Қазақстан тарихы әОЖ9(с)55 А92



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата05.03.2020
өлшемі1,3 Mb.
#59650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

СПИСОК
 
ЛИТЕРАТУРЫ: 
1.  ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 5936, Л.11. 
2.  ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 6483, Л.34. 
3.  ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 6234, Л.25. 
4.  ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 6489, Л.64. 
5.  ЦГА, Ф.1479, Оп.8, Д. 6657, Л.57. 
6.  Государственная программа по развитию малых городов РК на 2004-2006 гг.  
7.  Там же. 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
47 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазіргі  кезеңдегі  Оңтүстік  Қазақстан  аймағындағы  кіші  қалалар  мәселесі 
қарастырылған.  Қалалардағы  халық  саны,  ӛнеркәсіптердің  даму  деңгейі,  қала 
тұрғындарының әлеуметтік жағдайы баяндалған. 
 
SUMMARY 
In  article  are  shown  the  analysis  of  economic  development  of  the  small  cities  of  Youzhny 
Kazakhstana  showed  that  high  rates  of  an  urbanization  were  reached  generally  at  the  expense  of 
unilateral development of natural richness of the country. 
 
 
 
ӘОЖ 9(С)55 Қ 23 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ РӨЛІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ 
 
Қаипбаева A.T. – 
т.ғ.к., доцент м.а. 
Қазақстан, Алматы қ., 
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті
 
 
Аннотация:  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  халықаралық  құқық 
субъектісі  ретінде  дүние  жүзілік  қатынастар  аренасына  шықты.  Қазақстан  егемендіктің 
алғашқы  жылдарынан-ақ,  халықаралық  саяси  жүйеде  ӛзінің  бағыт-бағдарын  анықтау 
мәселесін қойды. Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы-ТМД мемлекеттерімен, Азия, 
Тынық  мұхит,  Таяу  Шығыс  аймағы,  Еуропа  елдері  және  АҚШ-пен  дипломатиялық 
қатынасты  ӛркендетіп,  мәдени-экономикалық  байланысты  күшейту  арқылы  ӛркениетті 
елдердің қатарына ену. Сонымен қатар, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау болып табылады. 
Сыртқы  саясаттың  негізгі  діңгегі  –  кӛпвекторлық.  Осыған  орай  мақалада,  Қазақстанның 
тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  сыртқы  саясатының  басым  бағыттары  аясында  атқарылған  іс-
шаралар, әлемдік қауымдастықтағы рӛлі мен нәтижелері  баяндалған. 
Түйін сөздер: Қазақстан, әлемдік қауымдастық, сыртқы саясат, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, 
Шанхай бестігі, АҚШ, ТМД елдері, ынтымақтастық, сауда айналымы.  
Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  халықаралық  құқық  субъектісі 
ретінде  дүние  жүзілік  қатынастар  аренасына  шықты.  Қазақстан  егемендіктің  алғашқы 
жылдарынан-ақ, халықаралық саяси жүйеде ӛзінің бағыт-бағдарын анықтау мәселесін қойды. 
Қазақстан  Республикасы  сыртқы  саясатының  тұжырымдамасын  Президент  Н.Ә.Назарбаев 
1992 ж. мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының 
стратегиясы»  атты  еңбегінде  атап  кӛрсетті  [1].  Қазақстанның  сыртқы  саясаттағы  ұстанымы 
ТМД мемлекеттерімен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-
пен  дипломатиялық  қатынасты  ӛркендетіп,  мәдени-экономикалық  байланысты  күшейту 
арқылы  ӛркениетті  елдердің  қатарына  ену.  Сонымен  қатар,  Қазақстанның  қауіпсіздігін 
сақтау  болып  табылады.  Осы  мақсаттар  негізінде  1991  жылдан  бастап  сыртқы  саясат  пен 
халықаралық қатынастар саласында кӛптеген шаралар іске асырылды. 
Сыртқы  саясаттың  негізгі  діңгегі  –  кӛпвекторлық  жол,  яғни,  кӛп  бағыттылық.  Ол 
Еуразия  жер  бӛлігінің  орталығында  орналасқан  Қазақстанның  геосаяси  жағдайына 
байланысты ӛмірдің ӛзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Этностық құрамның күрделілігі 
және  ашық  тұрпатты  нарық  қатынастарына  ұмтылысы  Қазақстанға  сыртқы  саясатта 
бейбітшілікті  жақтау  бағытын  ұстану  қажеттігін  алға  тартты.  Бұл  бағытты  Қазақстан 
мемлекеттік  тәуелсіздік  алған    бетте-ақ  дүние  жүзіне  жария  етті.  Шет  елдердің  тәуелсіз 
Қазақстанды  тану  үрдісі  ауқымды  және  біршама  жылдам  жүрді.  Тәуелсіздіктің  алғашқы 
жылы  ішінде  елімізді  108  мемлекет  танып,  оның  70-нің  дипломаттық  ӛкілдіктері  ел 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
48 
астанасында  жұмысқа  кірісті.  Бүгінде  Қазақстанды  дүние  жүзінің  180-нен  астам  мемлекеті 
танып,  120-дан  астам  елмен  дипломатиялық  қатынастар  орнатты.  Елде  68  елшіліктер  мен 
халықаралық  ұйымдардың  ӛкілдіктері  тіркелген.  Ал,  Қазақстанның  дипломатиялық 
ӛкілдіктері  әлемнің  100-ден  астам  елінде  ашылған.  Сондай-ақ,  Қазақстан  кӛптеген 
халықаралық ұйымдарға мүше. Ортақ мұраттар тӛңірегінде берік байланыс бар. 
Қазақстан  Еуропаны  Азия  -  Тынық  мұхит  ӛңірімен  байланыстыратын  сыртқы  саяси 
және  стратегиялық  тиімді  кеңістікті  алып  жатыр.  Осы  факторды  тиімді  пайдалану  үшін  
Ресей  және  Қытай  мемлекеттерімен  ынтымақтаса  отырып,  келер  ғасырлардың  босағасын  
бірлікте  аттаудың  маңызы  зор.  1992  жылдың  25  мамырында    Мәскеуде  Ресеймен  достық, 
ынтымақтастық және ӛзара кӛмек туралы шартқа қол қойылды. Бұлардың ішінде Қазақстан 
мен  Ресейдің  қазіргі  шекараларының  мызғымастығы  туралы  ереже  маңызды  болып 
саналады. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) қатынастарында да қомақты 
халықаралық құқықтық негіз қаланды. Қазақ-Қытай қатынастарында ең жоғарғы деңгейдегі 
саяси  байланыстарға  жол  ашылды.  Қазақстанның  аса  ірі  екі  кӛрші  елмен  қатынастарында 
ӛзара байланыстардың алғашқы кезеңіндегі  келісімдер мен шарттар халықаралық құқықтың 
қатаң шеңберінде  жүріп жатуының маңызы ӛте зор [2]. 
Қазақстан  ежелден  тарихи  тағдырлас,  этностық  туыс  елдермен  –  Әзірбайжанмен, 
Қырғызстанмен,  Түрікменстанмен  сан  салалы,  қоян-қолтық  байланыстар  жасап  келеді.  Бұл 
елдердің  Қазақстанмен  шекаралас  әрі  КСРО  тұсында  тығыз  байланыста  болғаны, 
шаруашылығының бір-біріне тәуелділігі бұдан былайғы уақыттарда да қалыптасқан дәстүрлі 
қатынастарды жалғастыра беруді міндеттейді. 
1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында 
Қазақстан  Республикасы  ӛзінің  мәні  жӛнінен  аса  маңызды  тарихи  құжат  болған  46/224 
қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды. Осылайша,  Нью-Йорктегі  БҰҰ-ның 
зәулім ғимаратының алдындағы алаңда дүние жүзі  мемлекеттерімен бірге  Қазақстанның да 
аспан түстес кӛк туы желбіреп тұратын болды. 
БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  1992  жылғы  күзде  ӛткен  47-сессиясы  Қазақстан 
делегациясының БҰҰ-ның толық мүшесі ретінде қатысқан бірінші форумы еді. Бұл сессияда 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты 
туралы  келелі  сӛз  сӛйледі.  Қазақстан  Таулы  Қарабақ  пен  Тәжікстандағы  қақтығыстарды 
реттеуге  айтарлықтай  үлес  қосты.  Дүние  жүзілік  қауымдастық  бұны  қанағаттанарлықпен 
қабылдады.  Президент  Н.Ә.Назарбаев  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-сессиясында  сӛйлеген 
сӛзі қарулы жанжалдардың алдын алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің 
кӛрінісі іспетті болды. Азияда қауіпсіздік  пен орнықтылықты қамтамасыз ету бағдарламасы, 
соның  ішінде  Азияда  бірлесіп  қимылдау  және  сенім  шаралары  жӛнінде  кеңес  шақыру 
ұсыныстары салауатты қадам ретінде бағаланды. БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Бутрос 
Ғали Қазақстан президентінің Азиялық форум ұсынысын қолдайтынын білдірді. Осылайша, 
БҰҰ  қатарындағы  ӛзінің  мүшелігі  кезінде  Қазақстан  мемлекеттердің  халықаралық 
қоғамдастығына  ойдағыдай  ықпалдасып  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  онда  ӛзінің 
лайықты орнын да ала білді [3]. 
БҰҰ-ның  Бас  хатшысы  Кофи  Аннанның  Қазақстанға  2002  жылғы  17-18  қазандағы 
ресми сапары Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 
маңызды  белесіне  айналды,  ол  Қазақстан  мен  БҰҰ  арасындағы  онжылдық 
ынтымақтастықтың нәтижелерін баянды етті, сондай-ақ ӛзара іс-қимыл үшін жаңа келешекті 
белгіледі. 
Тәуелсіздік  алып,  одақтың  құрамынан  шыққан  мезеттегі  Қазақстанның  сыртқы 
саясаттағы  ұстанатын  тұрғысына  дүние  жүзі  елеңдей  кӛңіл  бӛлді.  Оның  себебі  Қазақстан 
аумағында  біршама  ядролық  қарудың  болуында  еді.  Ядролық  мемлекет  ретіндегі 
Қазақстанның тәртібіне деген ыждағаттылық осыдан туған болатын. Бұл тұрғыда Республика 
басшылығы дүние жүзі елдерінің қобалжуын ұзаққа создырмады. 1991 жылы желтоқсанның 
21-інде  Алматыда  қабылданған  декларацияда  ядролық  қаруға  қатысты  бірлескен    шаралар 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
49 
жүргізілу келісілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жӛніндегі  және су астында ядролық 
қаруды сынауға тыйым салу туралы (1963 ж.) шарттарға, табиғи ортаны, әскери немесе ӛзге 
ықпал  ету  құралдарын  дұшпандық  мақсатта  пайдалануға  тыйым  салу  туралы  конвенцияға 
(1976 ж.) ден қоятындығын білдірді. 
Шанхай  бестігі.  Қазақстан  Республикасының  соңғы  жылдардағы  сыртқы  саясатына 
«Шанхай  бестігі»  аталған  басқосулар  айтарлықтай  орын  алды.  1996  жылы  26  сәуірде 
Қытайдың  Шанхай  қаласында  шекаралары  шектесіп  жатқан  5  мемлекет  –  Қазақстан 
Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы мен 
Тәжікстан  Республикасы  басшыларының  алғашқы  кездесуі  ӛтті.  Осы  форумға  қатынасқан 
мемлекеттердің  басшылары  кейін  Мәскеуде  (1997  ж.),  Алматыда  (1998  ж.)  және  Бішкекте 
(1999 ж) кездесті. 
Осы  бес  елдің  жалпы  аумағы  жер  шарының  Еуразия  бӛлігінің  бестен  үш  бӛлігін, 
тұрғындарының  үлесі  дүние  жүзі  халықтарының  тӛрттен  бірін  құрайды.  Сондықтан  бұл 
«бестіктің» ынтымақтастығы мен ӛңірлік саясат жүргізудегі бағыттарының осы елдер үшін 
ғана емес, сонымен қатар жер  жүзі халықтарының тағдыры үшін де маңызы зор. «Шанхай 
бестігінің»  осы  кезге  дейін  ӛткен  тӛрт  кездесуінде  Қазақстан  делегациясы  айтарлықтай 
белсенділік  кӛрсетті.  1996  жылы  Шанхайда  ӛткен  алғашқы  басқосуда  ортақ  шекараларға 
байланысты  әскери  саладағы  сенім  мәселелері  талқыланды.  Мәскеуде  ӛткен  кездесуде 
шекаралық  аудандардағы  қарулы  күштерді  қысқарту  жӛніндегі  құжатқа  қол  қойылды.  Ал, 
1998 жылы Алматы саммитінде «бестік» елдерінің ӛзара қатынастарындағы басым бағыттар 
айқындалып, осы елдер арасындағы сауда – экономикалық қатынастарды теңдік және ӛзара 
тиімділік негізінде дамыту мәселелері талқыланды. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, Қырғыз Республикасының 
Президенті  А.Ақаевтың,  Қытай  Халық  Республикасының  Тӛрағасы  Цзян  Цземиннің,  Ресей 
Федерациясының  Президенті  Б.Ельциннің,  Тәжікстан  Республикасының  Президенті 
Э.Рахмоновтың  қатысуымен  1999  жылғы  24-25  тамызда  Бішкекте  ӛткен  басқосуда  осыдан 
бұрын  Шанхайда,  Мәскеуде  және  Алматыда  қол  жеткен  келісімдердің  орындалу  барысы 
жӛнінде  пікір  алмасылды,  ӛңірдегі  қауіпсіздік  пен  қарым-қатынас  мәселелері  талқыланды 
және «Бішкек декларациясы» деген маңызды құжат қабылданды. 
Осы кездесудің алдында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытай 
Халық Респуликасының Тӛрағасы Цзян Цземинмен әңгімелесті. Мемлекет басшылары екі ел 
арасындағы  қатынас  оңды  бағытта  дамып  келе  жатқандығын  атап  ӛтті.  Қазақстан  ТМД 
елдері  арасында  тауар  айналысы  бойынша  Қытай  үшін  екінші  әріптес  болып  отырғаны 
айтылды.  
Соңғы  кезде  ұзаққа  созылған  келіссӛздер  нәтижесінде  екі  ел  арасындағы  шекаралық 
мәселелер  екі  жақ  үшін  де  әділ  шешімін  тапты:  Шағын-Оба  асуы  мен  Сарышелді  ӛзені 
аудандарындағы  даулы  болып  келген  жерлер  жӛнінде  Қазақстан  мен  Қытай  арасында 
келісімге қол жетті. Жалпы кӛлемі 1000 шаршы шақырым болатын осы даулы жердің, 57%-ы 
Қазақстанға, 43%-ы Қытайға жатады деп шешілді. 
Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей  Федерациясы  президенттері  екі  мемлекет 
арасындағы  мәселелердің  ӛз  деңгейінде  толық  шешілгендігін  мәлімдеді.  Екі  ел  арасында 
мәңгілік достық пен қатынастар жӛніндегі Декларация қабылдау, мұнай шығару, ӛңдеу және 
тасымалдау,  Байқоңыр  ғарыш  алаңын  пайдалану  туралы  келісімдерге  қол  жетті.  Қазақстан 
Президенті  Н.Ә.Назарбаев  пен  Ресей  Президенті  В.Путин  2005  ж.  18  қаңтарда  Қазақстан  – 
Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға 
болатын  осы  құжат  бойынша  екі  ел  үшін  де  айрықша  маңызы  бар  шекара  мәселесі 
халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Елбасы атап ӛткендей, «қадым замандардан 
қазақ-орыс  елдері  арасында  шекара  бірінші  рет  заңды  түрде  тартылып  отыр».  Әлемдегі 
жерүстілік  ең  ұзын  саналатын,  жалпы  аралығы  7591  шақырымды  құрайтын  бұл  шекара 
сызықтары  белгіленіп  және  мойындалып,  екі  мемлекет  арасындағы  мызғымас  достықтың 
сенімді кепілі ретінде бағаланды [4]. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
50 
Қазақстанның  жекелеген  мемлекеттермен  және  кейбір  ӛңірлердегі  елдер  тобымен 
арақатынасына  тоқталар  болсақ,  Ашық  теңізге  тікелей  шыға  алмайтын  Қазақстан  үшін 
Каспий  және  оңтүстік  арқылы  Қара  теңіз  бен  Жерорта  теңізіне  шығу  мәселелері  маңызды. 
Қазақстанның  әсіресе  Түркиямен  қатынастары  жақсы  дамыды.  Республика  аумағында 
жүздеген  қазақ-түрік  бірлескен  кәсіпорындары  пайда  болды.  Қысқа  мерзімде  Түркияның 
белсенді  қатысуымен  Алматыда  «Анкара»  қонақ  үйі  салынды.  Қазақстанның  түрлі 
деңгейдегі  делегациялары  Түркияда  ӛткен  конференцияларға  қатынасса,  түрік  ғалымдары 
Қазақстанда  болған  ғылыми  форумдарда  белсенділік  кӛрсетті.  Жүздеген  қазақ  жастары 
Стамбул мен Анкараның университеттерінде оқыды. 
Сонымен қатар, Қазақстанның дамыған Батыс державаларымен қатынастары да басты 
назарға  алынған.  КСРО-ның  ыдырауына  байланысты  дүние  жүзіндегі  күштердің 
орналасуындағы  екі  полюстік  сипат  кӛмескіленіп,  кӛп  полюсті  сипат  белең  ала  бастады. 
Осыған  орай  дүние  жүзіндегі  ең  қуатты  держава  –  Америка  Құрама  Штаттарымен 
қатынастарға  тиісті  мән  берілуде.  Қазір  Вашингтонның  халықаралық  даму  үрдісіне  орасан 
зор екені белгілі. Қазақстанның бұл елмен ара-қатынасы ӛзара мүдделерінің тең құқықтығы 
мен теңдігіне негізделуде. 
Қазақстан  үшін  республика  экономикасын  айтарлықтай  инвестиция  беріп  отырған 
Америка  Құрама  Штаттарымен  іскерлік  қатынастар  орнатудың  маңызы  зор.  АҚШ 
Қазақстанның  мәдениеті  мен  білім  саласын  дамытуға  да  қол  ұшын  беруде.  «Болашақ» 
бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың, Францияның, Германияның оқу 
орындарында білімдерін жетілдіруде. 
Қазақстанның  Батыс  Еуропа  мемлекеттерімен,  соның  ішінде  Англиямен  қатынасы 
егемендік жарияланбай тұрған кезде басталған болатын. Содан бергі уақыт ішінде бұл елмен 
байланыс  қанағаттанарлық  деңгейде  дамып  келеді.  1992  жылдың  күзінде  президент 
Н.Ә.Назарбаев  Германияда  болып,  канцлер  Г.Кольмен  кездесті.  Кездесу  нәтижесінде  екі 
мемлекет  арасындағы  қатынастардың  негіздері  туралы  бірлескен  мәлімдеме  жарияланды. 
Сол жолы Қазақстанның Елбасын Елисей сарайында Франция президенті Ф.Миттеран қарсы 
алды.  Бұл  елмен  достық,  ынтымақтастық  және  ӛзара  түсіністік  туралы  шарт  жасалынды. 
Н.Ә.Назарбаев жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды. 
Келіссӛздер Қазақстанның сыртқы саясаты қызметінің еуропалық бағытта жаңа серпін 
алуына  септігін тигізді. Қазақстан Венгриямен, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен ӛзара 
тиімді қатынастар орнатты [5]. 
Қуатты  әскери-саяси  ұйымдармен  қатынастар.  Варшава  шарты  ұйымы  тарағаннан 
кейін  қазіргі  әлемде  НАТО-ның  рӛлі  жаңаша  кӛріне  бастағаны  белгілі.  Қазақстанның  осы 
әскери  ұйыммен  жақындасуына  ілік  пайда  болды.  НАТО-ның  Еуропа  және  ТМД  елдеріне 
жәрдемдесуге,  аймақтық  қақтығыстардың  алдын  алуға  мүмкіндіктері  бар.  Осыны  ескере 
отырып, Қазақстан НАТО-мен байланысты кеңейту шараларына ден қоюда. 
Қазақстанның  Оңтүстік-Шығыс  Азияда  АСЕАН  (Оңтүстік–Шығыс  Азия  елдерінің 
ассоциациясы)  мемлекеттерімен  және  Моңғолстанмен  қатынастары  да  жолға  қойылып 
келеді. 
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат  – бейбітшілік, соғысты болдырмау. 
Қазақстанның жалпы адамзаттық қауымдастыққа тӛте енуіндегі үлкен қадамдардың бірі 1992 
жылы  Финляндияның  астанасы  Хельсинкиде  жасалды.  Шілденің  8-күні  мәтіні  Финляндия 
үкіметіне  сақтауға  тапсырылған  Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жӛніндегі 
кеңестің  қорытынды  актіне  бұрынғы  Кеңес  Одағы  мен  Югославия  Федерациясынан 
тәуелсіздік  алып  шыққан  бір  топ  мемлекеттердің  басшыларымен  бірге  Қазақстанның 
Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойды. Жер шарында бейбітшілікке қол жеткізу мұраттарын 
жүзеге асыруда үлкен рӛл  атқарып келген осы бір маңызды құжатқа қол қойып, оған бейіл 
танытумен  Қазақстан  дүние  жүзі  халықтарының  алдында  салауатты  саясат  жүргізетін 
мемлекет екендігін кӛрсетті. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
51 
1992 жылғы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында тұңғыш рет Қазақстан 
Республикасының Президент Н.Ә.Назарбаев Азиядағы ӛзара ic-қимыл және сенім шаралары 
жӛніндегі  кеңесті  (АӚСШК)  шақыру  туралы  идеяны  ұсынды.  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 
1993  жылдан  1998  жылға  дейінгі  кезеңде  Азия  елдері  сыртқы  істер  министрлері 
сарапшыларының  кездесулері  ӛткізілді.  АӚСШК-нің  базалық  құжаттарының,  жобаларын  - 
«АӚСШК  pәсімінің  ережелерін»,  «АӚСШК  принциптерінің  декларациясын»,  «АӚСШК 
кұрылымдары  мен  институттарын»  әзірлеу  үшін  Арнаулы  жұмыс  тобы  (АЖТ)  кұрылды, 
АӚСШК-нің  сыртқы  саяси  ведомстволары  басшылары  орынбасарларының  екі  кеңесі 
ӛткізілді.  
1999  жылғы  14  қыркүйекте  АӚСШК-ке  мүше  мемлекеттердің  сыртқы  icтep 
министрлерінің Алматы қаласында ӛткен 1-кездесуі және оның барысында АӚСШК-ге мүше 
мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принцип Декларациясына қол қойылды. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Азиядағы  кауіпсіздік  пен 
ынтымақтастықтың  кӛп  жақты  тетігін  құру  жӛніндегі  бастамасын  ұсынған  сәттен  бастап, 
Қазақстан дипломатиясының аса ipi жетістігіне айналды. Сонымен қатар, Алматы қаласында 
АӚСШК-ке  мүше  мемлекеттердің  сыртқы  icтep  министрлерінің  2004  жылғы  қазанда  2-ші, 
2008  жылғы  25  тамызда  3-ші  кездесулері  ӛтті.  Нәтижесінде,  АӚСШК-ге  мүше-
мемлекеттердің  әлемдегі  және  ӛңірдегі  қауіпсіздіктің  тиімді  меселелері  бойынша  бepiк 
ниеттес  кӛрегендігі  және  ұстанымы  керсетіліп,  «АӚСШК-нің  сенім  шараларын  icкe 
асырудағы процесі» Декларациясын қабылдады. 
2002 жылғы 3-5 маусымда Алматы қаласында АӚСШК-нің тұңғыш саммиті  ӛткізілді, 
оған  Қазақстан,  Ресей,  Қытай,  Пәкістан,Түркия,  Монғолия,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және 
Ауғанстан  президенттері,  Әзірбайжан  мен  Үндістанның  премьер-министрлері,  Иранның, 
Египеттің,  Палестина  мен  Израильдің  уәкілетті  ресми  тұлғалары,  АҚШ,  Индонезия, 
Малайзия,  Жапония,  Таиланд,  Вьетнам,  Украина  жене  Корея  Республикасы  бақылаушы-
мемлекеттерінің  ӛкілдері,  сондай-ақ  EҚЫҰ,  БҰҰ  және  АМЛ-ның  (Араб  мемлекеттері 
лигасы)  бақылаушы-ұйымдарының  басшылығы  қатысты.  Саммит  барысында  Алматы 
актісіне,  лаңкестікті  жою  және  ӛркениеттер  арасындағы  пікіp  алысуға  жәрдемдесу  туралы 
Декларацияға қол қойылды. 
Алматы  саммитінің  бірегейлігі  мынада:  оған  сол  кезде  араларында  жанжалдар 
шиеленісті  күйге  жеткен  елдердің  басшылары  қатысты,  олар:  Үндістан  мен  Пәкістан, 
Палестина  мен  Израиль.  Сӛйтіп,  АӚСШК  сол  кездің  ӛзінің  міндет-мақсатын,  яғни 
проблемалар мен жанжалдарды реттеудің ымыралы жолдарын іздестіру мақсатындағы пікір 
алысу  үшін  ашық  форум  болу  міндетін  қуаттай  алды.  Ал,  2006  жылғы  17  маусымдағы 
саммит  барысында  Хатшылық  туралы  келісімге  Алматы  немесе  Астана  қалаларында  штаб-
пәтері  бар  қол  қою  Азиядағы  ӛзара  ic-қимыл  және  сенім  шаралары  жӛніндегі  кеңесті 
институттық тұрғыда нығайтуға қосылған елеулі үлес болды. 
Қазақстан  БҰҰ  мүшесі  ретінде  ЮНЕСКО,  ЮНИСЕФ,  ЭКОСОС,  УВКБ  сияқты 
ұйымдардың қызметіне белсене қатысады. Сонымен бірге халықаралық беделді ұйымдармен 
–  Халықаралық  валюта  қоры,  Қазақстан  Халықаралық  қайта  құру  және  ӛркендеу  банкіне, 
Еуропалық қайта құру және ӛркендеу банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне, Еуропадағы 
қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және т.б. қатынас жасайды.   
Әлемдік  деңгейдегі  оқиғалардың  бірі  2003  ж.  ақпанда  Алматыда  ӛткен  бірінші 
Бейбітшілік  және  келісім  жӛніндегі  халықаралық  конференция  болды.  Ол  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  ұсынысымен  шақырылды.  Ӛркениеттер 
мен  халықтар  арасындағы  әлемдік  диалогтың  алға  басуы  туралы  оның  бастамасының 
шынайы іске асуының кӛрінісі еді. Онда Елбасы тӛрағалық етуге сайланды. Бұл форумның 
жұмысына  Қырғызстан  мен  Тәжікстанның  президенттері,  Түркия,  Әзірбайжан, 
Ауғанстанның  жоғары  лауазымды  ӛкілдері,  дипломаттар,  діни  ұйым  басшылары,  кӛрнекті 
саяси  қайраткерлер  қатысты.  Конференцияға  және  Н.Ә.Назарбаевтың  атына  АҚШ 
президентінің,  Түркия,  Украина,  Израиль  премьер-министрлерінің,  АҚШ-тың  бірқатар 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
52 
сенаторларының  атынан  жолдаулар  келіп  түсті.  Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  сӛзінде 
конференцияның  мақсаты  «кӛптеген  мемлекеттердің  ӛкілдері,  дін,  мәдениет  және 
ӛркениеттер  арасында  ашық  диалог  қалыптастырып,  осындай  қиын-қыстау  кезеңде  әлемді 
әлдеқайда  қауіпсіздендіру»  екендігін  атап  кӛрсетті.  Конференция  қорытындысында 
«Бейбітшілік пен тұрақтылық жӛнінде» Біріккен декларация қабылданды [6].  
2007  жылы  30  қарашада  Мадридте  ЕҚЫҰ-ға  мүше  мемлекеттер  Сыртқы  істер 
министрлері  кеңесінің  жалпы  отырысында  Қазақстан  Ұйымының  2010  жылғы  тӛрағасы 
болып  сайланды.  2010  жылы  Қазақстанға  бұл  мүмкіндікті  берген  56  мемлекеттің  шешімі  – 
еліміздің  қол  жеткізген  елеулі  табысы.  Қазақстан,  Прибалтиканы  қоса  алғанда,  ТМД-нің 
ішінде әлемнің демократиялық дамыған елдері негізін қалаған осынау беделді халықаралық 
ұйымды  басқару  құрметіне  ие  болған  бірінші  ел.  Бұл  оқиға  Қазақстан  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  тәуелсіз,  экономикалық  жағынан  қуатты  және  демократиялық  мемлекет 
орнату жӛніндегі аса кӛрнекті жетістіктерін, біздің еліміздің тек ӛңірде ғана емес, сонымен 
бірге  бүкіл  әлемде  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  қосқан  үлесін  әлемдік  қауымдастықтың 
әділ  танып  білуінің  нәтижесі  еді.  Қолданыстағы  ережелерге  орай  ЕҚЫҰ-ның  Тӛрағасы 
Мемлекеттік  хатшы  –  Қазақстан  Сыртқы  істер  министрі  Қанат  Саудабаев  болды.    2010 
жылғы 14  қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің Венада 
ӛткен  отырысына  қатысушыларға  Үндеу  жолдады.  Ӛзінің  бейне  үндеуінде  мемлекет 
басшысы  ЕҚЫҰ  қызметіне  негізгі  кӛзқарастарды  баяндады,  Қазақстанның  Ұйым  тӛрағасы 
қызметіндегі  мұрат-мақсаты  мен  басым  бағыттарын  жариялады.  Н.Ә.Назарбаев 
Қазақстанның  тӛрағалығы  сенім,  дәстүр,  ашықтық  және  тӛзімділік  сияқты  принциптерге 
негізделетінін атап кӛрсетті. 
2010  жылы  1-2  желтоқсан  күндері  Қазақстан  Республикасының  елордасы  –  Астанада 
ӛткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті саяси мүмкіндіктің 
ауқымды  оқиғасына  айналды.  Астана  Саммиті  ұйым  тарихындағы  жетінші  саммит  болып 
табылады. Тәуелсіздігіміздің туын әлем аспанында желбіреткенімізге 19-ақ жыл болғанымен, 
Еуропа  мен  Азияның,  Солтүстік  Американың  56  мемлекеті  мүше  Еуропадағы  қауіпсіздік 
және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммиті Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ ТМД 
мемлекеттерінің  ішінен  бірінші  болып  Қазақстанда,  Астанада  ӛтті.  Әлемдегі  ең  беделді 
ұйымдардың бірі – ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада ӛтуі арқылы Қазақстан мемлекетінің, Қазақ 
елінің  тәуелсіздігі  тӛрткүл  дүниеге  түгел  танылып  қана  қоймай,  оның  дүрбелеңге  толы 
дүниежүзілік саясат сахнасының тӛрінен берік орын алғаны дәлелдеді.  «Астанадағы ЕҚЫҰ 
саммиті  Ұйымның  ӛзі  үшін  де,  сонымен  қатар  Қазақстан  үшін  де  сӛзсіз  маңызды  оқиға 
болды.  Астаналық  кездесуде  бірқатар  қатысушылар  арасындағы  ӛткір  пікірталас  аясында 
Қазақстан  ӛз  тӛрағалығын  жоғары  позитивті  нотада  аяқтап,  алға  қойған  мақсатын  тиімді 
орындай  алды.  «Еліміздің  еңсе  кӛтеріп,  әлемдегі  беделді  ұйымдардың  бірі  –  ЕҚЫҰ-ға 
табысты  тӛрағалық  жасағанының  жалғасындай  болып  ӛткен  саммиттің  үлкен  нәтижесі 
Астана  Декларациясының  қабылдануы  болды.  Астана  декларациясының  ӛзегi  –  ЕҚЫҰ 
мүшелерi  түгелдей  осы  ұйым  жұмысының  тиiмдiлiгiн  арттыру  жолындағы  жұмыстарды 
жалғастыруға  уағдаласты.  Сонымен,  басты  жеңіс  –  Декларацияның  қабылдануы.  Бұл  – 
Қазақстан дипломатиясының жеңісі болып табылатыны даусыз [7]. 
Еліміздің  халықаралық  деңгейдегі  дәрежесі  бұдан  кейін  де  ӛсіп,  2011  жылы  Ислам 
Ынтымақтастық  Ұйымының  (ИКҰ)  Сыртқы  істер  министрлері  кеңесіне  (СІМК)  тӛрағалық 
ету  мәртебесіне  ие  болды.  Бұл  –  біз  үшін  үлкен  мәртебе.  Ӛйткені,  Ислам  Ынтымақтастық 
Ұйымы  ислам  әлемінің  басты  үкіметаралық  органы  ретінде  әлемдік  қоғамдастықта  ерекше 
орын  алып  отыр.  ИКҰ  бүгінгі  күні  Азия,  Африка,  Еуропа  және  Оңтүстік  Америка 
континенттерінен 1,5 миллиардтан астам тұрғыны бар 57 мемлекетті біріктіре отырып, БҰҰ-
дан  кейінгі  ең  ірі  халықаралық  ұйым  болып  табылады.  Бұл  ұйым  1969  жылы  құрылған 
уақытынан  бастап  барлық  мүше  мемлекеттердің  саяси  мәселелерімен  қатар,  әлеуметтік-
экономикалық,  ғылыми-техникалық,  мәдени  сипаттағы  түрлі  мәселелерді  шешумен 
айналысып келеді [8].  

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
53 
Қорыта  келгенде,  тәуелсіз  Қазақстан  дүние  жүзінің  кӛптеген  елдерімен  әрі  тарихи 
тағдырлас елдермен ынтымақтастық жағдайында ӛмір сүруге баса кӛңіл бӛліп, олармен тең 
дәрежеде  дипломатиялық  және  экономикалық  қарым-қатынастар  орнатты.  Қазақстан 
Орталық  Азияның  кӛшбасшысына,  халықаралық  құрметті  әріптеске,  халықаралық 
лаңкестікке,  есірткінің  жайылуы  мен  ядролық  қарудың  таралуына  қарсы  белсене  күресетін 
мемлекетке  айналды.  Тәуелсіздік  жылдарында  Қазақстан  әлемдік  қауымдастықтың 
толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты 
және нақты іс жүзіне асырылып отырды.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет