Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты–қазақтардың дәстүрлі қоғамын бұзу. Ұжымдастыру және бір мезгілде отырыкшыландыру қазақ халқының ғасырлық өмір салтын бұза бастады. Қазақ қоғамы ғана жойылған жоқ, мыңдаған жылдар бойы көшпелі өркениет қалыптастырған барлық негіздер құлады. Ұлттық мереке мейрамдарды тойлауға тыйым салынды дінге тыйм салынды сөйтіп кеңес саясаты қазақ халқының дәстүрлі қоғамын бұзды
70. Қазақстанды индустрияландыру: республикадағы индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікір таластар, ерекшеліктері мен салдары. 1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Индустрияландыру басталған кезде Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жалпы өнімі 84,5%-ды құраса, ауылда тұратын халық саны 90% болды. Одақтың орталық органдары алғашқы күннен бастап Қазақ өлкесін Кеңес Одағының шикізат базасына айналдыру бағытын көздеді. Жоғарғы басшылық жер байлығын зерттеудің бағдарламасын жасап, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібін дамытуды негіздеді. Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі – Түркістан–Сібір теміржолын салу болды. 1445 км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталды. Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. 1930 жылы 25 сәуірде мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды. Қазакстанда 44 қала және қалашық болса, 1939 жылы олардың саны 81-ге жетті. Қала тұрғындарының саны 8,2%-дан 27,7%-ға өсті. Инженертехникалық, жұмысшы кадрларының білікті тобы қалыптасты. 1926 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар саны 10,7%-ды құраса, 1939 жылы бұл көрсеткіш 33,8%-ға жетті. Сонымен қатар индустриаландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустриаландыруды жүйеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. Индустриаландырудың Одақ бойынша дамуы Қазақстан өнеркәсібін шикізат өндіру бағытында ғана дамытуға әкеліп соқты. Газ, мұнай, металл өңдейтін, машина, станок, прибор, автомобиль жасау кәсіпорындары салынбады. Қазақ Республикасы елді электрлендіру, теміржолдар мен оны пайдалану бойынша Одақ көлемінде артта қалды. 1928-1939 жылдары Қазақстан қалаларының халқы қоныс аударушылардың есебінен ғана 1,8 миллион адамға жетті. Нәтижесінде 1920-1930 жылдары болған аштық пен қоныс аударудың салдарынан қазақтардың үлесі 1939 жылы 33,8%-ға дейін төмендеп кетті.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
Өлкеде индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді.
Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей Украинадан әкелінді.
Урбандалу күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді.