Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасы туралы түсінік. Негізгі элементтері. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі26,8 Kb.
түріСабақ
Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасы туралы түсінік. Негізгі элементтері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабыты болуға қалыптастыру

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызуғышылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Пайдаланылған әдебиеттер:Н.Ермеков,М.Ермеков, С.Ноғайбаланова информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов инфарматикадан 30 сабақ, информатика ортасы, Ж.Динисламов Bisual ортасы, Ж.Динисламов Basic Bisual Basic

Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) жаңа сабақ

Г) бекіту

Д) үйге тапсырма

Е) ) қорытынды

Үй тапсырмасын пысықтауға бірнеше сұрақтар қойылады.



Жаңа сабақ:

Біз Visual Basic 6 версиясын – осы кең тараған бағдарламалау тілінің соңғы жаңалықтарының бірін оқып – үйренуі бастаймыз. Visual Basic өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішімдер мен графикалық объектілерді көрнекі құрастұруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады.

Visual Basic бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс Basic стандартттық тілінің кеңейтілген версиясы.

Visual Basic – ті іске қосу Пуск – Программы - Visual Basic - Visual Basic6 командасымен жүзеге асырылады.

Visual Basic – ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.

Терезе үш қосымша беттен тұрады. New (Жаңа жоболар), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар).

New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсыңдар.

Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады.

Recent қосымша беті Existing қосымша бетне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.

Visual Basic пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады. Алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан New қосымшабетіндегі Standard EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобалар менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі. New Project терезесінде проектінің типі таңдалғаннан кейін экранға бірнеше терезелерден тұратын Visual Basic ортасы шығады. Visual Basic ортасы терезесін жұмысқа қажетті барлық құрал-саймандармен программа терезелері бір ортада болғандықтан жинақталған орта деп те атайды.

1. Экранның жоғарғы жағында негізгі немесе Бас мәзір деп аталатын мәзірлердің қатары орналасқан.

2. Бас мәзірдің төменгі жағында құрал-саймандар панелі орналасқан. Бұл панельде Бас мәзірдің командаларын жылдам орындайтын батырмалар шоғырланған. Егер экранда құрал-саймандар панелі көрінбесе, онда оны View-ToolBars-Standard командасын орындау арқылы шығаруға болады.

3. Visual Basic компоненттері панелі

4. Үстіне Visual Basic компоненттерін орналастырып, терезелі қосымша жасау үшін қолданылатын қалып немесе форма терезесі орналасады.

5. Форманың астыңғы жағында орналасқан форма конструкторы

6. Форма макеті терезесі

7. Проектілер терезесі

8. Visual Basic компоненттерінің қасиеттерін өзгерту үшін қолданылатын Қасиеттер терезесі орналасқан.



Жаңа сабақты бекіту:

Ол үшін балалрға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.



Үйге тапсырма: Visual Basic ортасы туралы түсінік. Негізгі элементтері.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет