Мерзімі: 01.10.2014 ж Тоқсан: I тоқсан Сынып: 4 «В», «Г»
Тақырыбы: Менің сыныптастарым
Мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын молайтып, олардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі іске асыру.Өз достары туралы әңгімелей алу.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу. Бір-біріне бауырмал болуды үйрету.
Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту. Ауызша және жазбаша жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы сауаттылықты қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Үй тапсырмасын тексеру 3.Өткен тақырыптарды қайталау 4.Жаңа сабақ
Тыңдалым. Айтылым
Жаңа сөздермен танысу. Олардың айтылу, жазылу ережелерін үйрету.
Сыныптас, жаңа тақырып өту, зерек, пәндік олимпиада, қатысады, қол көтереді, үздік, ғалым болуды армандайды, мақсат етеді.
Менің пәндерім атты мәтінді қайталау. Қай сабақта не істейтіндігін айтып кету. Мысалы: Мынау- қазақ тілі сабағы. Қазақ тілі сабағында біз қазақша сөйлейміз.
Оқылым.
2-жаттығудағы жаңа мәтінмен танысу. Мәтіндегі балалардың есімінің орнына өз сыныптастарының атын қойып, оқу
Бүгін – сәрсенбі. Қазір ана тілі сабағы. Біз жаңа тақырып өтіп жатырмыз.
Мынау біздің сыныптастар. Танысыңыз! Мынау-Маржан. Ол мейірімді, әдемі қыз. Ол үздік оқиды. Оның жанында Сапар отыр. Сапар- зерек бала. Ол пәндік олимпиадаға көп қатысады.
Ал, Наташа барлық сабақта қол көтереді. Мынау-Тамара. Ол да үздік оқушы. Ол ғалым болуды армандайды. Барлық оқушылар мұғалімдң мұқият тыңдап отыр. Олар жақсы білім алуды мақсат етеді.
Сұрақ қою арқылы балалардың білімін толықтыру.
Қазір қандай сабақ? Маржан мен Сапар қалай оқиды? Кім ғалым болуды армандайды. Оқушылар нені мақсат етеді?
Сергіту сәті.
Балалардың ойын сергітіп, дене қимылдарын жасау үшін «Көкпар» ойынын ойнаймыз
Жазылым
6-жаттығудағы қалып кеткен сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазу.
1.Біздің сыныптағы Үміт жазушы болуды армандайды. 2. Ғани – зерек бала. 3. Серік спортпен айналысады. 4.Айша – үздік оқушы. 5.Берік ұзын бойлы жігіт.
Тілдесім.
3-жаттығудағы диолгты жұппен оқу. Берңлген есімнің орнына өз сыныптастарының атын қойып оқу.
-Менің сыныптасым бар. -Оның аты Жасұлан. -Жасұлан неше жаста? - Ол 10жаста. -Оның бой қандай? -Жасұлан ұзын бойлы. -Ол немен айналысады? -Жасұлан спортпен айналысады. -Ол қандай оқушы? - Ол- үздік оқушы.
Тыңдалым. Айтылым
Дос туралы мақалды еске түсіріп, жаңа мақал жазып алу.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
Адал достық – алтыннан қымбат.
5.Кері байланыс: Мақалды мәтін бойынша сұрақтарды қайталау.
20 беттегі 2-жаттығуды көшіріп жазу, оқу. Берілген есімдердің орнына өз сыныптастарының атын жазу.
6.Үй тапсырмасы:
7.Бағалау
Мерзімі: 02.10.2014 ж Тоқсан: I тоқсан Сынып: 4 «В», «Г»
Тақырыбы: Нәтиже сабақ (көшіру сынақхаты)
Мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша оқушылардың сауаттылығын арттыру. Сынақхат жазу арқылы зейінін дамыту. Алған білімдерін саралап, бағалау
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу. Бір-біріне бауырмал болуды үйрету.
Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту. Ауызша және жазбаша жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы сауаттылықты қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Үй тапсырмасын тексеру 3.Өткен тақырыптарды қайталау 4.Жаңа сабақ
Тыңдалым. Айтылым
Мәтіндерді қайталау.
Менің пәндерім. Менің ұстазым. Менің сыныптастарым.
Оқылым.
1-жаттығудағы Әдебиеттік оқу сабағында атты мәтінді балаларға оқып беру. Түсінбеген сөздерді түсіндіру.
Әли әдебиеттік оқу сабағын жақсы көреді. Әдебиеттік оқу сабағында мұғалім көптеген қызық әңгімелер, аңыздар, жырлар айтады. Ол балаларды белгілі ақын-жазушылармен таныстырады. Олардың портреттерін тақтаға іледі. Балалар да сабақта өлең оқуды жақсы көреді. Әдебиеттік оқу пәнінің мұғалімі балаларды ойлануға, мәдениетті болуға, адамгершілікке, жан сұлулығына тәрбиелейді. Балалар қосымша материалды «Балдырған», «Айгөлек» журналдарынан және газеттерден алады.
Сергіту сәті.
Балалардың ойын сергітіп, дене қимылдарын жасау үшін «Көкпар» ойынын ойнаймыз
Жазылым
Мәтінді көшіріп жазу
5.Кері байланыс: Мақалды мәтін бойынша сұрақтарды қайталау.
Мәтіндерді қайталау
6.Үй тапсырмасы:
7.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |