Қазақстан тарихы әОЖ9(с)55 А92



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата05.03.2020
өлшемі1,3 Mb.
#59650
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Қаленова Т.С. Еуразияшылдық: теория мен практика. Астана, 2011. - 51 б. 
2. Қамзабекұлы Д., Шаяхметов Н. «Пассонар» // Егемен Қазақстан. 2012. 9-10 бб. 
3. Гумилев Л.Н. «Этногенез и биосфера земли». 3-х томник. Л., 1979. том 2, 112 с. 
4. Сейдімбек А. «Қазақ әлем – эномәдени пайымдау». Алматы, 1997. - 45 б. 
5. Гумилев Л.Н.   Хунны в Китае. М., 1974. – 114 с. 
6. Гумилев Л.Н. Тысячелетие вокруг Каспия. М., 1998. - 592 с. 
7. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М, 1967. - 504 с. 
8. Гумилев Л.Н.   История народа хунну. В 2-х книгах. Кн. 2. М., 1998. - 496 с. 
9. Сейдімбек А. Гумилев туралы //Астана, 2004. – 7-8 бб. 
10. Вернадский Г.В. Начертание русской истории. Прага. 1927. – 5б. 
11. Гумилев Л.Н. «Меня называют евразийцем...» // Наш современник. 1991. №1.  
С.10-13. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматривается  исследование  истории  тюркских  народов  в  трудах 
Л.Н.Гумилева и значение евразийской идеи. 
 
SUMMARY 
This  article  discusses  the  research  of  the  history  of  the  Turkic  peoples  in  the  works  and  the 
value of Gumilev Eurasian idea. 
 
 
 
ӘОЖ:9(с)55 А31 
 
ХХІ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ 
КӨРІНІСТЕРІ 
 
Ахметжанов Д.Ғ. - магистрант  
Қазақстан, Алматы қ.,  
Әл-Фараби атындағы  
Қазақ Ұлттық Университеті 
 
Аннотация:  Бұл  ғылыми  мақалада,  ХХІ  ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы 
этноконфессиялық  үдерістердің  (процестер)  ең  негізгі  кӛріністері  мен  олардың  қандай 
қарқынмен  жүргізілгені  қарастырылады.  Қазақстандағы  қазіргі  уақыт  ағымындағы  діни 
ахуал  жайлы  және  Қазақстан  Республикасының  діни  істер  жӛніндегі  заңнамалары  мен 
конфессияаралық  бірлікті  реттейтін  нормалары,  сондай-ақ  олардың  жүзеге  асырылып,  діни 
бірлікті сақтаудағы ролі туралы қамтылады.  
Түйін  сөздер:  деноминация,  сфера,  этноконфессия,  кӛпконфессия,  толеранттылық, 
фанатизм, демагогия. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
118 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  халықтарының  тыныштығы  мен  ішкі  бірлігін  сақтауда  және 
ұлтаралық  қатынастардың  нығаюында  дін  ерекше  орынды  иемденіп  отырғандығы 
баршамызға белгілі. Ӛйткені, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демократиялық қоғамның 
құрылымына  және  азаматтық  қоғамның  дамуына  қажетті,  қолайлы  саяси  жағдайлардың 
негіздері  қалыптасты.  Олардың  қатарына  ішкі  тұрақтылықты,  ұлтаралық  және 
конфессияаралық келісімді жатқызамыз.  
Тәуелсіздік  жылдарында  діни  бірлестіктер  саны  алты  есеге  ӛсті.  Бұл  әрине  кеңестік 
кезеңнің  соңғы  жылдары  мен  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарымен  салыстырғанда, 
Қазақстандағы  этноконфессиялық  үрдістердің  тез  қарқынмен  жүргенін  кӛреміз.  Егер  ХХ 
ғасырдың  90-жылы  670  діни  бірлестік  жұмыс  істесе,  қазір  Қазақстанда  40  конфессия  мен 
деноминацияға  жататын  4551  діни  бірлестік  бар  және  олар  үш  мыңға  жуық  ғибадат 
орындарына  ие.  2004  жылдан  бері  қолданылып  келе  жатқан  діни  бірлестіктерді  тіркеуге 
алудың  жеңілдетілген  түрі  және  еліміздің  салық  саясаты  мемлекет  территориясындағы 
тіркелген діни бірлестіктердің ерікті дамуына мүмкіндік туғызуда. 
Кӛпұлттық  және  кӛпконфессиялық  діни  сферадағы  мемлекет  саясатының  негізгі 
басымдықтары  айқындалды,  ол  –  қоғамдағы  тұрақтылықты  сақтауға  және  адам 
құқықтарының  қауіпсіздігіне  арналған  конфессияаралық  келісімді  қажетті  жағдай  ретінде 
нығайту  болып  табылады.  Қазақстанда  конфессияаралық  қарым-қатынастарды  реттейтін, 
діни  бірлестіктер  мен  мемлекет  арасындағы  үн  қатысуды  нығайтатын  ықпалды  тетіктердің 
бірі ретінде 2000 жылы Үкімет жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс жӛніндегі 
кеңесті  және  Астана  мен  Алматы  қалаларының,  облыс  әкімдерінің  шешімімен  құрылған 
ӛңірлік  кеңестерді  атауға  болады.  Бұл  кеңесуші-консультативтік  органның  маңызды 
ерекшеліктерінің  бірі  оның  құрамының  жетекші  конфессиялар  ӛкілдерінен,  дінтанушы 
ғалымдардан, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерінен, мемлекеттік басқару органдарының 
қызметкерлерінен  және  қоғам  қайраткерлерінен  қалыптасуы  болып  табылады.  Бұл  ортақ 
мәселелерді кеңесе отырып шешуге мүмкіндік береді. 
ХХІ  ғ.  басында  Қазақстандағы  этноконфессиялық  үрдістер  мен  діни  татулық  және 
дінаралық қатынастарды реттеуде кӛптеген ауқымды жұмыстар жүргізілді. Солардың ішінде 
ең  негізгілері  ретінде  үш  рет  ӛткізілген  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  кӛшбасшыларының 
съездерін айтуға болады. 
2003  жылдың  25  қыркүйегінде  Қазақстанның  елордасы  Астана  қаласында  Әлемдік 
және дәстүрлі діндер кӛшбасшыларының I съезі ӛтті. I съезге қатысушылар Біріккен Ұлттар 
Ұйымы,  басқа  да  мүдделі  халықаралық  және  аймақтық  ұйымдар  жаңа  мыңжылдықта 
ӛркениеттер  арасындағы  келісімді  алға  бастыру,  мәдени  және  рухани  құндылықтарды 
нығайту мақсатында қолдау кӛрсетуді күшейту қажеттігі туралы декларация қабылдады  
[1. 2 б.]. 
Астана  қаласында  2006  жылдың  12-13  қыркүйегінде  Бейбітшілік  және  келісім 
сарайында  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  кӛшбасшыларының  II  съезі  ӛтті.  Оған  20  елден 
келген  43  делегация  қатысты.  160-тан  астам  делегат  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 
конфессияларының  ӛкілдері  –  ислам,  христиандық,  иудаизм,  буддизм,  даосизм,  синтоизм 
және  басқалар.  Сонымен  қатар,  БҰҰ,  ЕҚЫҰ,  БҰҰБҒМЖҰ  халықаралық  ұйымдарының 
құрметті қонақтары қатысты.  
Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты ортақ тақырып аясында  «Діни 
сенім  бостандығы  және  басқа  дін  ізбасарларына  деген  құрмет»  және  «Дін 
кӛшбасшыларының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рӛлі» деген екі бағытта ӛрбіді.  
Съезге қатысушылар барлық дін және этникалық топтар ӛкілдерінің мәдени және діни 
тұрғыда  қақтығысқа  жол  бермеуі  туралы  декларация  қабылдады.  Бұл  құжатта  «қарсы  тұру 
идеологиясын» «әлем мәдениеті» етіп ӛзгерту бойынша ұсыныс кӛрсетілген. 
Астана  қаласында  2009  жылдың  1-2  шілдесінде  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 
кӛшбасшыларының III съезі ӛтті. 2006 жылғы форумда 29 делегация қатысса, ал, осы съезге 
барлық әлемдік және дәстүрлі діндер мен конфессиялардың ӛкілдері, әлемнің 35 елінен  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
119 
77  делегация  келді.  Құрметті  қонақ  ретінде  атақты  саяси  тұлғалар,  мемлекет  және  қоғам 
қайраткерлері  –  Израиль  мемлекетінің  Президенті  Шимон  Перес,  БҰҰ  Бас  хатшысының 
орынбасары  Сергей  Орджоникидзе,  БҰҰБҒМЖҰ  атқарушы  кеңесінің  тӛрағасы  Олабий 
Бабалола Жозеф Яй, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, т.б. қатысты. Съезде 
қонақтар  мен  делегаттар  толеранттық  негіздегі  бейбіт  құрылымдағы  діни  тұлғалар  және 
олардың  бір-біріне  деген  құрметі  мен  қарым-қатынастары  туралы  мәселелерді  талқылады. 
Съездің  отырыстарында  тӛмендегідей  секциялар  болды:  «Рухани  және  моральдық 
құндылықтар  және  әлемдік  этика»,  «Ынтымақтастық  және  диалог»,  «Дағдарыс  кезеңіндегі 
ынтымақтастықты сақтау». 
Астана қаласында 2008 жылы 17 қазанда мұсылман әлемі және батыс елдерінің Сыртқы 
істер  министрлері  арасында  «Дүниежүзі:  түрлі  прогресс  жолдары  арқылы»  тақырыбында 
конференция ӛткізілді. Ал мұнда, 2006 жылы Елбасы мұсылман әлемі мен батыс шеңберінде 
конференция  ұйымдастыру  идеясын  алғаш  рет  ұсынған  болатын.  Және  мұны  АҚШ, 
Ұлыбритания,  Бразилия,  Испания  және  т.б.  елдердің  басшыларымен  талқылап,  келісімге 
келді. Египет, Катар, Сауд Аравиясының басшылары тарапынан да қолдау тапты. Қазақстан 
тарапынан  жасалған  Ислам  конференциясын  ұйымдастыру  бастамасына  барлығы 
түсіністікпен қарады. 
2010  жылдың  29-30  маусымында  Астана  қаласында  ЕҚЫҰ-ның  жоғары  дәрежедегі 
конференциясына  қатысушылар  толеранттық  пен  кемсітушілік  мәселелерін  талқылауда 
әртүрлі  дәстүрлер  мен  діндер  арасындағы  ӛзара  қарым-қатынастарын  дамытуда  бұрын 
қабылданған  шешімдердің  тәжірибесіне  сүйенетіндігін  білдірді.  28  маусымда  Астана 
қаласында  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қатысуымен  конференцияның  екі  күндік  дайындық 
отырысы болып ӛтті. Дайындық отырысы барысында қатысушылар мұсылман, христиандар 
және басқа дін ӛкілдеріне қатысты шыдамсыздық пен кемсітушіліктің алдын алудың тиімді 
жолдарын  талқылады.  Мұның  барлығы,  Қазақстандағы  діни  татулықтың  алдын-алу 
шараларын тағы бір рет кӛрсетіп берді [2. 3-4 б.б.]. 
Қазақстанның полиэтникалық, яғни, кӛп ұлтты және сан алуан діни конфессиялар мен 
кӛппартиялық  жағдайында  ұлтаралық  татулықты  сақтау  мен  нығайту  басты  мәселенің  бірі 
екендігі  айқын.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына  арнаған  Жолдауларында  да  осы  маңызды  мәселе  -  үнемі  басты  орында  болып 
келеді.  Президент:  «Қазақстанда  саналуандық  және  кӛппартиялық  орныққан:  кез  келген 
қазақстандық кез келген қоғамдық және саяси бірлестікке еркін кіре алады. ...Қазақстан діни 
сенім-наным  бостандығын  қамтамасыз  етіп,  конфессиялар  аралық  келісім  мен  діни  тең 
құқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді,-деп атап ӛтті [3. 5б.]. Әрине, қазақстандықтардың 
демократиялық  құқықтарын  сақтау  мен  нығайту,  олардың  қоғамдық  ӛмірдің  барлық 
саласына  белсенді  қатысуын  қамтамасыз  ету,  тежеу  салмау,  олардың  әртүрлі  саяси 
бірлестіктерге кіруін қолдау маңызды. Конфессиялар арасында келісімді сақтау мен діни тең 
құқықтылықты  орнықтыру  -  бұл  да  қажет.  Бірақ,  назар  аударатын  басты  мәселе: 
кӛппартиялық  жүйе  халық  ішінде  іріткі  салу  құралына  айналмауы  қажет,  әртүрлі  діни 
конфессиялар да басқа діндерге және оны ұстаушыларға нұқсан келтіру, құқықтарын шектеу 
саясатын  жүргізбеуі  қажет.  Еліміздегі  сан  алуан  ұлттық  бірлестіктер  ұлтаралық  араздық 
тудырмауы  қажет.  Себебі,  қазақстандықтар  үшін  әлеуметтік  саладағы  негізгі  құндылық:  - 
ұлтаралық  татулықты  сақтау,  кӛп  ұлтты  Қазақстан  жағдайында  бірін-бірі  түсіну,  сену  мен 
құрметтеу  және  азаматтық  келісімді  орнықтыру.  Ұлтаралық  татулық  сақталмайынша, 
азаматтық  келісім  болмайынша  экономикалық  даму,  саяси  тұрақтылық,  халықтың  әл-
ауқатын кӛтеру мүмкін емес. Біз мұны кӛршілес республикалардың және басқа да саяси, діни 
қайшылықтар  шиеленіскен  Ирак,  Ауғанстан,  Франция  т.б.  мемлекеттер  жағдайынан  кӛріп 
отырғанымыз  құпия  емес.  Саяси  тұрақтылық  орбитасынан  шығып  кеткен  Қырғызстандағы 
саяси  ахуал,  Украинадағы  текетірес,  Ӛзбекстандағы  жарылыстар,  Ресейдегі  «шешен» 
проблемасы,  Франциядағы  эмигрант  жастар  әрекеті  бұл  экономикалық,  әлеуметтік  дамуға 
тұсау  болатыны  сӛзсіз.  Ұлтаралық  тұрақсыздықтан,  шиеленістен  ешбір  ұлт  ӛкілдерінің 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
120 
ұтысқа шығуы мүмкін емес [4. 35 б.]. Ендеше бұл нәзік мәселе саясат құралына айналмағаны 
дұрыс.  Президенттің  «діни  негіздегі  жатсынбаушылық  пен  конфессиялар  аралық  келісімді 
қамтамасыз ету» қажеттілігіне баса назар аударуы ел ішіндегі ахуалды терең талдаудан туған 
пікір екендігі сӛзсіз [5. 4 б.]. 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының  
ХV  сессиясында  сӛйлеген  сӛзінде  Дін  істері  жӛніндегі  агенттік  құру  туралы  идеяны  алға 
тартқан  болатын.  Бұл  құрылымның  міндеттерін  белгілей  келіп,  Президент  «біздің  шешуші 
конфессияларымыз  мемлекеттік  органдармен  ынтымақтастық  барысында  дінге  сенуші 
жастармен белсенді жұмыс жүргізіп, олардың шынайы діни білім алуына кӛмектесе алар еді» 
деп атап кӛрсетті. 
Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта ӛрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени 
дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің 
отандастарымыздың кӛз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың 
күші ӛскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша 
белсенді  қолданылуда.  Дәстүрлі  діни  танымдардың  сенім  үдерістері  ғасырлар  бойы 
адамдардың ӛз ұрпақтарын тәрбиелеуіне, еңбек етуіне, кітап жазып, ұлы ӛнер туындыларын 
жасауына  ықпал  етіп  келді.  Басқаша  айтсақ,  дәстүрлі  діндер  қоғамдық  ӛмірдің  және 
мәдениеттің ажырағысыз бір бӛлшегіне айналды. 
Президент 
Нұрсұлтан 
Назарбаев 
ӛзінің 
Әлемдік 
және 
дәстүрлі 
діндер 
кӛшбасшыларының ІІ съезінде сӛйлеген сӛзінде: «Мыңдаған жылдар бойы дінге негізделген 
мәдениет  тарихта  ӛзінің  жанды  сӛзін  сақтап  келді.  Бір  жағынан  ойлап  қарасақ,  ӛзінің  діни 
рухын сақтау тарихта тұтас бір халықтың сақталуының кепілі болып келді» [6. 1-2 бб.]. 
Ислам  және  православие  қазақ  және  орыс  халықтарының  ӛміріндегі  басты  мәдениет 
жасаушы негіз болып табылады. Мемлекетіміздің арнайы ресми мереке ретінде демалыс күні 
деп Құрбан айт пен Рождествоны мойындауы да тегін емес. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  –  діни  толеранттылық  идеясын  тарату  жӛнінде  талассыз 
кӛшбасшы.  Біздің  еліміздің  конфессияаралық  үнқатысудағы  тәжірибесі  бүкіл  әлемдегі  діни 
жетекшілердің  қолдауы  мен  мойындауына  ие  болып  отыр.  Еліміз  ӛзінің  нақты  істерімен 
халықтар  және  діндер  арасындағы  келісім  мен  түсіністікке  толық  қол  жеткізуге 
болатындығын  дәлелдеп  келеді.  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сара  саясатының 
арқасында  мемлекет  әр  түрлі  этностар  мен  конфессиялардың  бейбіт  қатар  ӛмір  сүруінің 
ӛзіндік моделін жасады [6. 4 б.]. 
Мемлекет белгілеген діни заңдар мен нормалардың қабылдануына байланысты, діндер 
арасында  тәртіп  орнап,  мұсылмандар  және  православиеліктер,  католиктер  және 
протестанттар, буддистер және иудейлер  – барлығы бір-біріне құрметпен қарайды. Ӛйткені 
әрбір  адам  басқа  азаматтардың  құқықтарына  нұқсан  келтірмей-ақ  ӛзінің  діни  кӛзқарасын 
таңдауға  құқылы.  Міне,  сондықтан  да  Қазақстанда  қазірдің  ӛзінде  Әлемдік  және  дәстүрлі 
діндер кӛшбасшыларының үш съезі  ӛткізілді. Осы съездерде әр түрлі  мемлекеттердің және 
халықтардың  діни  иерархиясы  әр  түрлі  мәдениеттер  мен  діндердің  үнқатысуына,  барлық 
жерде  бірдей  қабылданған  тӛзімділік  пен  еркіндік  құндылықтарына  негізделген  бірыңғай 
ӛркениеттілікке ұмтылатындықтарын растады. 
Әрбір зайырлы мемлекетте нақты белгіленген зайырлы идеология болуы міндетті. Егер 
мұндай  жағдай  қалыптаспаса,  ол  мемлекет  конфессияаралық  қақтығыстарға  бейім  тұрады. 
Кӛпшілік  зайырлылықты  барлық  діндерге  қатысты  бейтараптық  ұстану,  мемлекеттің  діни 
танымдардан  тәуелсіз  және  кез  келген  теологиялық  тұжырымдамалардан  еркін  болуы  деп 
түсінеді.  Алайда  бүгінгі  таңда  зайырлылықты  анықтайтын  бұл  қағида  бірте-бірте  ӛзгеріске 
ұшырауда. 
Кӛптеген  мемлекеттер  зайырлылық  пен  демократияны  жариялай  отырып,  дінге 
қатысты  ерекше  қарым-қатынас  қалыптастырған.  Бұл  ретте  олар  дінді  барлық  қоғамдық 
және  мемлекеттік  ӛмірдің  шекарасынан  шығарудан  бастап,  кӛптеген  діндер  арасында  бір 
немесе  бірнеше  дәстүрлі  діндерге  арнайы  қолдау  кӛрсетуге  дейінгі  бағытты  ұстанады. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
121 
Зайырлы  мемлекет  ретінде  Қазақстан  ӛзінің  мемлекеттік-конфессиялық  қарым-қатынасын 
ӛзінің  тарихына,  ұлттық  мүдделеріне  және  ӛмір  талаптарына,  шетелдердің  тәжірибесіне 
сүйене  отырып  қалыптастыруға  зор  мүмкіндігі  бар.  Бұл  ретте,  сӛзсіз  республикамызда 
басымдық дәстүрлі діндер жағында болуы керек [7. 8 б.]. 
Қазақстандағы мемлекет және діни бірлестіктердің ӛзара қарым-қатынасындағы модель 
адамдардың  еркіндігі  мен  құқығын  құрметтеудегі  демократиялық  үдерістерге,  қоғамдық 
және  діни  мүдделердің  тепе-теңдігіне  және  ӛзара  түсіністік  пен  қалыпты  жағдайда  бейбіт 
қатар ӛмір сүруіне негізделген. Діни сенім еркіндігі саласындағы мемлекеттік саясаттың үш 
негізгі принциптерін айрықша бӛліп кӛрсету керек, олар – бейтараптық, толеранттылық және 
теңдік.  Бұл  ретте  ең  басты  мәселе  мемлекеттің  діни  бірлестіктердің  ішкі  ісіне  араласпау 
жӛніндегі  бейтараптығы  болып  табылады.  Толеранттылық  принципі  діни  сенімге  деген 
құрметпен ерекшеленеді. Теңдік принципі заң алдындағы барлық діни бірлестіктердің және 
әр  түрлі  діни  сенімдегі  ӛкілдердің  теңдігін  айқындайды.  Сондықтан  зорлық-зомбылыққа 
шақыратын  конституциялық  құрылысты  құлатуға,  билікті  ӛзгертуге  және  басқа 
келеңсіздіктерге үндейтін кез келген діни бірлестік заң бұзушы ретінде одан әрі еркін ӛмір 
сүруге тиісті емес. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдарда  тұрғындардың  діни  сана-сезімі  оянып, 
діни  ерекшеліктерінің  жаңғыруы  басталды.  Бұл  ретте  мемлекеттік  саясаттың  мақсаты 
қазақстандық  қоғамдағы  діни  сала  ӛміріндегі  тұрақтылық  пен  толеранттылықты  сақтау 
болып табылады. Қазақстан халқы ешқашан желӛкпе діни сенімге бейім болған жоқ, одан да 
гӛрі  ежелден-ақ  діни  сенімге  тӛзімділік  және  конфессияаралық  саладағы  толеранттылыққа 
жақындығымен ерекшеленді [8. 2-3 бб.]. 
Солай  бола  тұрса  да,  қазіргі  кезде  Орталық  Азияда  қалыптасқан  діни  ахуалға  ықпал 
етуі  мүмкін  діни  кӛзқарастағы  ағымдардың  белең  алуы  байқала  бастады.  Мұндай 
ағымдардың ӛрістеуіне діни қағидаттарды толық түсінбеушілік, берік ӛмірлік танымдардың 
болмауы,  сонымен  бірге,  азаматтардың  сенгіштік  қасиеттері  қолайлы  жағдай  жасауда.  Ал, 
мұндай  кері  діни  ағымдарды  таратушыларға  ӛздерінің  кӛзқарастарынан  басқа  сенімдегі 
адамдарға,  тіпті  бір  сенімдегі  адамдардың  ӛзіне  тӛзімсіздік  кӛрсету  мінез-құлқы  тән. 
Демагогияға  құрылған  фанатизм  және  идеяға  деген  соқыр  сенім,  қаталдық  және 
басқыншылық мінез-құлықтар – олардың дүниетанымының ерекшеліктері, міне, осылар [8. 5 
б.]. 
Қорыта  айтқанда  ХХІ  ғасырдың  басынан  бастап,  Қазақстанда  этноконфессиялық 
татулық  пен діни  істердің басқа бағыттары бойынша ӛте кӛп жұмыстар атқарылды. Әрине, 
мұндай ауқымы кең жұмыстарды бір тақырып аясына сыйыстыру оңай болмағандықтан, біз 
бүгінгі  тақырыпта,  олардың  ішінде  белгілі  бағыттарын  атап  ӛтуге  тырыстық.  Осындай 
әрекеттері мен дінге деген құрмет пен дінаралық қарым-қатынастарды реттеуде кӛп қызмет 
атқарған  Қазақстан  бүгінде  бүкіл  әлем  үшін  конфессияаралық  келісімнің  үлгісі  ретінде 
танылды.  Ғасырлар  бойы  ислам  және  христиан  дінінің,  бірінші  кезекте  православиенің 
бейбіт қатар ӛмір сүрудегі тәжірибесі біздің республикамызды мекендейтін қазақ, орыс және 
басқа  да  халықтардың  бауырластығының  үлгісі  болды.  Әрбір  дін  ӛзінің  уағыздарымен 
адамдарға  жалпы  адамгершілік  құндылықтарды  әкеледі,  қоғамдағы  таным,  түсінік 
нормаларын  бекітеді, халықтардың ғасырлар  бойғы рухани құндылықтарының сақтаушысы 
ретінде рӛл атқарады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Есбосын Смағұлов. Конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі.  //Айқын 
№27. 2010. 
2. Жанна Онлашева. Қазақстандағы діни жағдай. // Заң газеті №8. 2008. 
3. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан 
Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. //Ақиқат. 2005, №3. 5 б. 
4. Назарбаев Н.Ә. Жүз жылға татитын он жыл. //Астана ақшамы, 2001. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
122 
5. Құрманғали Даркенов. Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі – толеранттық. 
6. Қайрат Лама Шәріп. Ислам — бірлік, бейбітшілік және қайырымдылық діні 
//«Егемен Қазақстан» газеті № 8. 16.08.2011 ж 
7. Межнациональная стабильность в Казахстане. //Деловой Мир. 2005,  №5. 
8. Нұресләм Ғабдуллин. Дін – қоғамымыздың ажырағысыз бӛлігі //Солтүстік Қазақстан 
газеті № 126 (21186) сейсенбі, 18 қазан 2011. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статъе  рассматриваются  вопросы  этноконфессиональных  процессов 
Казахстане  в  начале  ХХІ  века.  Здесь  показано  религиозное  положение  и  религиозная 
политика  Казахстана,  а  также  государственная  политика  в  сфере  религии  на  основе 
этноконфессиональных процессов в начале ХХІ века. 
 
SUMMARY 
In  this  state  deals  with  ethnic  and  religious  processes  in  Kazakhstan  beginning  of  the  XXI 
century. This shows the position of the religious and the religious policy of Kazakhstan as well as 
state policy in the sphere of religion on the basis of ethno-denominational process at the beginning 
of the XXI century. 
 
 
 
ӘОЖ
 
9(
С
)
 
55
 
А
 
33 
 
ҚАЗАҚСТАН
 
МЕН
 
ОРТАЛЫҚ
 
АЗИЯ
 
ЕЛДЕРІНІҢ
 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ 
 
Астемес Г.К. - 
магистрант  
Қазақстан, Алматы қ.,  
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация:  Бүгінгі  таңда  Қазақстандағы  саясаттың  басты  бағыттарының  бірі  – 
бұрынғы кеңестік республикалармен және Орталық Азия елдерімен ықпалдастықты дамыту 
болып  отыр.  Қазақстан  мен  Орта  Азия  елдерінің  ынтымақтастығы  шекаралас  жатқан 
дүниежүзі  мемлекеттерімен  халықаралық  қатынаста  тек  бүкіл  әлемде  бейбітшілік  пен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету және жалпы қауіпсіздікті сақтаудың ерекшелігі айқындалған. 
Еліміздің  болашағын  дамытуда  Орта  Азия  елдерінің  ынтымақтастығы  туралы  мәселелерді 
кӛтеріп,  оны  іске  асыруда    біршама  табыстарға  қол  жеткізгендігі  баяндалған.  Еліміздің 
аймақтық  саясаты  ӛзара  сенімді  нығайтып,  интеграцияны  одан  әрі  дамытуға  бағытталуда. 
Ӛйткені, Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылық пен оның одан әрі ӛркендеуінің басты кілті, 
басты мүмкіндік те осы ықпалдастыққа тәуелді. 
Түйін сөздер: Қазақстан, Орталық Азия, елдер, ынтымақтастық, достық, интеграция. 
1991 жылы 16 желтоқсанында ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiгiмiзге қол 
жеткізіп,  елiмiз  егемендi  ел  атанып,  ес  жиып,  еңсемiздi  кӛтеріп,  кӛк  байрағымызды  әлемге 
танытып,  халық  болып,  империя  тозағының  астында  қалған  тарихымыздың  ақтаңдақтар 
бетін  ашып,  бүгiнде  Қазақстан  келесi  адамзат  тарихының  алып  айдынына  адаспай  жол 
тауып,  ӛзінің  ертеңiне,  болашағына  еркіндікпен  жүзiп  келедi.  Сол  еркіндікпен  жүзіп  келе 
жатқан  мемлекетіміздің  дамуының  бірден-бір  шарты  ұлттық  тұтастығымызды  сақтау.  Бұл 
дегеніміз  мемлекетіміздің  қоғамдық  ӛмірдегі  барлық  салалары  бойынша  халықаралық 
ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналуына кӛз жеткізуіміз қажет.  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
123 
Сондықтан  да,  Қазақстан  Республикасының  шекаралас  жатқан  дүниежүзі 
мемлекеттерімен халықаралық қатынаста тек Азия аймағы емес бүкіл әлемде бейбітшілік пен 
тұрақтылықты қамтамасыз ету және жалпы қауіпсіздікті сақтауда маңызы зор. 
Сонымен қатар Кеңес Одағы ыдыраған күннен бастап, Елбасымыз еліміздің болашағын 
дамытуда Орта Азия республикаларының ынтымақтастығы туралы мәселелерді кӛтеріп, оны 
іске  асыруда  біршама  табыстарға  қол  жеткізді.  Атап  айтқанда  Елбасының  2005  жылғы  18 
ақпандағы  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында»  атты 
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  «Орталық Азия елдері Одағын құруды, Қазақстан, 
Қырғызстан,  Ӛзбекстан  арасындағы  жасалған  мәңгілік  достық  туралы  шартқа  қол 
қойғандығы,  Еліміздің  экономикалық  мүдделерінің,  мәдени-тарихи  тамырымыздың, 
тіліміздің,  дініміздің,  экологиялық  проблемаларымыздың  ортақ  екенін»  баса  кӛрсеткен 
болатын [1]. 
Ал, антикалық қоғамның алыбы Марк Тулий Цицерон кезінде кемеңгер ел басшылары 
тарихтың  бұрмалаң  тұстарын  күні  бұрын  кӛре  біліп,  келеңсіз  жағдайларға  жол  бермей, 
мемлекеттің  қуатын  нығайтуға  барынша  күш  салу  керек  деген  еді  [2].  Расында  да  бүгінгі 
жаһандану  заманында  ӛз  тәуелсіздігін  сақтап  қалу  оңай  шаруа  емес  екендігін  ӛмірдің  ӛзі 
кӛрсетіп отыр. Себебі, ӛңірдің байлығына кӛз тігіп отырған қаншама ірі державалардың бар 
екендігі, егемендігіне енді ғана қол жеткізген жас мемлекеттерді ӛз уыстарынан шығармауға 
тырысып  отырғандығы  баршамызға  аян.  Осындай  жағдайларды  ескере  келіп,  Елбасымыз 
жыл  сайынғы  жолдауында  мұндай  қиыншылықтарға  бауырлас  халықтар  болып,  ауыз 
біршілігі  жарасқан  ел  болып  қимыл  жасағанда  ғана  тӛтеп  беруге  болатындығын  айтқан 
болатын.  Міне,  еліміз  кӛршілес  жатқан  елдермен  қарым-қатынас  орнату  нәтижесінде 
әлеуметтік-экономикалық,  саясатының  жедел  дамуында  Еуропа  мен  Азияның  орталығында 
ӛзіндік  орны  бар,  халықаралық  ынтымақтастықтың  әртүрлі  одақтары  мен  ұйымдарының 
мүшесі екендігін ұмытпауымыз қажет. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстандағы  саясаттың  басты  бағыттарының  бірі  –  бұрынғы  кеңестік 
республикалармен  және  Орталық  Азия  елдерімен  интеграциялық  үдерісті  дамыту  болып 
отыр.  
Интеграцияның  алғашқы  құжаты  1994  жылы  30  сәуірдегі  Қазақстан,  Қырғызстан, 
Ӛзбекстан  елдерінің  Біртұтас  экономикалық  кеңістік  құру  тауралы  шартқа  қол  қоюдан 
басталды.  Сондай-ақ  Тәжікстанның  осы  шартқа  қол  қоюы  (1998  ж.  26  наурыз),  «әскери 
қауіпсіздік  тұжырымдамасына»  келісім  жасау  (1992  ж.  9  қазан),  «әскери-техникалық 
ынтымақтастық»  шартқа  қол  қою  (1994  ж.  8  шілде),  «БҰҰ–на  қарасты  ұжымдық 
бітімгершілік батальонын құру туралы» келісім жасау (1995 ж. 15 желтоқсан),  «Арал теңізі 
және  Арал  ӛңіріндегі  проблеманы  шешу,  әлеуметтік-экономикалық  ӛркендеуін  қамтамасыз 
ету»  туралы  келісімге  қол  қойылуы  (1993  ж.  26  наурыз),  «Орталық  Азия  ынтымақтастық 
ұйымының»  құрылуы  (2002  ж.  ақпан)  [3].  Осы  аталған  заңды  құжаттардың  алға  қойған 
міндеттері:  ӛңірде  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  ӛңірлік  қауіпсіздік  пен  экономикалық 
интеграцияның орнықты жүйесін қалыптастыру, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, 
шекаралық,  кеден  және  салық  қызметтерінің  ӛзара  ықпалдастығы.  Ӛңірлік  және 
мемлекетаралық сипатқа ие болып отырған үш жобаның жүзеге асуын қамтамасыз ету. Олар: 
аймақта  су-энергетикалық  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  коммуникациялық  жобаларды 
жүзеге  асыру,  мемлекеттерді  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Бүгіндегі 
әлемдік  ӛркениет  жағдайында  болып  жатқан  түбегейлі  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-
экономикалық  және мәдени үдерістер Орта Азия аймағындағы елдерге де тікелей қатысты. 
Себебі,  Орталық  Азия  әлемдік  экономиканың  маңызды  бӛлігіне  айналып  отыр.  Орталық 
Азия ынтымақтастығы, оның ішінде Қазақстан мен халықаралық қатынастарды құру бүгінгі 
күні ӛте ӛзекті мәселе болып отыр. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерімен халықаралық 
қатынастар  жүйесіне  кіре  отырып,  жаңа  үлгідегі  ынтымақтастық  пен  қарым-қатынастарды 
қалыптастыруда.  

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
124 
Қазіргі сәтте Орталық Азияның ынтымақтастық пен қарым-қатынастарының дамуында 
екі жол бар. Бірінші жол ӛзінің әлемдік экономикадағы шикізат кӛзі ретіндегі рӛлін бекіту. 
Екінші  жол  –  интеграция.  Әлемдік  экономикадағы  шикізат  кӛзі  -  бұл  тұрақтылық, 
экономикалық  ӛрлеу,  әскери  және  саяси  қауіпсіздік  жолы,  Орталық  Азиялық  елдердің 
тәуелсіздік  жылдары,  сыртқы  күштер  арасында  Орталық  Азиядағы  геосаяси  және 
геоэкономикалық  ықпал  сферасы  және  оның  табиғи  ресурстары  үшін  күрес  пайда  бола 
бастауы әлемдік саясатқа тікелей байланысты болды. Ал, әлемдік интеграциялық процеске, 
аймақ  ішіндегі  ӛзара  қарым-қатынас  жасау,  кӛршілес  елдерімен  және  басқа  да 
мемлекеттермен мәселелерді шешуге негізделген [4]. 
Орталық  Азия  елдерінің  экономикалық,  саяси  –  құқықтық  жүйелері  жағдайының 
транзиттік  сипаты,  жаңару  үдерістерінің  әртүрлі  серпіні,  бағыты  және  тереңдігі,  осы 
үдерістер  шеңберінде  жүргізіліп  жатқан  реформалар  ӛмірлік  қажетті  интеграцияны  жүзеге 
асырудағы қиындықтарды анықтайды. 
Сондықтанда  Қазақстанда  интеграциялық  үдерістердің  деңгейімен  және  жағымды 
нәтижелерімен органикалық ұштасқан саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және аймақтағы 
қауіпсіздікті сақтау ауадай қажет. Қазақстан ғана объективтік жағдайлары мен XX ғасырдың 
аяғында  басталған  қайта  құрулардағы  ішкі  табыстарына  байланысты  интеграцияның  басты 
қозғаушысы  әрі  кӛшбасшысы  рӛлін  атқара  алды.  «Дамудың  Қазақстандық  моделі»  қазіргі 
кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда. 
Сонымен,  ТМД  шеңберінде  интеграция  үдерісін  және  бұрынғы  кеңестік 
республикалардың  ӛзара  қатынасының  басқа  да  түрлерін  зерттеу,  осы  үдерістердегі 
Қазақстан  Республикасы  саясатының  рӛлін,  қосқан  үлесі  мен  маңызын  анықтау 
Қазақстандық  тарих  ғылымының  ғылыми  және  саяси-практикалық  ӛзекті  міндеті  болып 
табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан 62 әлемдік және аймақтық ұйымға мүше, 24 мемлекетпен 
дипломатиялық  қарым-қатынастар  орнатып,  дүниежүзілік  қауымдастықтың  54-інде 
Қазақстанның  елшіліктері  мен  ӛкілдіктері  жұмыс  атқарып,  шет  мемлекеттер  мен 
халықаралық ұйымдардың 70-ке жуық дипломатиялық ӛкілдіктері қызмет жасайды. 
Ал, Қазақстанда Елбасы  «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму 
бағыты теңдік, ерікті және прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм, бұл  – 
Еуразия үшін лайықты келешек, яғни, тек сондай жағдайда ғана ол XXІ ғасырдағы әлемдік 
экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген еді [5]. 
Демек,  Қазақстанның  аймақтық  стратегиялық  маңызы  ӛте  зор.  Екіншіден,  тікелей 
теңізге  шыға  алмайтын  құрлық  ортасындағы  мемлекет  ретінде  біз,  әлемдік  нарыққа  тек 
кӛрші  мемлекеттер  арқылы  ғана  шыға  аламыз,  сондықтан  кӛршілес  елдермен  байланыс 
орнатудың мәні қаншалықты зор екендігі айтпаса да түсінікті. Үшіншіден, Қазақстан табиғи 
ресурстарға  ӛте  бай,  оның  ішінде,  әсіресе,  табиғи  газ,  мұнай,  түсті  металдар  және  басқа  да 
пайдалы қазба кӛздері бар. Ауылшаруашылығы саласында мақта, астық, кӛкӛніс және басқа 
да экономикалық  дақылдарды дамытудағы мүмкіндіктері  мол. Сондықтан еліміз едәуір зор 
экономикалық  потенциалға  ие.  Тӛртіншіден,  ұлттық,  діни,  мәдени  жағынан  алғанда  біздің 
еліміздің ӛзіндік айырмашылығы бар. Кейбір мемлекеттерде шиеленістің себебі, болған бұл 
фактор Қазақстанда біріктіруші күш ретінде артықшылыққа айналып отыр. 
Дегенмен, мемлекет басшысының таңдаған сара жолының арқасында еліміздің бүгінгі 
жетістіктері  биігінен  кӛрінді.  Қазақстан  ӛзін  толығымен  ақтаған  кӛп  бағытты  сыртқы 
саясатты ұстана отырып, әлем елдерімен тең құқықты ынтымақтастықты дамытуда.  
Қазіргі заманғы үлгі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия 
мемлекеттері  ортаазиялық  интеграцияны  объективті  қажеттілік  ретінде,  территориялық 
тұтастықпен,  сол  сияқты  экономиканың  ең  маңызды,  ең  басты  салаларымен 
байланыстырады.  Тарихи  қалыптасқан  тығыз  шаруашылық  байланыстары  мен  аймақтың 
ұтымды  геосаяси  жағдайы  Орталық  Азия  мемлекеттерін  ӛзара  ынтымақтасуға  жетелейді. 
Сол  сияқты  аймақтың  газ,  су-энергетика  ресурстарын,  экологиялық  мәселелерін  бірлесе 
отырып  шешу,  кӛлік-коммуникация  жүйелерін  бірлесе  отырып  пайдалану,  соңғы  жылдары 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
125 
күшейіп  келе  жатқан  наркобизнес  пен  әр  түрлі  экстремистік,  террористік  топтар  мен 
ағымдарға  бірлесе  отырып  күрес  жүргізу  сияқты  маңызды  шараларды  іске  асыру  үшін  де 
аймақтық  интеграция  қажет.  Сондықтан  Орталық  Азия  мемлекеттерінің  нарықтық 
экономикаға ӛтуі мен интеграцияны таңдап алуы жаһандану жағдайында орындалуы әлемдік 
тарихтағы бірінші оқиға. 
«Жаһандану  –  халықаралық  қатынастардағы  коғамдық  ӛмір  мен  іс-әрекеттердің  әр 
түрлі  салаларындағы  ӛзара  тәуелділік  пен  ӛзара  әсер  етудің  нығаюы».  Қазақстандық 
ғалымдардың  пікірінше,  «жаһандану  жағдайында  қарастырылатын  әлемдік  экономикалық 
жүйедегі  ұлттық  шаруашылықтың  интеграциясы  мәселелерін  қарастырғанда,  аймақтық 
интеграция мәселелерін тысқары қалдыруға болмайды. 
Аймақтық  құрылымдар  қазіргі  таңда  ғаламдастырудың  негативті  зардаптарына  қарсы 
тұру  үшін  маңызды  құрал  болып  табылады.  Мысалы,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымы, 
Халықаралық  валюта  қоры,  Дүниежүзілік  банк  сияқты  халықаралық  институттардың  кең 
кӛлемдегі  ынтымақтастығы  және  оның  тиімділігіне  кӛңіл  бӛлуі,  әлемдік  экономиканың 
күшеюі, ұлттық экономиканы объективті түрде аймақтық интеграцияға итермелейді» [5]. 
2011 жылы Алматыда Қазақстандық-ресейлік сарапшылар кеңесінің ұйымдастыруымен 
«Орталық Азия: жаңа тарихтың жиырма жылы» атты семинар ӛтті. Бұл семинарда Қазақстан 
стратегиялық  зерттеулер  институтының  директоры  Болат  Сұлтанов  ӛзінің  баяндамасында 
«Орталық  Азия  елдері  арасындағы  ынтымақтастық,  тату-тәтті  кӛршілік  қарым-қатынасты 
одан  әрі  нығайту,  дамыту»  туралы  қазіргі  кезеңде  бізге  кӛшпенділердің  ӛркениетін  – 
номадизмді оқып-үйренуге, зерттеуге басты назар аудару қажет екендігін баса айтты.  
Ал,  сыртқы  істер  министрінің  орынбасары  Қайрат  Сарыбай  ӛз  кезегінде  Елбасының 
Ӛзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан мемлекеттеріне ресми сапарының және 
бұл  елдердің  басшыларының  біздің  елімізге  қайтара  сапарларының  нәтижелері 
мемлекетаралық  ынтымақтастықта  жаңа  әрі  тың  үрдістердің  айқындала  бастағанын 
Қазақстан Қырғызстандағы ең ірі инвестор болып табылатындығы. Мәселен, еліміз  
2008  жылы  Қырғызстан  экономикасына  334,3  миллион  доллар  кӛлемінде  (немесе 
Қырғызстан  инвестициясының  жалпы  кӛлемінің  51,5  пайызы)  инвестиция  салды.  Жыл 
басынан  бері  еліміз  кӛршілес  елдерге  кӛмек  кӛрсету  бойынша  мемлекетаралық 
бағдарламаны жасауға кірісіп кетті. Қазақстан Ӛзбекстан экономикасында оның негізгі сауда 
әріптестерінен (Ресей, Қытай) кейін үшінші орынды иеленуде, – деді [6]. 
Қорыта  айтқанда,  біздің  еліміздің  аймақтық  саясаты  ӛзара  сенімді  нығайтып, 
интеграцияны  одан  әрі  дамытуға  бағытталуда.  Ӛйткені,  Орталық  Азия  елдеріндегі 
тұрақтылық  пен  оның  одан  әрі  ӛркендеуінің  басты  кілті,  басты  мүмкіндік  те  осы 
ықпалдастыққа  тәуелді.  Сондай-ақ  Н.Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  деп  аталатын 
еңбегіндегі «Орталық Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, ӛйткені, соңғы  
500 жылдың ішінде тұңғыш рет біздің аймақ дүниежүзілік экономика үшін маңызды аймақ 
болып отыр» деген пікірлері толықтыра түсері сӛзсіз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет