Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қоғамтану» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет3/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,02 Mb.
#37113
1   2   3   4   5   6

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин (6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қоғамның даму заңдылықтары мен қызметі.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Қоғам туралы түсініктің қалыптасуы.

2.Адам туралы түсініктің қалыптасуы.

9сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Шығыс және грек ойшылдарының қоғамдық пікірлері.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға қоғам туралы, қоғамның саяси өмірі туралы, адам мен қоғамның байланысы туралы оқыту.

тәрбиелік: ежелгі шығыс және грек ойшылдарының қоғамға, мемлекетке, мемлекетті басқару формасына қарай бөліп көрсеткен көзқақарастарына түсінік беру.

дамыту:оқушыларға қазіргі қоғаммымыздың бірден қалыптаспай, біртіндеп даму арқылы қалыптасып бүгінгі күнге жеткенімізді түсіндіру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Қоғам дегеніміз не?

2. Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

3.Қоғамның қандай түрлерін білесің?

4. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

5.Қоғамның табиғаттан ерекшелігі неде?

6. Азаматтық қоғам дегеніміз не?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40мин(44%)

1.1 Тақырып жоспары:

1.Конфуцишілдік саяси этикалық қөзқарастың қалыптасуы.

2. Платонның саяси қөзқарасы.

3. Аристотельдің мемлекет пен қоғамға көзқарасы.

4. Жаңа замандағы батыс ойшылдарының қоғамға түсінік беруі.

5. Маркстік саяси ілімнің қалыптасуы.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Дүние, әлеуметтік дүние туралы философиялық түсініктер б.з.д. YII – YІ ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда болды. Ең ежелгі философия тереңірек дамыған аймақ Қытай болды. Бұл жерде философияның негізін салған Конфуций болды. Конфуций адамды қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырды. Ол жазып кеткен ілім конфуцишілдік деп аталып, саяси этикалық ілім болып саналды. Конфуций өзінің ілімінде адамгершілік, ата– ананы құрметтеу, ұстамдылық, сыпайылық туралы айтып кетті. Конфуций шамадан тыс зорлық-зомбылыққа қарсы шықты. Ол қоғамнан бұрын адамды жетілдіру қажет деп түсіндірді. Қытай қоғамында бірінші рет тәрбие басты орынға қойылды.

Ежелгі антикалық философтардың барлығы мемлекет, заң, еңбек, басқару,соғыс,бейбітшілік, билік, қоғамның мүліктік бөлінісі проблемаларын қозғады. Бұл кездегі философтар қоғам мен адам арасындағы бірлікке назар аударған. Мысалы: Демокрит «заң жақсы адамдарға ғана жағдай жасайды. «Дана адамға барлық жер ашық. Немесе отанның жақсы жаны үшін бүкіл дүние ашық».

Платон (б.з.б.427-347) әлеуметтік проблемаларды қарастырды. Платон адамзат тарихында бірінші рет мінсіз мемлекеттің теориясын жасады. Негізгі үш функцияға сәйкес халық үш сословиеге: билеуші даналарға, философтарға, жауынгерлерге және қолөнершілер мен шаруаларға бөлінді. Платон мемлекттің үш формасын: монархияны, аристократияны және демократияны мойындады. Олардың ішінде ең жетілдірілгені мемлекет- философтар басқаратын, жауынгерлер қорғайтын, қолөнершілер мен шаруалар материалдық игіліктерді өңдіретін аристократиялық республика болып табылады. Сословиелер әртүрлі өмір сүреді. Философтар мен күзетшілерде отбасы да, жекеменшік те жоқ. Платонның ойынша жекеменшік болса қоғамда адамдар арасында байлық үшін күрес басталады. Қоғамда бірлік сақталмайды деп түсіндірді.

Сондықтан жоғарғы екі сословие ешқандай сыйақы алмастан қоғамға қызмет етеді. Ал қолөнершілер мен шаруалардың жекеменшікке құқықтары болды.

Аристотель ( б.з.б.384-322) адамды«саяси жануар» деп түсіндірді. «Саясат» туралы еңбегінде мемлекет теориясын баяндады. Ол отбасы мен жекеменшікті жою туралы Платонның пікірімен келіспеді. Ол бұл мәселеде дәстүрге, көпшіліктің пікіріне мойынсынуды жақтады.

Аристотель мемлекеттің дұрыс және дұрыс емес формасын ұсынды. Дұрыс формасына: монархия, аристократия және политияны жатқызды. Дұрыс емес формасына тирания, олигархия, демократияны жатқызды. Аристотельдің өзі мемлекеттің дұрыс формасын құптады.

Антикалық және философиялық қоғамда қоғам әлі де мемлекеттен бөлінбеді.

Жаңа заманда қоғам қоғамдық шарт мәнінде қарастырылды. Бұл тұғырнаманың бастаушысы Томас Гоббс (1588-1679) болды. Ол Аристотельге қарсы шықты. Гоббс былай деп түсіндірді: «Адам өмірі әзәзілмен жарысумен салыстырылуы мүмкін... әрбір қатысушының бірден-бір мақсаты және бірден-бір жеңісі бұл өз бәсекелестерінің алдында болу».

Неміс классикалық идеализмнің аса көрнекті өкілі Г. Гегель ( 1770 – 1831) азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің аражігін ашты. Оның түсінігінде азаматтық қоғам – бұл жекелеген тұлғалардың өз мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру саласы. Гегель азаматтық қоғамның үш негізгі белгісін бөліп көрсетті. 1) қажеттіліктер жүйесі. 2) әділ соттың жұмысы. 3) полиция және кооперация. Гегель азаматтық қоғамның қалыптасуын буржуазиялық құрылыстың дамуымен байланыстырды.

Қоғамды түсінуде К. Маркс ( 1818-1883 ) алға қарай елеулі қадам жасады. Маркс қоғамдық - экономикалық фармация туралы ілімді жасады. К. Маркстың еңбектерінің көпшілігі экономикаға арналды. Маркс тарихты капиталистік матералистік тұрғыда түсіндіріп, бүкіл тарих- таптар тарихы деген қорытынды жасады. Ол капитализмді жан-жақты зерттеді.

К. Маркс пен Энгельс ілімі бойынша, қоғамның дамуының негізі – еңбек, адамдардың өңдірістік іс-әрекеті, ол материалдық қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.

ХІХ – ХХ ғасырларда шетелдік философтар мен әлеуметтанушылардың еңбектерінде қоғамға деген әртүрлі көзқарастар қалыптасты.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 40 мин(44%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Шығыс және грек ойшылдарының қоғамдық пікірлері.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Ертедегі шығыс ойшылдарының қоғамдық пікірлері.

2.Ертедегі грек ойшылдарының қоғамдық көзқарастары.

10сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақ ойшылдарының пікірлері.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға қазақ ойшылдары Әл- Фараби, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, ХІХ-ХХ ғ.ғ. қазақ ойшылдарының адам және қоғам туралы ойларына түсінік беру.

- Қоғам туралы ілімнің дамуы, қазақ ойшылдарының қоғам туралы ойларын атап көрсету.

- Қазақ ойшылдарының адамгершілік, адам құқығы , адамның адамдық мәртебесі туралы пікірлерінің маңыздылығын атап көрсету.

- Қазіргі қоғамда қазақ ойшылдары қөзқарастарының тиімділігін айқындай білуге үйрету.



тәрбиелік: оқушыларды қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру.

дамыту: білімге, қоғамға деген қызығушылығын арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1. Конфуцишілдік философиясының негізінде қандай ұстанымдар жатыр?

2. Платон мінсіз мемлекетті қалай суреттейді.

3.Аристотельдің «Адам –саяси жануар» деген анықтамасын қалай түсінесің?

4. Аристотель мемлекеттің қандай формаларын бөліп көрсетті?

5.Гегель азаматтық қоғамның қандай белгілерін көрсетті?

6. Азаматтық қоғам дегенімізді қалай түсінесің?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.1 Тақырып жоспары:

1. Әл- Фарабидің қоғам, адам және адамгершілік туралы көзқарастары.

2. Ш. Уалаихановтың адам және қоғам туралы ой пікірлері.

3. Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаев шығармаларындағы қоғам және адам тақырыбы.

4. ХІХ-ХХ ғ.ғ. бас кезіндегі қазақ ойшылдарының қоғам және адам турулы пікірлері.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Қасиетті қазақ даласы талай ғұлама ғалымдарды дүниеге келтірді. Қазақ топырағында туған көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтар шығыс, араб –парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ етіп жазып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр Әл –Фараби.

Әл - Фараби 870 жылы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі Фараб қаласында дүниеге келген. «Ғылымдарды топтастыру туралы», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары», «Саясат туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары» деген еңбектерінде Әл-Фараби азаматтық ілімді жеке тарауларға бөліп қарады.

Әл - Фараби жоғарғы үкіметтің негізі болып табылатын саясатқа үлкен мән берді. Ол басқару екі түрлі болады дейді. Егер басқару шын бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез-құлықтарды, ерік қасиеттерді нығайтса, ол –қайырлы басқару. Ал бұл принцппен қабыспайтын басқару қиялдағы бақытқа ғана жеткізеді. Шынында да ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады. Сондықтан ондай басқару надандық болып табылады.

Әл-Фараби еңбектерінің ішіндегі ең танымалы «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты. Ғұлама бұл еңбегінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып, мемлекеттік қайраткердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуге қажетті жағдайлар жасауда қажетті «Мемлекет басқару өнеріне» баса назар аударады.

«Мемлекет»,-дейді Әл-Фараби, өз тіршілігін қайырымдылық бастамасына негіздесе жақсылықты, ізгілікті болады. Адам басқа адамдармен қарым –қатынассыз жеке бір өзі игіліктерге жете алмайды. Әрбір кісі басқалармен көпшілікке және олармен бірігуге мұқтаж. Ал адамның бірігуі – мақсат емес, ол тек қана құрал. Мақсат өмірде бақыт әкелетін кемелдікке жетеді.Әл-Фараби қоғамдағы теңсіздікті сынады. Адамдар теңсіздігін мойындаған ол халықтың қоғамдық міндеті және қажеті – өздерінің қожаларына еңбек ету деп санады.

Абай Құнанбаев өзінің қара сөздері мен өлеңдерінде адамгершілік мәселесіне көп көңіл бөлген. Абай этика тақырыбын қозғағанда «Иман» мәселесіне көп көңіл бөлген.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 – 1865 ) ХІХ ғасырдың ортасында, патшалық Ресейдің Орта Азия мен Қазақстанды отарына айналдырып, бостандық пен рухани дамуымызды тұншықтырған дәуірде дүниеге келді. Ол география, тарих, салт – дәстүр, этнос, лингвистика , қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды.

Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері толғандырды. Шоқан өз халқының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады. Шоқан Уәлиханов қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Халықтың қамын ойлаған Шоқан өзі хан ұрпағы болса да жергілікті сұлтандар мен байлардың кедейлерді қанап, отырғанын ашу - ызамен көрсетті.

Ш. Уәлиханов қазақ округтерінің басында білімді сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтік әділеттік орнар еді деп үміттенді.

Адам және қоғам туралы ұлттық ой - пікірге үлкен үлес қосқан ағартушы педагог, ақын, жазушы Ы. Алтынсарин (1841- 1889) болды. Ол өзі туған қазақ қоғамының жай-күйін зерттеп, оның дүниежүзілік алдыңғы қатарлы өркениеттен артта қалуының басты себебі қазақ арасында оқу - білімнің тарамағандығынан деп түйіндеді.

Қазақ қоғамын прогреске жеткізудің жолы-отырықшылық өмірге көшу деп білді.

Ыбырай мәдени дамудан шетте қалудың себебі жалқаулықтан, сондықтанда барша адам өз бақытын еңбектен табуға тиіс, тек адал еңбек қана адамзат бақытының негізі деп қарады.

Ыбырай адамдарды азаматтық бауырластыққа, ол жасаған қазынаны байытуға шақырады. « Мен күшімнің жеткенінше, туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан ешуақтада қайтпаймын», -деп жазды ұлы ағартушы.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың ( 1845 – 1904 ) философиялық ой –пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық көзқарастың ең озық үлгісі болды. Абай дүниенің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды. Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір –бірімен тығыз байланысты Абай терең ұғынған. Тілек, мақсат, арман сияқты рухани өмірдің қозғаушы күштері адамның денсаулығы, жүйе-жүйкелерінің саулығына байланысты қалыптасады. Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай деп сипаттама береді: «Үш-ақ нәрсе –адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Абай адам мен қоғам арасындағы байланысқа зор мән берген: «Дүниеде жалғыз қалған адам –адамның өлгені» дейді. Егерде есті кісілердің есебінде болғың келсе, күніне бір рет, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңен-өзін есеп ал!

Елдің жақсы-жаман болуының тетігі оның ынтымақ берекесіне байланысты. «Берекелі болса ел жақсы жайлау, ол бір көл»- дейді ақын. Абай: « Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» -деп үйретеді. « Әуелі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі -зұлымдық. Абай кейінгі ұрпаққа көп мұра қалдырды.

Қазақтың ойшыл ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлынын ( 1858 - 1931 ) алатын орны ерекше. Ол қоғамда адам өзінің орнын табу үшін ақылды, парасатты, сабырлы, ынсапты, арлы, ұятты, рақымды болу керек деп түсіндірді.

ХІХ аяғы ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б. болды.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин (6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақ ойшылдарының пікірлері.

6. Үй тапсырмасы : 5 мин (6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Абай Құнанбаевтың адамға, қоғамға деген көзқарасы.

2.Ш. Уәлихановтың саяси көзқарасы.

11сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономикадағы әлеуметтік құрылымдар.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту:оқушыларға экономика туралы түсінік, экономикалық өмірді ұйымдастырудың жолдары туралы кең көлемде түсінік беру.

тәрбиелік: ҚР 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегия, оның негізгі бағыттары, оның орындалуына өз үлесін қосуға, үздіксіз бақылауға тәрбиелеу.

дамыту: Қазақстан дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін экокномикамызды дамыту қажеттігін айтып өту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин ( 16%)

1.Әл –Фарабидің қоғам, адам және адамгершілік көзқарастары.

2. Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларын ата.

3. А. Құнанбаев пен Ы. Алтынсариннің адамгершілік туралы көзқарастары.

4. ХІХ – ХХ ғғ. бас кезіндегі саяси пікірлер.

5.Ш. Уәлиханов кім?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44 %)

1.1. Тақырып жоспары:

1. Экономика туралы жалпы түсінік.

2. Нарық. Нарықтық қатынас туралы негізгі ұғымдар.

3. ҚР экономикалық реформа.

4. Қазақстан экономикасының стратегиялық болашағы.

5. Экономикалық қатынас жүйесіндегіадам.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

«Экономика» деген сөз алқашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат – ақша айналысы , т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсіндіреміз.

Өндіріс қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті материалдық игілікті жасайтын процесс. Жұмысшы күші – өндірістің адамдық факторы, ал өңдіріс құралы заттық фактор. Бұл факторлар өздігінен өзінен-өзі ештеңе де өңдірмейді. Тек екеуі бірігу арқылы ғана игілікті шығаруға жағдай жасайды, яғни өңдірісті іске асырады. Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің арасында күрделі қатынас жүйесі пайда болады. Бұл қатынас пен еңбек құралының әсер етуінің тәсілін технология дейміз.

Қоғамның ХХ ғасырда дамуы экономикалық өмірді ұйымдастырудың екі жолы бар екенін көрсетті. Оның біріншісі нарықтық экономика, екіншісі –жоспарлы әкімшілік экономика.

Нарықтық экономикада бұл қатынастарды нарық реттейді (өнімді шығару, тұтыну, бөлу, ұсыныс, сұраныс, т. б. ) Нарық тауарды бөлу саласы. Нарық өнім шығарушылар мен өнімді тұтынушылардың, сұраныс пен ұсыныстың арсындағы қатынас, олардың өзара тығыз байланысы.

Нарық адамдарды тиімді еңбек етуге, ынталылыққа бағыттайды. Нарықтық экономика ғылыми– техникалық прогресті, өнім өндірушілердің өзара бәсекелесуін және тұтынушылар үшін бәсеке күресін өрістетеді.

Нарық – экономикалық өмірді демократияландырудың негізі.

Нарықтық экономикада ұсынысты мемлекет реттемейді (өнім шығарушылар қанша шығарам десе де өз еркі) , сұранысты да ешкім реттемейді (сатып алушылар не, қанша сатып алады өз еріктері) ендігі мәселе баға . Бағаны да ешкім реттемейді. Оны өнімді шығарушы өзі шешеді.

Нарықтық қатынастың өзіне тән обьективтік - экономикалық екі заңы бар: баға заңы, ұсыныс және сұраныс заңы. Біріншісі орта бағаны қалыптастырады, екіншісі – нарықта пайда болатын ақша мен тауардың қатынасын анықтайды. Сонымен нарық – өідірісті реттеуші, ол баға арқылы, қанша көлемде шығару қажеттігі туралы хабар беріп тұрады.

Нарықтық экономикада да еңбек және капитал нарығы да болады. Еңбек нарығының да үш белгісі бар: сұраныс, ұсыныс, баға.

Капитал нарығы да алғашқы екеуі сияқты сұраныс пен ұсыныс қатынасын көрсетеді, тауар есебінде мұнда бағалы қағаздар жүреді.

Ақпарат нарығында ғылыми-техникалық революция білімнің құндылығын арттырады. Тауардың бағасында интеліктінің бағасы үнемі артып отырады. Сондықтан технология туралы ілімді, ақпаратты сатып алу, сату тиімді. Соның негізінде ақпарат нарығы дамиды.

Нарыққа тән қасиет – белгілі тауар өндірушілер арасындағы тауарды шығару және өткізудің тиімділігі бәсеке. Бұл бәсекеде тауар бағасы түседі, тауардың сапасы артады.

Экономиканы реттеудің , тағы бір құралы – мемлекеттік тапсырыс, әскери қорғаныс ісіне тауарларды сатып алу. Бұл сұранысты күшейтіп, ішкі рынокты кеңейтеді. Мемлекет халықтан алатын салықтың мөлшерін көбейтеді немесе азайтады.

Нарық компания түрінде де реттеуге ықпал етеді. Компаниялар жаңа технологияны пайдаланады. Соның нәтижесінде маркетинг дамиды. Бұл – нарықтың талабына, сатып алушылардың, қызмет етушілердің қажеттігіне бейімделетін басқару жүйесі.

1991 жылы КСРО құлады, соның нәтижесінде Қазақстан басқа да мемлекеттер сияқты тәуелсіз мемлекет болып жарияланған. Әкімшіл- әміршіл жүйе, жоспарлы экономика өмірден кетті.Бұл жүйе өмір сүрген 70 жылдың көлемінде елдің экономикасы тұрақты дағдарысқа ұшырай бастады. ҚСРО өнімінің сапасы жөнінен көптеген елдерден артта қалды. 20 пайыздан астам өндіріс орындары тиімсіз жұмыс істеді.

Басқа да кемшіліктер ҚСРО-ның құлауына әкелді.Оның құрамындағы 15 республика өздерінің дербестігін жариялады, оның бірі-Қазақстан.

Нарықтық қатынастың өмірлілігін және жемістілілігін әлем елдерінің тәжірибесі дәлелдеді. Нарықтық экономикаға көшу адамдардың ынтасының артуына жол ашты.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 40 мин(44 %)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономикадағы әлеуметтік құрылымдар.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Нарықтық экономика.

2. «Қазақстан– 2030» экономикалық стратегиясы.

12сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Демография ғылымы. Демографиялық зерттеулер.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту:оқушыларға демография ұғымы, демографиялық қатынас ұғымдарына кең көлемде түсінік беру.

- Қазақстандағы демографиялық жағдай, демографиялық көрсеткіштер, олардың негізгі бағыттары туралы ұғымдарын қалыптастыру;



тәрбиелеу: Қазақ халқы санының кемуі, өсуі, болашағы туралы көзқарастарын қалыптастыру, ұлт болашағына деген сенімді құрметтеуге тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет