«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қОҒамдық ПӘндер» кафедрасы эссе Тақырыбы



бет4/4
Дата29.09.2022
өлшемі79,1 Kb.
#151149
1   2   3   4
Байланысты:
Сембай Мерей ПМ 1

Эмоциялар – ­қажеттіліктер және мотивтермен байланысты, және де субъектіге әсер етуші құбылыстар мен жағдайлардың мәнділігін тікелей­сезімдік уайымдар формасында бейнелейтін психикалық процестер мен күйлердің ерекше тобы.

  • Контент анализ (ағылш. contents-мазмұн) – психологияда пайдаланылатын зерттеу әдісі. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың (бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, жеке бас кұжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді. 

  • Инсайт – адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.

  • Жетістік мотивациясы (Мотивация достижения) – адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата-ана ықпалымен балада 3-13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі.

  • Жанұя психологиясы — психологиялық білімдердің салыстырмалы жаңа саласы. Ол жанұялық психотерапия практикасының жанұяға психологиялық көмек көрсету практикасы негізделеді

  • Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.

  • Ауытқушы мінез-құлық (Девианттық мінез-құлық) – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы; оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп калуы, сондай – ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет