«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет5/39
Дата31.01.2022
өлшемі113,9 Kb.
#130265
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Философия конспектілер

Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы – ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі - адам және оның әлемдегі орыны. Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың ара қатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек. Бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не - идея, рух па әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды. Екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді. Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм. Онтологиялық сұрақ - дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды. Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм. Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

Материя – адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) объективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.

Материалист – философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б. Идеализм – философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас. Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).

Философияның қызметіне – оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз. Философияның дүниетанымдық қызметі – әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді. Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі – бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия – танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді. Философия дүниеге көзқарас қана емес, ол ғылым. Сондықтан барлық ғылымдар сияқты дүниенің (табиғат, қоғам, сана) заңдары мен заңдылықтарын ашуға ұмтылады.

Аристотельдің пікірінше, метафизика немесе алғашқы философия болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді. Сондықтан ол гректің тұңғыш табиғатты зерттеуші ғұламаларын, (мысалы, Фалестің дүниенің бастауы, әрі түпнегізі – су деп шешкеніндей), олардың материалдық себепке (неден жасалған?) ғана мән беріп, өзге тиімді себеп (кім жасаған?), формальді себеп (жасалған нәрсе не болып табылады?) және мақсатты немесе қорытынды себепке (қандай мақсатпен жасалды?) мән бермегендеріне қарамастан оларды алғашқы философтар деп есептеді. Себебі олар ең бірінші болып болмыс сырына, дүние жаратылысына мифологиялық танымнан бөлек, ақыл-ойға негізделген рационалдық таным тұрғысынан үңілген жаратылыстанушы ғалымдар еді. Яғни Фалес, Анаксимандр, Анаксимен сияқты милет мектебінің өкілдері, Гераклит, Пифагор, Эмпедокл сияқты көне грек ойшылдары сол кезге дейінгі мифологиядағы дүниенің пайда болуы туралы идеялармен келісе отырып, дүние жаратылысы әуелгіде неден бастау алған, ең бірінші не жаралған, қалай жаралған, барлық нәрселердің түпнегізі не болып табылады деген сауалдарды қойып, табиғат құбылыстарының сырын зерделеп, дүниенің объективті заңдылықтарын тануға ұмтылды. Сонымен қатар олар дүниенің түпнегізі, сондай-ақ бастауы деп жекелеген стихияларды (су, от, ауа, топырақ т.б.) санай отырып, алғашқы рет философия үшін маңызды сұрақты қояды. Яғни, дүниенің шынайы мәні дәл біз көргендей ме (яғни қалай көріп, қандай қабылдасақ), жоқ ол шын мәніне басқаша ма? – деген мәселені де көтереді. Осының нәтижесінде дүниені алғашқы философиялық пайымдау мен ғылым пайда болады. Ғылыми медицина қалыптасады. Өнер болмысын зерделеу жолға қойылады.



Ағылшын оқымыстысы әрі философы Энтони Кенни пайымдағандай, «философия – ғылым емес, оның өнерге де таласы жоқ. Философия – білім көкжиегін кеңейту, әлем туралы жаңа ақиқаттарды ашу туралы мәселе емес; басқаларда жоқ ақпарат философта да жоқ. Философия – білім мәселесі емес, түсінік мәселесі, яғни бұрыннан таныс нәрсені жинақтау». Яғни Кеннидің ойынша, философияның мәні түсінуде. Сонымен қатар Энтони Кеннидің ойынша, философиялық мәселелер де мәңгілік. Көне Грекия ойшылдарын толғандырған сауалдар бүгін де өзекті. Дүние, тіршілік барда, бұл тұрғыдағы пікірталастар да ешқашан толастамақ емес. Сондай-ақ Кеннидің пайымынша, көне заманалар мен орта ғасырларда философияның бір бөлігі саналған көптеген ілім-білімдер бүгінде дербес ғылымға айналғанына қарамастан, тұжырымдамасы айқындалмаған және тәсілдері қарама-қайшы пәндер қай заманда да философиялық болып қала бермек.
Әдебиет

  1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

  2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

  3. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.

  4. Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.

  5. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

  6. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 1-том, Антика философиясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 408 б.

  7. Зотов А.Ф. Современная Западная философия.– М.: Высшая школа, 2012.

  8. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет