«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет31/39
Дата31.01.2022
өлшемі113,9 Kb.
#130265
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Философия конспектілер

Бақылау сұрақтары

  1. Философия тарихындағы тұңғыш рет еркіндік мәселесі қашан және кімдердің ілімінде қойылды?

  2. Б. Спиноза бойынша еркіндік дегеніміз не?

  3. М. Хайдеггер, Ж.П. Сартр, А. Камю, Н.Бердяевтің еркіндік концепцияларының ерекшеліктері?

  4. «Адам еркіндікке кесілген тіршілік иесі» деген сөздің авторы кім?

  5. Еркіндік пен жауапкершілік арақатынасын қалай түсінесіз?

  1. Еркіндік пен шығармашылық арақатынасын түсіндіріңіз?

  2. Абайдың "толық адам" концепциясының мәні неде?



11-тақырып: Өнер философиясы
Дәрістің мақсаты – философиядағы өнер, көркемдік таным және эстетиканың мәнін, философия және өнер, философия және поэзия арақатынасы мәселесін пайымдау
Дәріс сұрақтары:

  1. Философия және өнер. Өнердің мәдени феномен ретіндегі өзіндік ерекшелігі, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері.

  2. Өнер философиясының негізгі категориялары. Философия тарихындағы өнерге деген көқарас.

  3. Қазақ халқының өнер философиясы.


Кілт сөздер: өнер, эстетика, еліктеу, бейнелеу, мимезис, катарсис, әсемдік, асқақтық, трансценденталььді эстетика, көркемдік таным, поэзия, бейнелеу өнері. Платон, Аристотель, Шеллинг, Кант, Хайдеггер.

Өнер дегеніміз, Аристотельдің пікірінше, өмірге, болмысқа еліктеу, бейнелеу. Оның соңғы нәтижесі, көрерменді қорқыныш, қайғыру сияқты түрлі сезімдерге бөлеу арқылы катарсиске жеткізу. Ол алғашқылардың бірі болып жанрлар теориясы мен әдебиеттің тектері (эпос, лирика, драма) теориясын негіздейді. Өнердің қоғамдық міндетінің маңызына ерекше мән береді. Трагедия мен комедия, драма мен эпопеяның жайын баяндағанда еліктеудегі қимыл-қозғалыс, әрекет үстінде ойын жеткізбектің өнер иесі үшін маңыздылығына қатты көңіл бөледі. Туындының соңының қайғылы аяқталуын дұрыс деп есептейді.

Эстетикалық – бұл əсемдiкке, тұрпайылыққа, асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа жəне өзге де өнер мен өмiрдiң сипаттамаларына тəн жалпылықты бейнелейтiн эстетиканың ең кең жəне фундаменталды категориясы.

Эстетикалықтың ең жоғарғы көрiнiсi өнердiң кейпiне енетiн əсемдiк болып табылады. Демек, əсемдiк – бұл «адам» туралы ұғымдардың бiрi, өмiрдiң барлық күрделiлiгi мен тереңдiгiн қамтитын оның анықтамаларының бiрi. Тек нақты өмiрдi ғана емес, əсiресе тарихтың өтпелi кезеңдерiнде өзi тудырған өмiрлiк əлемнiң шеңберiнен тысқа шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмiрдi де қамтиды».

Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель). Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин). Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг). XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер). Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.

Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.

Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.

Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері. Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қ.Нұрланова: «Адам - Әлем біртұтас» концепциясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені. Өнер адамзат  өмірқамының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады.  Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан да, ең алдымен, өнердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.



Профессор Б.Ғ. Нұржанов өз еңбегінде өнер терминінің қазіргі тілде екі мағынада-кең және тар мағыналарында қолданылатынын айтады. Өзінің кең мағынасында өнер  адамның барша шығырмашылық жасампаз әрекетін білдіреді және бұл мағынада өндіріс те, тіпті дін де өнер формалары ғана  болып табылады.  Әсіресе осы мағынасында ол ежелгі грек тілінде көбірек қолданылады: орыстың «искусство»  деген терминінен аударылатын «poiesis» сөзі ежелгі гректерде «білім», «туынды », «сана» ұғымдарын да білдіреді. Адам әрекетімен байланысты және осы әрекетінің өнімі болып табылатын барлық нәрселер «poiesisia»- адамзат саласына жатқызылады және ол адамзат жаратпаған табиғи салаға – « physis’y» қарсы қойылады
Әдебиет

  1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

  2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

  3. Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.

  4. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.

  5. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

  6. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.

  7. Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов выс­ших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.

  8. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том, Қазіргі заман философиясының бастауы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 394 б.

  9. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том, Қазіргі заман философиясы / Ғылыми ред. Нұрышева Г.Ж. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 420 б.

  10. Бычков В.В. Эстетика: Учебник. – М.: Гардарики, 2004. – 556 с.

  11. Әдебиет теориясы: Антология. I-VI томдар / Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. – 568 б.

  12. Кант И. Критика способности суждения. Пер. с нем. – М.: Искусство, 1994. — 367 с.

  13. Гулыга А. Кант. (1977) www.Lib.ru/MEMUARY/ZHZL/kant.txt




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет