Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Абылай хан. Құраст. С. Дәуіт. Жауапты ред. Р.Бердібай. Алматы. Жазушы. 1993 –
416 б.
2. Тарақов Ә. Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің
кӛркемдік тағылымы). – Алматы, Қазақ Университеті, 2004 - 341 бет.
3. Жұмаділов Қ. Дарабоз: Тарихи роман.- Бірінші кітап, Алматы. Шабыт, 1994. - 416
бет.
4. Казахско-русские отношение в ХҮІ-ХҮІІІ вв. Құжаттар мен материалдар жинағы.
А., 1971, 31 бет.
5. Уалиханов Ш. Шығармалар жинағы, 4-том, 1985.
6. Қазақ совет энциклопедиясы. 2-том, 368 бет.
7. Қазақ совет энциклопедиясы. 2-том, 368 бет.
8. Қазақ совет энциклопедиясы. 2-том, 368 бет.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается жизнь и общественная деятельность великого казахского
хана Абылая.
S
UMMARY
The article discusses the life and social activities Abylai.
ӘОЖ 9(с) 55Ж44
ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ШУ ӨҢІРІНЕ БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ
ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ
Жүрсінбаев Б.А. – т.ғ.к.
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік
педагогикалық университеті
Аннотация: Бұл мақалада патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды толық ӛз билігіне
ӛткізу мақсатында Шу ӛңірлеріне әскери құрылымдарын аттандыру жолындағы іс-әрекеттері
баяндалады. Сонымен қатар, осы әскери жорықтары сәтті аяқталуы үшін патша әскери-
әкімшілік орындарының жергілікті рубасыларын Ресей билігіне тарту жолындағы айла-
амалдары мәселе ретінде қарастырылады. Аталмыш мәселелерді талдау барысында оның
мәні, мақсаттары, себебі мен салдарлары жан-жақты кӛрсетілген.
Түйін сөздер: патша үкіметі, Оңтүстік Қазақстан, патша әкімшілігі, Ұзынағаш
шайқасы, қазақ, қырғыз,
Ұзынағаш түбінде болған шайқас кезінде жеңіске жеткен Жетісудағы патша әкімшілігі
Шу бойына жорыққа шығатын әскерін жасақтай отырып, ӛлкеде мекендеген қазақ пен
қырғыз руларының арасындағы бірлікті бұзып, орыс әскерлерін бірігіп қарсы тұрмас үшін
руаралық талас-тартыстарды күшейтіп, жер дауы арқылы бір-біріне қарсы қоюын
жалғастырады. Мұндай іс-шараларға әбден әккі болып алған Колпаковский қырғыздың
Құдияр манабына былай деп хат жазады: «Жантай деген руласың саған сарттарға зекет
бермедің деп қысым кӛрсетіп, жүргенін мен жақында білдім. ...Жантай сенен бай шығар,
оларға зекет тӛлей берсін, ал сен Мендеге қосыл және ештеңе берме. Сарттар енді бізге
қарсы жорықтарының шығынын толтыру үшін бір сабақ жіптеріңе дейін қалдырмайды, ал
сен ерегіскенде берме. Олар саған ештеңе істей алмайды, бізбен соғысу оларға қымбатқа
түскенін кӛрдің ғой. Мендемен қосыл, егер ол жақта қыстайтын жер аз болса, бері қарай
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
29
кӛш, мен сендерге жер беремін. Менде ақылды қарт, сен оны тыңда» дейді [1, 6-п.].
Колпаковскийдің «жанашырлығына» риза болған сарыбағыштардың кейбір ауылдары
Үшалматы маңына кӛшеді. Ӛз сӛзінде тұрған патша әкімшілігі Іленің оң жағалауына
жалайыр мен албан руларын қалдырады да, шапыраштылар мен сиқымдарды Іленің сол
жағалауына ығыстырады [2, 15-16-пп.]. Патша әкімшілігінің «қитұрқы» саясатына риза
болмаған қазақ рулары наразылық кӛрсете бастайды.
1861 жылы 6 тамызда қарамағындағы руларды «тәртіпке» келтіре алмаған Әли
сұлтанға Колпаковский былай деп хат жібереді: «Алматының батысында кӛшіп-қонған
қасқарау, шапырашты руларында тәртіпсіздік бой кӛрсетуде. Олардың басшыларынан пайда
жоқ, сіз, сұлтан, дулаттарыңыз туралы ұмытып кеткен сияқтысыз. Сондықтан ешқандай
тәртіп жоқ. Әр түн сайын барымта және ешкім де тау ӛткелдеріне, басқалар сияқты, қарауыл
қоюды ойламайды. Мен сізден тәртіп орнату үшін мұнда кӛшіп келуіңізді немесе ұлыңыз
Әбілезді жіберуді сұраймын. Ӛйтпеген күнде орныңызға, аға сұлтандыққа талапты бидің
бірін тағайындаймын» [3, 2-3-пп]. Осылайша патша әкімшілігі рулардың арасына жанжал
сала отырып, Ресей билігіне сенімсіз, бірақ қазақтар арасында беделі күшті билеушілерді
жӛнге салған. Патша әкімшілігінің нұсқауына толық мойынсұнғысы келмеген Әли сұлтан
Ресей билігіне қарсы шыққан руларға Әбілезді және сиқымдарды басқаратын Сұлтанбек
тӛрені аттандырады. Әли сұлтанның негізгі ойын, яғни, оның ӛз қазақтарының «бүлігін»
басып-жаншуға қатысып, ел алдындағы абыройынан айрылғысы келмегенін түсінген
Колпаковский есебінің дұрыс шықпағанына күйініп, Қараой шатқалы мен Ақтӛбе жотасына
қоныстанған қазақ руларына Іле бекетінен казак әскерлерін жазалауға жұмсайды [3, 16-17-
пп.]. Әскери министрге 1861 жылы 31 қаңтарда Омбыдан генерал-губернатор Дюгемаль:
«Сіздің бұйыруыңызбен жыртқыш сарыбағыштар мен Ұлы жүздің сатқын қасқарау, жаныс
руы жазасын тартты. Сотник Жеребьятов пен Ростовцевтің біз жақтан еш шығынсыз жеткен
жетістіктері толық әділетті, мен тек осындай жолмен ғана Шу жақтағы бізден бӛлініп кеткен
қазақ, қырғыз руларын қайтаруға болады деп үміттенемін, – деп жазды [4, 3-п.]. Мұнымен
қоса Дюгемаль Іле бекеті мен Қордайдағыдай Шу ӛңірінде бас кӛтерген ауылдар болса,
қарудың күшімен жазалауға тыйым салмаймын, қарулы қолмен жыртқыш топтарға қарсы
тез, әрі талмай қимылдаңдар деп нұсқау береді [4, 6-9-пп.].
Дегенмен, 1862 жылы қазанда Байсүгір, Қарабай, Керім, Тӛлебай, Иса сияқты ықпалды
билеушілер бастаған қазақтар Әбілес пен Сұлтанбекке бағынбай, салық тӛлеуден бас тартып,
Шудың арғы бетіне кӛшіп кеткен соң, Колпаковский сұлтандарды кері қайтаруға мәжбүр
болады [5, 3, 10-п.].
Сонымен қатар Жетісуды мекендеген руларды Ресей билігіне бағындыруда
Колпаковский басқа да амалдарды қолданып баққан. Сондай амалдардың бірі қазақтар мен
қырғыздардың арасына әскерлер жіберіп аманат алудан тұрды.
Жалпы жергілікті рулардан аманат алу олардың билеушілерін айтқанына кӛндіріп,
ықпалына түсіруде патша әкімшілігінің негізгі құралына айналған. Оған қасқараулықтардың
биі Керімнің тағдыры мысал бола алады.
Ӛлкеде орын алған саяси жағдайларға байланысты Керім би бастаған қасқараулықтар
Жетісудағы солто, сарыбағыш, қазақтың шапырашты, сиқым, жаныс, ботбай және тағы басқа
да рулар сияқты қоқандықтар немесе орыстардың жағына шығып отырады [6, 223-п.]. Шу
бойына
жорыққа
шығуға
дайындалған
патша
әкімшілігі
қасқараулықтардың
қоқандықтардың жағына шығып кетуінен қорқып, Керім бидің қонысына әскерлерін
жібереді де Керіммен бірге Жалаңкӛз, Тӛлебай, Тойбай, Байсуан, Асылбек сияқты ықпалды
деген рубасыларынан кепілдікке балаларын Верныйға алып кетеді. Оны естіген қоқандықтар
да орыс әскерлерінен қорғану үшін Пішпек бекінісінің басқарушысынан кӛмек сұрап келген
Керім бидің баласын кепілдікке алып, қасқараулықтарды Шудың арғы бетіне ӛтуді талап
етеді. Қоқандықтардың ісіне жауап ретінде Колпаковский де қарап қалмай қасқарау,
сиқымдардан 380 жылқы, 200 қой және 15 түйені, олармен бірге қоныстанған Сұраншы
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
30
батырдың туыстары болып келетін шапыраштылардан 160 жылқы, 800 қой, 96 ірі қара малы
мен 11 түйені тартып алады [7, 90, 93, 104-пп.].
Патша әкімшілігінің қоқандықтармен болған талас-тартысының аяғы 1862 жылы
19 наурызда Батыс Сібір генерал-губернаторы Дюгемальдің Алатау округының бастығы
Колпаковскийге әскери топты бастап Пішпек, Ақсу мен Меркеге қарaй жорыққа шығу
туралы бұйрығымен бітеді. Колпаковскийдің 1862 жылы ақпанда Шу бойына келуі Қоқан
хандығының ықпалындағы қазақтардың арасында толқулар туғызып, орыс әскерінің
құрамындағы албандардың сұлтандары қазақтар мен қырғыздарға орыстардың жағына
ӛтіңдер, патша әкімшілігі ешкімге қастық жасамайды десе, қоқандықтар жағындағы
дулаттың сұлтандары Колпаковский сендерді алдап шақырып алып, итжеккенге айдайды деп
үгіттейді. «Біреу олай дейді, біреу былай дейді, кімге сенерімізді білмей қалдық» – деп
жазады Колпаковскийге Сұраншы батыр [7, 19-п.]. Колпаковский болса сарыбағыштың
тынайларының манабы Жантай Қарабекұлына бізге шын берілгенің рас болса, онда
тұтқындағы барлық шапыраштыларды босат және Үмбетәлінің ӛзіңе жазған Қоқан ханының
ӛлгені туралы хатын маған бер деп талап етсе [7, 12-п.], Сұраншы батырға «тезірек келіп,
жайылымдық жеріңді ал, сен келген соң, Керімнің де жазасын берермін» деп үміттендіріп
қояды [8, 21-п.]. Дегенмен жоспар бойынша қимылдаған Колпаковский бастаған орыс
әскерлері 1862 жылы 13-24 қазан аралығында 10 күнгі қоршаудан кейін Пішпекті ӛзіне
қаратады. Пішпек алынған соң 1863 жылы патша ӛкіметі қоқандықтардың ірі бекінісі
Әулиеатаны басып алу үшін Лерхе бастаған орыс әскерлерін жібереді. Әулиеата маңында
Ресейдің билігін мойындаймыз деп уәде бергенмен әлі де діндес, бауырлас қоқандықтарға
ниеттес болып отырған қазақ, қырғыздар басым болып, бекіністі негізінен Ұлы жүздің
қазақтары мен 2000 қоқандық әскер қорғап тұрады [8, 89-п.].
Әулиеатаға шабуыл жасап, оны ала алмаған подполковник Лерхе 22 мамыр күні
Әулиеатадан 5 шақырым жердегі Талас ӛзені бойына орналасып, патша әкімшілігінің
нұсқауымен Талас ӛңіріндегі беделді қазақ пен қырғыз билеушілерін Ресей ықпалына тарту
үшін әр түрлі әдіс-айла қолдануға кӛшеді. «Таластың тӛменгі ағысында аса құрметті және
ықпалды кісі, шымырдың Байзақ биі кӛшіп-қонады, оған назар аударып, қолдарыңызда бар
сыйлықтың ең қымбатын сыйлаңдар және тағы бір атақты тұлға – Сиқым биі Құдайбергенге
де назар аудару керек» - делінеді оған берілген бұйрықтарда [8, 143-п.].
Осы нұсқауларды басшылыққа алған Лерхе Байзақ пен Құдайберген датқаларға,
шымыр руының биі Үмбет Таңсыққожаұлына, ботбай руынан Тойшыбек бидің ұлдары –
Байсейіт батыр мен Керімбек биге, жаныс руынан Қашқынбай биге, қырғыздың Жантай,
Мырзалы, Сауранбай, Рысқұлбек, Құдияр, т.б. манаптары мен билеріне хат жазып, оларға
сыйлықтар үлестіріп, Ресей билігінің қызметіне тартуға ұмтылып бақты.
1863 жылы мамырда Лерхенің талап етуімен ӛзіне Байзақ датқаның немересі
Әбдірахман мен бұл ӛңірде аса құрметке ие ботбай руының биі Керімбек Тойшыбекұлын
алдырып олардан Жаңғараш манаптың орыс әскерін жойып жіберуге қазақ пен
қырғыздардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы құнды мәлімет
алады. «Тылымызда Әулиеата, алдымыз бен екі жанымызда Жаңғараштың бірнеше мыңдық
атты әскері бізді мазалауы және суды бұрып алуы мүмкін болғандықтан шабуылға шығу аса
қауіпті, кері қайтсақ, мұндағылардың бәрі қоқандықтарды қолдап кетеді. Жаңғараш бірнеше
мыңдық адамды атқа қондырды және орыстарды құрту үшін кӛрші ауылдардың бәрін ӛзіне
қосылуға шақырып жатыр» – деп кӛрсетеді Лерхе [8, 212, 213-пп.]. Бұлармен бірге Байзақ
датқа да орыс әскеріне хабар-ошар беріп, Жаңғараш манаптың Әулиеата бегі Атабекке
жазған 2 хатын және Атабектің Ташкенттен кӛмек сұрап жазған 4 хатын ұстап қалып,
орыстарға жібереді [8, 203-п.].
1863 жылы Ерекше комитетте ӛткен отырыста Д.А.Милютин Орталық Азия
хандықтары жӛнінде баяндама жасап, онда Қаратау жотасы арқылы шеп жасау мақсатында
Сібір корпусына Әулиеатаны алу ұсынылады. 1863 жылы 20 желтоқсанда баяндаманы патша
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
31
ӛкіметі бекітіп, Қоқан хандығына қарсы алдын-ала келісілген жорықты 1864 жыл барысында
бастауға берілген бұйрыққа қол қояды
9, 4 б.
.
Патша ӛкіметі Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жорықтарына кеткен шығынын
Ресейдің билігін мойындаудан бас тартқан Шудың арғы бетіндегі халықтардың дүние-мүлкі
мен малдарын тонап, сату арқылы жабуға тырысты. Оны Алатау округ бастығының Батыс
Сібір корпус командиріне берген №2262 мәлімдемесінен анық байқаймыз. Онда: «1860
жылы Пішкек бекінісін алған кездегі жылқылардан 1501 сом 31 тиын және 1861 жылы
әскери старшина Бутаковтың бізге жау Шу қазақтарынан тартып алынған малдарды
сатқаннан кейін 2337 сом 60 тиын ақша түскен еді. Соны Шудың арғы бетіне аттанған
әскердің шығынына жұмсамақпыз»,- делінген
10, 12 п
.
Орыстардың әскери-әкімшілік орындарының зорлық-зомбылығына шыдамаған Ұлы
жүз қазақтарының бір тобы Шу ӛлкесіне кӛшіп, Қоқан хандығын паналаса, екінші бір бӛлігі
Қытай шекарасына ӛтіп кетіп отырған. Шу бойына негізінен шапыраштылар мен
дулаттардың рулары кӛшкен. Осыған байланысты дулаттардың аға сұлтаны Әли Әділовке
қарамағындағы елге иелік алмағаны үшін дуан бастығы талай рет ескертулер жасаған. Орыс
әкімшілігінің заңсыз әрекеттерінен кӛшкен қазақтарды кері қайтаруға Іле пикетінен
казактарды талай рет жазалауға аттандырған. Жалпы алғанда Іле ӛлкесіндегі қазақтардың
наразылығын басып жаншуға арналған 320 жаяу әскер мен казактардың үш жүздігінің азық-
түлігі мен мініс аттарына патша ӛкіметі қазынадан ешқандай қаражат бӛлмеген. Оны Алатау
округ бастығы жергілікті тұратын қазақтар мен қырғыздардан жинаған
1, 109 п
.
Албандар мен суандар да орыстардың қысымына шыдай алмай Қытайдың шекарасынан
асып, сол жақты паналаған. Қытай жеріне қашқан қазақтардың соңына түскен казактар
олардың малдары мен дүние-мүлкін тартып алып отырған. Мәселен, Борохудзир деп
аталатын орыстардың әскери бӛлімі Ұлы жүз қазақтарының қоңыр бӛрік рулары қытайға
ӛтпек болғанда, оларды қуып жетіп 8 киіз үйін, 7 қап тарысын, 3 қазанын, 20 түйесін, 25
сиыры мен 91 қойын заңсыз олжалаған
11, 9 п
.
1864 жылдың басынан бастап екі жақта соғысқа жан-жақты дайындық шараларына
кӛшіп, Қоқан хандығындағы билікті ӛз қолдарына алған қазақ қыпшақтары бекіністердің
қорғаныс қабілеттерін арттыру жӛнінде жігерлі шаралар қолданып, әскери қатарын да
жергілікті қазақ руларынан, әсіресе, Ташкент ауданындағы қазақтың құрама руларын,
негізінен алғанда шанышқылы руын да тартады
12, 131 б.
. Жауға қарсы бірлесіп тұру үшін
кӛшпелі қазақ ауылдарына ӛз жаршыларын аттандырады.
Осы мақсатпен 1864 жылы ақпан айында Әулиеатаға Әлімқұлдың тапсырмасымен
Ташкент парванашасы Нұрмұхамед келеді. Ол Шу алқабындағы қазақтар мен қырғыз
руларын Қоқан жағына тартып, оларды Ресеймен күресте қоқандықтармен бірігуге шақырған
әр түрлі үндеу хаттар таратады. Патша ӛкіметі қоқандықтардың бұл әрекеттерін іске асырмау
және қазақтар мен қырғыздардан аманат алу үшін әскери старшина Бутаков бастаған бір
зеңбіректен тұратын 200 казакты қарсы аттандырады
13, 1-2 п
. Берілген тапсырманы
ойдағыдай орындаған Бутаков қырғыздардың ықпалды билері Байтік, Корчи, Макеш,
Шайділда, Жаңғараштың жақын туысы Ӛзбек Бошкоев, Менде, Жантай манаптың ұлы
Мырзалыны кепілдікке ұстау үшін Верныйға алып келіп, олардан қоқандықтарға
қосылмауын және орыс әскерлерінің соғыс қимылдарына кедергі келтірмеулерін талап етіп,
орыс әскерлеріне жол кӛрсетуге және қазақ пен қырғыз милициясына адам беруге кӛндіреді.
1864 жылы мамырда орыс әскерлерінің Қоқан хандығына шабуыл жасауға әзірлігі
аяқталып, дербес екі әскери қол, Перовскіден полковник Веревкин Түркістанға қарай, ал
Верныйдан полковник Черняев бастаған әскер шығады. 4 шілдеде Черняев Мерке бекінісін
ұрыссыз алып, Әулиеата бекінісіне бағыт ұстайды
14, с.335
. Әулиеата түбіне жақындаған
Черняев қазақтар мен қырғыздардың қоқандықтармен бірігуіне жол бермеуге ұмтылып,
олардың арасына ертеден сыннан ӛткен барымта дауын қоздырады. Нәтижесінде ӛз
мақсатына жеткен Черняев былай деп жазды: «Қазақтар мен қырғыздардың бұрыннан келе
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
32
жатқан ӛзара шағымдары мен бітіспес дауының кӛптігі мен шиеленіскені соншалық,
олардың келісуіне сену қиын болатын» [15, 206 п.].
Әулиеатаны қорғаған қазақтар мен қырғыздар Черняев әскерін әуелі Тектұрмас пен
Ақбұрымның жоталарына бекініп алып, шайқасқа кіреді. Бірақ қорғаушылар орыс әскерінің
зеңбірегінен бораған оғының астында қалғаннан кейін, бекіністің ішіне кіріп соғыспаса аяғы
қиынға соғатынын түсініп, Әулиеатаға шегініп кетеді.
Бекіністің бегі болған Ниязәлі датқа Черняевтің Әулиеатаны орыстарға ұрыссыз беру
туралы үзілді-кесілді талап хатын ӛзінің жеті биімен талқылау үшін, ойлануға екі апта рұқсат
сұрайды. Қорғанушылардың жауға берілуден бас тартқанына ашуланған Черняев
Қышмазардың түбіне орналасқан батареясына барлық зеңбіректерден атқылауға бұйрық
береді. Екі күн бойы зеңбіректерден атқылағаннан кейін ол отқа оранған қалаға екі бӛліктен
шабуылға шығады. Орыстардың шабуылына шыдай алмаған бекініс басшысы Ниязәлі би
бастаған 400 салт атты қазақ пен оның он бір ұлы Асы ӛзенін жағалап Әулиеатадан қашады.
1864 жылы 5 шілде күні таңертең патша әскері қаланы толық басып алады. Бекініске кірген
полковник Черняев қираған үйлер мен қырылып жатқан ӛліктердің арасында ішінен
ақтарылып түскен ішек-қарнын үстіндегі шекпеннің етегіне салып қойып, кӛл боп жайылған
қанының ортасында құбылаға қарап ӛз иманын ӛзі оқып отырған қаланың жеті биінің бірін
кӛргенде, ол басқа орыс офицерлерімен бірге аң-таң қалысады. Ӛйткені, ӛз ӛліміне ӛзі
соншалықты үлкен сабырмен қарап отырған қазақ биінің рухы ӛте биік және күшті еді [16,
114 б]. Әулиеата үшін болған шайқас жӛнінде Қоқан тарихшысы Аваз Мухаммад Аттор
Хуқандий былай дейді: «Орыстар Әзіреті Әулиеата қаласына келді. Ниязәлі бұл уәлаяттың
басында тұрған еді. Ол барлық адамдарын алып, Түркістанға Мырзадәулетке болысуға кетті.
Қала хәкімінен айрылды. Кәпірлер қорықпастан қаланы қоршауға ала бастады. Олар тӛрт
тараптан қала ішіне зеңбіректен оқ боратты. Уәлаят бұқарасы әрбір кӛше және базарларда
қайрат пен батылдықты ӛздеріне қалқан етіп, қала дарбазасынан шығып, қатты ұрыс қылды.
Бұл еш нәтиже бермеген соң, олар қала ішіне жасырынды. Дұшпандар түтін басып кеткен
заматты пайдаланып, тез бір зеңбіректі ішке алып кірді. Бұқара халық бала-шағасымен жан
аямай күресті. Әулиеаталықтар Шымкент жолына ынтызарлықпен кӛз тігіп, Ташкент хәкімі
Нұрмұхамедтен медет жәрдем күтті. Бұл кезде Нұрмұхамед күшбегі екі айдан бері
Шымкентте тұрып жатқан еді және бар оқиғаны біліп тұрып бейшараларға жәрдем бермеді.
Мұсылман жұртынан бұл ұрыста 1600 еркек және әйел шаһид болды» [17, 119-120 бб.].
Әулиеатаны алу кезіндегі орыс әскерлері тарапынан жасалынған зорлық-зомбылық тым
шектен шығып кетеді. «Әулиеатаны басып алуда орыс әскерлерінің Шоқанның діндестеріне,
а бәлкім, тайпаластарына, яғни, қазақтарға кӛрсеткен айуандығы оны қатты ренжітті, – деп
жазды Г.Н.Потанин, – ол енді бұдан әрі әскери жорыққа қатыса алмайтынын сезіп,
Черняевтан ажырап, Верныйға, одан әрі Құлжа жақта кӛшіп жүрген албандарды басқарушы
Тезек тӛренің ауылына кетіп қалды» [18, 364 б.].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 402-іс.
2. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 501- іс.
3. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 491-іс.
4. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 34-іс.
5. ӚРОММ. 715-қ., 1-т., 25-іс.
6. ӚРОММ. 715-қ., 1-т., 29-іс.
7. ҚРОММ, 3-қ., 1-т., 518-іс.
8. ҚРОММ, 3-қ., 1-т., 222-іс.
9. Серебренников А.Г. Туркестанский край. / Сбор материалов для истории его
завоевания. Ташкент. 1913. - 195 с.
10. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 218-іс.
11. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 735-іс.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
33
12. Бейсембиев Т.К. «Тарихи Шахруки» как исторический источник. - Алматы: Наука,
1987. - 200 с.
13. ҚРОММ. 3-қ., 1-т., 188-іс.
14. Военные
действия Зачуйского экспедиционного отряда летом 1864 г.
//Инженерный журнал. СПб., 1865. № 4. С. 334-351.
15. ӚРОММ, 715-қ., 1-т., 27-іс.
16. Бекназаров Р. Оңтүстік Қазақстан тарихының очеркі (ХҮІІІ-ХІХ ғ.) - Алматы:
Ғылым, 1976. -330 б.
17. Аваз Мухаммад Аттор Хуқандий. Тарихи Жахоннамойи // Шарқ юлдузи. – 1991. –
№ 8. – 119-141 бб.
18. Потанин Г.Н. Биографические сведения о Чокане Валиханове // Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч.: в 5 т. – Алма-Ата: Қазақ Совет энциклопедиясы, 1985. – Т.5. – 346-368 бб.
РЕЗЮМЕ
В данной статье на основе анализа архивных материалов рассматриваются
завоевательные походы царизма в Чуйский край и его последствия для местного населения.
S
UMMARY
In given article on base of the analysis archive material are considered завоевательные
marches tsarism in CHuyskiy edge and his(its) consequences for local population.
ӘОЖ 9(с)55 Ж45
ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАУЛАП АЛУЫ ЖӘНЕ
ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРСЫЛЫҒЫ
Жұбанышов Б.Т.-т.ғ.к.
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация: Бұл мақалада Черняев пен Веревкин бастаған орыс әскерлерінің
Оңтүстік Қазақстанды жаулау үшін жасаған басқыншылық жорықтары рет-ретімен
кӛрсетіледі. Әулиеата, Түркістан, Шымкент сияқты қалаларды аяусыз талқандаған орыс
әскерлерінің мейірімсіз, әрі жүгенсіз іс-әрекеттері баяндалған бұл мақалада автор оларға
қарсы Сыздық тӛре сияқты қазақтың біртуар батырларының ерліктерін жан-жақты паш етеді.
Түйін сөздер: Оңтүстік Қазақстан, Черняев, Веревкин, жаулау, патша әскері, қазақтар,
шайқас, Шымкент.
Черняев бастаған орыс әскерлері Әулиеатаға қарай жорыққа шыққанда Сырдария
шебінен шыққан Веревкин Оңтүстік Қазақстанның «есігі» болып табылатын Түркістанға
бағыт алып, 1864 жылы 24 мамырда оған шабуыл жасайды. Бірақ Түркістан қазақтары
қолына қару алып орыстарға қарсы жаппай кӛтеріліп, «ғазауатқа» соғысына шығып, туған
жерді қорғауға аттанады. Қаланы қорғаушыларға Кенесарының ұлы Сыздық сұлтан Созақ
пен Шолаққорған қорғанының қазақтарынан құралған 120 адаммен кӛмекке келсе, Қарабура
шатқалы жақтан Сарымсақ манаптың белсенді ұйымдастыруымен 400-ден аса адам жетсе,
Түркістанның бегі Мырзадәулет те қажырлылық танытып, мұсылман жұртын қаланы
қорғауға жұмылдырады [1, 202 б.]. Бұхар әмірі де барлық мұсылмандардың қасиетті қаласы
Түркістанды қорғаңдар деп үндеу таратады [2, 202 б.].
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
34
Түркістан түбіне жеткен Веревкин қаланың шығыс жақтағы дуалдарының астын кеулеп
қазып, жарылғыш оқ-дәрі толтырып, қопаруға бұйрық береді. Алайда Сыздық бастаған
қорғанушылардың түнде тұтқиылдан жасаған шабуылы Веревкиннің бұл жоспарын асырмай
тастайды.
Сыздық бастаған қазақтардың осы ерлігіне қарамастан күші мықты Веревкиннің әскері
бекіністі бірнеше кескілескен шайқастардан кейін ғана 2 маусымда басып алады
[2, 169-173 пп]. Сыздық тӛре бастаған қазақтар болса Түркістан қаласының орыс әскерлеріне
тӛтеп бере алмасын білгендіктен, Ташкент қаласын қорғанысқа дайындау мақсатында
бекіністен шығып үлгіреді. Сыздықтың соңынан қуған Савин бастаған орыс әскерлері
тосқауылға ұшырап, кейін қайтып кетеді [3, 35 б.].
Осы шайқастардағы жеңіс орыс генералдарының басын айналдырып, оларды Шымкент
қаласына жылдам шабуыл жасауға итермелейді. Қаланы қорғауда Сұлтансейіт хан мен молда
Әлімқұл ерекше жігерлік кӛрсетіп, барлық уәлаяттарға бұйрық жіберіп, ислам туы астында
күш біріктіруді талап етіп, қазақ пен қырғыз билеушілеріне үндеулер таратады. Хан
бұйрығын естіген ӛңірдегі қазақтар мен қырғыздардан тұратын қарулы әскерлер мен
батырлар қалаға топтасып келе бастады [4, 120 б.].
Әулиеата жақтан орыс әскерлерін бастап шыққан Черняев Арыс бойындағы Жақсысу деген
жерге келіп тоқтаған соң, тӛңіректегі халықтың қоқандықтар жағына шығып, ӛздеріне қарсы
тұрғанын байқап, полковник Веревкиннен қосымша әскер жіберуді сұрайды. Веревкин
кӛмекке капитан Мейер бастаған 400 адамдық 3 зеңбірегі, 2 ракеталық станогы бар әскерді
Черняевқа аттандырады [4, 122 б.].
Мейер бастаған әскердің кӛмекке келе жатқанын естіген Әлімқұл оның Черняевпен
қосылуына жол бермеуге шешім қабылдап, Мейердің әскерін Шымкентке жақын Ақбұлақ
деген мекенде 13 шілде күні күтіп алады. Ақбұлақ түбіндегі шайқас 14 шілде күні таңда
басталып екі күнге созылады. Ақбұлақ шайқасында қоқандықтармен бірге қазақ пен
қырғыздарда қатысып, қазақтарға Мыңбай, ӛзбектерге Мырзахмет басқарса, ал бүкіл қоқан
әскеріне Әлімқұл қолбасшылық жасаған [5, 30 п.]. Шайқасқа шыққан қоқандықтардың
алғашқы шабуылын Мыңбайдың қарамағындағы әскерлер бастап, кейін оған
Мырзадәулеттің ташкенттіктері, соңынан Мырзахмет күшбегінің қолы қосылған. Оларды
Марғилан, Қоқан, Әндіжан, Наманган нӛкерлері қолдаған [6, 132 б.].
Ақбұлақ шайқасына қатысқан Сыздықтың кӛзсіз ерлігін А.Кенесарин былайша
суреттеп жазды: «Ту ұстаған Сыздық сұлтан жігіттерін ӛзі бастап жүз қадам жерге келгенде
орыстар үш жүз мылтықтан оқ жаудырды. Біріне бірі тығылып келе жатқан жігіттердің
алдыңғылары жаппай құлады, кейінгілері үрейлері ұшып, жерге жата қалды. Он мың
адамның біреуі басын кӛтеруге жарамады. Тек Сыздық сұлтан ту ұстаған күйі, солдаттардан
жүз қадам жерде, бір сағаттай тік тұрды. Солдаттар оны ӛршелене атқанда тудың шүберегі
шұрқ-шұрқ тесіліп, сау жері қалмаған еді. Бірақ Сыздықты құдай сақтады. Бір сағаттан кейін
Әлімқұл молда адам жіберіп, оны кейін шақырып алды. Сыздық кейін қайтқанда, жер
бауырлап жатқан жігіттердің бәрі бастарын кӛтеріп, онымен бірге қайтты. Осы ұрыста мың
адам қаза тапты, олардың ӛліктері кешке дейін жинап алынды [7, 25 б.].
Шайқастың басында Әлімқұл жауға қарсы жаяу әскерін жібереді. Алайда орыстар
олардың шабуылын тойтарғаннан кейін Әлімқұл зеңбіректерден оқ атуға бұйырады [8, 345
б.]. Сол кезде орыстар зеңбірек оқтарынан қорғану үшін оқ тиіп ӛлген түйелер мен аттардың,
тіпті ӛлген жауынгерлерінің ӛліктерін үйіп қойып бас сауғалайды [9, 62-63 бб.]. Мейердің ӛзі
мойындағанындай, «Сырдария шебінің орыс әскерлері мұндай қуатты қарсыласты әлі
кездестірмеген еді» [9, 63 б.].
Талқандалу алдында тұрғанын түсінген Мейер 15 шілде күні Черняевтан кӛмекке әскер
сұрап үлгіреді. Мейердің қиын жағдайда қалғанын естіген Черняев жәрдемге старшина
Катанаев бастаған 2 зеңбірегі бар 125 әскерді аттандырады. Кӛмекке ұмтылған Катанаевтың
әскері де Бӛріжар ӛзенінің бойында қоршауда қалады. Дегенмен, Черняев Катанаевтың
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
35
әскерін зеңбіректердің күшімен құтқарады. Ал, Мейер бастаған әскердің қалдығын
подполковник Лерхенің әскері аман алып қалады [10, 17 б.].
Бұл сәтсіздіктер Черняевқа уақыт ұту үшін қоқандықтармен уақытша бітімге келуге
мәжбүрлеп, «Әлімқұлға бүкіл Түркістан уәлаятын түгел қайтарып беруге уәде етіп, ӛз
қосындарына қайтып кетеді» [4, 122 б.].
Орыс әскерлері Шымкенттің түбінен қайтқан соң, Сұлтансейіт хан мен Әлімқұл
бастаған қоқандықтар мен қазақтар және ӛздерінің жеңісін аспанға зеңбіректен оқ атып,
сырнайлатып атап ӛткеннен кейін Әлімқұл 2 мың әскерді Ташкент пен Шымкенттің
қорғанысын қайта қалпына келтіруге қалдырады да, ӛзі Қоқанға қайтады [2, 183-189 пп.].
Осылайша Шымкентті қорғауға қатысқан жергілікті қазақтар қоқандық қазақ
қыпшақтарымен қоян-қолтық бірлесе отырып, әскери күш қуаты жағынан жоғары тұрған
жау әскерімен шайқасқа түсіп, ӛз қаласын сақтап қалады. Қаланы қорғаушы қазақтардың
ішінен сіргелі рулық бірлестігі мен құрама құрамындағы қазақтар ерекше кӛзге түскен [11,
378 б.]. Сонымен қатар қазақтардың келесі бір қарсылық түрі орыстарға және олардың
аттарына азық-түлік пен жем-шӛп бермеу мақсатында ұрыс қимылдары болып жатқан
жерден алысқа кӛшіп кетті. Яғни, Жӛлек пен Қаратау жотасынан кеткен рулардың кӛп
болғаны соншалықты «Түркістанның тӛңірегі мүлдем қаңырап бос қалды» [11, 378 б.].
Шымкент түбінде жеңіске жеткен Қоқан ханы Сұлтансейіт шайқаста ерекше
белсенділігімен кӛзге түскен әскербасылардың лауазымдарын кӛтереді. Мәселен,
Мырзахметке паруанашы лауазымын берсе, ал Сыздық Кенесарыұлын пансаттықтан кӛтеріп,
шайқас кезінде қаза тапқан Мыңбай датқаның орнына мыңбасы етіп тағайындайды.
Сонымен қатар Шымкентті қорғауда Сыздық тӛремен қатарласып ержүректілік танытқан
Жалайыр Бекбау датқа, Арыстанбек тӛре Күшікұлы және тағы басқа да қазақтарға мол
сыйлықтар таратады (Махаеваға сілтеме).
Шымкенттен Әулиеатаға қайтқан Черняев қоқандықтарға жәрдем беріп, орыс
пошталарын талқандаумен айналысқан Ұлы жүздің руларын «тәртіпке» салу және ӛзіне
қажетті мәлімет жинау мақсатында Арыстың оң жағалауын бойлай жоғары қарай жүреді [12,
159 б.].
Әулиеатаға жеткен кезде Черняевқа Қоқан хандығында ӛзара тайталастар қайтадан
басталғанын және Қоқан хандығының белгілі бір бӛлігіне дәметкен Бұқар хандығы Ресей
империясынан келіп тұрған қауіпке қарамастан Ферғана аңғарына басып кіргенін естіген
Әлімқұл бұхаралықтардың шабуылын тойтаруды ойлап, Шымкентті қорғауды Ташкенттің
беклербегі Мырзахмет пен парванашы Нұрмұхамедке тапсырып, ӛзі қыпшақтарды алып,
Ташкентке қарай бағыт алғаны туралы мәлімет жетеді. Сол кезде ол Әлімқұлдың жоқтығын
пайдаланып, қоқандықтармен жасалған келісімді опасыздықпен бұзады және ӛз қимылдарын
Петербургпен, тіпті Омбы немесе Орынбор әкімшілігінің келісімін алмастан подполковник
Лерхеге тӛрт рота жаяу әскер, казактардың жүздігімен Шымкентке аттануға бұйрық береді
де, ӛзі 12 қыркүйекте Түркістаннан алты жарым рота жаяу әскер мен жүз елу казакты алып
шұғыл түрде сол бағытқа қарай жолға шығады да, 19 қыркүйекте екі бағыттан келген
орыстың әскерлері Шымкентке жақын жерде кездеседі. Шешуші шайқасқа шықпас бұрын ол
Шымкенттің қарсы алдындағы Тассай деген шағын бекіністі басып алады да оған
батареяларды орнатады да, 20 қыркүйекте таң ата Шымкентті зеңбірекпен атқылауға кӛшеді.
Орыстардың атқылауына қарсы қорғанушылар зеңбіректің оғымен жауап береді. Кезінде
Шымкентті қорғауға белсене қатысқан қазақ Қалибай Мәмбетовтің еске алуына қарағанда
орыс әскерлерінің дайындық шараларына Шымкент сарбаздары «әскери айқаймен
зеңбіректен, қару-жарақтан атқылай бастады, бірақ бәрін шаң кӛміп кетті. Дінсіздер оларға
жауап ретінде қаланы мортирден атқылауды бастады» [2, 27 п].
22 қыркүйекте Черняев әскерін үш қанаттан шабуылға шығарады да, Шымкентке басып
кіреді. Шымкентті қорғау кезінде қоқандықтар жағынан 3170-тен аса адам қазаға ұшырайды
[13, 82 б.]. Алдыңғы шайқаста шымкенттіктерден естен кетпес соққы алған орыс әскерлері
қала халқына қатыгез зорлық-зомбылық кӛрсетіп, аяусыз тонады, әсіресе, әйелдер мен
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
36
балаларды қырып жойды, оларға оқты шығындамас үшін тұншықтырып, я болмаса бауыздап
ӛлтірді [9, 82 б.]. Орыс әскерлерінің жыртқыш айуанға айналғанын полковник Лерхе мен
басқа да соғысқа қатысқан орыс офицерлерінің естеліктері растап, онда шабуылдан кейінгі
қаланың жағдайы қорқынышты күйде суреттеледі: «Бекініс қақпасының биіктігінің жартысы
жараланғандармен толған. Осы түні артиллериялық атқылаудың нәтижесінде кӛрші арыққа
қан жылға болып құйылады, қоқандықтар басқалар білмес үшін ӛздерінің қызыл киімдерін
тастап, қаладан қашты. Ӛршеленген орыс солдаттары бүкіл қаланы найзамен аралап шықты»
[14, 255 б.].
Шымкентті ойрандаған Черняев әскері шайқас кезінде орыс әскерлеріне жем-шӛп пен
түйе беруден бас тартқаны үшін Сайрам қаласындағы қазақтар да қырғынға ұшырату үшін
оған бас салады. Орыс әскерлерінің шығынын азайтуды ойлаған Черняев шабуыл кезінде
аманат ретінде жорыққа алынған Сұраншы батыр, Сарыбай би, Жайнақ би секілді қазақтар
мен қырғыздарды алдыңғы қатарға жібереді. Шабуылға шыққан қазақтардың кӛпшілігі оққа
ұшады немесе ауыр жараланады. Қаза тапқан қазақтардың ішінде Сұраншы батыр болса,
Сарыбай би сияқты кӛптеген қазақтар ауыр жараланады [15, 4 п.].
Екі сағаттық артиллериялық атқылаудан кейін басып алынған қала талқандалып,
тұрғындардың 50-і қаза болып, үшеуі жарақаттанған [16, 291 б.]. Осылайша, Шымкентке
кӛмек бермек болған Сайрам қазақтары да жазаланды.
Черняевтің Шымкентті алуы патша үкіметінде Орталық Азияға қатысты әскери және
саяси шаралар бойынша қарама-қайшылықты күшейтеді. Халықаралық жағдайдың
шиелінісуін ескерген А.М.Горчаков 1864 жылы қарашада Сыртқы істер министрлігімен
бірігіп патшаға Орталық Азиядағы қимылдардың нақты бағдарламасын кӛрсеткен арнайы
баяндаманы дайындап, онда патша үкіметінің экспансиялық саясатын Ресейге бағынышты
территориядағы кӛшпенділердің шапқыншылықтарынан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге бағытталған «қорғаныс» бағытында кӛрсетіліп, басып алынған аймақта Ресей
позициясын күшейту қажеттілігі, алдағы шапқыншылықтардан бас тарту, Орталық Азия
билеушілермен адал қатынасты сақтауға және оларға орыстар жағынан «ықпалдастықты»
күшейту бағыттары айқындалады. 1864 жылғы 21 қарашада Орта Азиялық мәселе бойынша
үкіметтік бағдарламаны патша бекітеді. Алайда Орынбор мен Омбыдағы патша
әкімшіліктеріндегі әскери топтар Петербург кабинетінің үнсіз келісуімен бірнеше рет бұл
бағдарламаны бұзып отырады [17, 45 п].
Яғни, Қоқандықтарды қулықпен алдап-соғып ӛз мақсатына жеткен Черняев Бұхар мен
Қоқан арасындағы қайшылықтардың шиеленісуін пайдалана отырып, 1864 жылы 1 қазанда
Ташкентке шабуыл жасайды да, ауыр шығынға ұшырап Шымкентке қайтады [18, 145 б.].
Черняевтың Ташкентті ала алмай Шымкентке кеткенін пайдаланған Әлімқұл әскерін
бастап орыс әскері аз Түркістанға жол тартып, 1864 жылы 4-6 желтоқсанда Иқан түбінде
шайқасқа кіреді.
Иқан түбіндегі шайқастың қалай болғанын А.Кенесарин былай деп баяндайды:
«Әлімқұл молда ... Ташкенде біраз күн болғаннан кейін әскер басыларын жинап, қазіргі
жағдай жайында мәслихат құрғанда олардың бәрі де қыста ештеңе істеуге болмайды, қазір
Қоқанға қайтып, жаз шыққан соң ғана аттану керек дегенді айтты. Тек Сыздық сұлтан ғана:
«осыншама шығындалып, дайындалып мынадай кӛп әскерді алып келгеннен кейін
орыстармен ұрыспай жатып, шегінуіміздің ешбір лайығы жоқ. Шымкентке беттемесек те
Түркістанға барайық, естуімізге қарағанда, онда әскер аз кӛрінеді. Түркістанды алсақ алдық,
алмаған күнде абыройсыз болмаймыз» деді. Оның осы ақылы Әлімқұлға да ұнады» [7, 26-27
бб.].
Иқан түбіндегі шайқаста Әлімқұлдың әскері есаул Серов бастаған 200 орыс әскерін
қоршауға алады. «Иқан шайқасында орыстардың шығыны ӛте кӛп болды. Ауыр жарақат
алғандар мен ӛлгендер жолда қалды. Отрядтың кӛзінше қоқандықтар олардың басын
қылышпен шауып тастап жатты және қарулары мен оқтарын алды» – деп есіне алады есаул
Серов [9, 83 б.].
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
37
Бірақ қоршауда қалған Серов әскеріне 6 желтоқсан күні Түркістаннан кӛмекке 300
адамдық әскері жолға шығады. Сол кезде орыстарға қосымша кӛмек жетсе жағдайдың
мүшкілге айналады деп дағдарып тұрған Әлімқұлды кӛрген Сыздық сұлтан «Сіз осы
әскеріңізбен мына орыстармен соғыса беріңіз, мен ӛз жігіттеріммен келе жатқан жаудың
алдынан шығып, оларды бері жібермей, бӛгейін» дейді [7, 27-28 бб.].
2 зеңбірек 220 адамы бар подпоручик Сукорко мен Степанов бастаған әскерді Сыздық
сұлтан Түркістан жолындағы Сасықбұлақ деген жерде қарсы алып, орыс әскерімен жазық
алаңда соғысу мүмкін еместігін біліп, атыса жүріп, Иқан жолымен шегінеді. Орыс әскерлерін
адастырып, із жасырып үлгерген Сыздық сұлтан қайта Әлімқұлға жәрдем беруге келеді де,
оған бекініп алған орыс әскерлеріне әкесі Кенесары сияқты қамыс пен жусаннан оқ
ӛтпейтіндей қалың етіп буып, бау жасауды және сол бауды қалқа қылып, домалатып арқылы
жақындауды ұсынады. Сыздықтың айласын жүзеге асырған Әлімқұл орыстарды ұрыс
алаңын тастап, ӛлгендер мен жаралыларына қарамай, қашып шығуға мәжбүр етеді. Бұл
шайқастан Серов 30 шақты ғана адамын аман алып шығады.
«Орыстар кӛп ӛлді, мұсылмандар да кӛп шейіт болды. Ақыры бауды домалатып
жүгірді, – деп әңгімелейді Иқан шайқасы жӛнінде Мирзоолим Мушриф, – Орыстың зеңбірегі
мен мылтығының оғы баудан ӛтпеді. Жақын барып, «Аллаху акбар» деп орға кіріп, қоян-
қолтық араласып, ұрыс салды. Қырғыздар қатты айқасты. Ұрыс кезінде байқатпай, бірнеше
орыс қашып шығып кетті. Олардың соңдарына түскен батырлар қуалап, Түркістанға дейін
барды [19, 71 б.].
Осылайша, Әлімқұл молда мен Сыздық сұлтан бастаған қоқан әскерлері Иқан
шайқасында ерліктің тамаша үлгісін кӛрсетіп, басқыншыларына қарсы жан аямай күресті.
Черняевтың Ташкентке жасаған екінші жорығы 1865 жылы кӛктемде басталады.
Әлімқұл молда қаланы қорғау кезінде ауыр жараланып, қаза табады да, қаланы қорғаудың
басшылығын Сыздық сұлтан алады. Дегенмен қала қорғаушыларының жаңқиярлық ерлігіне
қарамастан, үш күндік шайқастан кейін орыстар 1865 жылдың мамырында Ташкент қаласын
алып, оны Ресей империясына қосады [20, 195 б.].
Сол жылы жасалған бейбіт келісімге сәйкес Қоқан ханы ӛз иелігінің біраз бӛлігін
соның ішінде Оңтүстік Қазақстанды Ресей империясының иелігіне береді.
Генерал Черняев пен полковник Веревкиннің сәті түскен әскери жорықтары қазақ
даласын Ресейге қосып алуды аяқтап, Орынбор мен Сырдария шептері қосылды. Шымкент
пен Ташкенттің алынуы Қазақстан мен Орталық Азиядағы саяси жағдайды түп тамырымен
ӛзгертіп, Ресей империясының пайдасына шешеді.
Достарыңызбен бөлісу: |