Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
5
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ӘОЖ9(с)55 А92
«ҚАЗАҚ» АТАУЫН ҚАЙТАРУДАҒЫ
ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫ
Аширбекова Ж. Б.– т.ғ.к., доцент
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация: Мақалада ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ зиялыларының
халқымызға ӛз атауын қайтаруда атқарған жұмыстары баяндалған. М.Дулатов,
Ш.Құдайбердиев, М.Тынышбаев және т.б, ұлтымыздың біртуар қайраткерлерінің баспасӛз
беттерінде және жеке еңбектерінде халқымызға «қазақ» атауын қайтару туралы кӛтерген
мәселесінің нәтижесінде еліміздің «Қырғыз» Республикасының «Қазақ» деп аталуы
1925 жылы 15-19 сәуірде Ақмешітте болған Кеңестердің V съезінде кӛтеріліп жүзеге
асырылды.
Түйін сөздер: қазақ, «қазақ» газеті, «қайсақ», «қырғыз», халық, қайтару, республика,
зиялылар, ұлт.
Патша үкіметінің боданында болып, ұзақ уақыт «қырғыздар» атанып келген халқымыздың
«қазақ» деген шын атауы 1925 жылы 15-19 сәуірде болған Қазақстан Кеңестерінің V съезінде
қалпына келтірілді. «Қырғыз» атанып келген халқымыздың ӛз тарихи атауына қайтып
оралуына ұлт зиялыларының тигізген үлесі зор. Олар бұл мәселені шешуді ХХ ғасырдың
басында қолға алған болатын.
Еліміздің бірден-бір алғашқы басылымы болған «Қазақ» газетінде бұл мәселені
бірнеше рет кӛтеріп, ӛз ойларын айқын түрде айтып, осы мәселе тӛңірегінде пікір де
ұйымдастырған еді. 1913 жылы шыққан «Қазақ» газетінің бірнеше санында М.Дулатовтың
«Түрік баласы» деген бүркеншік атпен жариялаған «Қазақтың тарихы» деп аталған
мақаласында осы қазақ пен қырғыз атауының арасындағы айырмашылықтардың барлығы,
орыс үкіметінің қазақты қырғыз атауының себебін «казактардан» айыру мақсатында деп
кӛрсеткен болатын. Тарих ғылымында қаншама тарихи кітаптар жазылғанымен де «қазақ»
сӛзінің қайдан шыққанын анықтап бергендері болмағандығын, арабша, түрікше, орысша
шыққан кітаптарда «қазақ» сӛзінің ақиқатқа қайшы жазылуын сынға алған. «Орыстардың
әсіресе үкіметтің, қазақты қазақ демей, қырғыз деп жүргені рас, бірақ олар ӛздерінің атты
«казачи» әскерінен айыру үшін, жаңылыс болсадағы қазақты қырғыз атап жүр. Ӛзіміздің
түрік қауымдарының, әсіресе басшыларының, қазақ пен қырғызды айырмағаны қате,
кешпестік айып», - дей келе, қазақ атауын қайтару қажеттігін кӛтерген. «Қияметке шейін
қазақ – қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы ғылым жарығындағы қазақ кӛзін ашып, бетін
түзесе ӛзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және ӛзіміздің шарық әдетіне ыңғайлы қылып
«қазақ мәдениеті» (казакская культура) құрып, бір жағынан қазақ әдебиеті (казахская
литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы», - деп, қазақ халқы орыстар кӛрсетіп
жүрген қырғыз нәсілінен еместігін, қазақ халқының руларының ішіндегі қыпшақ, арғын,
керейт, найман, қоңырат қырғыздармен қатар жүріп, қатар тұрған елдер екендігін, қырғызбен
қатар жүрген найманды қалай бұрынғы қырғыздың нәсілінен деуге болатындығын дәлелдей
келе, ол барлық мекемелерде «қырғыз» деген атаудың орнына «қазақ» деп жазуды ұсынған.
М.Дулатов «қазақ» атауын қайтаруда орысша оқыған қазақ жастары жұмыла іске
кіріссе, ӛздері істейтін мекемелерде «қырғыз» емес, «қазақ» деп атауды қолдану қажеттігін
кӛтерді. «Қырғыз» бен «қазақ» екі ел екендігін, әр ел ӛз атымен аталу керектігін үндеді
[1, 22-23, 32-33 бб.].
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
6
Газеттің келесі санында ол «қазақ» сӛзінің түп-тӛркіні қайдан шыққандығын талдап
берді. «Қазаққа» қатысты кейбір тарихи деректерде жаңылыс айтылған бес қателікті
мысалдармен айқындады. Мәселен, орыстың тарихында «қазақ» деген сӛзді жазбай,
«киргиз» деген бір жаңылыс сӛзге малданып, соныменен бүкіл тарихын былықтырып
отырғандығын, арабша және түріктің тарихи кітаптарында да «қазақ» сӛзінің түп-тӛркіні
туралы нақты айтылмай, әртүрлі ұйғарылып жүргендігін, мәселен, кейбіреуі «қазақ» «қашақ»
деген сӛзден ӛзгертілген деген тұжырым жасауын, «Мустафад алахбар» кітабында «қазақ»
атауы ноғайлармен арадағы келіспеушіліктерден жаңылыс жазылуын келтірген.
Ол қазақ сӛзі «хайсақ» - «қайсақ» сӛзінен ӛзгертіліпті дегенге де қарсы шықты.
«Халисақ» сӛзі қалмақша да граница күзетшісі (награнич. стражъ) мағынасында-мыс, орыс
тарихының кейбіреуі қазақ сӛзі осы хайсақ дегеннен алынған деп ӛтірікті жазады. Осындай
ӛтірікті малданып, орыс жазушыларының кӛбі қазақты (киргиз-кайсак) деп жазып жүр.
Мұның ӛтірік екендігі сӛз ретінде кейін айтылар. Осы күнде қалмақ-қытай қазақты қайсақ –
хасақ деп сӛйлейді екен – онысы тілі келмегеннен. Оныменен қазақ сӛзі хайсақтан
ӛзгертілгендігі білінбейді. Осы күнде мишер халқы арабтан алынған «салам» сӛзін «сейлам»
деп сӛйлейтіні бар. Сол секілді, қалмақта қазақ сӛзін «хайсақ» деп бұзып айтады деуге
болады», - дей отырып, халықты шатастыратын кейбір аңыз, шежірелерге де сақтықпен
қарауды талап еткен. Осындай қисынсыз шикі сӛздерден ада болып, нағыз тарихи дәлдікпен
сӛйлеу қажеттігін кӛтереді [1, 55-56 бб.].
Кӛп жағдайда қазақтың қайдан шыққандығы туралы сӛз болғанда жалпы жұрт
арасында түрлі аңыздардың айтылатындығын, ал қазақтың түркі халықтарынан айырылып,
«қазақ» деген атауға нақты қашан ие болғандығы жӛнінде мәліметтің жоқтығынан кӛмескі
болып тұрғандығын мойындай отырып, нақты дәлелдерге сүйенбей, ақылға сыймайтын
кейбір аңыз-оқиғаларды дерек ретінде қолданудың қисынсыз екендігін келтірді [1, 77-б.].
М.Дулатов «қазақ» мәселесі туралы тұжырымын «Қызыл Қазақстан» журналына
басылған келесі «Қазақ-қырғыздың аты, тегі туралы» деген мақаласында да талдай кӛрсетті.
Ол «қырғыз» атауы мен қазақ халқының шығу тегіне тоқтала отырып, қазақтардың ұзақ
уақыт бойы «қырғыз», ал нақты қырғыздар «қара қырғыз» немесе «тағы қырғыз» атанып,
қытайлар оларды «юрвут» деп жүргендігін, қазақтың ӛзін қырғыз емес, бұрыннан қазақ
санап, қырғыз ӛзін қырғыз деп келгендігін, қазақ пен қырғыздың арғы тегі бір болғанымен,
екі атаның баласы, біріне-бірі туыс, жақын түркінің екі руы екендігін растайды [2, 95 б.].
Қайраткер қазақтың қырғыз атануының себебін ол орыс казагы мен қазақты шатастыра
бергеннен кейін, қазақты қырғыз деп атауды жӛн кӛруінен деп тұжырымдап, осы уақытқа
дейін қазақтың тарихи атауы бұрмаланып «қырғыз» болды деп тұжырымдаған. Қырғыз бен
қазақтың тілдік, тұрмыстық жағынан ӛзге түркі руларына қарағанда жақындығы, сондықтан
екі елді ӛзге ұлт ӛкілдері шатастырып алып жататындығын мысал ретінде айта келе, ол
«қазақ» атауы халқымызға қайтарылу қажеттігін үндейді [3, 88-89 бб.].
ХХ ғасыр басында қазақ шежіресіне қатысты бірнеше тарихи еңбектер жарық кӛрді.
Оның бірі Шәкәрім Құдайбердиевтің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деп
аталатын тарихи еңбегі. Шәкәрім қазақ шежіресіне тереңнен бойлай келе, түркі
халықтарының шежіресін қамтуға тырысқан. Адам Атадан бастап, пайғамдардың
балаларынан таралғандардың барлығына жеке-жеке тоқталып, түркілердің шығу тарихын
анықтайды. Бұл кітап жарық кӛрісімен «Қазақ» газетіне Ә.Бӛкейханның осы кітапқа қатысты
пікірі жарияланып, Шәкәрімнің қазақтың түп шығу шежіресін талдауға алды. Ол Шәкәрімнің
«Алаш» сӛзінің қайдан шыққандығын талдаған тұжырымына да келіспейді
[1, 124-126 бб.].
«Қазақ» сӛзінің тӛркініндегі айтыстар 20-жылдары тағы да кӛтерілді. Бұл сӛзінің
тӛркінін М.Тынышбаев «Қырғыз-қазақ халқының тарихына материалдар» деген кітабында
кӛтеріп, түрлі деректерді келтіре отырып, оның түп негізін ашуға тырысты. Ол да қазақтың
шығу тегіне келгенде аңызға сүйенді. Еңбектің «Қырғыз-қазақтардың шығу тегі және Қазақ
хандығының құрылу тарихы» деп аталған қосымшасында «қазақ-қырғыз» атауына ӛзіндік
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
7
тұжырым жасаған. Ол араб, орыс және тағы басқа зерттеушілердің жазғандарын саралай
отырып, «қазақ» сӛзінің ежелден бері қолданылып келе жатқандығын айқындай кӛрсетеді.
Мәселен, Н.М.Карамзиннің орыс жылнамасында «қазақ» сӛзінің ұшырасатындығын, сондай-
ақ осындай мәліметтер араб жазушылары Ибн Әл-Варди мен Масудидің еңбектерінде де
аталатындығын нақты түрде дәлелдеп берді [4, 32-33 бб.].
Сӛйтіп, ол жалпы «қазақ» ежелден келе жатқан атау екендігін, патша үкіметінің
отарлық саясаты тұсындағы «қырғыз» болып кемсітіліп, «қазақ» атауын жоққа шығармақ
болғандардың әрекеттеріне осылайша дәйекті түрде соққы беруге тырысты.
«Қазақ» атауын қайтару жолында ұлт зиялылары арасында 20 жылдары қазақ мерзімді
баспасӛзі беттерінде ұлт зиялыларының қазақ пен қырғыз арасындағы айырмашылықтар
туралы пікірлері жарияланды. Қазақ атауын қайтару мәселесі қызу талқыға алынған.
Еліміздің «Қырғыз» Республикасынан «Қазақ» деп аталуы 1925 жылы 15-19 сәуірде
Ақмешітте болған Кеңестердің V съезінде кӛтеріліп, онда: «Қырғыз халқының тарихи дұрыс
атын қалпына келтіру үшін Советтердің Бүкілқазақстандық V съезі: бұдан былайғы жерде
қырғыз деген атау қазақ деп аталсын», - деп қаулы етті. Мұнымен бірге съезд Қырғыз
Республикасын Қазақ Республикасы деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп
атау жӛнінде шешім қабылдады [5, 286 б.].
ҚАКСР Орталық Атқару Комитеті президиумының 1936 жылғы 9 ақпандағы қаулысы
бойынша қазақтар, Қазақстан деген неғұрлым дәл атау қабылданды. Сӛйтіп ширек ғасыр
бойы «қырғыз» атанып келген халқымыз ұлт зиялыларының, қазақ оқығандарының,
қайраткерлерінің ӛткір талаптарының нәтижесінде тарихи атауымызды қайтарып алды.
Ғасырлар бойы орыс бодандығында болып «қырғыз» деп кемсітіліп келген қазақ халқы,
егеменді болған 20 жылдың ішінде дүниежүзіне саяси, экономикалық және әлеуметтік
жағынан толықтай танылып, Қазақстанның кӛк байрағын желбіретіп келеді. Тәуелсіздік
идеясы мен мұратын егемендік, дербестік, азаттық аясында кӛтеріп, мемлекетіміздің жарқын
болашағы жолына ұстануда.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Қазақ» газеті. 1913 жыл. /Құраст.: С.О.Смағұлова, Ғ.Қ. Әнес, Т.А.Замзаева.–
Алматы, 2009.
2. Смағұлова С. Қазақ мерзімді баспасӛзі: шығу тарихы мен деректік маңызы (ХХ ғ.
20-30 жж.). – Алматы, 2011.
3. Дулатов М. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-том. – Алматы, 2003.
4. Тынышпаев М. Материалы к истории Киргиз-казахского народа. Ташкент, 1925.
5. Қазақ ССР тарихы. Социализм дәуірі. Алматы, 964.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается деятельность казахской интеллегенции в первой половине
ХХ в.
S
UMMARY
In article activity of the Kazakh intellectuals to the first half of the XX century is considered.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
8
ӘОЖ 9(С)173 А 94
ҚОС РЕВОЛЮЦИЯ ТҰСЫНДАҒЫ МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ахметова Ж.Қ. - т.ғ.к.,
Басшыбаева А.С. - аға оқытушы
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация: Мақалада Ресейдегі 1917 жылғы ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша
билігі құлағаннан кейін Мұстафа Шоқайдың қызметінде мүлдем жаңа кезең басталғандығы
баяндалады. Басқаша айтсақ, енді оның иығына ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрес
жүгі артылды. Ол тӛңкеріс кезінде Ресей Думасы Мұсылман фракциясы жанындағы бюрода
Түркістан ӛкілі болатын. Түркістан жайында деректерді жинап, Мемлекеттік Думадағы
Мұсылман депутаттарға Түркістанға қатысты қажетті материалдарды дайындап беретін.
М.Шоқай және де басқа Түркістан зиялылары ӛлке халықтарының біртұтас ұлттық
мемлекетін құру бағытында әрекет жасау қажеттігін түсінді. Сӛйтіп Түркістан аймағын жеке
республикаларға жіктеуден гӛрі М.Шоқай «бӛлінбейтін біртұтас Түркістан» құру идеясын
жоғары бағалаған. Қос революцияның тәжірибесіне сүйеніп, ұлттық тәуелсіздікке ұмтылып
отырған Түркістан халықтарын тізе қосуға шақырды. Ол Түркістан халықтарының дербес
тәуелсіз мемлекет құруы жолындағы алғашқы қадам Автономия құру екендігін баса кӛрсетті.
Түйін сөздер: қос революция, мұсылман фракциясы, мемлекеттік Дума,
«Шуро-и-Ислами», «Раунак-Уль-Ислам», «Улема-Джамияты», джадидтік ұйым, «біртұтас
Түркістан», пролетариат диктатурасы, автономия.
1917 жылғы ақпан революциясы жеңіп, патша билігі құлағаннан кейін қазақ
зиялыларының, атап айтсақ, М.Шоқай, Ә.Бӛкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов т.б.
қызметтерінде мүлдем жаңа кезең басталады. Басқаша айтсақ, енді тарих олардың иығына
ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрес жүгін артқан еді.
Мұстафа Шоқай ақпан тӛңкерісінің кезінде Петербургте болатын. Ол 1917 жылы ақпан
революциясының жеңісін ӛзінің саяси пікірлес досы, башқұрт қайраткері Заки Валидимен
бірге Петербург қаласында зор қуанышпен, үлкен үмітпен қарсы алды. Петербургтегі ақпан
оқиғасы туралы хабар тез арада бүкіл Қазақстанға да жетті. Бұл жӛнінде М.Шоқай ӛз
естеліктерінде: «1917 жылғы революция басталғанда мен Петербургте едім. Ол кезде мен
Ресей Думасы Мұсылман фракциясы жанындағы бюрода Түркістан ӛкілі болатынмын.
Түркістан жайында деректерді жинап, Мемлекеттік Думадағы Мұсылман депутаттарға
Түркістанға қатысты қажетті материалдарды дайындап беретінмін. Тӛңкерістен бұрынғы
жұмысым депутаттарға Дума мінбесінен 16-жылғы жалпы Түркістан кӛтерілісі жайында
Мұсылман фракциясы атынан сӛйлейтін Мұхаммед Жүсіп Жағыпардың баяндамасының
мазмұнын жазып беру болатын. 1916 жылғы қараша айында Петербург пен Москвадан
тӛңкеріс шығатынына сенбеген адам қалмады. Орыс майданында Ресейдің сәтсіздіктері
бірінен-бірі асып түсті. Әскерден қашқандар да үрей туғызды. Патша үкіметі мемлекетте
тыныштықты сақтай алмаған әлсіздігін жасыра алмаушы еді. Жұмысшылардың үлкен бір
бӛлігі ашықтан-ашық тӛңкеріске әзірленді. Мемлекет Думасындағы реакционерлер де әрі-
сәрі күйге түсті. Патша ең сенімді адамдардың кеңестерін тыңдамады. Сарай тӛңкерісі
жайындағы сыбыстар ауыздан-ауызға тарады. Патшаны тұтқындау, тіпті ӛлтіру, орнына
туысы Михаилды отырғызу жӛніндегі пікірлер естіле бастады» [1] - деп Ақпан
революциясының қарсаңындағы Петербургтегі саяси жағдайды кӛрсетеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
9
Жалпы қазақ зиялылары Ә.Бӛкейханов, М.Шоқай және т.б. Ресейде болған ақпан
революциясы қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған ұлттық теңдігіне жеткізетін
мүмкіншілік деп түсінді.
Ақпан революциясының қалай басталғаны және оның қалай жеңіске жеткені жӛнінде,
патшаның тақтан құлатылғаны жӛнінде Мұстафа «1917 жылғы естеліктерінен үзінділер»
атты еңбегінде былай деп суреттейді: «Сӛйтіп 1917 жылғы ақпанның аяғында (ескі жыл
қайырумен) Петербургте дүрбелең басталды. Кӛшелерде жұмысшылар қаптап кетті. Үкімет
бұларға қарсы қарулы күш жіберді. Қаланың әр жерінде қақтығыс басталып, қан тӛгілді.
Әскерлер, жұмысшылар топ-тобымен кӛтерілген халық жағына қарай шығып кетті. Екі-үш
күн ішінде Петербург адам танымастай халге жетті. Ол шын мағынасында соғыс алаңына
айналды» - дейді [1].
Сонымен қатар Мұстафа Шоқай 1917 жылғы ақпан айындағы Петербургтегі
буржуазиялық демократиялық революцияның мән-жайын, Ақпан тӛңкерісінің алдындағы
саяси билік үшін күресті шиеленістірген оқиғаларға, талас-тартыстарға: «Үкімет бұл қуатты
қозғалысты басуға дәрменсіз еді. Мемлекеттік Дума тӛрағасы Родзянконың келіссӛз жүргізу
жӛніндегі патшаға айтқан ӛтінішінен нәтиже шықпады. Мемлекеттік Думаның қайта-қайта
талап етуіне жауап ретінде патша Думаны тарату туралы жарлық шығарды. Қашаннан
бағынышты кертартпа болып келген тӛртінші дума осы жолы патшаның жарлығын
тыңдамай ертеңіне (27 ақпан) Мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қорғау міндетін атқаратын
Уақытша комитет құрды. Осы тұста жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері
құрылды. Патша революцияны басуға қайта-қайта ұмтылып кӛрді. Тек уақыт ӛтіп кетіп еді.
Тақты інісі Михаилға беруден басқа амалы қалмады. Бірақ кең қанат жайған тегеурінді
революциядан қорыққан Михаил Романовта тақтан бас тартты. Тап осы тұста Уақытша
үкімет құрылды. Князь Львов басқаратын Уақытша үкіметке Милюков сыртқы істер
министрі, Гучков әскери министр, революцияшыл партиялардың ӛкілі Керенский заң
министрі орындарына отырды. Революция осылай жеңді» - [2, 257-258 бб.] деп баға беріп, ӛз
еңбектері арқылы халыққа жеткізіп отырды.
Петербургтегі ақпан тӛңкерісінен кейін М.Шоқайдың саяси қызметі Түркістан
ӛлкесімен тығыз байланыста болды. 1917 жылы наурыз айының басында Түркістанда
халықтың белсенділігі арта түседі. Жұмысшы, солдат, шаруа және мұсылман депутаттары
Ташкент кеңесінің атқару комитетінің 3 наурыздағы мәжілісінде Түркістан ӛлкесінің
генерал-губернаторы және әскери округтің қолбасшысы Куропаткинді қызметінен босату
туралы қаулы қабылдайды. Осы қаулыдан кейін князь Львов Куропаткинді Петерборға
шақырып, 7 сәуір күні Түркістан комитетін құру туралы қаулы қабылдайды. Ол қаулыда
Түркістан комитетінің құрамы анықталып, оған: Н.Н.Щепкин, А.Бӛкейханов, М.Тынышбаев,
С.Мақсұтов, В.С.Ельпотевский, А.Л.Липовский, П.И.Преображенский, О.А.Шкапский,
А.А.Даулетшин мүше болып тағайындалып, ал оның тӛрағалығы Н.Н.Щепкинге жүктелді
[3, 135 б.]. Бірақ Куропаткин кӛп ұзамай билік басынан кетеді.
М.Шоқай Түркістанда Куропаткин үкімет басынан кеткеннен кейін шын мәнінде,
үкіметтің билігі жұмысшы, солдат депутаттардың қолында болғандығын айта келіп, бұл
кеңестерді алаңсыз орыс шаруалары мен солдаттары және орыс жұмысшылары
басқарғандығын баса кӛрсетеді.
Ақпан революциясынан кейінгі, алғашқы уақыттары ӛлкенің еңбекші халқы уақытша
үкіметке әлі де болса сеніп, ол халыққа - бейбітшілік, шаруаларға - жер, ал жұмысшыларға -
8 сағаттық жұмыс күнін береді деп дәмеленді. Жұмысшылардың едәуір бӛлігі Уақытша
үкіметке үміт артты, олардың кейбіреулері уақытша үкіметтің органдары - азаттық және
атқару комитеттеріндегі жұмыстарға тұрды.
Алайда, Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің Ташкентке келуімен жергілікті
ӛлкелік, солдат, депутаттарының арасында үкімет үшін күрес күшейді. Түркістанның шет
аймақтарында әртүрлі атаулармен жергілікті ұйымдар құрыла бастады. Ол жӛнінде М.Шоқай
Түркістанның артта қалған аудандарында діни ұйымдар «Шурои-Ислами», «Раунак-Уль-
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
10
Ислам» сол сияқты Түркістанның далалық бӛлігінде: «қазақтар, қырғыздар, түрікмендер
тұратын жерлерде Кеңес депутаттары құрылғандығын айтады. Түркістанның орталығы
Ташкентте күшті мұсылмандық ұйым «Улема-Джамияты және Джадидтік ұйым» (Джадид-
жаңа, жаңашыл) құрылды. Орыстар джадидтерді младо туркестанцы, яғни, жас
түркістандықтар (жаңа прогрессивтік идеяларды таратушылар) деп атаған. Негізінен мәдени-
ағартушылық жадидтік қозғалыс Түркістан ӛмірінде ХХ ғасырдың басында сахнадан орын
алып, кеңінен тарай бастады. Оның құрамына зиялылар, кӛпестер, оқытушылар, дін
мектептерінің студенттері, ұсақ чиновниктер, жазушылар, журналистер т.б. кірді [4]. Осы
Түркістандағы барлық ұйымдар мұсылмандар кеңесін құрды. Бұл кеңеске жоғарыда
кӛрсетілген «Еуропейзацияланған» ӛкілдер кірді. Ӛлкелік мұсылмандар кеңесінің мақсаты
автономия құру болды. М.Шоқайдың пікірінше олар Түркістан болашақта ӛзін-ӛзі
басқаратын автономия болып, Ресей демократиялық Республикасының бір бӛлігі болуын
қолдады.
Кӛптеген жылдар бойы ұлттық азаттықты аңсап, ӛзімізді-ӛзіміз басқарсақ деген Ресей
мұсылмандарының мүддесін қорғаған ІY Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясы мен
оның жанындағы бюро мүшелері Ақпан революциясынан кейін жүзеге асқан саяси
ӛзгерістердің алғашқы күндерінен бастап-ақ халықтың саяси белсенділігін одан әрі
арттыруға тырысқан. Мұсылман фракциясы мен оның жанындағы бюро мүшелері жаңа саяси
жағдай Ресей мұсылмандарының азаттық қозғалысының негізгі мақсаттарының
орындалуына, яғни автономия алуға, жер мәселесін мұсылман халықтарының мүддесі
тұрғысынан шешуге жол ашады деп түсінді [5].
М.Шоқай 1936 жылы Ресейдегі 1917 жылғы революцияның жеңісін ондағы халықтың
қуанышын 19 жылдан кейін былай суреттейді: «1917 жылғы Ресей революциясы болғалы он
тоғыз жыл ӛтті. Бұл революцияны шын кӛңілден сүйсіне, тебірене қарсы алғанымыз әлі
есімде. Түркістандықтардың кӛбісі, әсіресе қарттар 1917 жылғы революцияны Ресей мен
Түркістанның ара жігін айырған 1916 жылғы Түркістан кӛтерілісінің заңды жалғасы деп
қабылдаған еді. Әттең бұл қуанышымыз ұзаққа бармады. Революция үмітімізді ақтамады,
сенімнен айырды, алданып қалғанымызды айқын кӛрсетті. Байтақ еліміз құрбан болған
перзенттерінің қаны мен тәніне толы болды. Түркістанның мыңдаған жігіттері бетіне жаңа
перде бүркенген ескі отаршылдыққа қарсы күресте опат болды. Мыңдаған жас Түркістан
қаһармандары Ресей зындандарында, айдауда шіріп жатты. Ондаған мың, жүздеген мың
түркістандықтар адам сияқты ӛмір сүру мүмкіндігінен айрылып, елінен безіп кетуге мәжбүр
болды. Асқан ықылас-ілтипат, зор үмітпен қарсы алынған революция кейін жалпы ұлттық
қасіретке айналды [2, 256]. М.Шоқай 1917 жылы ақпан революциясына осындай баға беріп,
сол кездегі шын мәнісіндегі ащы шындықты ашып кӛрсетеді.
Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкімет 1917 жылы 5 наурызда жергілікті
жерлерде басқару жұмысымен айналысатын жергілікті органдарды құру туралы қаулысын
шығарды. Облыс, уезд, болыс және ауылдарда ескі құлаған үкіметтің орнына жаңа Уақытша
үкіметтің басқару орындары қалыптаса бастайды. Бүкіл Ресей сияқты Қазақстанда да ол
билік орындары алғашқы кезеңде Азаматтық комитеттер (Гражданские комитеты) есебінде
пайда болды. Азаматтық комитеттермен бір мезгілде стихиялы түрде облыстық, уездік және
облыстық деңгейде Қазақ азаматтық Комитеттері қалыптаса бастайды. Комитет сайлауына
байланысты Мұстафа Шоқай ӛз ойын былайша білдірген еді: «Патшалық құлап, орыс
революцияшыл демократтары билік басына келсе, орыс мемлекетінің бізге жасаған қиянаты
жойылатынына әрі басқа ӛлкелерде кең ауқымда, ішкі ұлт мекемесі құрылатынына, бұл
ӛлкелерге орыс қоныс аударушыларының үдете кӛшуі тоқталатынына сенетінбіз. Сол
тұстағы бар тілегіміз тек осы еді» - дейді [3, 109].
Жаңа құрылған Қазақ комитеттері наурыз айынан бастап-ақ съездер ӛткізуге дайындық
жасай бастады. 1917 жылдың 1 сәуірінен 7 мамырға дейінгі аралықта облыстық қазақ
съездері Орынборда (Торғай облысының), Алматыда (Жетісу облысының), Оралда (Орал
облысының), Семейде (Семей облысының) және Омбыда (Ақмола облысының) болып ӛтті.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
11
1917 жылғы сәуір-мамыр айларында ӛткізілген облыстық және уездік қазақ съездері,
сол дәуірге сәйкес ұлттық комитеттер жүйесін құрды. 1917 жылы 2-8 сәуірде Орынбор
қаласында Торғай облысы қазақтарының ӛкілдерінің съезі болады, сол съезге М.Шоқайдың
қатысуы қажеттігі жӛнінде Ташкенттен жеделхат келеді. Ол жеделхатта дейді М.Шоқай:
«Маған шұғыл Түркістанға қайтып жол-жӛнекей Орынборда ӛтетін Бүкілқазақ
құрылтайында Түркістан туралы сӛз сӛйлеу тапсырылған еді. 1917 жылы 1-14 сәуір
аралығында мен Петербургтен Орынборға қарай келе жаттым» [2, 258 б.] дейді ол.
М.Шоқай Орынборға қарай сапар шегіп келе жатқанда Пенза қаласында 1916 жылы
майданның қара жұмысына алынған түркістандықтарға кездеседі. Олар вагондардың
рельстен шығып қалуына байланысты елге жете алмай тұрған екен. Сол іске Мұстафа
араласып, бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде майдандарға окоп қазуға жіберілген қазақ
жігіттерінің бір тобына аман-сау елге қайтуына кӛмектеседі.
М.Шоқай қатысқан Орынбордағы съезді сол кезде енді ғана Торғай облысына Уақытша
үкіметтің комиссары болып тағайындалған Әлихан Бӛкейханов ашты. Бұл құрылтайға қазақ
жерінің бәрінен делегаттар келді. М.Шоқай осы құрылтай ұлы түркі халықтарының бас
қосқан мызғымас бірлігін кӛрсететін сахнаға айналды деген пікір айтты. М.Шоқай қатысқан
бұл съезде қабылданған шешімдердің негізгілері мыналар болды: Бүкіл қазақ халқын
біріктіру, оның мұқтаждарын анықтап, шешу үшін жалпы қазақтық съездін шақыру,
құрылтай жиналысының құрамына қазақ халқынан депутаттар сайлау, жергілікті халыққа
міндетті түрде бастауыш білім беру т.б.
М.Шоқай бүкіл қазақ құрылтайынан кейін Түркістанға оралады. Бұл жерде ол
Түркістан комитетінің құрамына кіреді. Ӛлке кӛлеміндегі осындай лауазымды қызметке
тағайындалуы оның автономия алу жӛніндегі идеясының күрес тәсілдері арқылы іске
асырылуына кең мүмкіндік берді.
Түркістанда бұл кезде зорлық-зомбылық бұрынғы патша кезіндегіден де бетер үдеді.
Билікті қолына алған орыс жұмысшылары мен солдаттары революция мен оның
құрбандарының пайдасына деп халықты тонап, әртүрлі салықтар жинады. М.Шоқай осыған
байланысты: «Дүние жүзінде Түркістаннан басқа отар елдер бар. Ол жерлерде де үстем
таптың озбырлығынан жәбір шегіп жатқандар аз емес. Алайда, дәл орыстың отаршылдық
саясатындай сұмдықтарды тарих әлі кӛрген жоқ», [6, 58 б.] - деп жазды.
Ташкентте 1917 жылы 16 мен 21 сәуір аралығында І-ші Бүкілтүркістандық
Мұсылмандар съезі болып ӛтті. Оған 150 делегат қатысып, олардың ішінде М.Шоқайда
болды. Съездегі басты қозғалған мәселелердің бірі келешектегі Ресейді басқарудың
құрылымы туралы мәселе болды. Съезд уақытша үкіметті және оның бағдарламасын
мойындап, Ресей Федеративтік демократиялық республикасының барлық облыстарына,
соның ішінде Түркістанға автономия беруін қолдады. Съездің соңғы отырысында
Түркістандық ӛлкелік Мұсылмандар кеңесінің орталық басқару жүйесінің құрылуы туралы
шешім қабылдады. Ӛлкелік Мұсылмандар Кеңесінің басшысы болып Мұстафа Шоқаев
сайланды [4, 32-33 бб.].
1917 жылдың кӛктемінде тарихта бірінші рет жалпы аймақтық кӛлемде мұсылман съезі
шақырылды. Онда ӛзінің салттарын қорғап отырған халықтардың автономияға байланысты
нақты ұмтылысы жайлы айтылды. Съезд қорытындысында Қазанда шілде айында үш
съездің: ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезі, Мұсылмандық діндердің съезі және
мұсылмандық әскери съездің шақырылуы туралы айтылды.
М.Шоқай
Түркістандағы
ӛлкелік
шаруалар
депутаттармен
қырғыз-қазақ
депутаттарының кеңестерін біріктіруге мұрындық болды. Ол ұйым 1917 ж. 30 тамызда
ӛлкелік қырғыз және орыс шаруалары депутаттарының кеңесінің атқару комитеті деп
аталды. Атқару комитетінің тӛрағасы болып М.Шоқай сайланды. Бұл қызметте де жүріп
Түркістан халықтарының мүддесін кӛздейтін іс-әрекеттер жасады.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
12
Мұстафа Шоқай Ресей империализмі жағдайында оның құрамындағы кез келген шағын
ұлттарды ӛз еркімен тәуелсіз мемлекет құрып, оны ӛз күшімен қорғап, нығайтуы мүмкін
еместігін түсінді.
Мұстафа Шоқай 1917 жылы ӛзбек тілінде «Үлкен Түркістан» газетінің редакциясында
қызмет істеді. Бұл газет Түркістан татарлары басқармасы тарапынан басылатын және
түрікшілдер мен исламшылдардың мүддесін кӛздейтін [80, 250 б.]. Сонымен қатар ол
Алашорда үкіметінің мүшелері және жекелеген түркістандықтармен бірігіп, Ташкентте
түрікшіл әрі исламшыл «Бірлік туы» газетін шығарып, Мұстафа Шоқай оның бас редакторы
қызметін атқарып жүрген.
Ӛзімізге белгілі 1917 жылы 24 қазанда Петроградта қарулы кӛтеріліс басталып, бұл
оқиға бүкіл Ресей елінде, Түркістанда, Қазақстанның орталық аудандарында Кеңес ӛкіметін
құру, нығайтумен ұштасты. Ол кӛп жерлерде қан тӛгіссіз, бейбіт жолмен іске асты. Кеңес
ӛкіметі 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурыз аралығында Түркістанда, қазақ даласының
кӛптеген аудандарында орнады. Мұстафа Шоқай Қазан революциясын қазақ халқының қалай
қабылдағаны жӛнінде тарихи шындықты ашуға әрекет жасайды. Түркістан халықтарының,
соның ішінде қазақ жұртының да Қазан тӛңкерісіне ешқандай қатысы болмағандығын айтып,
большевиктер үкімет басына келгеннен кейін берген уәделерін орындамағанын сынайды.
Большевиктердің сӛзі мен ісінің арасында үлкен алшақтық бар екендігін нақты фактілік
негізде талдайды. 1917 жылы Қазан тӛңкерісінен кейін үкімет басына келген большевиктер
туралы М.Шоқай былай дейді: Пролетариат диктатурасы жарияланған елде ұлттардың ӛзін-
ӛзі билеу мәселесі туралы сӛз болуы да мүмкін емес. Түркістан халқы орыс
большевиктерінің жекелеген саясатына ғана қарсы күресіп жатқан жоқ, ол орыс
пролетарлары билігінің тұтас жүйесіне қарсы күресіп келеді - дейді [74, 100 б.].
Осындай пікірде болған М.Шоқай және де басқа Түркістан зиялылары ӛлке
халықтарының біртұтас ұлттық мемлекетін құру бағытында әрекет жасау қажеттігін түсінді.
Сӛйтіп Түркістан аймағын жеке республикаларға жіктеуден гӛрі М.Шоқай «бӛлінбейтін
біртұтас Түркістан» құру идеясын жоғары бағалаған. Қос революцияның тәжірибесіне
сүйеніп, ұлттық тәуелсіздікке ұмтылып отырған Түркістан халықтарын тізе қосуға шақырды.
Ол Түркістан халықтарының дербес тәуелсіз мемлекет құруы жолындағы алғашқы қадам
Автономия құру екендігін баса кӛрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |