KРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ Kрест жорықтары – иудей, христиан және мұсылман діндерін ұстанатын адамдар үшін қадір тұтылатын Таяу Шығыстағы жерлерді бақылау үшін болған әскери-діни науқандар сериясы. Хронологиялық негіздері – XI – XV ғғ.
Eуропадағы экономикалық мәселелер. Папа ІІ Урбан Еуропаның өзіне және барлық адамдарға сол кезеңдегі негізгі байлықтың жеткіліксіздігін айтты.
Діни фактор. Рим папасы христиан храмдары кәпірлердің, яғни мұсылмандардың қолында деп және бұл фактіні жоққа шығару керек деп есептеді.
Cол уақыттағы адамдардың дүниетанымы бойынша осы қасиетті жорық бәрінің күнәларын жояды және олар қайтыс болғаннан кейін жұмаққа кіреді деп есептеді.
Kатолик шіркеуінің ашкөздігі. Папа мен корольдер Еуропаны ресурстармен байытуды ғана емес, сонымен бірге әмияндарын жаңа жер мен басқа байлықтарға толтырғысы келді.
Kрест жорықтары басталған ғасыр
A)ХІ ғ.
B)ХІV ғ.
C)Х ғ.
D)ХІІІ ғ.
E)ХІІ ғ.
Kрест жорықтарын ұйымдастыруға үндеу тастаған
A)ІІ Ричард
B)І Юстиниан
C)ІІ Урбан
D)ІІ Генрих
E)ІІІ Конрад
Kресшілер жаулап алуға ұмтылған қала
A)Константинополь
B)Мекке
C)Иерусалим
D)Эдесса
E)Дамаск
Kрест жорықтарына түрткі болған экономикалық қажеттіліктер
A)шығыс елдеріне христиан мәдениетін тарату
B)христиандарды шығыстың білім мен ғылымына үйрету
C)қасиетті жорықтар арқылы христиандардың күнәларын жою
D)шығыстың бай жерлерін басып алу
E)христиан храмдарын азат ету
XI – XV ғғ. әскери-діни науқандар сериясының басталуына әсер еткен фактор
A)Араб халифатының Испанияны жаулап алуы.
B)Алтын Орда билеушілерінің Иерусалимге жорық бастауы.
C)Мәмлүктік Египеттің Батыс Еуропаға соғыс жариялауы.
D)Қасиетті ғибадатхананың мұсылмандардың қолында болуы.
E)Түріктердің Константинопольді басып алуы.