Тақырыбы: Программалау жүйелерін құралдарын таңдау (Borland C++ Builder, Microsoft Visual C++, Delphi, Borland J++, Microsoft Visual J++) және олардың ерекшеліктерін зерттеу.
Лекция жоспары:
Программалау тілдері
Объектіге бағытталған орта
Visual Basic
Ӛңдеудің интеграцияланған ортасы
Лекция мазмұны
1. Программалау тілдері
Барлық программалау құралдарын екібасты категорияларға бӛлуге болады:
Қандай да нақты жазылған қолданушы программалары басқа тілге түрлендіретін программаларды транслятор деп атайды. Трансляторларды екі топқа бӛлуге болады. Егер кіруші тіл сандық машиналық тілдің символикалық репрезентациясы болса, онда оны ассемблер, ал кіруші тіл ассемблер тілі деп аталады. Егер кіруші тіл жоғары деңгейлі тіл болса, ал шығатын тіл не сандық машиналық тіл, не оның символикалық репрезентациясы, онда транслятор компилятор деп аталады.
Ассемблер тілі – ол әрбір жеткізуі бір машиналық командаға сәйкес болатын тіл. Ассемблер тілінің программасында машиналық командалар мен операторлардың арасында бірмәнді сәйкестік бар. Мұнда екілік және сегіздік аттар мен адрестердің орнына символдық белгілулер қолданылады. Ассемблер тілінің басқа жоғары деңгейлі тілден айырмашылықтары: * ассемблер тілінің жеткізілуі мен машиналық командалардың арасындағы бірмәнді сәйкестік;
Ассемблер тілін қолданудың екі негізгі ерекшеліктері бар: жоғары ӛнімділігі мен машинаға қатынау. Кӛбіне программада барлық кодтың азғантай пайызы программаның орындалу уақытының кӛбірек пайызына жауап береді. Мысалы, программаның 10% оның орындалу уақытының 90%на жауапты. Бұл программаның 10% оны ассемблер тіліне жазып алуды жүзеге асырады. Бұл процессті реттеу (tuning) деп аталады. Ассемблердегі программа кӛлемі бойынша соншалықты кіші және орындалу жылдамдығы бойынша соншалықты тез болуы мүмкін.
Кейбір процедураларға ассемблер жасай алатындай аппараттық қамтамасыз етуге толық қатынау қажет. Бұл категорияларға операциялық жүйедегі үзіліс ӛңдеушілері мен үзілістер, сол секілді реттелген жүйелердегі құрылғылардың тексерушілері келіп түседі.
Ассемблер тілінде оператор құрылымы машиналық командаға сәйкес құрылымды білдіреді. Әр түрлі машиналар мен әр түрлі деңгейлердегі ассемблер тілі бір-бірімен ұқсас. Intel компьютерлеріндегі Microsoft MASM, SPARC процестеріне Sun ассемблерге мысал бола алады.
Ассемблер тілінің жеткізілуі тӛртке бӛлінеді. Олар: белгі, операция, операнд және комментарий алаңдарынан тұрады. Белгілер жады адресіне арналған символикалық аттармен қамтамасыз ету үін қолданылады. Олар командаларға ӛту және деректі сӛздердің сақтайтын жерге символдың аттары бойынша қатынау мүмкіндігін алу қажет.
Операндтардың алаңдары машиналық командалар үшін операндтар болып табылатын адрестер мен регистрлерді анықтайды. Регистрлер тұрақтылар, жады ұяшықтары және т. б. операндар болуы мүмкін.
Пікірлер алаңында программа әрекетінің түсіндірмесі келтіріледі. Бұл комментарийлерсіз ассемблердегі программаларды түсіну ӛте қиын.
Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері
Достарыңызбен бөлісу: |