2003. 
11.  Медведев  С.А.  Архивы  Костанайской  области.  Исторический  очерк.  Костанай, 
2003. 
12. Сергазин Ж.Ф. Основы обеспечения сохранности документов. А. 1986. 
13.  Юренева  Т.Ю.  Музееведение:  Учебник  для  высшей  школы.  -  2  е  изд.  М: 
Академический проект .  
14.Музееведения. Музеи исторического профиля: Учеб. Пособие для вузов по спец. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматривается  архивные  информации  и  документы  ХІХ  века. 
Структура  и  наука,  технические  архивы  Бокей  Орды.  Современные  архивы  Республики 
Казахстан. 
 
SUMMARY
 
This  article  discusses  historical  information  and  documents  of  the  XIX  century. 
structure  and  science,  technical  archives  Bokey  Horde.  Modern  Archives  of  the  Republic  of 
Kazakhstan. 
 
 
 
МАГИСТРАТУРА 
 
ӘОЖ 9(с)55 А94 
 
ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІ – ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КОНТЕКСІНДЕ  
 
Абдиханова А. Е.-магистрант 
Қазақстан, Алматы қ.,  
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация: Мақалада Орта Азия мен Қазақстан кеңicтiгiнде Ислам ӛркениетiнiң хал-
ахуалы,  тарихи  және  саяси  жағдайы  қарастырылған.  Қоғамда  орын  алған  әлеуметтiк  және 
экономикалық  мәселелерге  автохтонды  халықтың  негiзi  ұстанатын  ислам  дiнi  ӛз  ықпалын 
тигiзбей  қоймайды.  Себебi  дiн  ұлттар  мен  этностардың  рухани  азығы,  құндылығы  ретiнде 
ӛмiрдiң  әр  түрлi  салаларында  жетекшi  маңызға  ие.  Аталмыш  географиялық  кеңicтiкте  нақ 
осы Ислам ӛркениетi түрлi ұлт ӛкiлдерiн интеграциялайтын күш болып табылады. 
Түйін сөздер: ислам, ӛркениет, Орта Азия, Қазақстан. 
ХХ  ғасырдың  соңында  Кеңес  Одағының  ыдырауы,  коммунистік  жүйенің  тарих 
қойнауына кетуі, нарықтық экономикаға негізделген жаңа жүйеге бұрынғы кеңестік елдердің 
кӛшуі ислам ӛркениетінің бір тармағы болып табылатын Қазақ еліне әсер етпей қоймады. Ең 
алдымен Ресей сияқты алып империяның, сосын он бес республиканы ӛз бұғауында байлап 
ұстаған  Кеңес  Одағының  құрамында  болған  елдерде  рухани  ӛмір  ӛзгеріске  ұшырамай 
қоймады.  Әсіресе,  діни  және  философиялық  ғылымдардың  эталондық  тұжырымдамалары 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
109 
мен теориялары сынға ұшырай отырып, әлемдік ортақ теориялар мен концепцияларға қосыла 
бастады.  Тәуелсіздікке  енді  ғана  қол  жеткізе  бастаған  Қазақстанда  және  Орта  Азия 
республикаларында  ислам  ӛркениеті  жаңа  бір  белеске  жетті.  Сӛзімізді  дәйектейтін  болсақ, 
аталмыш  елдерде  соңғы  жиырма  жыл  ішінде  мыңдаған  мешіт,  медресе  және  т.б.  діни 
орындардың  іргесі  қаланды.  Халықаралық,  аймақаралық  симпозиумдар,  конференциялар 
ӛтті. Ендігі кезекте исламның және ислам ӛркениетінің бұл мемлекеттерде алатын орны мен 
рӛлін  кӛрсету  үшін  ӛркениет  ұғымына  назар  аудару  қажет.  Бұл  термин  латынның  «cіvіlas» 
деген сӛзінен шыққан. Оның мағынасы: 1) азаматтық, 2) азаматтық қоғам, мемлекет, 3) қала. 
Сондықтан да тарихшылар, археологтар қоғамның ӛркениеттік кезеңін зерттеуді ең алдымен 
урбанизациямен  тығыз  байланыстырады.  «Ӛркениет»  термині  ХVІІІ  ғасырдан  бері 
айналымға  еніп,  адамзат  тарихында  варварлықтан    кейін  келетін  кезеңді  белгілейтін  ұғым 
ретінде  дүниеге  келді.  Тарихты  ӛркениеттік  тұрғыдан  зерттеудің  бэйсикті  элементтерін 
бейнелеуде  неміс  оқымыстысы  О.Шпенглердің  зерттеулерінің  маңызы  зор.  Ол  ӛркениетті 
мәдениеттің  құлдырауынан  туындайтын  құбылыс  ретінде  қарастырады,  яғни  ӛркениет 
адамзат мәдениетінің жаңару, жетілу нәтижесі емес, белгілі мәдениеттің ішкі мүмкіндіктерін 
сарқып,  одан  әрі  даму  деңгейі  шектеліп,  күйреуге  бет  алып,  жаңа  ӛркениетке  жол  салуы 
болып табылады деген тұжырым жасайды. Ол: «келешек Батыс бір сызықтың бойымен алға 
және  жоғары  жүре  бермейді.  Ол  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты  құлдырау  процесін 
бастан кешіреді. Сӛйтіп батыс мәдениетінің құлдырауы салдарынан жаңаша ӛркениет пайда 
болады.  Бұл  жаңа  фаза.  Демек,  ӛркениет  бұл  мәдениет  рухының  ӛлімі.  Мәдениет  те  үнемі 
гүлдене бермейді [1]. 
Мәдениет пен ӛркениеттің ара жігін анықтау барысында Шпенглер: «барлық мәдениет 
тең,  олардың  әрқайсысы  айрықша  және  сыртқы  бағыт,  яғни  ӛзге  мәдениеттің  ықпалымен 
жүрмейді. Әр мәдениеттің феномені әр түрлі тілде сӛйлеу, әр түрлі ӛмір салтын ұстану» деп 
жазған  болатын  [2].  Демек,  ӛркениет  ислам  дінінің  әлемдік  қауымдастықтағы  рӛлі  мен 
функциясын кӛрсетіп тұр. 
Соңғы  кездері  әлем  Батыс  пен  Шығыс  арасындағы  этникааралық,  ӛркениетаралық 
қақтығыстарды  басынан  кешіруде.  Қазақстан  ғаламдық  қауымдастықтың  бір  бӛлігі  ретінде 
халықаралық  сахнада  болып  жатқан  жағдайларға  тәуелді.  Себебі  әлемдік  қауымдастықтың 
бір  жағында  орын  алған  діни,  этникааралық  қақтығыстар  екінші  бір  бӛлігіне  әсер  етпей 
қоймайды.  Араб  елдері,  Пәкістан,  Ауғанстан  және  т.б.  ислам  дүниесінде  болып  жатқан 
қақтығыстар  қазақ  елінде  қайталануы  да  мүмкін.  Сол  себепті  алдын  ала  діни  жағдайды 
бірқалыпқа  келтіру  керек.  Мұндай  қақтығыстар  табиғи  заңдылық  немесе  бір-бірімен 
байланысы  жоқ  қарапайым  құбылыс  болуы  ғажап  емес.  Бұл  кӛріністі  американ  ғалымы 
С.Хантингтонның  ойы  бойынша  түпнұсқасында  келтіре  кетейік:  «Мы  можем  определить 
цивилизацию  как  культурную  общность  наивысшего  ранга,  как  самый  широкий  уровень 
культурной  идентичности.  Следующая  ступень  составляет  уже  то,  что  отличает  род 
человеческий  от  других  видов  живых  существ.  Мировые  цивилизации  определяются 
наличием  общих  черт  объективного  порядка,  таких  как  язык,  история,  религия,  обычаи, 
институты, а также субъективной идентификации людей» [3]. Ӛркениет үнемі қозғалыстағы 
феномен. Ол қалыптасу, дәуірлеу, күйреу, жойылу немесе басқа ӛркениетке ұласу кезеңдерін 
бастан  кешіреді.  Ӛркениеттің  қалыптасуы  адамдардың  бірқатарының  ӛмір  салтын 
ӛзгертумен,  жаңа  құндылықтардың  пайда  болуымен,  харизматикалық  кӛсемдердің  сахнаға 
шығуымен  және  ӛркениеттік  доктринаның  (қасиетті  діни  кітаптары,  партияның 
бағдарламалары және т.б.) дүниеге келуімен басталады. Ӛрлеу кезеңі ӛркениеттің кӛзқарасы, 
менталитеті,  институттық  жүйелерінің  жақсы  жұмыс  істеуінің  жемісі.  Ал,  күйреу  –  оның 
идеясын  жақтаушылардың  азаюымен  бірге  келеді.  Яғни,  ислам  ӛркениетін  деградациялық 
жағдайға жеткізбеу үшін кӛпшіліктің қолдауы қажет екендігін түсінуге болады. 
Қазіргі  таңда  Исламды  құбыжық  қылып  кӛрсетіп,  әртүрлі  керітартпа  ағымдарды  тану 
қалыпты  жағдайға  айналып  барады.  Ӛкінішке  орай,  діни  білімі  болмағандықтан,  кӛптеген 
азамат  Исламды  ӛз  ақылына  сай  шақтап,  шектеп  қойды.  Нәтижесінде  таяз  ұғымдар 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
110 
қалыптасып,  экстремизм,  терроризм  сынды  әрекеттер  дінге  күйе  болып  жағылуда.  Осы 
әрекеттерге  мүмкіндігімізше  тосқауыл  болып,  Исламның  бейбіт  дін  екенін  кеңінен 
насихаттау басты міндетіміз. Сол себепті аталған бағыттар бойынша жұмыс жүргізіп, Ислам 
құндылықтарын  жаңа  ғасырға  сай  жаңғырту  үшін  2004  жылы  Астана  қаласында  ӛткен 
Қазақстан  қажыларының  І  құрылтайында  Қажылар  қауымдастығы  құрылды.  Елордамызда 
Әлемдік  және  Дәстүрлі  діндер  кӛшбасшыларының  тӛрт  бірдей  съезі  ӛткені  белгілі.  Бұл 
жиынның  Алаш  жұрты  үшін  берері  мол.  Біріншіден,  бұл  съезд  Қазақстанға  берілген  үлкен 
мүмкіндік.  Ӛйткені,  ол  жерде  бүгінгі  қоғам  шӛліркеп  отырған  рухани  жағдай  сӛз  болады. 
Сонымен  қоса  жиын  бүкіл  күллі  әлемнің  назарында.  Бір-бірінің  қолын  алмақ  түгіл,  бір 
үстелдің  басына  бірге  отырмайтын  дінбасылары  Астанада  пікір  алмасып,  ортақ  ымыраға 
келіп жатыр. Бұл біздің елдің әлемдік тұрақтылыққа қосқан ӛлшеусіз үлесі. Съезд барысында 
руханият  мәселелері,  бейбітшілікті  сақтау,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің  ӛзара  келісімі, 
олардың арасында диалог ұйымдастыру сияқты ауқымды салмақты ойлар сараланады.  
Бұрын  әлемді  капиталистік  және  коммунистік  жүйе  билеп  тӛстегені  белгілі.  Қос 
идеологияның  арасындағы  теке-тірес  әлем  назарында  болды.  Алайда  коммунистік  жүйе 
тарих  сахнасынан  түскен  кезде,  капиталистік  қоғам  оның  орнына  «ислам  қаупі»  деген 
ұғымды  енгізді.  Нәтижесінде  ӛркениеттер  қақтығысы  деген  түсінік  қалыптасты.  Бұлар 
әлемдік  әділетті  тәртіпке  қайшы  әрекеттер  болып  табылады.  Соған  сәйкес  Н.Ә.Назарбаев 
соңғы съезде:  «Моральдық  адамгершілік құндылықтардың жаһандық  дағдарысы үдей түсіп 
отыр. Әлемде  моральдық  адамгершілік дағдарыстың ӛрістеуі  дінге  сенетіндердің барлығын 
баса  кӛктеп  қаралау,  дінді  әлеуметтік  үрдістердің  шетіне  ығыстырып  тастау»,  деп  дінді 
қоғамнан  аластатудың  жиі  байқалып  жатқанын  ашық  айтқан  болатын  [4].  Сонымен  қатар 
Елбасы:  «Кӛптеген  кезеңдерде  дін  халықтың  даналықтың,  мәдениеттер  мен  дәстүрлердің 
сақтаушысы  болып  келді»,  -  деді.  Оған  кешегі  Кеңестік  кезеңде  асыл  дініміздің  арқасында 
ұлттық  құндылықтарымызды жоғалтпай аман қалуымыз дәлел.  «Қазіргі діндер жолайрықта 
тұр.  Адамзат  жоғары  сана,  яғни,  Алла  берген  жаңалықтарды  әлем  игілігі  үшін  жұмсаудың 
орнына,  жалғандық,  арсыз  түсінік  және  ӛшпенділік  ұрығын  себуде.  Кез  келген  қоғамның 
моральдық ӛнеге бесігі болып табылатын отбасы берекесі, бала тәрбиесі, ұрпақ сабақтастығы 
бұзылды», - деген Ұлт кӛшбасшысы бүгінгі әлемнің рухани құлдырауын тілге тиек етті [5]. 
Енді  үлкен  форумда  бейнеленген  осындай  ойдың  Қазақстанға  қандай  қатысы  бар  дегенге 
келетін  болсақ,  Елбасы  айтқан  мәселелердің  барлығы  біздің  елде  де  кездеседі.  Бүгінде 
батыстағы  азғын  әрекеттердің  кӛбі  ӛз  ішімізде  де  орын  алуда.  Сондай-ақ  бізге  де  жаңағы 
вульгарлық  материалдық  қоғам  еніп  келеді.  Ӛскелең  ұрпақ  нақ  осы  қоғамда  тәрбие  алуда. 
Мұндай келеңсіз құбылыстардың алдын алу үшін Орта Азия республикаларымен қатар Алаш 
жұрты  біріге  отырып,  «иманды  қоғам»  тұжырымын  қалыптастыруда.  Тың  идеяның  мәні 
мынада:  иманды  қоғам  бұл  әділетті,  мейірімді,  салауатты  қоғам.  Сол  себепті  ӛз  ортамызда 
осындай  қоғам  қалыптастыра  алсақ,  еліміздің  ертеңі  баянды,  болашағымыз  жарқын  болуы 
хақ. Егер жат ағымдар қалай пайда болады деген сұраққа жауап іздеп кӛрсек, ол Исламды, 
жалпы  дінді  біржақты  түсініп,  ӛз  қалауына  қарай  икемдеп  алудан  туындайтын  олқылық. 
Алғашында  назар  аударарлықтай  болмаса  да,  уақыт  ӛте  хақ діннен арасы  алшақтап,  таным 
түсінігі  ӛзгеріп  сала  береді.  Нәтижесінде,  мақсат-мүддесі  бӛлек  ағым  пайда  болады.  Сол 
себепті,  бізге  дәстүрлі  дінімізді  терең  түсініп,  рухани  кемелденуді  ешқашан  кейінге 
қалдырмауымыз керек. Кез келген тұлға діни сауатты болуға ұмтылуы тиіс. Сондай-ақ жат 
ағымдармен  күресте  түсіністік  және  әріптестік  қажет.  Тек  діни  басқарма  немесе  жауапты 
органдар  емес,  бүкіл  қоғам  болып  әрекет  жасау  керек.  Яғни,  бұл  шараны  тіпті  бала 
бақшадан,  мектептен  бастап,  дәстүрлі  дінімізді  адами,  имани  құндылықтарын 
жеткіншектердің  бойына  сіңірсек  те  артық  етпейді.  Аталмыш  мәселені  кӛтеруде  шетелдік 
тәжірибеге  сүйену  дұрыс  болар.  Мәселен,  кӛршілес  Ресей  «Экстремизмге  қарсы  Ислам 
доктринасы»  атты  құжат  қабылдады.  Онда  «Халифат»,  «Джихад»,  «Такфир»  ұғымдарына 
терең  талдау  жасалып,  олардың  ешқандай  ұлттық,  мемлекеттік  мүдделерден  жоғары 
тұрмайтындығы баса айтылған. Мұндай тәжірибе әрине, Қазақ еліне де қажет.  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
111 
Орта  Азия  Республикаларының  барлығын  да  да  ислам  ӛркениетінің  қалыптасуы  ӛте 
күрделі  процесс.  Мәселен,  Ӛзбекстанда  ислам  ӛркениеті  негізгі  үш  белгі  бойынша 
айшықталады: 
- этно-географиялық;  
- салыстырмалы-діни (ислами және ислам емес діндердің ара қатынасы);  
- геосаяси (сыртқы факторлардың діни процестерге әсері).  
Бұл белгілер аталмыш мемлекеттің даму процесіне тікелей әсер етеді. 
Қорыта  айтқанда,  Ислам  ӛркениеті  Қазақстанда  және  Орта  Азия  республикаларында 
жалпы  Сунниттік  бағыт  бойынша  дамып  келеді  және  аталмыш  елдерде  Ислам  ӛркениетін 
бейнелейтін мынадай бэйсикті элементтер кӛрініс тапқан:  
- ұлттық сана; 
- экстремизмге қарсы Ислам доктринасы
- хадерланд сызығы; 
- алтын миллиард теориясы; 
- әлемдік және дәстүрлі діндер съезі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет