Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Сұр қоян
Мақсаты: а) я дыбысы мен әрпі туралы, оның и, а естілгенімен я әрпі жазылатын ережені ұстана отырып,білімдерін қалыптастыру, Сұр қоян өлеңін мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын түсіндіруге үйрету
ә)оқушылардың сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту.
б) я дыбысының жазылуымен айтылуына мән бере отырып, дұрыс жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірі қоян, дидактикалық материалдар
(сәбіз, шаян, баян,),
Әдісі: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» стратегиялары
Түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы: І. Психологиялық дайындық. 1мин
«Кірпі » биімен сыныпта ынтымақтастық атфосферасын қалыптастыру.
ІІ. Сынып оқушыларын «Дауысты», «Дауыссыз» дыбыстар арқылы екі топқа бөлінеді.1 мин
Ойын: «Үйіңді тап» . (кестеден дауысты, дауыссыз әріптерді) алады.
Шарты: әр бала өзі таңдаған дыбысын таңдап алып өз сандықшаларына салады. Дыбыстар екі топқа бөлініп қалады. Олар дауысты, дауыссыз.
Жақсы балалар дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3)
ІІІ. Үй тапсырмасы: Ойын: «Қоянға көмек» 3 мин
- Балалар қоңырау кезінде Жансеріктің ағасы қоян тауып алыпты. Қараңдаршы қоян абден тоңып, қарны ашып қалыпты. Енді осы қоянға көмек берейікші, қоян не жейтін еді?
- Сәбіз жейді.
- Ия, сәбіз. Ендеше қоянға сәбіз беру үшін мына сәбіздің артындағы сұрақтарға жауап бере алсақ сәбізімізді қоянға бере аламыз, жауап бере алмасақ қоянымыз аш қалады.
Қане тездетіп, жылдам сұрақтарға жауап беріп, қоянға көмектесейікші.
- Я қандай дыбыс?
- Я дыбысын айтқанда қандай қосарлы дыбыстар естіледі?
- Ұяны неден жасайды?
- Я дыбысынан келетін сөздерге мысал келтір?
- Бағандағы сөздерді оқып бер?
- Кеспе әріптермен «Шаян» сөзін жаза ғой.
«Шаян» сөзіне дыбыстық талдау жасап көр
- Кеспе әріптермен «Қоян» сөзін жаза ғой.
- «тақия» сөзінде Я дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр екен ?
Жақсы ендеше балалар қоян туралы не білеміз?
Ол қайда жүреді?
Я далада, орманда жүреді.
Ол қандай аң?
Қорқақ
Түсі не істеп тұрады?
Жыл мезгіліне қарай түсі өзгеріп тұрады?
Ендеше бүгін Тоқаш Бердияровтың Сұр қоян өлеңін оқып танысамыз.
ІV. Жаңа сабақ. «Электрондық оқулық», «диктофон» арқылы түсіндіру 7 мин
Ұя баян ояу сия мая
Ұят қоян бояу қия жая
Оят шаян баяу мия сая
Сөздік жұмыс жүргізу
Сия – қаламсаптың сиясы мая – жиналған шөп үйіндісі
қия – алыс, шет жая – жылқы малының еті
сая – жаны тыныш тапты, рахаттанды
Ұят – олқылық істеген, әдепсіздік істесе ұят болды дейміз
Қария – үйдегі ата – әжемізді не үлен кісіні қарт дейміз
Тоқаш Бердияров
1960-1990 жылдардағы әдебиет
Ол жырымен жұртын оятқан сырын айтып жұртын мұңайтқан ақын. Өзінің кермек мұңын жырға қосып, қайғысын жақсы жырмен жеңіп, Өзінің жеке бас өмірін өнерге беріп, қиын да қызық тағдыр кешкен ақын. Ақынның тағдыры ешкімге ұқсамайды.
V. Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Өлеңді мазмұнын түсіндіру.
Бағандағы сөздерді тізбектей оқыту.
VІ. Дәптермен жұмыс 2 мин
«Сөздік диктант» жазу
Ұя, сия, қия, сая, жая, мая, аяқ.
Сергіту сәті: «Қамажай» биіне билеп сергіп алады. 1 мин
VІ. Сабақты қорытындылау. «Ойлан, топтас, талқыла» 2 мин
Шарты: Берілген тапсырмаларды оқушылар топтаса отырып орындайды да бұрын болғаны түсіндіреді.
Тапсырмалар:
1-топқа 2-топқа
«Ұят» сөзінің мағынасы қалай? «Қария» сөзінің мағынасы қалай?
Кісі аттарын ата? Олар қалай жазылады? Жер–су аттарын ата? Олар қалай
жазылады?
«Қоянды» сипаттап беру. «Сұр қоян» өлеңін сахналау.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
А,Т,П,Ы,О,Н,Ә,Қ,Е,Ы,К,З,Ұ,Я,әріптеріне сөз ойлайды. Ана, ата, әке, т.б.
Рефлексия 2 мин
Біз бүгін сабақта не өттік? Не ұнады? Не ұнамады? Қиын болған тапсырма бар ма?
Оқушыларды мадақтау. 1 мин
Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |