Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы


І.Тақырыбы: ХХ ғ.екінші жартысындағы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет. ІІ.Оқу сағаты



бет5/5
Дата09.12.2016
өлшемі0,85 Mb.
#3503
1   2   3   4   5

І.Тақырыбы: ХХ ғ.екінші жартысындағы – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі:

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі 5мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,сабаққа дайындығын тексеру,сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин(11%)

2. сабақтың тақырыбы бойынша жан- жақты сұраулар қою:. 30мин(33%)

1.Аргентинадағы «перонизмнің» ерекшеліктерін қалай түсіңдіресіңдер ?

2.Кубадағы әлеуметтік экономикалық дағдарыстың себептері.

3. «Прогресс жолындағы одақтың» мақсаты не?

4. Чилидегі «халық бірлестігі» үкіметінің қателіктері неде болды?

5. Кубадағы революция неліктен жеңіске жетті?

6. 1980- 1990 жж. Диктатуралардан конститутциялық режимдерге көшудің себептері?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(2,2%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейінгі кезеңдегі Латын Америка елдеріндегі саяси жағдай.

2.1970 – 2000 жж. Латын Америка елдерінің әскери режимдердің жаңару саясаты.

3.Аргентинадағы перонизм қозғалысы.

4. Мексикада Институтциялық – революцияшыл партияның билікке келуі.



Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, АҚШ, Канада, Жапония экономика мен мәдениетінің дамуы соғыс жылдарындағы ғылыми жетістіктердің негізінде жасалды. Көптеген ғылыми күштер, қаржы-қаражат атом энергиясын меңгеруге, транспорт құралдарын, мұнай –химия өнеркәсібін дамытуға жұмсалды.

Радиоэлектронника саласында батыл қадам жасалып, радиоапаратуралар мен телевизорлардың жаңа типтері ойлап табылды. Генетика мен биотехнологияда ірі жаңалықтар ашылды. Дәрілердің жаңа түрлері ойлап табылды. Тұрмысқа қажетті түрлі техникалық заттар шығарыла бастады. 70-80 жылдары ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңі басталды.

1971жылы «Интел» фирмасы мини-процессор жасап шығарды. Соның арқасында компьютер ойлап шығарылды. Табиғатта кездеспейтін жаңа синтетикалық материалдар, жылдам жүретін поездар ойлап шығарылды.

ҒТР-дің дамуы білікті мамандарды қажет етті. Осы талаптың нәтижесінде жоғарғы және орта білімді адамдар көбейе түсті.

70-90 жылдарда жоғары дамыған елдерінде тұрмысты жаңаша электрондық құрал-жабдықтармен қамтамассыз ету жаппай етек ала бастады. 1987 ж. батыс еуропалық елдерде түсті телевизорлармен қамтамассыз ету деңгейі 85 %, ал АҚШ-та 94% жетті. Ғылыми техникалық даму «бұқаралық мәдениеттің» кең таралуына өз ықпалын тигізді.

60-80 жылдары қоғамдық философиялық ой да ғылыми-техникалық революцияның әсеріне ұшырады. Экологияның нашарлауы, әсіресе ядролық өзін-өзі жойып жіберу қаупіне байланысты бұл «технологиялық оптимизм» біршама басылып қалды. Қоғамдық-философиялық ойдың басты бағыттарының бірі адамды жан-жақты кешенді зерртеуге деген мақсатпен анықталды.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары әдебиет пен өнерде реалистік дәстүр күшейді. Француздың реалистік жазушылары А. Жид пен Ф. Мориак әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Италияда әдебиет пен кинематографияға соғыстан кейінгі жаңа реализм үлкен әсер етті. АҚШ кинематографиядан алға шықты. 80-ші жылдары видео-кассеталарды шығару әлемдік бизнеске айналды.

Батыс Германияда соғыстан кейінгі он жылдықта басты тақырып фашистік өткеннен арылу болды. Бұл тақырып Г. Белльдің әңгімелері мен фашизмге қарсы бағытталған «Адам сен қайда болдың?» романында суреттелген.

Соғыстан кейін бейнелеу өнерінде постмодернизм деп аталатын жаңа кезең басталды. Ол адам өркениетінің жойылып кету қаупі төңген кезде пайда болды. Постмодернизм «үлкен қорқыныштың бел баласы» деген атаққа ие болды.

Музыка саласында да күрделі процестер болды. АҚШ пен Еуропа елдерінде концерт ұйымдастыру кең құлаш жайды. АҚШ-та 70-80 жылдары Рок музыкалық фестивальдар өткізу дәстүрге айналды. Әсіресе АҚШ музыкалық комерция жасап әлем рыногын клиптермен дамытты. Қорыта келгенімізде ғылым мен техника, әдебиет пен өнер АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың екінші жартысында ХХІ ғасырдың басында өзінің шарықтау шегіне жетті.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау:

2.Сабақтың тақырыбы:ХХ ғ. екінші жартысындағы –ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет.

6..Үй тапсырмасы: 2мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Соғыстан кейінгі ғылым мен техниканың дамуы.

2. ХХ ғ.екінші жартысы ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет пен өнер.

18 сабақ

І.Тақырыбы: ХХ ғ. екінші жартысындағы-ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі ұлы державалардың арасындағы қақтығыстардың болу себебін түсіндіру.

-Араб-израиль соғысына, Кариб дағдарысына да АҚШ пен КСРО-араласып, қателік жасағандарын айтып өту.

- Оқушыларды тәуелсіз отанымыздың білімді азаматы болып, дүниежүзіндегі елдердің алдында еліміздің ішкі және сыртқы ынтымақтастығын сақтап, мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж.

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория



VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1. Үй жұмысын тексеру: 10 мин(11%)

2. сабақтың тақырыбы бойынша жан- жақты сұраулар қою: 30мин(33%)

1. «ХХғ. ғылыми- техникалық революция» денімізді қалай түсінесіңдер?

2. Постмодернизм дегенімізді қалай түсінесіңдер?

3. Соғыстан кейін қоғамдық- философиялық ой қалай өзгерді?

4. ХХ ғасырда атом электр станциясы қай елдерде салына бастады?

5. Компьютер қай елде пайда болды?

6. ХХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдердің халқының өмір сүру деңгейі қандай болды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1 Тақырып жоспары:

1. 50-60 жылдардағы халықаралық қатынастар.

2. Египетке қарсы үш елдің басқыншылығы.

3. Кариб дағдарысы.

4. 70-90ж. халықаралық қатынастар.



Ақпараттық дидактикалық.

Соғыстан кейін жеңімпаз мемлекеттер бейбітшілікті реттеу мәселесін соғыс кезінде жасасқан келісімге сай жүргізу керек еді. Бірақ бұл мемлекеттердің көзқарасы өзгеріп, қарама-қарсы идеологиялық принцптер мен позицияларды ұстанды. АҚШ-тың сыртқы стратегиясы әлемдік капиталистік жүйені сақтау, дүниедегі жанжалдарды күш қолдану арқылы шешу.

«Қырғи-қабақ соғыстың» басты белгілері: бәсекелестік, әскери-соғыс одақтарының құрылуы, жанталаса қарулану. Соғыстан кейін екі ел арасында дұшпандық қатынас басым болды.

БҰҰ-ның шешімі бойынша 1947 жылы қарашада Палестинаның орнына екі-еврей және араб мемлекеттері құрылып, Иерусалимге барлығына ашық еркін қала мәртебесі берілуге тиіс болатын. 1948 жылы еврей мемлекеті құрылды да араб мемлекеті құрылмай қалды. Арабтар еврей мемлектін танудан бас тартты. 1948-1949 жылдары бірінші араб-израиль соғысында КСРО арабтарға, еврейлерге АҚШ мемлекеті болысты. Арабтар жеңілді. Бұл соғыс әлі күнге дейін өзінің шешімін таппай келеді.

1952ж. Египетте революция болып, шетел компанияларының қызметіне шектеулер қойылды. Египетке қарсы ағылшын- француз-израиль басқыншылығы басталды. КСРО АҚШ және БҰҰ басқыншылықты айыптады. Егер Египетке басқыншылық тоқтатылмаса КСРО көмек беретінің жариялады. Англия мен Францияның бұл аймақта ықпалы төмендеп КСРО беделі өсті.

КОКП ХХ сьезінен кейін КСРО сыртқы саясатта біраз бастамалар жасады. Армияны екі млн. қысқартты. 1960 жылы мамырдың ортасына жобаланған Н. С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды.

1960 ж. сайлауда Дж. Кеннеди жеңіске жетті. 1961 ж. сәуірде Куба контрреволюционерлері десантының АҚШ флоты мен авиациясының көмегімен аралға түсірілуімен Кариб дағдарысы басталды. АҚШ Кастро режимін құлатудан бас тартбады. КСРО өзінің ракеталарын орналастырды. АҚШ пен КСРО арасындағы қақтығыс шындыққа айнала бастады. Тек екі елдің басшылары сөйлескеннен кейін соғыс сейілі азайғандай болды. АҚШ Кубаның тәуелсіздігіне қол сұғудан бас тартып, өзінің әскерлерін Түркиядан, ал КСРО Кубадан алып кетті.

1963ж. ядролық қаруды шектеу туралы алғашқы келісімге Мәскеу шартына қол қойылды. Атом бомбасына атмосферада, су астында, космос кеңістігінде сынақ жүргізуге тыйым салынды. 1970 ж. Еуропада ядролық қаруды таратпау туралы келісімге 100-ден аса мемлекет қол қойып, күшіне енді. Ұлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылыққа Азия, Африка, Латын Америка елдері араласпады.

1970 ж. Еуропа елдерінің көпшілігінде келіссөздер жүргізу идеясы қолдау таба бастады. Бірақ олар кеңес басшылығының бағытын өзгерте алмады. 1968 ешқандай негізсіз бес елдің әскерін КСРО Чехословакияға кіргізді. 1975 ж. 1тамызда Хельсинкиде мемлект басшылары деңгейінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңес ашылып қорытынды актісіне қол қойылды.

80 ж. АҚШ пен КСРО арасында қайшылық бұрынғыдан да күшейді. АҚШ-тың билеуші топтары Ангола мен Мозамбиктегі революцияны, Ирандағы шахқа қарсы революцияны КСРО- ның қастандығы деп түсінді. Ал КСРО-ның Ауғанстанға әскерін енгізуі т.б істері әлем жұртшылығының наразылығын туғызды. Жанталаса қарулану қайта басталды. Нәтижесінде 1986 ж. КСРО-да 10 мыңядролық заряд болса, АҚШ-та 14,8 мың заряд болды. 1987 ж. Вашингтонда М. С.Горбачев пен Р. Рейганның кездесуінде қысқа қашықтықта ұшырылатын ракеталарды жою хаттамаларына қол қойылды. 1991 ж. Мәскеуде кездесу болып, екі елде қарудың үштен бірін жою туралы келісімге қол қойды. 1991ж. КСРО ыдырап оның құрамындағы мемлекеттер тәуелсіз мемлекеттерге айналды.

1999ж. ЕО кіретін мемлекеттер біріңғай ақша бірлігі евроға көшті. ЕО жаңаша технология мен ғылыми жаңалықтар ашуда Жапония мен АҚШ-тан артта қалып қойды.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы:ХХ ғ. екінші жартысындағы –ХХІ ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар.

6..Үй тапсырмасы: 2мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Соғыстан кейінгі халықаралық жағдайдың шиленісуі.

2. Кариб дағдарысы.

19 сабақ

І.Тақырыб: Бақылау жұмысы, қорытындылау, қайталау.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушылардан жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша бақылау жұмысын алу.

-Адамзат тарихындағы болып өткен қиын кезеңдерді айтып түсіңдіру.

- Оқушыларды тәуелсіз отанымыздың білімді азаматы болып, дүниежүзіндегі елдердің алдында еліміздің ішкі және сыртқы ынтымақтастығын сақтап, мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж.

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория



VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1. Үй жұмысын тексеру: 10 мин(11%)

2. сабақтың тақырыбы бойынша жан- жақты сұраулар қою: 30мин(33%)

1. «ХХғ. ғылыми- техникалық революция» денімізді қалай түсінесіңдер?

2. Постмодернизм дегенімізді қалай түсінесіңдер?

3. Соғыстан кейін қоғамдық- философиялық ой қалай өзгерді?

4. ХХ ғасырда атом электр станциясы қай елдерде салына бастады?

5. Компьютер қай елде пайда болды?

6. ХХ ғасырдың екінші жартысында дамыған елдердің халқының өмір сүру деңгейі қандай болды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мақсаты: өтілген тақырыптар бойынша бақылау жұмысын алу.

1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?

2. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?

3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

4. Имперализм дегеніміз не?

5. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?

6. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?

7. өзгерістердің болу себебі?

8. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?

9. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

10. Имперализм дегеніміз не?

11. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?

12. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?

13. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?

14. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?

15. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

16. Имперализм дегеніміз не?

17. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?

18. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?

19. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?

20. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

21. Имперализм дегеніміз не?

22. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?

23. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?

24.Түркияда болған революцияны қашан кім ұйымдастырды?

25.Кеңестік Ресей не себепті Иран, Түркия, Ауғанстан елдеріне қаржылай көмек берді?

26. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де неліктен Шығыс елдері отаршылдықта қала берді?

27.ХХ ғ. басында Азия елдерінің ішінде дамыған елді ата.

28.Сунь Ятсен дегеніміз кім?

29. Үндістанда тәуелсіздік алу үшін күрес жүргізген тарихта аты қалған тұлғаны ата?

30.Түркияда болған революцияны қашан кім ұйымдастырды?

31.Кеңестік Ресей не себепті Иран, Түркия, Ауғанстан елдеріне қаржылай көмек берді?

32. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де неліктен Шығыс елдері отаршылдықта қала берді?

33.ХХ ғ. басында Азия елдерінің ішінде дамыған елді ата.

34.Сунь Ятсен дегеніміз кім?

35. Үндістанда тәуелсіздік алу үшін күрес жүргізген тарихта аты қалған тұлғаны ата?

36.Түркияда болған революцияны қашан кім ұйымдастырды?

37.Кеңестік Ресей не себепті Иран, Түркия, Ауғанстан елдеріне қаржылай көмек берді?

38. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де неліктен Шығыс елдері отаршылдықта қала берді?

39.ХХ ғ. басында Азия елдерінің ішінде дамыған елді ата.

40.Сунь Ятсен дегеніміз кім?

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3мин(3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.



2.Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

6..Үй тапсырмасы: 2мин(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден бағалы сынаққа дайындалу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет