«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет39/39
Дата20.02.2022
өлшемі113,9 Kb.
#132573
түріКонспект
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Философия конспектілер

Кілт сөздер: жаһандану үдерісі, рухани жаңғыру, ұлт, этнос, этногенез, пассионарлық, интеллектуалдық ұлт, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілік.

Кеңістік-уақыттық континуумдағы «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категориялары.


Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары. Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік идентификациясы. «Мәңгілік ел» идеясы. Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы – ХХІ ғасырдағы Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық және патриоттық идеясының ұйыстырушы құндылығы. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» - деген жолдар бар. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді. Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар — әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі — экономикалық және саяси мәселелер — негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді.
«Рухани жаңғыру» - еліміздегі білім берудің бүтіндей жүйесінің, оның ішінде жоғары мектеп үшін айрықша «мүмкіндіктер кеңістігіне» айналуда. Бұл маңызды құжат жоғары мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашады. Осы мақсатта біз рухани білім беру бағдарламасын дайындау және жетілдіріп отыру негізгі міндеті болып табылатын «Мәңгілік ел» қоғамдық-гуманитарлық кафедрасын аштық. Жаңашылдықты ескі әдістермен оқытуға болмайтыны аян. Сондықтан да бағдарламаны жүзеге асыру аясында жобаның әдістерін оқу-тәрбие үрдістеріне кеңінен енгізуге бағыт алынды. Біздің таңдауымыздың негізінде прагматизм қағидасы тұр. Жобаның қызметі сөзден iске көшiп, қажеттi қолданбалы икемдiлiктерге ие болуға мүмкіндіктер туғызу.


Әдебиет

  1. Назарбаев Н.А. «Мәңгілік Ел. Годы, равные векам. Эпоха, равная столетиям» – Астана: Деловой мир Астана, 2014.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy

  3. Гумилев Л. Этногенез и биосфера Земли. https://www.gumer.info/bibliotek_Buks/History/gumil2/

  4. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

  5. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

  6. Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.

  7. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.

  8. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

  9. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.



Бақылау сұрақтары

  1. Жаһандану үдерісі дегеніміз не? Ол бұрыннан барма жоқ кейіннен шыққан ұғым ба?

  2. Ұлт, этнос, этногенез, пассионарлық ұғымдары туралы не білесіз?

  3. Мәңгілік ел идеясының мәні неде? Мәңгілік ел идеясы қай кезеңнен бастау алады?

  4. Интеллектуалдық ұлт болып қалыптасудың алғышарттарын атаңыз?

  5. Сананың ашықтығын қалай түсінесіз?

  6. Бәсекеге қабілеттілік туралы не айта аласыз?

  7. Өзіңізді заманыңызға сай бәсекеге қабілетті тұлға деп есептейсіз бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет