«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қОҒамдық ПӘндер» кафедрасы эссе Тақырыбы



бет1/4
Дата29.09.2022
өлшемі79,1 Kb.
#151149
  1   2   3   4
Байланысты:
Сембай Мерей ПМ 1



«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ


Эссе
Тақырыбы: Психология менің өмірімде және кәсібімде.
Орындаған:Сембай М.Д
Тобы:СТҚБ-03-21
Қабылдаған: Ибраимова А


Шымкент 2022
Психология менің өмірімде және кәсібімде


Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік,кей жағдайда саясаттық және
теологиялық.
Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Жалпы психология- біздің өмірімізде мектеп шагынан бастау алады. Мектептегi педагог-психолог апайлардың бiзден келiп, тест алып, тәрбие сагаттарын өткізіп әртүрлі жиындар ұйымдастырғанынан бастап «психологияны тани бастадык десекте болады. Ал, казiр мен оны жеке пән ретінде оқып жатырмын. Енді, психологияның менің өмірімдегі және кәсібімдегі орнына келетін болсақ.
Психология менің өмірімде және кәсібімде маңызды рөл атқарады, өйткені мен қоршап тұрғанның бәрі менің санама әсер ететініне сенемін. Психология маған өзімді жақсы зерттеуге көмектеседі, адамдарды түсінуге, тұлғааралық қарым-қатынасты қалай тиімді құруға және кәсіби тұрғыда өзімнің жеке шешім қабылдауымды түсінуге үйретеді, ең бастысы жақындарыңмен қарым-қатынастағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді.
Психологияның артықшылығы- бұл біздің өміріміздің әр компонентін иелену қабілеті. Мектеп, институт, жұмыс, отбасы, адамдар-мен қарым-қатынас, жеке тәжірибе- күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз, күрделі жағдайларды жеңуге тырысамыз және бұл кезде бізге психология көмектеседі.
Мүмкін әр адамда психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызы зор болып тұр. Жоғары ақпараттықтехнологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі “фильтірлеуді” және үлкен ақпарттар ағынына бейімделуге үйренуі қажет.
Менің түсінігімде психология- адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, әрбір адамның ішкі әлемі ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-құлқына және іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.
Ал менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. Психология мені өз-өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын және ең бастысы, отбасы мүшелерімен және туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Және де психология өз-өзімді тануыма, қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.
Жеке өзімді қарастырар болсам, менде бәрі де өз уақытымен кезеңімен болып жатты. Қолыма алғым келген алтын белгімді, үздік аттестатымды алдым, одан кейін ҰБТ-ны жоғарғы деңгейде тапсырамын деген ой болды. Бірақ ойдағыдай болмады. Шыны керек, содан кейін мен кшігірім депрессияға түстім. Бұдан әрі қалай жылжитынымды білмедім, мемлекеттік грантқа ілінетініме сенімсіз болдым, ақылы түрде оқығым келмеді. Жақындарымның айтқандары бірден еске түсе қалды. Қазір ойлап қарасам, депрессия деген сөзді өзіміз ойдан шығарып алады екенбіз. Сәтсіздіктермен мен одан да биікке көтерілуім керек деп, өзімді іздеумен мен аяққа тұрдым. Сол сәтте ұзақ депрессияға түспеуге шешім қабылдап, арманыма ұмтылдым. Қазір еш өкінбеймін, арманымның бір бөлігі орындалды десем артық етпейді. Мен қазір сол кездері болған сәтсіздігімді сабақ ретінде көріп қуанамын. Маған психология әлеуметтік желінің арқасында келді. Қазіргі уақытта психология сөзі трендке айналып барады. Сондықтан мен оны психология деп емес өзіңді тану дер едім. Әр адам мамандық таңдағанда да ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды. Мен мамандығымды таңдарда дәл осыдай психолгиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адаммның психологиясы әр түрлі.Қарым-қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс-әрекет деп білемін. Сондықтан әрқайсысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді.
Психологияны білім беру жүйесінде, денсаулық сақтаудың және де басқа кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әр түрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.
Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандықпен кейін жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап, өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық тұрғыдан дайындайды.
Қорытындылайтын болсам, әркімнің өмірі тек өз қолында.Неліктен адамдарға психология қажет? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, сіз «психология» ұғымына және оның шығу тегіне терең үңілуіңіз керек. Психология - бұл адамның психикалық әрекетін, оған сыртқы факторлардың әсерін және мінез-құлықты егжей-тегжейлі талдау негізінде жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді зерттейтін ғылым. Грек тілінен «психология» сөзін «жан туралы білім» деп аударуға болады. Бұл - адамның мінез-құлқы туралы, адамның өзі және оның өмірі туралы білім.

Тест
1 Сана сезім әрекеттерінің даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым
А) физиология
В) логика
*С) психология
D) педагогика
E) философия


 2 Психологиялық зерттеулер аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалардың дүниеге келуі:
A) 19 ғасыр бассында
*B) 20 ғасырдың соңы
C) 18 ғасырдың соңғы ширегінде
D) 20 ғасырдың 20 жылдары
E) әуел бастан


3 Адам тәжірибесін табысты игеруге мүмкіндік беруші психологиялық қасиет
А) мінез
В) ерік
*С) қабілет
D) нышан
E) темперамент


4 Сана бұл -
*А) психиканың ең жоғары көрінісі
В) интеллект
С) дағды
D) ептілік
E) сезім


5 Оқу процесінде білім, ептілік, дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын негіздейтін ғылым саласы:
A) салыстырмалы психология
*B) педагогикалық психология
C) еңбек психологиясы
D) жас ерекшеліктер психологиясы
E) арнайы психология




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет