1.Азаматтық(ор. Гражданство, ағыл. Citizenship) – конституциялық-құқықтық жағдай, адамның мемлекетпен құқықтық-саяси байланысы.
2.Алаш (ежелгі түрік сөзі – бауырластар, қандастар, туыстар) – ежелгі заманда, түрік халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Ортағасырлық және одан ерте кездегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы.
3.Автономия (грек. өзін-өзі басқару) – бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым. 1) мемлекеттің белгілі бір аймағындағы ішкі басқару; 2) біртұтас Конституция негізінде басқарылатын мемлекеттердің ажырамас бөлігі.