І тарау Совет Масғұтовтың Қазақ телевизиясы тарихындағы атқарған ролі мен қызметі



бет1/3
Дата02.07.2020
өлшемі49,3 Kb.
#74786
  1   2   3
Байланысты:
1.1Совет Масғұтовтың Қазақ телевизиясы тарихындағы атқарған ролі мен қызметі.


І тарау


    1. Совет Масғұтовтың Қазақ телевизиясы тарихындағы атқарған ролі мен қызметі.

Отандық телеэкран тарихында қазақ және орыс тілдерінде ерлер арасынан шыққан тұңғыш диктор, алғашқы комментатор, телерепортажды бірінші жүргізуші. Сыры мен сыны бөлек, өнердің жаңа әрі беймәлім түрінен тұңғыш атану кім-кімге де зор бақыт. Бір басына сымбат пен көрік әрі парасат пен білім қатар қонақтаған Совет Масғұтов – өткен ғасырдың алпысыншы жылдары күнделікті көгілдір экранның көркі атанған талантты, ұлттық телеөнер тарихындағы аса сирек тұлға.

Совет Масғұтов 1939 жылы 27 ақпанда Көкшетау қаласы, Чапаев совхозында дүниеге келген. 1956 жылы мектепті үздік бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне 1961 жылы журналистика факультетіне оқуға түскен. Совет Масғұтов тек экранда жарқырап отыруды ғана мақсат тұтпаған. Келешек ұрпаққа өзінің пайдасын тигізуді ойлап, телевизиядағы тәжірибесін түйіндеп, кітап шығарды. 1975 жылы ана тілімізде тұңғыш рет «Телевизиялық журналистика негіздеріне кіріспе» атты әдістемелік оқу құралы жарық көрді. Соның нәтижесінде қазақ даласында ғажайып мамандықтың алғы шарттары пайда болды. Орыс тілді оқу құралдарынан шаршаған шәкірттерге бұл үлкен жаңалық, үлкен өзгеріс. Шын мәнінде, тікелей аудармаға қарап, білім алғаннан қарағанда, сол мамандықтың жілігін шағып майын ішкен азаматтардың қазақ тілінде түсінікті жазылған оқу құралдары санаға сіңімді. Өз заманында туған тілінің тазалығы үшін де, бір адамдай еңбек атқарды. Оқу құралда журналистердің мәтін жазудан бастап, тікелей эфир аяқталғанға дейінгі атқарылуы керек міндеттерді тізбектеп жазып, түсіндіреді.

Сондықтан алдымен еңбектеріне тоқталып, «Журналист деген кім?», «Ол тақырып таңдауда қандай қателіктер жібермеу керек?» деген сұрақтарға кітапта мысалдармен жауап беруді жөн көрдік. Ғалым-зерттеуші кітаптың кіріспесінде: «Радио мен телевизия мәселелерін қазақ тілінде арнайы зерттеп, жүйеге келтіріп, сөз еткен оқу құралы әзірге жоқ. Осы кітап аталмыш саладағы алғашқы талап, радио-тележурналистика мәселелерін қазақ тілінде оқып үйренуші талапкерлерге көмектесуді мақсат тұтқан тұңғыш талпыныс», деп жазды. Сан қырлы өнер тоғысынан туындаған «телевизия» жайлы алғашқы болып кітап жазу әрі абырой, әрі ауыр. Кітаптағы «Туған телевизия туралы толғау», «Эфир айқас алаңы», «Кеш жарық! Хабарымызды бастаймыз», «Телевизиялық журналист деген кім?», «Журналистің жұмыс әдістері жайлы бірер сөз», «Талап пен талғам биігінен қарасақ», «Адамның кейбір кездері», «Өткен күннен белгі бар ма?» атты әрбір нақтылық пен дәлдікке, ойлылық пен фактіге негізделген бөлімдердің өн бойынан теледидарға қатысты мәселелер жайлы маңызды әрі қажетті дүниелерді табасың. Оқшау ой, шашау шыққан тіркестер жоқ. Нені айтса да мысалдармен дәйектей отырып, әрі өзі куә болған қарапайым оқиғалармен өрбіте, жарасымды бейнелейді.

«Адамның кейбір кездері» атты бөлімде «Жалпы жеке адамдарға арналған хабарларға ортақ кемшіліктерді көрсеткен.

Олар мыналар:

1. Хабарлардың көбі штампқа құрылады.

2. Кейіпкер үнемі бір ғана жағдайда өндірістік үздік көрсеткіштер мен жеңістер үстінде көрсетіледі. Қиыншылық о баста болған. Қазір бәрі дұп-дұрыс. Сүт бетіне бал қаймақ. Норманы шемішкедей шағады.

3. Кейіпкердің өсу, даму, қалыптасу процесі көрсетілмейді. Әлеуметтік тұлғасы, психологиялық жай-күйі, характері, ой-пікірі ашылмайы. Оған автордың азуы батпайы. Осыдан барып егіздің сыңарындай ұқсас хабарлар эфирге топырлайды да жатады».

Осыдан ширек ғасырдан астам бұрын айтылған осы пікір күні бүгінде өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Совет Масғұтов хабарлардың егіз қозыдай ұқсас тартымсыздығына, сүреңсіздігіне қарны ашиды. Екіншіден, кеңестік кезеңнің қағидасы «жүз қойған екі жүзден төл», «жыл сайын қазақстандық пұт астық» секілді асыра сілтеген ұрандарды ұнатпайды. Үшіншіден, автор әдебиеттегі секілді телеөнерде де, хабар кейіпкерлерінің жалаң, сырты жылтыр, іші бос, айтайын дегенін айта алмайтын, бос кеуделігін әрі батылсыздығын «заманның кері кеткен идеологиясымен» байланыстырып, студияның бас реакторы ретінде эфирдегі әрбір хабардың өн бойындағы сан алуан кейіпкерлер ойынан үздіксіз өсу мен биіктеуді, кемелділік пен көсемдікті, тереңдік пен шынайылылықты көргісі келетіндігін де жасырмайды. Мемлекеттік идеологияның ұшар басында отырған, әрі әрбір хабарға тікелей жауапты тұлғаның ақиқатпен астасатын ащы арызы арада өткен сан жылдардан кейін де, алдымыздан қайта-қайта шығып отыр.

Қандай материалды болмасын жазбас бұрын, журналист өзі сөз етпек болған өмір құбылысын, қоғамдық, экономикалық, мәдени және спорт мәселелерді алдын ала зерттеуге тиіс. Сонда «Телевизиялық журналистің өмірді зерттеу әдістері қандай болмақ?», деген сұрақ санамызда сайрап тұрады. Осы орайда Совет Масғұтовтың зерттеу әдістері мен пікірлерін негізге ала отырып біраз мәселелерді айта кеткеніміз жөн.

Әдетте журналистің творчестволық қызметі тақырып таңдаудан басталатыны белгілі. Ал тақырып қайдан туады? Журналистің ең абыройлы борышы – халық пен билік арасын жақындастыру. Оның ішінде қарапайым адамдардың мұң-мұқтажын шешуге қолғабыс тигізу, көмектесу, сол үшін белсене күресу. Сол үшін халықтың проблемасы журналист үшін таусылмайтын тақырып. Тақырып талай уақыттан бері журналистің ойында жүрген, көкейкесті арманы болған бір мәселе төңірегінде туындауы да мүмкін. Біздің күнделікті өмірімізді қоршаған ортада қызық, маңызды тақырыптар көп. Тек соларды байқап, бақылап, байыбына барып, мән беріп, тани білу керек.

Кейде журналистке белгілі бір тақырыпты редакция ұсынады. Қалай болған күнде де тақырып – болашақ хабардың арқауы, лейтмотиві, діңгегі ғана. Міндет жеріне жеткізе зерттеу, барлық қыры мен сырын тану, мән-жайын терең ашу, анықтау. Ал, телевизияның кейбір жас журналистері көтерер мәселесін әбден анықтап, оған қатысатын басты кейіпкерлерді белгілеп, баратын аймағының шаруашылық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеп алмай тұрып, «таңдағы нәсіп тәңірден» деп жүре беретінін көргенде, мынадан қандай өнім шығатынын ойлайсың.

Қазіргі журналистиканың деңгейі, оған қойылатын биік талап алған тақырыпты ғылыми дәрежеде қадағалап, зерттеуді қажет етеді. Аттың жалы, түйенің қомында көзге түсіп, қолға іліккен фактілерді қызыл сөзбен қыздырып көпке ұсынғанмен, ол ешкімнің жүрегіне жылу бермейді, партиялық насихатқа жүктелетін міндеттің үдесінен шыға алмайды.

Сондықтан күрделі проблеманы зерттеуге кіріскен журналистің қолында алдын ала әзірлік кезінде түйген жайттар негізінде жасалған жұмыстың жоспары болуға тиіс. Ол журналистің қараңғыда қарманбай, белгілі бір жобамен, ізбен жүруіне жәрдемдесетін шамшырақ іспеттес.

Өмірді зерттеудің тағы бір тәсілі – сұрау салу. Мұның ежелден кең тараған түрі – интервью. Кейінгі кезде анкета тарату да кеңінен қолданылып жүр. Қарағанды телевизия студиясы және Қазақ телевизиясының «Замандастар» шығармашылық бірлестігі жүргізген біраз циклдерді айтуға болады. Сол сияқты бір мәселе жөнінде дүйім жұрттың пікірін білу мақсатымен, жалғыз сұрақты адамдардың белгілі бір тобына жалпылама қою тәсілі де кездеседі.

Қандай тақырыпты зерттесе де, журналист негізгі мәліметті сол мәселеге тікелей қатысы бар, мән-жайын жете білетін адамнан алады. Сондықтан телевизиялық журналистің көп жағдайда өзінің болашақ хабарының кейіпкерімен кездесіп, жүздесуі, пікірлесуі ең маңызды мәселе. Адаммен тез тіл табысып, бір көргеннен үйіріп әкету, ежелгі таныстай емін-еркін сырлас бола білу – аса бағалы әрі қиын өнер. Өйткені адаммен сөйлескендегі басты мақсат – одан ақиқат, шыншыл информация алу.

Адам әртүрлі. Көбі жаңа ғана көрген бейтаныс журналистке жан сырын жайып сала бермейді, ағынан жарылып, ақтарыла қоймайды. Оны тәжірибе барысында байқадық. Неліктен? Өйткені журналист өз кейіпкерімен іш тартып, етене танысып, жатырқау сезімінен арылып, үйренісіп үлгірмейді, сенімге кіре алмайды. Кейіпкер мен журналистің білімі, ой-өрісі, мәдени дәрежесі, әлеуметтік жағдайы әртүрі болуы мүмкін. Ақтарыла сөйлесіп, ашық сырласуға, еркін, шынайы жауап беруге ол да бөгет болады. Кейде журналист пен кейіпкердің жеке басының қасиеттері, мінез-құлқы байланыспауы да мүмкін. Ал адамдарың айтқан пікірінің, берген мағлұматтарының қаншалықты дұрыс екенін анықтау үшін олардың психологиясын айырып, ажырата білу қажет.

Адамдардың бір тобы сыр ашудан, шын пікірін айтудан бас тартып тұрады. Аузын бағып сөйлейді. Білетін нәрсесінің өзін ақтарып, ашып айта бермейді. Бұлар – мінезі тұйық, аузы ауыр адамдар. Өмірде екіжақты ойлайтын адамдар да кездеседі. Олар әдетте ресми жағдайда бір түрлі информация береді де, жұмыстан тыс жерде оған мүлде қарама-қайшы пікір айтуы мүмкін. Мұндайда жаңсақ пікір жетегіне ілесіп жүре бермей, ақиқат қайсысы екенін анықтау – журналистің міндеті.

Демек, журналист сұрақ қою арқылы үлкен нәтижеге жете алады. Сол үшін қай-қайсысына болмасын жүрдім бардым қарамай, мұқият болуға тиіс. Журналистің әңгімелесетін адамына беретін сұрақтарының да, белгілі бір жүйесі, реті бар. Сұрақ жауап беруші адамның ынта-ықыласы бірте-бірте арта түсетіндей логикалық жүйемен берілуі тиіс.

Алдымен жеңіл, жауап беруге оңайырақ сұрақтарды қойып, күрделірек, ауыр сұрақтарды кейінге сақтаған дұрыс. Журналист оғаш, одағай сұрақтармен әңгімелесуші адамын ыңғайсыз жағдайда қалдырмауы керек. Сұрақты қайталап, түсіндіруді қажет етпейтіндей етіп, бірден айқын, қарапайым, ұғынықты құрастырған жөн. Әңгіме барысында бір сұрақтан екінші сұраққа секіре беруден сақ болу керек.

Егер журналистің әңгіме болып отырған мәселе жайлы алдын ала әзірлеген тұжырымы болса, сұрақтарының қойылу жүйесі арқылы ол кейде сөйлесуші адамын сол өз пікіріне қақпақылдап, алып келуі ғажап емес. Бұған жол беруге болмайды. Журналистке керегі – әңгімелесіп отырған адамның өз ойы, пікірі, тұжырымы, зерттеліп отырған мәселеге деген жеке басының көзқарасы. Әңгіме барысында сөйлесіп отырған адамның жауаптарына бөгде, кездейсоқ, өткінші жайттардың ықпал етуінен сақ болу қажет.

Мәселен белгілі бір адамды өндірістік тапсырмаларды үнемі мүлтіксіз орындайтын жақсы жұмыскер ретінде сипаттап отырған кәсіп орын басшысынан журналист іле-шала: «Ол өзі жақсы адам ба?»-деп сұраса, бұл жаңсақтық болар еді. Өйткені өндірістік жұмысы тұрғысынан берілген баға әсерімен кәсіпорын басшысы ол қызметкердің мінез-құлқын, жолдастарына, коллективке деген қарым-қатынасында елеулі кемшіліктер болған күннің өзінде, «Ия, жақсы адам»,-дей салуы мүмкін.

Адам жайлы барынша объективті, ақиқат информация алу үшін, мұндайда оның жеке басының қасиеттеріне мүлде басқа тақырыптағы бірер сұрақтан кейін, әңгіме аралатып барып оралған абзал.

Жалпы әңгімелесіп отырған адамның сөзіне ілтипат қою мәдениеттіліктің, инабаттылықтың бір белгісі екенін айтпаған күннің өзінде, журналист үшін бұл үлкен маңызы бар мәселе. Өйткені ол алдында отырған адамның әңгімесін құлықсыз тыңдаса, кейін керек мәліметтерді еске түсіре алмай, қиналып қалуы мүмкін.

Ал әңгіме тақырыбынан мағлұматы бар, қара жаяу емес екенін сезіндіру үшін кейіпкерінің жауабын аузынан қағып алып, іле жөнеліп, жалғаса, жарыса сөйлеп отырса, сөйлеуші аузынан шығуға тиіс тың пікір, соны шешім, айшықты, әсерлі бояу, яки ұтқыр, орынды сөздер мен сөйлемдерден құралақан қалуы ғажап емес.

Журналистің адаммен кездесу, пікірлесу, қажет информацияны алу әдістерді тауып, соған төселеді. Жазу қабілеті сияқты бұл да журналистің жеке басына тән қасиет.

Қорыта айтқанда, Совет Масғұтов: «Журналистің өмірді зерттеу әдістерін, телевизия үшін хабарлар әзірлейтін, экранда жұмыс істейтін журналистердің жұмыс әдістерін, творчестволық тәсілдерін жинақтап, қорытып, ортақ заңдылықтарын ашып анықтау, терең зерттеу кезек күттермейтін, келелі міндеттердің бірі»,-деп қадап айтып, оларға артылған жүкке немқұрайлы қарау үлкен қателік екенін атап көрсеткен.

Біз неғұрлым өткенге үңіліп тарихи бастауларды, тәжірибені ынта қойып зерделесек қоғамның қазіргі жағдайын соғұрлым тереңірек ұғынатын боламыз. Мұның өзі тарихтан тағылым алып, болашаққа сеніммен қарауға жол ашады. Өткен күнді ой елегінен өткізіп сабақ алу бүгінгі күннің еншісі болып отыр. Міне, сол замандарды айна қатесіз суреттеп беретін 1976 жылы жарық көрген «Көгілдір экран – өмір айнасы» атты оқу құралына татитын кітап көпшілікке жол тартты. Қазақ теледидарының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан Совет Масғұтовтың «Көгілдір экран – өмір айнасы» кітабында сиқырлы көксандыққа: «Көгілдір экран – өмір айнасы, расында да өмірімізге ентелей енген теледидар индустриясы газет пен радионы ақпараттар айдынынан сәл ығыстырғандай»,-деп атап көрсетуі өте орынды. Дәл осы еңбекті оқыған адам: «Телевизиялық журналист деген кім?»-деген сұраққа жауап алады.

Журналист деген кім? Оның әрекет, қызметінің алуан түрлі қырлары қандай? Қызығы неде, қиындығы қайсы? Қандай талаптарға сай болып, қай биіктіктен көрінуге тиіс?

Телевизиялық журналист өзінің творчестволық ой-қиялын жүзеге асыру үшін, шарикті қаламның ең соңғы үлгісінен бастап, жердің жасанды спутниктеріне дейін қазіргі заманғы техниканың барлық тамаша табыстарын кеңінен қолдана алуы керек.

Журналист қайда еңбек етсе де (журнал, газет, радио, телевизия болсын бәрібір) оған қойылатын басты талап, жүктелетін ең ауыр әрі абыройлы міндет – замана шежірешісі, халық әмірінің жыршысы болу. Ал телевизиялық журналистің осы міндетті орындау жолында қолданатын өзіндік творчестволық құралдары бар. Оның қызмет әрекеттерінің сыр-сипаты өз әріптестерінің іс-әрекетінен гөрі өзгеше.

Телевизиялық журналистің еңбегі алуан түрлі техникасыз ел игілігіне айнала алмайды. Синхронды камера істен шығып қалса, жылжымалы телевизия станциясының антеннасы студия мұнарасындағы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет