Байланысты: 1.СӨЖ. АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА. ЖҮРСІНӘЛІ ЕРНАР
Суй империясы Қытайда феодалдық кезеңнің дамыған кезеңі VIII ғасырда болды. Қытайда 610 - 18 жж. Халықтық толқулар орын ала бастады. Оның түрткісі болған Суй-династиясы мен Когуре (Корей түбегіндегі патшалық) арасындағы жиілеп кеткен соғыс еді. Шаруалар көтерілісінің негізгі ошағы Шаньдун провинциясы болды. Бұл жерде күшті феодал аристократтардың салтанатты үйі болып, олар шаруаларды аяусыз қанады. Шаньдун - Суй династиясының Хэньан мен Хэбэй сияқты біршама бай және халқы тығыз орналасқан ірі провинцияларының бірі болды. Сонымен қатар Кореямен соғыс кезіндегі әскерлерді тамақ пен оқ-дәрі мен қамтамасыз еткен провинция болады. Осы кезде 611 жылы Хэньан мен Гуаньдунда күшті су апаты орын алады. Миллиондаған шаруалар үйсіз-күйсіз қалып, сонымен қатар қалыптасқан салықтар мен барщиналарды өтеуге тиіс болды. Ал 610 жылы Хэньан мен Гуаньдунда шаруалар көтерілісі тұтанып, келесі жылдар Шаньдун провинциясында орын алады. Шаруалар көтерілісі ендігі жерде басқа да провинциялар: Хэбэй, Шэньси, Чжэцзян, Цзянсу, Гуанси, Ганьсуға тарайды. 614 жылдың басында Қытайда 130 ірі және ұсақты отрядтарға бірігіп олардың үлкен бөлігі Шаньдунда, Хэнэн мен Хэбэйде еді. Көтерілістерге шамамен 4 миллион адам қатысты. Жоғарғы тап өкілдерінің көпшілігі Ян Гуанның деспоттық билеуімен күштеп ұстап отырған орталығына оппозицияда болды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Шаньси, Хунань, Шэньси, Шаньдун, Чжэцзян, Ганьсу феодалдары императорға қарсы шыға бастады. 613 жылдың жазында Хэнанда Суй династациясына қарсы көтерілісті генерал Ян Сюань - Гань басқарады. Толқулар екі айдан астам уақытқа созылды. Ян Сюань - Гань әскері Лоянға кауіп төндірді. Суй династациясы бұған қарсы шаралар мен күштерін дайындады.Корей майданынан халыктың көтерілісін басып -жаншу үшін аса үлкен армия жөнелтеді. Бірақ, бұл амал-шаралар халықтың козғалысына ешқандай әсерін тигізбейді. Шаруалардың көтерілісі Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің бассейніне таяп жетеді. Шаруалар көтерілісінің ең күшейген кезі тарихта Ваган көтерілісі деп аталады. Ол Хэнань провинциясындағы таулы аймақтың атымен аталады. 611-613 жылдары Ваган көтерілісінің жетекшісі Чжай Чжан болды. Біраз уақыттан соң әскер қолбасшысы болып Суй чиновнигі Ли Ми тағайындалады. Бұл шэнсилік ірі феодал шаруалар көтерілісін өз мақсатына жарытып жаңа династия кұрғысы келді. Ваган әскеріне Доу Цзяньде баскарған. Хэбэй провинциясының шаруалар отряды үлкен көмек көрсетеді. Көтерілістің нәтижесінде 617 жылдың аяғында Суй үкіметінде аз ғана, яғни Хэньан, Цзянсу провинциялары қалады. Суй династациясының тағдыры осымен аяқталады. Ел астанасында қактығыстар ершіп, ақырында Ян Гуан мен жақтастары Цзян Ду (нанкинге) қашып кетеді. 618 жылдың көктемінде император сарайында бүлік шығып, Ян Гуан карсыластарының арқасында көз жұмады. Болған оқиғаны ірі феодалдар пайдаланып, Ян Гуанның немересін император етіп тағайындайды. Бірақ, 618 жылдың ортасында император титулын Ли Юань қабылдайды. Ол өзі құрған жаңа династияны Тан империясы деп жариялайды. VII ғасырда орын алған шаруалар көтерілісі Цинь-Хань дәруірінен кейінгі Қытай тарихындағы аса ірі көтеріліс болды. Халықтың көтерлісінің соңында Суй империясының кабырғасы кұлайды. Көптеген уақытқа дейін Тан династиясы гегемония мен елді біріктіру үшін көп күрес жүргізеді. 618-620 жж. Бұл күрес , әсіресе елдің солтүстік батысындағы Шэньси мен Ганьсу провинцияларында түркілер мен одақтас феодал - сепаратистерге қарсы бағытталады.