Қазақстан тарихы әОЖ9(с)55 А92



Pdf көрінісі
бет18/18
Дата05.03.2020
өлшемі1,3 Mb.
#59650
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. - 288 б. 
2. Қазақ фольклорының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1993. -328 б. 
3. Абылқасым Б. Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры. – Алматы, 2004. - 223 б. 
4. Ерзакович  Б. Песенная культура казахского народа. – Алматы: Наука, 1966. – 192 б. 
5. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы семья мен неке. – Алматы: Ғылым, 1973. - 326 б. 
6. Болатова Г. Қазақтың үй іші әдет-ғұрып ӛлеңдері. ф.ғ.к. дисс. - Алматы, 1993. - 139 б. 
7. Досмұхамедов Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991-176 б. 
8 Мыңжан Н. Қазақтың кӛне тарихы.-Алматы, 1994. - 400 б. 
9. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. – Алматы: Жазушы баспасы, 1971. - 164 б. 
10. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. - 240 б.  
11. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр – аңыздар – Алматы: Жазушы, 1985. - 368 б. 
12. Шонанов Т. Қазақ жер мәселесінің тарихы. – Астана: Алтын кітап, 2007. - 27 том. 
13. Толеубаев Ә. Т. Реликты до исламских верований в семейной обрядности казахов  
( ХІХ в нач. – ХХ в.). - Алматы: Ғылым, 1991. - 214 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  типологии  в  казахском  фольклоре  как 
этнологического  источника.  В  статье  исследованы  обычаи,  обряды  и  традиции  казахов, 
связанные  c  фольклором.  Проанализированы  песни  связанные  с  бракосочетанием  жар-жар, 
тойбастар,  тақиямен  қоштасу,  похоронные  и  ритуальные  песни.  А  также  в  статье 
исследованы детские этнографические песни «Бӛбек», «Шілдехана» и «Тұсаукесер».  
 
S
UMMARY
 
In this article the issues of ethno resources of typology in Kazakh folklore are studied. The 
information about customs and traditions of Kazakhs connected with folklore are investigated. The 
songs about marriage as zhar-zhar, toibastar, takiyamen koshtasu, ritual and funereal songs are 
analyzed. And also in the article child's ethnographic songs «Bobek», «Shildehana»  and 
«Тusaukeser», are investigational related to folklore. 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
137 
ӘОЖ 9(с)55 Ш 19 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АЛАШ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Шымырқұлова А.А. - 
магистрант  
Қазақстан, Алматы қ.,  
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация:  Мақалада  тәуелсіз  Қазақстан  мен  Алаш  идеяларының  сабақтастығы 
мәселелері  қарастырылған.  Алашорда  қайраткерлерінің  Қазақ  мемлекетін  құру  туралы  ой-
пікірлеріне  сипаттама  берілген.  Олардың  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдардағы  қазақ  халқының 
жағдайын жақсарту жолындағы қызметі баяндалған. 
Түйін  сөздер:  Тәуелсіз  Қазақстан,  Алашорда,  Алаш  қайраткерлері,  демократиялық 
мемлекет, ұлт бостандығы, қазақ халқы. 
Қазақстан  тәуелсіздігі  -  қазақ  мемлекеті  мен  тарихындағы  жарқын  беттердің  кӛрінісі. 
Тәуелсіздік  кезеңінде  тарихымызды  қайта  жаңғырта  отырып,  еліміздің  еркіндігін  аңсаған, 
ұлттың болашағы үшін жанын аямаған қазақ зиялыларының зор еңбегін жоғары бағалаймыз. 
Тәуелсіздік тарихы - ӛткеннің ерлікке толы беттерімен қатар, қайғы-қасіретке әкелген аштық 
пен ұжымдастыру, жаппай саяси қуғын-сүргінмен байланысты.  
Дүрбелеңмен  басталған  ХХ  ғасыр  қазақ  халқының  басына  ауыр  да  қайғылы 
қасіреттерді  ала  келді.  Осы  тұста  қазақ  ұлтының  алдыңғы  қатарлы  оқыған  зиялылары, 
Алашорда  қайраткерлері  -  Әлихан  Бӛкейханов,  Әлімхан  Ермеков,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов; кӛрнекті мемлекет және 
қоғам  қайраткерлері  -  Тұрар  Рысқұлов,  Сәкен  Сейфуллин,  Смағұл  Сәдуақасов,  Жанайдар 
Сәдуақасов,  Нығмет  Нұрмақов,  Жалау  Мыңбаев,  сондай-ақ  шетелге  кетуге  мәжбүр  болған 
Түркістан ұлттық қозғалысының кӛшбасшысы Мұстафа Шоқай және т.б.  ӛкілдерінің басты 
ұстанған  идеясы  қазақ  елінің  тәуелсіздігі  болатын.  Патша  үкіметінің  құлауын  қазақ 
сахарасының  алдыңғы  қатарлы  оқыған  азаматтары  зор  қуанышпен  қарсы  ала  отырып, 
болашақтан  үлкен  үміт  күтті.  Бірақ  олар  ойлаған  ізгі  ниет  жүзеге  аспады  және  ұстанған 
тәуелсіздік идеясы бастарына қайғы мен қасірет ала келді. 1919  жылы Кеңес ӛкіметі  Алаш 
қозғалысына қатынасқандардың барлығына кешірім берген болатын, ӛкінішке қарай,  ӛкімет 
органдары  кейін  бұл  шараны  толықтай  орындамады.  Керісінше,  қудалау  мен  жазалауды 
күшейтті. 1927, 1930, 1931, 1932, 1936-1938 жылдары олардың артына «шам алып түсу» ісі 
басталды.  Кеңестік  қасаң  идеология  жас  ұрпақ  санасына  оларды  «бай-құлақтар», 
«алашордашылар»,  «халық  жаулары»,  «жапон  тыңшылары»  деген  сияқты  жалған  уағызды 
сіңірді.  Қасіреті  сол,  ӛлген  соң  да  жетпіс  жыл  бойы  қураған  сүйектерін  сырқыраттық.  Тек 
1956 жылдан бастап мемлекет ӛз тарапынан олардың алдын ақтай бастады, ӛкінішке қарай 
кейін  бұл  шара  тоқтатылды.  Деректер  мұрағаттардағы  құпия  қорда  сақтаулы  және  кеңес 
мемлекетінің  мүддесіне  «зиян  келтіру  мүмкін»  құжаттар  кірмейді,  оларды  пайдалану, 
жариялау  мәселесі  әрқайсысының  мазмұнына,  тарихи  және  саяси  маңызына  қарай  жеке 
шешілуі керек деген қаулы да қабылданды [1].  
Алаш  қайраткерлерінің  түп  қазық  идеясы  -  қазақ  мемлекеті.  Ол  үшін  ата-баба  қанын 
тӛгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда кӛшпей, тұрақты мекен еткен жерді 
бӛлшектемей,  жат  жұртқа  таптатпау,  сатпау,  жерден  айырылғанын  барлық  байлықтан, 
дәулетіңнен,  құт-берекеңнен  айрылу,  ӛлу,  ӛшу  деген  сӛз;  мемлекеттік  басқару  дәстүрлерді 
сақтай  отырып,  алдыңғы  қатарлы  Европа,  Америка,  Жапония  үлгісіндегі  қағидаттарға 
негізделген  демократиялық  сайлаушылар  арқылы  жасалған  жүйелермен  жүру  керек;  бұл 
ретте  ешкімнің  нәсіліне,  жынысына,  дәулетіне  байланысты  шектеу  жоқ;  шикізат  емес, 
ұқсатып жасаған, пайда әкелетін ӛнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
138 
тілін  дамыту,  оқулықтар,  сӛздіктер  жасау,  мектептер,  университеттер  ашу;  ӛз  ақшасын 
шығару, әскер құрып, елді-мемлекетті қорғау керек. 
Қазақы  дәстүрлерді  берік  ұстану,  шариғат  шарттарына  адалдық,  әлемдік  ақсүйектік 
әдептерді жете меңгеру, достық, уәдеге беріктік, ең бастысы ұлт мүддесі үшін бәрін құрбан 
ету  сияқты  асыл  қасиеттерді  Алаш  қайраткерлерінің  баршасының  бойынан  табуға  болады. 
Қазақ  елінің  пайдасына  қызмет  етер  деген  үмітпен  Әлихан  Кадет  партиясына,  Ахмет  пен 
Мұхтар  Коммунист  партиясына  мүше  болды,  бұл  үміт  үзілген  соң,  үшеуі  де  ол  партиялар 
қатарынан  ӛз  еріктерімен  шығып  кеткен.  Олар  мансапқа  сатылу,  билік  алдында  құлшылық 
ету, дүниеге, байлыққа ұмтылу дегенді мүлде білмеген [2]. 
Халыққа аты мәшһүр, ұлтқа «Оян!» деп ұран тастаған ұлы Міржақып еліне қаламымен 
еңбек  етемін  деп,  Думаның  депутаттығынан  бас  тартқаны  белгілі.  Бүгінде  қарақан  басы 
болмаса,  әлеуметке  жасаған  тырнақтай  еңбегі  жоқ,  кейбір  «депутатсымақтар»  осыдан  үлгі 
алса етті.  
Алаш зиялыларының ӛмірі мен қызметі қарама-қайшылықты күреске толы болды. Олар 
халқына адал қызмет жасады және сол жолда ӛмірлерін сарп етті.  1921 жылы желтоқсанда 
Қазақ  АКСР-нің  атқарушы  басшылық  қызметінде  болған  21  жастағы  Смағұл  Сәдуақасов 
ӛзінің  баяндамасында:  «...  Ешбір  партия,  әсіресе,  коммунистік  партия  ӛз  қатарындағыларға 
ұлтын жек кӛруге мәжбүрлей алмайды. Ешбір маркстік әдебиетте езілген ұлттардың қаңқасы 
арқылы ӛркениетті халықтарда жұмысшы табы коммунизм салтанатына жетеді делінбегенін» 
алға тартады [3]. Бұрынғы Алаш қайраткерлері  мен қазақ басқарушы элитасының ӛкілдері, 
ғылыми  және  шығармашылық  интеллигенция  ӛкілдері  қазақ  мемлекеттілігінің  негізін 
қалады.  Олар  Орталық  Азияның  ұлттық-аумақтық  межелеу  және  қазақ  жерлерін  қайта 
біріктіру үдерісіне белсене қатынасты, қазақ жерінің біртұтастығын сақтау үшін қыруар күш-
жігерлерін жұмсады.  
Зиялы  қауым  ӛкілдері  қазақ  ауылын  барынша  орталықтың  социалистік  қайта 
құруларынан  қорғауға  тырысты.  Ұжымдастыру  кезінде  дәстүрлі  мал  шаруашылығымен 
айналысатын  кӛшпенділерді,  жартылай  кӛшпенділерді  күштеп  отырықшыландыру  және 
шаруашылықты  тәркілеу  саясатының  салдары  қазақ  халқын  орасан  зор  қайғы-қасіретке 
душар етті. Сол кезде Мәскеуде РСФКР ХКК тӛрағасының орынбасары қызметіндегі Тұрар 
Рысқұлов  екі  рет  И.В.Сталинге  хат  жолдаған.  Онда:  1932-1933  жылдары  орын  алған 
жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай келіп, КСРО-ның ешбір жерінде болмаған ұжымдастыру 
кезіндегі  асыра  сілтеушілік  нәтижесінде  болған  аштықтың  салдарынан  қырылған  қазақ 
халқының  тағдыры  туралы  жазады  [4].  Ол  БКП  ОК  (б)  аштыққа  ұшырағандар  мен  қоныс 
аударушыларға  кӛмек  беру,  облыс,  ӛлке,  тіпті  республикадан  тыс  жерлерге  ауып  кӛшкен 
қазақтарды жұмыспен қамту туралы ӛтініш жасады. Алаш идеясы елдің ұлттық сана-сезімін 
сақтауда  үлкен  рӛл  атқарды.  Бұған  мұрағат  деректері  дәлел.  Алаш  партиясының  қызметіне 
кеңес  билігі  қарсы  болғанымен,  Алаш  идеяларын  жоя  алмады.  Бұл  идея  ұлттың  жадында 
ӛшпей  сақталып  қалды.  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  қоғам  алдындағы 
жауапкершілік,  азаматтық  рух  пен  биік  талпыныстар  үлгісі  қазіргі  ұрпақ  үшін  үлкен  сабақ 
болуы  керек.  Олар  ӛз  дәуірінің  дүниетанымын  қалыптастырған  жоғары  білімді  біртуар 
азаматтар еді. Олар халық мүддесіне адал қызмет етті.  
Кеңестік кезеңдегі большевиктік орталық жетекшілеріне де тиісті баға беру керек. Бір 
жағынан  ұлттық  республикада  «жергілікті  ұлтшылдар»  мен  ұлттық  кӛшбасшылардың 
белсенділігінен  қауіптенген  Орталық,  қалай  болғанда  да  олардың  ақыл-парасаты  мен 
талантын  мойындап,  оларды  орталық  аппарат  жұмыстарында  пайдаланды.  Осылайша 
Мәскеуде  Т.Рысқұлов,  С.Сәдуақасов,  С.Асфендияров,  Н.Тӛреқұлов  жұмыс  жасады.  Фрунзе 
мен  Куйбышев  Т.Рысқұловты  мақтан  тұтатын.  Сол  кезеңдегі  қазақ  зиялыларының  рухы 
жоғары  болды.  1929  жылдың  қаңтарында  Міржақып  Дулатовтың  түрмеде  жазған  Ұрпаққа 
хатында: «Совет үкіметіне күрес деп шуласып жүргендеріміз - қазақ ұлтын ӛз бетінше ӛмір 
сүрсін  деген  мүддеден  туған  ниет  қана.  Ӛз  отанымыз  ӛзімізге  бұйырсыншы  дегеніміз. 
...Ғұмыр болса, дәм жазса - ұлтымның келешегі үшін күш-жігерімді аямай еңбектене беруге 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
139 
борыштымын.  Адассам  -  халқыммен  бірге  адастым,  сәулесі  жарық  жолға  ұмтылсам  - 
ұлтыммен  қосыла  ұмтылып  бағамын».  1938  жылы  Мұстафа  Шоқай  «Яш  Түркістан» 
журналының  мерейтойлық  жүзінші  санында  үлкен  сенімділікпен,  ӛз  халқын  бірлік  пен 
тәуелсіздікке  шақырды:  «Азаттық  пен  тәуелсіздік  таңы  атады,  сонда  біздер  қарапайым 
күрескерлер  ӛз  туған  жерімізде,  туған  халқымыздың  арасында  боламыз.  ...Түркістандықтар 
ұлттық  бірліктің  -  туған  жерде  және  жұмыстағы  бірліктің  -  эмиграцияда,  мақсаттар  бірлігі 
мен міндеттерге адалдық-азаттыққа және еліміздің тәуелсіздігін бекітуге апаратын бірден-бір 
жол екенін түсіну керек». Бүгінгі тәуелсіздік кезінде М.Шоқайдың: «Ұлт азаттығы  - ұлттық 
рухтың ізі. Ал, ұлттық рух биіктейді және ұлттық еркіндік пен тәуелсіздік жағдайында ғана 
ӛзінің  жемісін  бермек»  деген  сӛздерін  еске  алмау  мүмкін  емес.  Бұл  ұлттық  тәуелсіздік 
сарбаздарының сӛзі...[5]. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  1990  жылдың  басынан  бастап  «Орталық-Азиялық  одақ  құру» 
идеясын кӛтеріп келеді. Тӛл тарихымызға қарасақ, бұл идеяны алғаш рет Мұстафа Шоқай, ал 
«түркі  жобасын»,  түркі  партияларын  біріктіру  идеясын  Т.Рысқұлов  ұсынған  болатын.  Осы 
кезге  дейін  баршамызды  Мұстафа  Шоқайдың  жоғары  патриотизмі,  ел  мұратына  деген 
адалдығы және шығармашылық мұрасындағы қағидалары таңғалдырып келеді [3, 5 б].  
Сондай-ақ,  қазіргі  таңда  әлемнің  кӛптеген  елдеріндегі  мемлекеттік  басқару  жүйесі 
айтарлықтай  ӛзгеріске  ұшырап  отырғаны  белгілі.  Сондықтан  да  бүкіл  мемлекеттік  басқару 
жүйесінің тиімділігін арттырудың қазіргі заманғы ӛзекті міндеттері мен жолдарын белгілей 
отырып,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  арнаған  2008  жылғы  6  ақпандағы 
«Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты»  атты 
Жолдауында:  «Үкімет  әкімшілік  реформада  кӛздеген  Қазақстанның  мемлекеттік  басқару 
жүйесін  үздік  халықаралық  тәжірибені  ескере  отырып,  нәтижелілік,  ашықтық,  және  қоғам 
алдындағы есептілік негізінде дамыту жӛніндегі  шараларды жедел  қарқынмен іске асыруға 
тиіс. Әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен 
нәтижелілігін  арттыру  болуға  тиіс.  Яғни,  «халыққа  қызмет  етуі  шарт»  деп  атап  ӛтті  [6]. 
Ӛткен  ХХ  ғасырдың  елең-алаңында  осы  идеяны  Алаш  арыстары  кӛтерген  болатын.  Бүгінгі 
мемлекетіміздің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  реформаларының  бастаулары  Алаш 
идеясының  қайнар  кӛзінен  алатыны  сӛзсіз.  Тарихтан  белгілі  1917  жылы  21-26  шілдеде 
Орынбор  қаласында  Бірінші  жалпықазақ  съезі  ӛтті.  Осы  съезде  Алаш  партиясының 
бағдарламасы жарияланды. Ал, оның негізгі ұстанымдары тӛмендегіше болды: 
Біріншіден,  Ресей  демократиялық  федеративтік  республика  болуы  керек.  Оның 
құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз түрде әрекет етеді. Екіншіден, Ресей республикасында 
тең  құқықтық,  тұлға,  сӛз,  баспа,  ұжымдар  ерікті  болады.  Үшіншіден,  дін  мемлекеттен 
бӛлінеді.  Барлық  діндер  тең  құқылы.  Тӛртіншіден,  билік  пен  сот  әр  халықтың 
ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажет, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі шарт т.б. 
Алаш  қайраткерлері  мемлекет  басқару  ісінде  озық  ойлы  пікірлерімен  ерекшеленіп, 
тәуелсіздік идеясын ту етіп кӛтерді [7].  
Алаш  партиясының  бағдарламасы  бойынша  «Үкімет  басында  Құрылтай  жиналысы, 
оның  арасында  Құрылтай  жиналысы  мен  Мемлекеттік  Дума  белгілі  мерзімге  сайлаған 
президент  тұрады»  делінген.  Алаш  зиялылары,  Құрылтай  жиналысы  немесе  бүкіл  халық 
сайлап  қойған  ӛкілдер  жиналысы  мемлекет  басында  тұрады  деп  есептеді.  Бұл  идеяның 
«негізі,  халық  мемлекеттегі  ең  жоғарғы  күш,  биліктің  нағыз  қайнар  кӛзі»  деген  мәні  бар. 
Сондықтан  да  Құрылтай  жиналысы  тұрақты  орган  емес,  ол  мезгіл-мезгіл  сессия  түрінде 
жұмыс жасайды. Себебі, оның сессиялары арасында билік тұрақты орган Президенттің қол 
астында болады. 
Олар Президенттің билігін тӛмендегіше анықтайды: 
«Президент  билігін  Министрлер  Кеңесі  арқылы  жүргізеді  және  Құрылтай  жиналысы 
мен  Мемлекеттік  Дума  алдында  жауапты»  -  деп,  Президенттің  атқарушы  билік  басшысы 
екендігін және оның белгілі бір мерзімге сайланып қойылатынын атап кӛрсетеді [8]. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
140 
ХХ  ғасырдың  басында  Президенттік  басқарудағы  мемлекеттердің  әлемде  санаулы 
болғандығын  ескерсек,  Алаш  зиялыларының  мемлекет  басқару  ісінде  қаншама  озық  ойлы, 
тұрпатты,  құқықтық  мемлекет  құрудың  алғышарттарын  жасағандықтарына  кӛзіміз  жетеді. 
Мемлекеттің бастауы демократиялық бостандықтар мен құқықтарды жақтау мәселесінде де 
Алаш  қайраткерлері  озық  ойлы  идеяларымен  ерекшеленеді.  Жеке  бастың  теңдігі,  сӛз, 
баспасӛз,  одақтар  бостандығы  жарияланды.  Бұлар  бүгінгі  таңда  да  ӛзекті  мәселелердің  бірі 
ретінде  күн  тәртібінен  түспей  келеді.  1917  жылдың  қазан  айында  үкімет  басына  қарудың 
күшімен келген большевиктер партиясы құрған Кеңес ӛкіметі ұлттық-мемлекеттік құрылыс 
мәселесін  шешуде  таптық  жіктелу  қағидасын  басшылыққа  алса,  алаш  кӛсемдері  керісінше 
ұлттық бірлік саясатын дұрыс таңдай алды. Олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке 
шақыру  арқылы  мемлекеттің  іргетасын  берік  негізде  қалауды,  яғни  ұлт  мүддесін  алдыңғы 
орынға  шығарды.  Алаштықтар  Қазақстандағы  қоғамдық-саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық 
және  халықтың  бірлік  принциптеріне  сүйенді.  Ӛткен  ғасырдың  соңғы  он  жылдығы 
дүниежүзінде  дәуірлік  ұлы  оқиғалармен  тарихта  қалды.  Оның  жарқын  мысалдарының  бірі 
жетпіс  жылдан  астам  ӛмір  сүрген  алып  қызыл  империя  КСРО  ыдырады.  Бұрынғы  одақ 
құрамындағы  республикалар  тәуелсіздігін  жариялап,  егемен  елдер  қатарына  қосылды. 
Солардың  ішінде  қазақ  елі  де  бар  болатын.  ХХ  ғасырдың  90-ыншы  жылдарының  басында 
тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тетіктер 
ӛркениетті  елдердің  озық  тәжірибелерін  пайдалана  отырып,  ӛтпелі  кезеңнің  ерекшеліктері 
мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Осыған қарай мемлекеттік 
тетіктің құрамында Президент ерекше орын алады. 1991 ж. желтоқсанында Қазақстан халқы 
тұңғыш Президентін сайлады [9]. Алаш қайраткерлерінің «мемлекеттің басшысы Президент» 
деп тұжырымдауын ӛмірдің ӛзі дәлелдеді. 
Қорытындылай  келе  айтарымыз,  мемлекеттік  егемендік  -  ата-бабалар  арманы  мен 
күресінің  нәтижесі.  Ал,  қазіргі  заман  жаңашыл  идеялар  мен  дүниетанымдық  бағыттарға 
мұқтаж. Қазіргі қоғамда ӛткен ғасырдың 20-30 ж.ж. ұлт зиялыларының намысы мен ерлігіне 
сұраныс  байқалады.  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  мұраты,  идеялары, 
экономиканы  модернизациялау,  демократиялық,  құқықтық  мемлекет  құру,  теңқұқылық, 
қоғамдық  келісім  мен  бейбітшілік,  ұлттың  мәдени  дамуы,  мемлекетті  басқару  ісіне  элита 
ӛкілдерін  ғана  емес,  қарапайым  халық  ӛкілдерін  тарту  ережелері  мен  қағидалары  бүгінгі 
таңда ӛзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. – Алматы: Қазақстан, 1990.  
2.  Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?. – Алматы, 1993. 
3.  www. zamandas. сom. 
4.  Қоңыратбаев  О.Тұрар  Рысқұлов.  Қоғамдық  саяси  және  мемлекеттік  қызметі.  – 
Алматы, 1995. 
5.  KZ_murattarynyn _Alasһ_sabaktastygy. rar  
6.  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың 
басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 2008 ж.  
6 ақпан.   
7.  Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995.  
8.  Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. – Алматы, 1995. 
9.  Аманжолов К. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы ІІ. – Алматы, 2004. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается преемственность идей Алаш в Независимом Казахстане. 
 
SUMMARY 
The article considers the succession of ideas of Alash in the independent Kazakhstan. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет