Қазақстан тарихы әОЖ9(с)55 А92



Pdf көрінісі
бет13/18
Дата05.03.2020
өлшемі1,3 Mb.
#59650
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы, 1948. 110 бет. 
2.  Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. 
Сочинения Т.5-М., 1968. - С.36. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
96 
3.  Еңсегей бойлы ер есімі ОҒҚ, қолжазба қоры. 720. 135 бет. 
4.  Шежіре. ОҒҚ, қолжазба қоры. 3680. 56, 146 беттер. 
5.  Тӛле бидің тарихы.ОҒК, қолжазба қоры. 763. 286-287 беттер. 
6.  Шежіре. ОҒК, қолжазба қоры. 708. 55 бет. 
7.  Сұлтанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв –М., 1982. – С.98. 
8.  Олжабай батыр ОҒК, қолжазба қоры. 53 д. 297 бет  
9.  Зиманов С.З. Общественный строй казахов пер. Пол. ХІХ в. А-Ата, 1958. - С.193.  
10.  Бижанов  М.  Социальные  категории  казахского  общества  XVII  в.в  трудах  русских 
ученик. // Казахстан в XV- XVII веках/А-А, 1989-6.158.  
11.   Паллас Б.С.Путешествие по провинции российского госурдарства Спб.1773. С.575. 
12.  Ӛтеген батыр. ОҒК, қолжазба қоры. 833.- 4бет. 
13.  Абылай хан. 657. 4 бет. 
14.  ГАОРО. Канцелярия Оренбургской экспедиции. Оп. 1. Д.1. 
15.  Л., 154-155 б. 
16.  ГАОРО. Оренбургская губерская канцелярия.Оп.1.Д.18. 
17.  Л.102 бет. 
18.   Қойгелдиев М. Қаз дауысты Қазыбек // Қазақ әдебиеті – 1989  - 1 қаңтар. 
19.  Кекілбаев Ә. Әйтеке би // Егеменді Қазақстан-1991-23 қараша. 
20.  Бӛгенбай батыр. ӘОЛ, қолжазба қоры. 356. 5 бет.  
21.  Арқалық батыр. Батырлар жыры. 2 том. - Алматы, 1961ж. – 273 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассказывается  об  институте  бииев  в  социальной  структуре  казахского 
общества ХVІІІ в. по материалам устной исторической традиций. 
 
S
UMMARY 
 
Article is  devoted to  social structure of the Kazakh society  XҮІІІ  century  on materials  oral 
historical traditions. 
 
 
 
ӘОЖ 9(С)55 И 83 
 
ТАРИХНАМАДАҒЫ УАҚ ТАЙПАСЫНЫҢ ТАРИХЫ 
 
Исаева А.И.
-т.ғ.к. 
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация:  Уақ  мәселесі  қазірге  дейін  қазақ  тарихындағы  бірден-бір  кӛмескі 
мәселелердің бірі.  Мақалада  Орта жүз ру-тайпаларының, әсіресе  уақ руының таңба, ұраны, 
қоныстанған аймақтары, шежіресі ғылыми зерттеулерде ғалымдардың еңбектерін жан-жақты 
зерделеп, қарастырған. 
Түйін  сөздер:  уақ  тайпасы,  Орта  жүз,  шежіресі,  рулық  кестелер,  шежірелер, 
Ш.Уәлиханов. 
Халқымыздың  ұлықты  шежіресін  жазу  орта  ғасырда  ӛмір  сүрген  Қадырғали 
Жалайырдың  еңбегінен  бастау  алары  күмәнсіз.  Ал,  Шоқан  Уәлиханов  пен  Шәкәрім 
Құдайбердіұлы,  Мұхамеджан  Тынышбаев,  Сәрсен  Аманжоловтың  еңбектерінен  кейінгі 
жерде халқымыздың шежіресін шын мәнінде ғылыми-зерттеу нысанасы дәрежесіне кӛтерген 
кӛптеген  ғалымдардардың  ғылыми  зерттеулерін  кӛреміз.  Мұндай  еңбектерде,  әсіресе  біз 
зерделеп  отырған  Орта  жүзге  қатысты  зерттеулерде  жүздердің  бастапқы  шығу  тӛркініне, 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
97 
қазақ ұлтын құрап отырған үлкен тайпалар мен рулардың генезисіне, этникалық құрамы мен 
олардың  ӛзара  бірігу  процесіне  кеңінен  тоқталған.  Мұндай  мағлұматтарды  аңыз-әңгімелер 
арқылы зерделеп, таңба-ұрандар арқылы дәлелдеп береді.  
Шежіреде  рулық  кестелер  жеке-жеке  алынып,  үлкен  және  кіші  аталар  бойынша 
таратылған.  Әрине,  бұл  шежірелік  кестелерді  толық  әрі  дәл  деп  ұғынуға  болмайды.  Оны 
авторлар  белгілі  бір  үлгі-нұсқа,  кестелер  келешекте  толығып,  түсіп  қалған,  ұмыт  болған 
ұрпақтармен жалғасып отыруы тиіс деген пікірлерде болғандығын кӛреміз.  
Еліміз дербестікке қол жеткізгелі жерімізге кӛз алартушылар пайда болған тұста қазақ 
жерінің ежелден нақты ру-тайпаларының байырғы мекені екені бұл да бұлтартпас айғақ деп 
түсінгеніміз, тарихи танымымыздың жаңғыруына  себепті салдар деп ұққанымыз абзал. Уақ 
мәселесі  қазірге  дейін  қазақ  тарихындағы  бірден-бір  кӛмескі  мәселелердің  бірі.  Уақтар 
кӛбінесе Керей тайпасының бір бӛлігі ретінде қаралып келеді. 
Қазақтың  кӛне  шежірелерінде  Керей  Уақтарды  баяғы  Алаш  -  Жүзей  -  Жанарыс  - 
Жаншора  –  Ойшыбайдан  сабақтаса,  Ш.Құдайбердіұлы  мен  Ш.Уәлиханов  Еркӛкшеден 
таратады [1; 2]. 
М.С.Мұқанов  және  кӛптеген  зерттеуші  ғалымдар  Уақ  атауының  кӛне  деректерде 
кездеспейтіндігін  айтқандай,  оны  кейіннен  пайда  болған  тайпа  деген  ортақ  пікір  айтады. 
Бірақ ол кейін қайдан пайда болғандығына байланысты ғалымдар әр түрлі пікірлер келтірген. 
«Уақ  руы  алғаш  Абылайханның  тұсында  белгілі  болды,  -  деп  жазады  Ш.Құдайбердіұлы,  - 
орыс 
тарихшыларының 
белгілеулеріне 
қарағанда, 
орыстар 
алғаш 
Керейлерді 
жолықтырғанда,  Уақтар  олармен  бірге  болыпты»,-  деп  ӛз  ойын  тұжырымдайды  [1,  79  б.]. 
Орта  жүз  Керейлердің  орыс  саясатының  нысанына  ілінгені  де  сол  Абылайханның  тұсы 
немесе XVII ғасырдың соңы болған. 
Н.А.Аристов  Мұса  Шормановтың  дерегіне  сүйеніп,  уақты  арғынның  Ақжолының 
некесіз  әйелінен  туғызады  [3].  Сонымен  қатар,  Ш.Ш.Уәлиханов  уақтар  тарих  тӛрінен  Ер 
Кӛкше,  Ер  Қосай  арқылы  Алтын  Орда  мемлекеті  ыдыраған  тұстан  кӛріне  бастады  деп 
келтіреді. Осы тұжырымды М.С.Мұқанов: «Әрине Ш.Уәлиханов уақ тайпасының этникалық 
бірлік ретінде шығу кезеңін емес, уақ тайпасынан шыққан Ер Кӛкше эпосындағы кейіпкердің 
тарих  тӛрінен  кӛрінуін  айтады  немесе  уақ  -  ӛте  кӛне  ғасырда  ӛмір  сүрген,  аты  аңызға 
айналған, осы тайпаның негізін қалаушысы» [4, с. 38]. 
Ә.Х.Марғұлан  уақтарды  керейлерден  шыққан  деген  тұжырым  жасайды.  Олардың 
керейлерден  бӛлінуін  ХІІІ  ғасырға  жатқызады  [5,  138  б.].  Сонымен  қатар  мұндай 
тұжырымды Н.Е.Масанов монографиясынан кӛреміз [6]. 
Уақ  тайпасының  этнониміне  қатысты  ғылыми  зерттеуде  нақты  нанымды  дәйек 
кездеспейді.  Ш.Құдайбердіұлының  пікірінше,  уақ  елі  «ұсақ  ел»  деген  сӛзден  шыққан. 
Мұндай  тұжырымын  арғын,  найман,  керей  ішінде  ұсақ  аталардан  жиылған  болар  деп 
түйіндейді  [1,  67  б.].  Осы  пікірді  М.Тынышбаевтың  зерттеуінен  кӛреміз,  яғни,  уақ  сӛзін 
«ұсақ,  майда»  мағынасына  сәйкес  дей  келе,  «уақтар  Орта  жүздің  ең  саны  аз  руы  болып 
табылады», - деп ӛзіндік пікір келтіреді [7]. 
Ал,  Ә.Х.Марғұлан  мен  Н.Мыңжан  зерттеулерінде  ІХ-ХІІІ  ғасырларда  шығыс  Моңғол 
құмын мекен еткен онгуттарды «Уақтар» деп атайды. Бірақ аталған екі тарихшының нендей 
деректерге  сүйеніп  онгуттарды  «уақ»  деп  атағаны  белгісіз  [5,  138  б.;  8].  Н.Мыңжан  тек 
Онгутқа  «уақ»  атауын  тіркеп  ӛтеді.  Ал,  Әлкей  Хақанұлы  ертедегі  онгуттардың  тарихына 
байланысты материалдар мен мәдени мұраларды уақтарға тән деп таниды. Уақтардың шығу 
тегі туралы халық аңыздары, шежірелердің бірқатары Уақты Керейдің інісі, басқа біреулері – 
ағасы  деп  санайды.  Аңыз  бойынша,  Керей  мен  Уақ  ағайынды  адамдар.  Осы  екі  тайпаның 
үнемі  бірге  кӛшіп  жүретіні,  қыстауы  мен  жайлауының  жақындығы,  керейлердің  саны  кӛп 
тайпа  ретінде  аз  тайпа  –  уақтарға  құрмет  білдіретіні,  расында  да  Керей  мен  Уақтың 
туыстығын  кӛрсетеді.  Тарихи  шежірелер  және  жазба  деректерде  «Уақ-Керей  қосалқы  атау 
түрінде қолданылады, ӛйткені бұл екі тайпаның ата туыстығы Моңғол үстіртін мекен еткен 
сонау ІХ-Х ғасырлардан басталған. Қазақ шежіре кестелері бойынша «Уақ - Керей батырдың 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
98 
жиені»  деп  айтады.  Әрине,  мұны  тарихи  ақиқат  деп  танығаннан  гӛрі  екі  тайпаның  етене 
жақындығының  символы  тұрғысынан  қараған  жӛн  деп  білеміз.  Уақ  руының  негізгі  ұраны 
«Жаубасар» екенін кӛптеген ғалымдардың зерттеулерінде келтірілгенін кӛреміз [9; 4, с. 37], 
ал М.Тынышбаев бұл ұранмен қоса «Бармақ» деп кӛрсеткен [7, 29 б.]. 
М.С.Мұқанов зерттеуінде М.Тынышбаевтың келтірген ұранын ел арасында экспедиция 
барысында  кездестірмегеніне  жүгініп,  бұл  тайпаның  емес,  ӛзге  жергілікті  тобының  ұраны 
болуы мүмкін деп түйіндейді [10, с. 80]. 
Назар аударатын жайт, уақ тайпасының таңбасын Марат Сәбитұлы ӛз зерттеулерінде әр 
түрлі етіп кӛрсетеді. Мәселен, алғашқы монографиясында деректерге сүйене отырып, ІІ және 
Х  таңбасын  келтіреді  [10,  с.  80],  мұндай  тұжырымды  М.Тынышбаев  зерттеуінен  де  кӛре 
аламыз [7, 29 б.]. Бірақ осындағы алғашқы ІІ таңбасын М.С.Мұқановтан ӛзге зерттеулерінен 
кӛре алмаймыз. Марат Сәбитұлы кейінгі жылдардағы зерттеулерінде уақтың жалпы таңбасы 
Х  таңбасы  деп  келтіреді  [11,  260  б.].  Мұндай  таңбаны,  сонымен  қатар,  С.Аманжоловтың 
зерттеуінен де кӛреміз [9, с. 16]. 
М.С.Мұқанов  уақтың  негізгі  таңбасы,  керейдің  Х  таңбасына  ұқсас,  бұл  керей  мен 
уақтар туыстығының бір дәлелі болып табылады деп ӛзіндік тұжырым жасаған. 
Уақ руын таратуда ғалымдарда ортақ пікір жоқ. Ш.Құдайбердіұлы Уақтан – Ер Кӛкше, 
одан  Ер  Қосайды  таратқан.  Осы  Ер  Қосайдан  Шоға,  Сарман,  Байназар,  Ергенекті  Уақ  деп 
таратады  [1,  67  б.].  М.Тынышбаевтың  шежірелік  нұсқасында  Уақтан:  Қосайдан  Шоға, 
Сарман,  Байназар,  Сарыбағыс,  Шайкӛз  руларын  бӛледі.  Мұның  соңғы  тӛртеуін  Ергенекті 
Уақ деп атап келтіреді [7, 25 б.].  
Уақ  руының  шежіресін  таратуда  М.С.Мұқанов  зерттеулерінде  әр  түрлі  кестелерді 
келтірген.  Мәселен,  алғашқы  зерттеуінде  Уақ,  Бетке,  Бетеге,  Изен,  Қамбар,  Бекше,  Кӛкше, 
Еркӛкше,  Ерқосай  деп  таратқан.  Осы  Ерқосайдан  Сарман,  Сарбағыз,  Шұға,  Байназар, 
Әлімбет,  Сыргелі;  Ергенекті  уақтан:  Бидалы,  Жансары,  Баржақсы,  Шайкӛз  [4,  с.  148] 
ӛрбитіндігін  келтіреді. Ал  келесі  зерттеулерінде,  уақтың  негізгі  екі  рулық  одағын:  Жантелі 
мен Жангелді деп келтіреді. Осы Жангелдіден: Шоға, Сарман, Ергенекті уақты таратады [10, 
с.67].  Ғалымның  ӛзге  зерттеулерінде,  осы  Жантелінің  бәйбішесінен:  Шоға,  Ергенекті;  кіші 
әйелінен:  Еренші  батырды  ӛрбітеді.  Ал,  Марат  Сәбитұлының  соңғы  монографиясында: 
Жантелінің бәйбішесінен тек Шоға, ал кіші әйелінен: сарман, Ергенекті уақ, Еренші батырды 
таратады  [11,  218  б.].  Кӛріп  отырғанымыздай,  ғалымның  ӛз  шежірелік  нұсқасында  еш 
ұқсастық  жоқ.  Тек  осы  Жантеліні  таратуда  Марат  Сәбитұлы  әр  түрлі  шежірелік  кесте 
келтірген. 
Осындағы  аталмыш  Шоғаны  таратуда  М.С.Мұқанов  кейбір  еңбектеріне  ортақ  пікір, 
яғни: Еліс, Мүлкісті таратса [10, с. 67], ал, келесі  уақ және керей тайпасын тереңінен,  жан-
жақты  талдаған  зерттеуінде  ӛзгешеліктер  бар.  Мәселен,  Шоғадан:  Еліс,  Мүлкіс;  Қарабас, 
Қарақой,  Шоқа  деп  толықтырулар  жасап,    ӛрбіткенін  кӛреміз  [4,  с.  148].  Бірақ,  осындағы 
Мүлкіс  пен  Қарабасты  ағайынды  деп  келтірсе,  ал  ӛзге  еңбектерінде,  Мүлкістен  Қарабасты 
таратады [11, 212 б.]. 
Жантеліден  кейбір  зерттеуінде  Сарманды  таратса  [11,  262  б.],  басқа  еңбектерінде 
Ерқосайдан ӛрбітеді. Ғалымның соңғы таратуын Ш.Құдайбердіұлы еңбегінде кӛреміз [1, 91 
б.]. Осы Сарманды таратуда Марат Сәбитұлының ортақ шежірелік кесте келтіргенін кӛреміз. 
Яғни, ғалым Сарманнан: Тілеуді, Қонайды таратады. Жантелінің Ергенекті уағын таратудағы 
шежірелік нұсқаларында еш айырмашылық жоқ, бірдей таратқан [11, 210 б.]. 
Осы Ергенекті уақ этнонимінің шығу тегі туралы Марат Сәбитұлының зерттеуінде екі 
жорамал келтіреді. Біріншісінде, Жантелінің ұлы Ергенекті найман руының қызына үйленген 
де, ұрпағы осылай аталған, ал екіншісі бойынша, этноним ергенек таңбасынан қалыптасады 
[11, 213 б.]. 
Бұл  атауға  байланысты  ӛзге  зерттеулерден  дерек  кездестіре  алмадық.  Біздің 
пікірімізше,  М.С.Мұқанов,  негізінен  таңбаға  қатысты  деректерді  кӛрсетуі  дұрыс  деп 
ойлаймыз. Ал ХІХ ғасырдың бірінші жартысында уақтар Орта жүздің барлық округтерінде 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
99 
қоныстанған,  алайда  олардың  біразы  Аягӛз  (Сарыман-Уақ,  Шоға-Уақ  болыстары)  және 
Аманқарағай  (Баржақсы-Уақ,  Байдалы-Уақ,  Жансары-Уақ  болыстары),  соңынан  Құсмұрын 
сыртқы  округтерін  мекендеген  [12],  ал  шағын  топтары  Ақмола,  Қарқаралы,  Кӛкпекті, 
Баянауыл  сыртқы  округтері  мен  Омбы  ішкі  округтерінде  кездескен  [13].  ХІХ  ғасырдың 
екінші  жартысында  уақтардың  кейбір  рулары  Петропавл  уезінің  Обаған  ӛзенінің  шығыс 
жағалауында, Алабота, Қойбағар, Алқар, Жалқайық, Шошқалы кӛлдерінің жазығында, Есіл, 
Қойбағар,  Түнтүгір  ӛзендерінде  кӛшіп  жүргенін  кӛрсетеді.  Ондаған  шаңырақ  Теке  ӛзені 
маңында қоныстанған. Петропавл уезінде 221 ауыл (2260 шаруашылық) болған, бұл барлық 
шаруашылық  санының  19,8%  болады.  Уезде  Ергенекті  уақ  руының  қауымдары  кӛбірек  те, 
Шоға руының ӛкілдері азырақ болған [14]. 
Павлодар  уезінде  уақтардың 1399 қожалығы болған. Олар Ертістің оң жағалауындағы 
он  шақырымдық  ӛңірден  шығысқа  қарай  Барабин  даласымен  шектесіп  жатқан  кӛптеген 
кӛлдерге  дейінгі  далаға  орналасқан  [15,  с.  23].  Уақтар  иелігінің  оңтүстік  шегі  Әжіболат-
Қарасу  кӛлдері  бойымен  ӛткен.  Ертіс  ӛңірінде  уақтар  негізінен  Тереңкӛл  болысында 
орналасты, мұнда Әжібек, Абырай аталары мен аздаған Шоға руы қоныстанды [10, с. 159]. 
Семей уезінде 5728 қожалығы болған. Тӛрт болыс пен Қызылқұм болысының бір бӛлігі 
солардан  құралған.  Олардың  орналасқан  жерлері  –  Семей  қаласынан  оңтүстікке  қарай 
Семейтау,  Белтерек,  Арқалық  тауларының  жазығы,  Ащыкӛл  ӛзенінің  тӛңірегі  және  Ащысу 
ӛзенінің бас жағы. Олар Ертістің оң жағалауында уездің он шақырымдық ӛңірін бойлай және 
одан  әрі  шығысқа  қарай  Лебяжье,  Черный  поселкелері  аралығындағы  жазыққа  орналасқан. 
Ӛскемен уезінің жерінде, Бұқтырма ӛзенінің бас жағында және Арташы тауының тӛңірегінде 
керейлермен бірге уақтардың 68 қожалығы кӛшіп жүрген [16, с. 23]. 
Уақтардың  шағын  топтары  Кіші  жүздің  жерінде  Тамды,  Қарақобда  және  Сарықобда 
ӛзендерінің бас жағын мекендеген. Ӛз тайпаластарынан бӛлініп қалған бұл уақтар Кіші жүз 
рулары (Әлімұлы, Жетіру тайпалары) арасында қоныстанған. 
Қорытындылай келе, қазақ халқының этникалық атамекені XVI-XIХ ғасырларда қазіргі 
Қазақстан Республикасы жерінің шекарасы қалыптасты. Араб, парсы, Батыс Еуропа, Қытай 
саяхатшыларының  Қазақстанның  ұланғайыр  далалары  арқылы  ӛткен  немесе  болған 
адамдардың  әңгімелері  арқылы  дала  халқына  сипаттама  берген  тарихшылардың  жазбаша 
деректемелері осыны дәлелдейді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР
 
ТІЗІМІ 
1. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы, 1991. – 80 б.  
2. Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы. 2-басылым. – Алматы, 1985. – 111 б. 
3.  Аристов  Н.А.  Заметки  об  этническом  составе  тюркских  племен  и    народностей  и 
сведения об их численности // Живая старина. – Вып. 3, 4. СПб., 1896. – С. 97.  
4.  Муканов  М.С.  Из  исторического  прошлого:  (Родословная  племен  керей  и  уак).  – 
Алматы, 1998. – 160 с. 
5. Марғұлан Ә.Х. Тамғалы тас жазуы // Жұлдыз. – 1984. - №1. – 132-147 бб. (141). 
6.  Масанов  Н.Е.  К  этнической  истории  уаков  //  Проблемы  изучения  и  охраны 
памятников Казахстана. – Алма-Ата, 1980. –С. 129-135.  
7.Тынышбайұлы  М.  Қазақ  халқының  тарихына  қатысты  материалдар.  –  Целиноград, 
1991. – 22 б. 
8. Мыңжан Н. Қазақтың кӛне тарихы. –Алматы, 1993. – 191 б. 
9. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – Алматы, 1997. 
– . 16 б. 
10. Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов  Среднего жуза. – Алма-Ата, 
1974. – 200с.  
11.  Арғынбаев  Х.,  Мұқанов  М.С.,  Востров  В.В.  Қазақ  шежіресі  хақында.  –  Алматы, 
2000. – 464 б.  
12. ҚР ОМА. 374-қ, 1-т., 2077-іс, 189-п.; 4847-іс, 7-9-пп. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
100 
13.  ҚР  ОМА.  374-қ,  1-т.,  560-іс,  14,18-37,  98, 290-291-пп.;  612-іс,  14-п.;  2077-іс,  17-18, 
189-191-пп.; 5227-іс, 7-45-пп. 
14. Мұқанов М.С. Қазақ жерінің  тарихы. –Алматы, 1994. – 54 б. 
15.  Материалы  по  киргизскому  землепользованию,  собранные  и  разработанные 
экспедицией  по  исследованию  степных  областей.  Семипалатинская  область.  Т.  IV. 
Павлодарский уезд. – Воронеж, 1903. – 662 с. 
16.  Материалы  по  киргизскому  землепользованию,  собранные  и  разработанные 
экспедицией  по  исследованию  степных  областей.  Семипалатинская  область.  Усть-
Каменогорский уезд. –СПб., 1905. Т.9. – С.82, 99, 80, 369. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  на  основе  документальных  источников  и  специальной  исторической 
литературы  исследуется  этническая  история  казахского  племени  уак  из  Среднего  жуза, 
начиная с ІХ-Х веков вплоть до XIX века. 
 
S
UMMARY 
 
In  article  on  the  basis  of  documentary  sources  and  special  historical  literature  the  ethnic 
history of the Kazakh tribe since is investigated the Х-XIX century. 
 
 
 
ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ӘОЖ 37 К 87 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
МҰРАСЫ 
 
Кусайнова Р.Т. - 
доцент  
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті 
 
Аннотация:  Мақалада  А.Байтұрсыновтың  намыс  пен  ұлттық  сезімді  ұлттық  санаға 
айналдырушы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің негізін салған, 
халықтың  сауатын  ашуға  бүкіл  күш-қайратын  жұмсаған  ағартушы  ғалымдардың  бірегейі 
екені  қаралған.  Сонымен  қатар  ол  қазақ  жерінің  тұтастығының  сақталуына,  тӛл  оқулықтар 
жазу, ұлттық ғылым-білімді жандандыру, халықтық тәлім-тәрбиені дәріптеу, соның негізінде 
қазақ  жастарына  адамгершілік  тәрбие  беру  мәселелерін  шешумен  айналысқан  басты  тұлға 
болғаны айтылады. 
Түйін сөздер: ұлттық сезім, педагогика, бастауыш мектеп, оқулықтар, сауат ашу, тәлім-
тәрбие, жаңа алфавит. 
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан ӛзгерістер білім беру ісіне ӛзіндік ықпал етіп отыр. 
Қоғамда  әлеуметтік  жағдайларды  негізге  ала  отырып,  білім  мен  тәрбие  берудің  мазмұны 
жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт – дәстүр, тарих, мәдениетімізді меңгеруге аса зор 
мән беріліп, жалпы білім дерудің әлемдік стандартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда. 
1999  жыл  Қазақстан  халқының  бірлігін  нығайту  мақсатында  «Ұрпақтар  бірлігі  мен 
сабақтастығы  жылы»,  -деп  жарияланды.  Онда:  «Ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы-салт-
дәстүрді  келер  ұрпаққа  жеткізудің  жылы.  Басты  идея  аға  ұрпақ  жинақтаған  адамгершілік 
және  әлеуметтік  тәжірибеге  аялай  қарау  болып  табылады»,  -  делінген.  Осыны  ескере  келе, 
белгілі  әдіскер,  тіл  білімінің  атасы,  түрколог,  демократ  –  ағартушы,  аудармашы 
А.Байтұрсыновтың  педагогикалық  ой-пікірлерін  педагогикалық  колледждерде  бастауыш 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
101 
мектеп мұғалімдерін даярлауда ғалымның еңбектерін пайдаланудың жолдарын жан – жақты 
зерттеу  қажеттігі  туындады.  Біздің  мақсатымыз  А.Байтұрсынов  сынды  ұлы  тұлғаның  ӛмірі 
мен ағартушылық еңбектері арқылы ұлттық мәдениетпен тарихты дамытатын кәсіби шебер 
маман даярлау. Ұлттық педагогикалық  мұраларды зерделегенде зиялы қауым идеяларының 
бір-бірімен  сабақтастығын айқындау. 
«Ұлы  ағартушы  Ы.Алтынсариннің  бастамасын  ілгері  дамытып,  нағыз  ғылымдық 
дәрежеге кӛтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген А.Байтұрсынов», - деп Қ.Мұхамеджанов атап 
кӛрсеткендей,  А.Байтұрсынов  Ыбырай  негізін  салған  идеяларды  жалғастырушы  болды. 
Олардың  идеяларының  үндестігін  шығармаларынан,  әңгіме,  ӛлең,  мысалдарынан, 
этнографиялық  еңбектерінен,  ғылыми  мақалаларының  мазмұнынан  анық  байқаймыз. 
Мәселен, А.Байтұрсыновтың «Оқу жайлы» атты мақаласында қай халықтың болмасын ілгері 
басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін дәлелдеді. 
«Оқусыз  халық  қанша  бай  болса  да,  біраз  жылдардан  кейін  оның  байлығы  ӛнерлі 
халықтардың  қолына  кӛшпекші...  Бұл  заманда  қолы  жетпегендерді  теңдікке  жеткізетін, 
әлсіздерге  күш  беретін  ӛнер-білім,  сол  ӛнер-білімге  мезгілі  ӛтпей  тұрғанда  үйренсек 
тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де ӛз алдымызға бір 
жұрт  екендігімізді  білдірер  едік»  -  деген  жолдардан  ғалымның  егемен  ел  болудың, 
тәуелсіздіктің  тірегі-білім  деген  нақты  тұжырымды  халық  санасына  жеткізгісі  келгенін 
аңғарамыз.  Сол  сияқты  «осы  замандағы    жан  таңырқарлық  нәрсенің  бәрі  де  ғылыммен 
табылған.  Адам  баласын  кӛкте  құстай  ұшқызған,  суда  балықтай  жүздірген  –  ғылым. 
Дүниенің  бір  шеті  мен  бір  шетіне  шапшаң  хабар  алғызып  тұрған-ғылым,  от  арба,  от 
кемелерді  жүргізген-ғылым.  Осыларды  істеп  отырған  жұрттың  бәрі  де  сондай  болмаған. 
Бұлар  да  басында  біздей,  қатта  бізден  де  ӛнерсіз  болған.    Халық  жүре  оқи,  талаптана  келе 
осыншаға жеткен»,- деген пікірі де Ы.Алтынсариннің «Ӛнер-білім бар жұрттар...» атты ӛлең 
жолдарындағы идеямен мазмұндас. А.Байтұрсынов осы мақаласында:  «шебер маман, сайлы 
мектеп,  сәйкес  бағдарлама,  оқыту  жайын  дұрыс  үйретіп,  маман  даярлайтын  оқу  орны-
педучилищелер жоқ», - деп дабыл қағады. Мектеп, орта және жоғарғы оқу орындарын ашу 
керек,  оларды  дамыту,  қаржыландыру  мәселесін  «Қазақ»  газеті  үнемі  кӛтеріп,  жұртқа  жол 
кӛрсетіп отырады» - деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін де білдіреді. 
Сондай-ақ,  А.Байтұрсынов  «Бастауыш  мектеп»  атты  мақаласында  Ресей  үкіметінің 
орыстандыру  саясатының  бет-пердесін  аша  келе,  «хүкіметке  керегі  мемлекеттегі  жұрттың 
бәрі  бір  тілде,  бір  дінде,  бір  жазуда  болуы,  әр  халыққа  керегі  ӛз  діні,  тілі,  жазуының 
сақталуы.  Солай  болған  соң  бастауыш  мектеп,  әуелі  миссионерлік  пікірден,  политикадан 
алыс  болуы  керек...  олай  болса,  мектеп  арқылы  қазақтың  дінін,  тілін,  жазуын  жоғалтып, 
орысшаға  аударамын  деген  пікірден  хүкімет  безіп,  тиісті  бастауыш  мектеп  екі  жаққа  да 
зиянсыз,  пайдалы  болуын  кӛздеу  керек.  Солай  ойлағанда  кӛңілге  ұнамды  мектептің  түрі 
біздің  ойымызша  мынау»,  -  деп  бастауыш  мектептің  5  жылдық  болуын,  қазақ  халқының 
кӛшпелі  ерекшелігін  ескеріп,  мектептерде  келіп  оқитын  және  жатып  оқитын  етіп  құруды, 
қыр  мектептері  мен  қала  мектептері  ерекшеліктерін  ескере  ұйымдастырылуын  талап  етті. 
Жалпы  5  жылдық  бастауыш  сатының  3  жылы  ауыл,  екі  жылы  болыс  мектебіне  берілсін. 
Ауыл мектебі тек ана тілінде болсын. Онда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, тарихы, жағрафия, шаруа-
кәсіп, жаратылыс жайлы пәндер оқытылсын. Болыс мектебі  орысша оқытылатын соңғы екі 
жыл. Мұнда берілетін білім гимназияның тӛменгі сыныбына кірерлік пәндер болуы керек»,-
дейді.  Демек,  бұл  салыстырулардан  қос  ғұламаның  мақсат-мүдделерінің  үндестігін,  әрі 
заманына қарай ӛзіндік ерекшеліктері болғанын аңғарамыз. 
Ол  Ы.Алтынсарин  мен  А.Байтұрсыновтың  ағартушылық–педагогикалық  мұраларын 
зерделей  отырып  олардың  идеяларының  үш  бірдей  бағытта  тоғысатынын  байқадық. 
Біріншіден,  екеуіде  бар  ғұмырларын  ұлттық  мектеп  ашуға,  қазақ  балаларына  дүниежүзілік 
білімді  терең  меңгертуге,  ӛнерге  мәдениетке  таратуға  арналған.  Екіншіден,  сондай  дәреже 
де, білім беретін тӛл оқу құралдарын, сол оқулықтарға дұрыс басшылық жасауды үйрететін 
ғылыми әдістемелік құралдар жазуды басты мұрат етті. Үшіншіден, болашақ маман даярлау 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
102 
ісін  жандандыру,  ұлттық  мектептер  құрылымын  анықтау,  мектептердің  материалдық-
техникалық  базаларын  нығайту,  оқу-білім  арқылы  қоғамдағы  саяси-әлеуметтік  мәселелерді 
түсіндіріп, ұлттық сананы ояту, ол үшін ұлттық баспасӛз ісін кӛркейту болды. 
А.Байтұрсыновтың  педагогикалық  ой-пікірлерін  зерделегенде  оның  ӛмірі  мен  сан-
салалы  қызметі,  отбасы,  заман  ӛзгеруіне  сәйкес  ғұмырындағы  елеулі  ӛзгерістермен  терең 
таныспау  мүмкін  емес  екені  белгілі.  Ал,  мұндай  мәліметтерді  беретін  басты  орындар  бұл- 
мемлекеттік  орталық  архив  қорлары,  ұлттық  кітапхананың  сирек  кездесетін  қолжазбалар 
қоры,  ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің  және  облыстық  архив  деректері.  Соның  ішінде, 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  архив  қорындағы  А.Байтұрсынов  туралы 
деректерге қысқаша шолу жасасақ, мұнда оның ӛмірімен қызметін қамтитын құжаттар 1893 
жылдан басталып, 1936 жылғы қыркүйектегі бұйрықпен аяқталады. 
Бұл  деректерді  үш  топқа  бӛліп  қарастыруға  болады:  1)Қазан  тӛңкерісіне  дейінгі 
кезеңдегі  құжаттар:  Орынбордағы  мұғалімдер  школасы,  Далалық  генерал-губернатор 
канцеляриясы,  Торғай,  Ақмола,  Семей  облыстық  басқару  ұйымдары  және  т.б.  қорларда 
А.Байтұрсыновтың  Орынбор  мұғалімдер  мектебіндегі  оқуы,  бағалары  қойылған  табелі, 
мұғалім  мамандығын  беру  туралы  куәлігі,  1900-1917  жылдар  арасындағы  саяси 
ағартушылық  қызметінен  хабардар  ететін  мәліметтер.  2)1917  жылдардағы  Уақытша 
үкіметтің  –  Торғай  облыстық    комиссарының  және  Торғай  облыстық  басқармасының 
құжаттары. 3) Қазревкомның, Орталық атқару комитетінің, Халық ағарту комиссариатының 
және басқа кеңес ұйымдарының құжаттары. Архив деректеріне сүйенсек, А.Байтұрсыновтың 
ғұмырында 1920 жылдардан бастап ірі де елеулі ӛзгерістердің орын алғанына кӛз жеткіземіз. 
Яғни,  Қазревком  тӛрағасының  орынбасары,  Қазревком  ішкі  істер  бӛлімінің  меңгерушісі, 
Орталық  атқару  комитетінің  мүшесі,  Халық  ағарту  комитетінің  орынбасары,  Академиялық 
Орталық  тӛрағасы  болып  жүрген  кездерінде,    қазаққа  «қазақ»  атын  қайтару,  жерінің 
тұтастығының  сақталуына,  жергіліктендіру  саясатына,  Қазақ  Автономиясын  құру, 
сауатсыздықты  жою,  ашаршылыққа  ұшырағандарға  кӛмек  кӛрсету,  қазақ  мектептерінің 
негізін қалау, тӛл оқулықтар жазу және тарату, Қазақстанды зерттеу қоғамының негізін салу, 
тіл саясатын кӛтеру, мектептердің жаңа типін ашу, халықтық тәлім-тәрбиені дәріптеу, соның 
негізінде  болашақ  жастарға  адамгершілік,  эстетикалық,  азаматтық  тәрбие  беру  мәселелерін 
шешумен  айналысуда  басты  тұлға  болғанының  куәсі  боламыз.  Осындай  елеулі  қызметтері 
педагогикалық  кӛзқарасының  қалыптасуына  әсер  етті,  ағарту  ісінің  кӛшбасшысы  болуына 
әкелді. 
Міне, осындай деректерді оқып-үйрену, зерттеу арқылы А.Байтұрсыновтың қысқа ғана 
ғұмырын келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін күреске арналған ХХ ғасырдың ірі тұлғасы 
екендігіне кӛз жеткіземіз. 
А.Байтұрсыновтың  алғаш  ағартушылық  ой  –  пікірлері  сонау  1913-1917  жылдары 
Орынборда  шыққан  «Қазақ»  газетіне  жарияланған  мақалаларынан  айқын  кӛрінеді.  Газет 
ӛзінің  тұңғыш  жарияланған    санында-ақ,  «Бұл  газеттің  мақсаты  жұрт  пайдасына  кӛз  болу, 
қазақ  арасына  ғылым,  ӛнер  жайылуына    басшылық  ету,  басқа  жұрттардың  халінен  хабар 
беріп, таныстыру. Қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, 
егін-таран,  мал  шаруасы  жайынан  кеңесу,  оқу,  оқыту,  мектеп,  медресе,  ғылым,  ӛнер,  тіл, 
әдебиет турасында жӛн кӛрсету, адам һәм мал дәрігерлігі жайында жазу» -дейді. 
Бұдан  «Қазақ»  газетінің  ел  ӛмірінің  алуан  саласына  терең  мән  беріп,  ӛмір  айнасы 
болуды мақсат етіп алға қойғаны байқалады. 
А.Байтұрсынов  ұлттық  ғылым-білімді  жандандыру,  білім  негізі  -  бастауыш  сатыны 
ӛркендету және кәсіби құзырлы маман даярлау ісіне ерекше мән береді. Мәселен,  «Мектеп 
керектері»  атты  мақаласында:  «..ең  әуелі  мектепке  керегі  –  білімді,  педагогикадан, 
методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдар қолайлы 
һәм  сайлы  болуы.  Үшінші  –  мектепке  керегі  белгіленген  Программа.  Әр  іс  кӛңілдегідей 
болып  шығуы  үшін,  оның  үлгісі  я  мерзімді  ӛлшеуі  болуы  керек...»  -  деп  оқытудың 
дидактикалық ұстанымдарын тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылады, сапалы білім беру ісінің 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
103 
мұғалімнің кәсіби шеберлігімен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Сол үшін мұғалімдерге 
арнап «Баяншы», «Оқу құралы» және т.б. ғылыми-әдістемелік құралдар жазды. 
Сонымен  қатар,  А.Байтұрсынов  ескі  оқу  жолының  тозып,  тұтынудан  шыққанын, 
жаңаша  оқытудың  болашағын  сӛз  ете  келіп,  «жаңа  жолдың  оқуы  жаңа  оқып  шыққан  жас 
мұғалімдердің  қолында.  Бұлардың  күштері  тың,  білімдері  соны,  пікірлері  жаңа,  ниеті  – 
жұртына қызмет ету», - деп халқымыздың «асыл-тастан, ӛнер-жастан» деген пікірін дәлелдей 
түсті.  А.Байтұрсынов  оқытудың  әдістемесін  жетілдіру  мәселесіндегі  кемшіліктерін  атап 
кӛрсете келіп: «... мұндай кемшілікті түзету мұғалімнің ӛз қолында, үйрету әдістемесі жақсы 
болса, балалардың түсінуіне де жеңіл болады және жеңіл қол жеткізетін нәрсе қызығушылық 
пен  белсенділік  туғызады.  Ал,  оның  аяғы  сапалы  білімге  әкеледі»,-  деп  методиканың 
оқытудағы  мәніне  ғылыми  баға  береді.  А.Байтұрсыновтың  «Баласының  алған  білімінен 
сапалы  нәтижені  кӛрсе,  ата-ана  да  баласын  оқытуға  ықыластанады  және  іс  осылай  жолға 
қойылса  қазақ  ішіндегі  оқушылардың  кӛбейіп  жалпы  оқу-ағарту  ісінің  жүрісі  шапшаңдап, 
сапасы артар еді», - деген пікірлері бүгінге күнге дейін маңызын жойған жоқ. 
Ал,  «Орысша  оқушылар»  атты  мақаласында  оқу-ісінің  ілгері  баспау  себептерін, 
қоғамдағы  саяси-әлеуметтік  теңсіздігі,  қазақ  бай  шонжарларының  озбырлығын,  жұрттың 
экономикалық әл-ауқаты, тұрмыс тіршілігінің тӛмендігін, қазақ халқы оқысын, бірлі-жарым 
орысша  оқыған  қазақ  балаларының  тілмәш,  писарь  болып  шен  қуып,  шекпен  табуға 
кӛшетіндігіне  қынжылады.  «Оқу-ұлт  жұмысы,  ал  ұлт  жұмысы  –  үлкен  жұмыс,  үлкен 
жұмысқа  кӛп  жұмысшы  керек.  Жұмысшы  аз болса,  жұмыстың  ӛнімі  де  аз  болмақшы»,-деп 
халқын  бірлікке  шақырады.  «Егер  оқу  іздеген  талапкерлеріміздің  40-тан  4-і  ғана  оқырлық 
орын  тауып,  басқалары  қаңғырарлық  далада  қалып  отырса,  жұрт  жұмысшысы  кӛбейіп 
мандыр  ма,  жұмысшы  кӛбеймесе,  жұрт  жұмысы  ілгері  басып  ӛнер  ме?  Алты  миллион 
қазаққа  алты  ат  жегіп,  тарта  алмады  деп  ӛкпелеу  жӛн  бе?»-деп  кемшіліктің  себеп-
салдарының  бетпердесін  ашты.  А.Байтұрсынов  1920  жылы  8  қыркүйектегі  халық  ағарту 
комиссариатының мәжілісінде кешкі мектеп үшін оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын 
және сауат ашу кітаптарын шығару мәселесін кӛтерген. 
Осы мәжілісте денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, 
қазақ  еңбекшілеріне  тегін  білім  беру  ісінің  заң  жүзінде  бекітілуі  сұралған.  Архив  қорында 
А.Байтұрсыновтың  жетім  балалар  жайын  жақсартып,  олардың  білім  алуына  жағдай  жасау 
туралы жиі-жиі мәселе кӛтергендегі жайында мәліметтер бар. Ол осы жұмысты орындаумен 
байланысты  халық  ағарту  комиссариаты  жанынан  «Балалар  апталығын»  ұйымдастыру 
комитетінің құрылуын талап еткен. 
А.Байтұрсынов мұраларын зерттеуді қоғамның дамуына байланысты үш кезеңге бӛліп 
жіктеуге  тура  келеді.  Біріншіден,  А.Байтұрсыновтың  кӛзі  тірі  кезінде  еңбектерінің 
жариялануы  және  оған  деген  сол  кездердегі  кӛзқарастар,  яғни,  ғылым  туралы  объективті 
бағалауға  тырысқан  мақалалардың,  еңбектердің  жарық  кӛру  кезеңі.  Екіншіден, 
А.Байтұрсыновтың репрессияға ұшыраған кезеңінен ақталғанға дейінгі уақыттағы ол туралы 
кӛзқарас пікірлер. Ол 37-80 – жылдар  аралығындағы уақытты қамтиды. Яғни, ағартушыны 
негізсіз қаралау, айыптау түріндегі еңбектердің жариялануы. 
Үшіншіден,  еліміз  егемендік  алғаннан  кейінгі  ғалым  еңбектерінің  жарық  кӛруі  және 
оның  ғылыми  тұрғыда  зерттелу  жайы.  Әсіресе,  К.Нүрпейісов,  М.Қозыбаев,  Т.Омарбеков, 
Ә.Тәкенов  сынды  тарихшы  ғалымдар  ӛздерінің  зерттеу  еңбектерінде    А.Байтұрсыновтың 
жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ұлттық  баспасӛздің,  «Алаш»  партиясының  ықпалына 
ерекше тоқталып айқындады. 
ХХ  ғасырдың  басы  –  Ресей  империясының    Қазақстанды  ӛз  отарына  айналдыруды 
күшейтіп,  аграрлық  және  ұлттық  мәселелердің    шиелініскен  шағы  еді.  Мәселен,  Қазақстан 
Республикасы орталық мемлекеттік архив деректеріне жүгінсек, осы 1917 жылғы  
12-26 шілдеде Орынборда ӛткен бірінші Бүкіл-қазақтық екінші съезде «Алаш» партиясының  
бағдарламасын  талқылауға  Ә.Бӛкейханов,  М.Шоқай,  М.Тынышбаев,  А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, Ж.Х.Досмұхамедовтар, Х.Ғаббасов, А.Сеитов бастаған ондаған зиялы азаматтар 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
104 
белсене ат салысып, ӛзіндік үлес қосты. Ә.Бӛкейханов, А.Байтұрсынов осы зиялы қауымның 
кӛшбасшы кӛсемдері болды. 
А.Байтұрсынов мұраларындағы ең негізгі мәселелердің бірі-қазақ алфавитін жасау еді. 
Ахметтің  жаңа  әріпті  енгізуге  байланысты  идеясын  замандасы  –  Т.Шонанов  былайша 
қуаттайды:  «...Ахметтің  жаңа  алфавиті  мен  жаңа  әліппесі  біздің  мәдени  ӛркендеуімізге  зор 
пайдасын  тигізетін  құбылыс  еді.  Жаңа  алфавит  тіліміздің  таза  сақталуына  мүмкіндік 
туғызды.  Жаңа  алфавит  әлемдік  мәдениетпен  араласа  түсу  жолын  жеңілдете  түсті.  Жаңа 
алфавиттің халық мектептерінің  ӛркендеуі жолында алып адым жасағаны анық». 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет