Қазақстан тарихы пәні. Билет жауаптары «Қазақстан тарихы»



бет7/8
Дата20.11.2023
өлшемі208,33 Kb.
#192038
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәні сессия

Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. 


Қазақстан Республикасының
Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік
егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

  • халықтық егемендік

  • мемлекет тәуелсіздігі

  • билікті бөлісу принципі

  • қазақ тілін мемлекеттік деп тану

  • Президентті мемлекет басшысы деп тану

  • сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына
да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
1998 ж. 7 қазанда Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізді. Ол өзгерістерге сай Президенттің өкілеттілік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі 6 жылға дейін, ал мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жылға дейін үзартылды.

83. Қоғамдық-саяси дамудың қазақстандық моделі. Қазақстан Республикасында қоғамдық қозғалыстардың қалыптасуы және көп партиялық жүйенің қалыптасуы. «Мәңгілік Ел» - XXI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. Қазақстан халқы Ассамблеясы


1985 жылдан кейінгі Қазақстан эволюциясының басты қорытындысының бірі - саяси плюрализм арқылы көппартиялық жүйеге өту болатын.
Біртіндеп саясиландырылған қозғалыстардың жаппай өрістеуі Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуына жол ашты. Көппартиялық үрдісін қалыптастыру болса, ол діни және саяси радикализм мен экстремизмге тосқауыл қоюға, барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың, олардың қоғамдағы билік құрылымдарымен тиянақты және тұрақты пікірталас аясын кеңейту мүмкіндігін туғызды. Сонымен бірге көппартиялық үрдіс кез келген партия мен топтар тарапынан саяси билікті монополиялауға тосқауыл қоюға жағдай жасады. Сөйтіп еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамдық бірлестіктердің, ең алдымен партиялар мен қозғалыстардың қызметі арқылы басталған өзгерістер неғұрлым тиімді түрде жүзеге асырыла бастады.
Партиялар мен қоғамдық ұйымдардың
дамуы мен қызметінің принциптік ережелері қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 1996 жылы қабылданған «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдарында қарастырылған.
Қазақстанда қоғамдық қозғалыстар мен саяси ұйымдардың дамуын шартты түрде негізгі бес кезеңге бөлуге болады. Олар: І. 1986 жылдың күзінен 1989 жылға дейінгі аралық – протопартиялық (партия ізін қуған) құрылымдардың қалыптасуы, жастардың саяси пікірсайыс клубтарының, тарихи-ағартушылық қоғамдарының, азаматтық бастама қозғалыстарының, бейресми бірлестіктердің, «Жасыл майдан» және басқа экологиялық топтардың пайда болуы;
ІІ. 1989 жылдың басы - 1991 жылдың тамызы – «Невада-Семей» қозғалысының, «Мемориал», «Әділет», «Желтоқсан», «Қазақ тілі» қоғамдарының, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағының құрылуы;
ІІІ. 1991 жылдың қыркүйегінен 1998 жылға
дейін – (КОКП-ны тарату, КСРО-ның ыдырауы, егеменді Қазақстан Республикасының құрылуы, республика азаматтарының саяси белсенділік тұрғысынан дамуының өсуі, партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді тіркеу);
ІV. 1998 жылдан - 2007 жылға дейінгі аралық (2002 жылы партиялық заң жүйесін өзгертуге орай, партия құру жүйесін одан әрі жетілдіру, партияларды қайта тіркеу, жаңа партиялардың пайда болуы, 1999-2004 жж. Парламент сайлауларына партиялардың қатысуы);
V. 2007 жылдан бүгінге дейінгі аралық (2007 жылы конституциялық өзгертулерге және 2010 жылғы үкімет тарапынан жасалған өзгертулерге байланысты партия жүйесінің құрылымындағы өзгерістер). 1991 жылдың 1 қаңтарында қоғамдық ұйымдардың жалпы саны - 96 болса, 1993 жылдың 1 желтоқсанында - 2846-ға жетті және олардың қызмет аясы кеңейді.
2014 жылдың басында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады.Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа
Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен Ассамблея Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-
кеңесші орган ретінде құрылды. Оған этносаралық қатынастарды дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстарды ведомствоаралық үйлестіру жүктелген. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналдыАссамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

84. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы мәдени процестер. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі


Мәдени мұра» Мемлекеттік
бағдарламасын есептеуге болады. Осы Бағдарлама міндеттері елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру болып табылады. «Мәдени мұра» бағдарламасының келесі кезеңі материалдық артефакттарды қалпына келтіру, тарихи материалдарды іздестіру, жинастыру және ғылыми шығармаларды
қайта жаңғыртуда жаңа тәсілдерді енгізумен қатар халықтың шынайы мәдени құндылықтарын насихаттауды қажет етеді.
Бұл Бағдарлама еліміздің мәдени мұраларын сақтауға, пайдалануға және зерттеуге, үгіт-насихат, даму жалғастығы және тарихи-мәдени салт-дәстүрлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны зерттеудің тұтастай жүйесін құру іс-шаралары, оның ішінде қазіргі кезеңдегі ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүр және әдет-ғұрып, төл ұлтымыздың жазуы мен тарихымыздың ғасырлар бойғы тәжірибесін талдау, әр қырынан тарихи және ғылыми сериялар жасау, сонымен қатар тарихи және мәдени ескерткіштерді қайта өңдеу, қалпына келтіру және мұражайларға айналдыруға, мәдени мұраның ғылыми-зерттеу, материалдық-техникалық құрамдас мәселелерін нығайту және дамытуды зерттеуге байланысты негізгі аспектілерді анықтайды.

85 Тәуелсіз Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру. Астана - Қазақстанның жаңа елордасы: тарихы мен бүгіні.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы (қазіргі Астана) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақстанның астанасы болып жариялады.Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдаған болатын. Осыдан кейін дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. Құрылыс қарқынын арттыру әрі инфрақұрылымын дамыту мақсатында 1997 жылы Ақмола қаласында Ақмола арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ол белгілі бір деңгейде жаңа елорданың дамуына өз септігін тигізді. ҚР Президентінің астананы көшіру туралы Жарлығы жарыққа шыққаннан кейін Алматыда Ақмолаға мемлекеттік органдарды қоныстандыру жұмыстары басталды. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымында өтті. Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі астананы Алматыдан Ақмола ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына Бейбітшілік қаласы жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. 1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқаларыда бар. Бүгінде Астана түрлі халықаралық деңгейдегі шараларлы өткізетін орталыққа айналып үлгерді. Мәселен, 2010 жылы елордада 11 жылдық тоқыраудан кейін ЕҚЫҰ саммиті ұйымдастырылып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар өткен жылы 7-ші қысқы Азиада ойындары да жоғары талапқа сай ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі де тұрақты өткізіліп келеді. Астана алдағы уақытта да осындай жоғары деңгейдегі шараларды өткізу орнына айналады. Бұдан бөлек, Астана 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені жоғары деңгейде өтті.
86 Сейфуллин шығармашылығы және қоғамдық саяси қызметі.
Сәкен (шын аты Садуақас) Сейфоллаұлы 1894 жылы 23 мамырда Ақмола облысы, Ақмола уезінің Нілді болысында — Нілді мыс қорыту заводына таяу жердегі қазақ ауылында дүниеге келген. Сәкеннің шыққан ортасы шағын дәулетті болған. «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында ақын оқи бастағаннан Нілдіге, Ақмолаға баратын көлік табылмай, әркімнің артына мінгесіп қатынасқанын, Омбы лагерінен қашып келгенде Түрікстанға қарай өтуге ат таба алмағанын күйініп жазған. Оның балалық шағы өз ауылында өтеді. Ауыл молдасынан оқып, аздап хат таниды. 1913-1916 жылдар арасында Сәкен Сейфуллин Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Бұл жылдары оның әдебиетпен әуестенуі арта түседі. 1914 жылы Қазанда «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылады. Сәкеннің қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына Омбы дәуірі ерекше ықпал етеді. Мұнда ол студенттердің «Бірлік» атты ұйымының жұмысына белсене қатысады. Әуелі ағартушылық бағыт ұстаған бұл ұйым бірінші империалистік соғыс пен революциялық күрестің өрлеу дәуірінде саяси мәселелерге де араласып, өз көзқарастарын айқындайды. Омбыда Сәкен орыстың революционер жазушысы Феоктист Березовскиймен танысады, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Некрасов кітаптарын М. Горький шығармаларын оқиды. Омбы семинариясын бітіргеннен кейін Сәкен Сейфуллин Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы деген жердегі ауылдық мектепте мұғалім болып істейді. Осында жүріп ақын 1916 жылғы халықтың ұлт-азаттық көтерілісін қарсы алады. Көтерілісшілерге тілектестік білдіріп, өлеңдер жазады. Сәкеннің қоғамдық, шығармашылық қызметінің жаңа дәуірі 1917 жылдан басталады. Патша өкіметін құлатқан Ақпан төңкерісінен кейін-ақ ол Ақмола қаласына ауысып, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Сол жылдың көктемінде құрылған Қазақ Комитетінің төрағасы болып сайланады. Онда төңкерісшіл-демократияшыл зиялылармен бірігіп, қазақ әйелдеріне бостандық беру, бұрынғы әкімдерді ел билеу қызметінен босату, еңбекші халық өкілдерін іске тарту, дін иелерінің құқын тежеу сияқты шараларды іске асырады. Сәкеннің қатысуымен Ақмола жастары «Жас қазақ» атты ұйым құрып, «Тіршілік» атты газет шығарады. 1917 жылдың желтоқсанында Ақмола Совдепі құрылғанда Сәкен Совдептің президиум мүшесі және уездік ағарту комиссары болып тағайындалады. 1918 жылы маусым айында патшашыл ақ қазақтар мен чехословактардың контрреволюциялық көтерілісі кезінде Ақмолада кеңес өкіметі құлап, Сәкен бір топ жолдастарымен революция жауларының қолына түседі. Ол «қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатерлі адам» деп табылады да, басқа да тұтқындармен бірге Қызылжар түрмесіне айдалады. Атаман Анненковтың «азап вагонында», Колчактың Омбы лагерінде тоғыз айға созылған ауыр азапты шегеді. Тек 1919 жылдың наурызында ғана Сәкен Омбының тұтқын лагерінен қашып шығады. Дүйсембі деген жалған ат жазылған құжатпен ол Павлодар, Баянауыл арқылы өзінің туған еліне келіп, Түркістанға өтеді. Әулиеата Совдепінің көмегімен Сарысу, Шу өзендері бойындағы елдері советтендіру жұмысына қатысады. 1921 жылы сәуірде Сәкен Сейфуллин бұрын Сибревкомға қарайтын Акмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қабылдап алу жөніндегі төтенше үкімет комиссиясының енеді. Ол Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Омбы қалаларында болып, сайлау жұмыстарына басшылық етеді. 1922 жылы маусымда Қазақ АССР халық комиссарлары Кеңесі Сәкенді оқу-ағарту Халық Комиссарының орынбасары етіп тағайындайды. Сонымен қатар ол «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып бекітіледі. Советтердің бүкіл Қазақстандық III съезі 1922 жылдың қазан айында Сәкен Сейфуллинді Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы етіп сайлайды. 1923 жылдың қаңтарында Советтердің X съезінде Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшелігіне өтеді. 1925-1937 жылдары Сәкен Сейфуллин Қазақстандағы әртүрлі мәдени-ағарту орындарында жазушылар Одағында, партия тарихы институтында, «Әдебиет майданы» журналының редакцияларында басшы қызметтерде болады. Жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқиды. Қоғамдық-саяси зор жұмыстарымен әдеби шығармашылығын қанаттаса жүргізе отырып, Сәкен Сейфуллин жиырмасыншы жылдардың өзінде көрнекті ақын болып қалыптасты. 1922 жылы оның «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұнқарлар» деген пьесалары жеке-жеке кітап болып басылады. Проза жанрында Сәкен Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» (1927) атты мемуарлық романың «Айша» (1922), «Жер қазғандар» (1928), «Жемістер» (1935) атты повестер мен көптеген әңгімелер жариялады. 1932 жылы қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге арнаған «Қазақ әдебиеті» (Билер дәуірінің әдебиеті) атты зерттеу оқулығын жариялады. Ол мектеп оқушыларына арналған әдебиет оқулықтарын жазуға қатысты және әдебиет сынына араласып көптеген мақалалар жазды.
87 Қазақстанның саяси көшбасшылары: Д.А.Қонаев, Н.Ә.Назарбаев, Қ.Қ.Тоқаев.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің түсті металдар мен алтын институтына оқуға жібереді.1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданып.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды. 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдеде Қазақ КСР-і, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келді. 1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді. Украинаның Днепроджерсинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болды. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді. 1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. 1984–1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы атанды. 1989–1991 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1991 жылы1 желтоқсанда бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 1991 - 2019 жылдар аралығында президент болды. Ол аралықта Қазақстанның қазіргі күніне жету үшін көп тер төкті. Сыртқы және ішкі саясатты, экономиканы, халықтың материалдық және рухани көтерілуіне үлкен септігін тигізді.

Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтіп. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады. 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет етеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты. 2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. 2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды. 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. 2021 жылы сәуір айынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы. 2022 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.
88. Экономикалық дамудың қазақстандық моделі. Республиканың жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің проблемалары мен қиындықтары. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастыру. Ұлттық валютаны енгізу
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикага ауысудагы қиыншылықтар
1. Үкімет тарапынан істелетін жағдайдын төмендеуі
2.барін жекешелендірундегі түсініспеушілік пен қиыншылықтар
3.экономиканың күрт төмендеуі
Тагы баска
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

89. Елдің саяси жүйесін демократияландыру және жаңғырту саясаты. Ел Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі Референдум (2022 жылғы 5 маусым). ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» жолдауы.


Қазақстан президентінің айтуынша, түзетулердің мақсаты - "жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына көшу. Бұл сапалы ауысуды екінші республика деп атауға болады". Жұмыс тобы Конституцияның 33 бабына түзетулер дайындады. Конституцияны өзгерту есебінен, Тоқаевтың айтуынша, "басқарудың суперпрезиденттік нысанынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға"көшу жоспарлануда. Атап айтқанда, Конституциядан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі туралы барлық ескертулер алынып тасталды. Конституцияда Қазақстанда өлім жазасы адамдар қаза тапқан террористік қылмыстар үшін айрықша жаза болып табылады; соғыс уақытында аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар өлім жазасына кесілуі мүмкін делінген. Конституцияның жаңа нұсқасында 15-баптың 2-тармағы: "адамның өмірін өз еркімен айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады". Республика Президенті өз өкілеттігі кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс (2022 жылғы 26 сәуірде Мемлекет басшысы өзі басқарған басқарушы Аманат партиясынан (бұрынғы Нұр Отан) кетті). Партияда болу мүмкіндігінен: Конституциялық соттың төрағалары мен судьялары; Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың судьялары; Орталық сайлау комиссиясының төрағалары мен мүшелері; жоғары аудиторлық Палатаның төрағалары мен мүшелері; әскери қызметшілер; ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері; құқық қорғау органдарының қызметкерлері де айырылады. Конституцияның 42-бабынан бір адам қатарынан екі реттен артық Қазақстан Президенті болып сайлана алмайды деген жол алынып тасталады, бірақ бұл шектеу Тұңғыш Президент — Нұрсұлтан Назарбаевқа қолданылмайды. Қазіргі Мемлекет басшысына да қатысты. Сонымен қатар, мақалада " бұрынғы президенттер "деген сөздер" бұрынғы президенттер "деген сөздермен ауыстырылады. Тоқаевтың бастамасы бойынша жаңа Конституцияға Қазақстан Президентінің жақын туыстары "саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын атқаруға құқылы емес"деген тармақты қосу ұсынылады. 46-баптан мынадай тармақ алынып тасталады: "Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттіктері Республика Конституциясында және конституциялық заңда айқындалады". 91-баптан тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі тұңғыш президент және оның Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесінің өзгермейтіндігі туралы тұжырым алынып тасталады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1995 жылы жұмысын тоқтатқан Конституциялық сотты қайта құруды тапсырды. Содан кейін оның функцияларын Конституциялық Кеңес орындай бастады. Осы себепті жаңа Конституция "кеңес" сөзін "сотқа" ауыстырады. Конституциялық сот төрағаны қосқанда 11 судьядан тұрады. Олардың өкілеттіктері 6 жылға созылады. Ол өз жұмысын 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастайды. Бір адамды Конституциялық Соттың судьясы қатарынан екі реттен артық тағайындауға болмайды. Судья депутат бола алмайды. Ол парламенттің келісімінсіз қамауға алынбайды немесе басқа жазалау шараларына ұшырамайды. Ерекшелік - аса ауыр қылмыстар немесе қылмыспен ұстау. Конституцияның 6-бабы 3-тармағының ескі редакциясы: "жер және оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде". Жаңа редакция: "жер және оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады". Конституцияда кез-келген адамның еңбек бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар делінген. Мәжбүрлі еңбекке сот үкімі бойынша ғана жол беріледі. Жаңа редакцияда бап: "мәжбүрлі еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде не төтенше немесе соғыс жағдайы жағдайында ғана жол беріледі"деген сияқты болады. Конституцияның жаңа нұсқасында есеп комитетінің функцияларын орындайтын жоғары аудиторлық аудитория пайда болады. Супер президенттіктен президенттік басқару нысанына көшу шеңберінде Қазақстан Президенті бұдан былай облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің (басшыларының) шешімдерінің күшін жоймайды. Бұл тармақты Конституциядан алып тастау ұсынылады. Бұдан басқа, президент облыстар, қалалар және астана әкімдері лауазымына кандидатураларды осы өңірлер мен қалалар мәслихаттарының депутаттарымен келісетін болады. Ол кем дегенде екі кандидат ұсынуы керек. Қазақстан Президенті бұған дейін Парламент Сенатына (Жоғарғы палатаға) 15 депутат тағайындаған болатын. Конституцияның жаңа редакциясында президент Сенаттың 10 депутатын тағайындайтынын, оның бесеуі өзі басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ұсынысы бойынша тағайындайтынын көрсету ұсынылады. Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық банктің, бас прокурордың төрағаларын тағайындады. Енді ол Жоғарғы Сот Кеңесі мен Конституциялық Соттың төрағаларын да тағайындайды. Бұған Сенат келісім береді. Жаңа редакцияда "Мемлекеттік хатшы" терминін "мемлекеттік кеңесші"деп ауыстыру ұсынылды. Парламент Мәжілісі (төменгі палата) Конституцияға сәйкес 107 депутаттан тұрды. Енді олар 98 болады. Депутаттар Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша; бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын болады. Мәжілістің тоғыз депутаты ҚХА-дан сайланады деген тармақ алынып тасталады. Қазақстан Парламенті Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Енді Парламент конституциялық заңдар қабылдап, Президентпен келісе алмайды. Егер депутаттар қабылдаған қандай да бір конституциялық заңдар Президенттің қарсылығын тудырса, Парламент бір ай ішінде заңды қайта талқылауы керек. Егер бұл мерзім сақталмаса, қарсылықтар қабылданды деп саналады. Егер әр Палатаның депутаттары Мемлекет басшысының қарсылықтарын көпшілік дауыспен еңсерсе, ол заңға қол қояды. Егер олай болмаса, заңға президент ұсынған редакцияда қол қойылады. Немесе мүлдем қабылданбайды. Мәжіліс жылына екі рет жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін тыңдайтын болады. Мәжіліс заңның кез келген жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамауға құқылы. Қабылданбаған заң жобасы қабылданбаған болып саналады және әзірлеушіге қайтарылады. Сенат депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен Мәжіліс қабылдаған заң жобаларын қабылдамайды, тек мақұлдайды.
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституцияда 83-1-бапта бөлек айтылады. Онда омбудсмен адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіріп, олардың алға жылжуына ықпал ететіндігі айтылған. Ол өз жұмысында тәуелсіз және мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға есеп бермейді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз жұмысы кезеңінде Сенаттың келісімінсіз де қамауға алынбайды немесе күштеп әкелінбейді.
Мемлекет басшысы сөз басында халықтың жал­пыұлт­тық референдумда саяси жаңғыруды қолда­ға­нын, конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қа­зақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам бол­ғанын айтты. Енді еліміздегі саяси жаңғыру эко­номикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Осы жолда «Аза­мат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынас тү­б­егейлі өзгермек. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бір­дей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады, әлеуметтік жа­ғынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетпек. Мүм­кіндігі шектеулі жандарға да көмек көрсетіліп, Пре­зидент жанындағы Омбудсмен тағайындалатын болады.

Бірінші бағдар.


Жаңа экономикалық саясат
Жолдаудың бірінші бағдарында қазіргідей күрделі жағ­дайда шатқаяқтап тұрған экономикадағы қор­да­лан­ған мәселелер айтылды. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуел­ді екеніміз, еңбек өнімділігі төмендігі, инновация жет­кіліксіздігі, ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырмағаны баса айтылды. Пре­зи­дент мұның барлығы күрделі мәселелер болғанымен, ше­шудің нақты жолдары жоқ емес екеніне тоқталды.
– Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету, экономиканы әртарап­тан­дыру және цифрландыру. Сондай-ақ шағын және орта биз­нес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін ор­нықтыру. Сондықтан тың тәсілдер қажет екені сөз­сіз. Экономикалық саясатымыздың негізгі мақса­ты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инк­лю­зив­тік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол Жаңа экономикалық бағдары­мыз­дың басты басымдықтарын да санамалап өтті. Мұ­ның бәрі, әрине кезек күттірмейтін бірқатар маңыз­ды міндетті шешу арқылы ғана жүзеге асады. Пре­зидент осындай тоғыз міндетке тоқталды.
– Бірінші. Бағаны әкімшілік жолмен реттеу тұтас са­­лалардың инвестициялық тартымдылығын тө­мен­де­теді. Сондай-ақ тауар тапшылығын туындатып, елді им­портқа тәуелді етеді. Сондықтан баға белгілеу ісіне мем­лекеттің араласуынан біртіндеп бас тарту керек, – деп баға саясатындағы олқылықтарға тоқталған Пре­зидент монополияның табысын шектеу қажеттігі мен инфрақұрылымға инвестиция салуды қамтамасыз ету арасында тепе-теңдікті сақтау маңызды екеніне ерек­ше тоқталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының сөзінше, елі­мізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілер­дің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуы­ғының тозығы жеткен. Соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдай туындауына тариф­терді күшпен ұстап тұру әсер еткені айтылды. Бұл мәселені реттеу үшін монополия жайлаған на­рық­тарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек.
Екінші. Экономиканы одан ары монополияның шыр­мауынан босату үшін нақты институционалдық ше­шімдер қабылдануы керек екені, ол үшін қандай шара­лар атқарылуы керек, осы мәселеге де баса мән беріл­ді. Президент «Конгломерат» ұғымын заң жүзін­де айқындап алған жөн деген тапсырма берді.
Осы мәселені негізге ала отырып, қазір жұмыс іс­теп тұрған операторларды бәсекелі ортаға беру не­месе монополист деп танып, қызметін монополияға қар­сы арнаулы құқық аясында реттеу туралы да сөз бол­ды.
Үшінші мәселе салық саясаты төңірегінде қоз­ғал­ды. Эко­номиканың тұрақты өсуі салық саясатының тү­сінікті және болжауға болатындай етіп жүргізілуіне ті­келей байланысты екенін айтқан Президент фис­калды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленетінін мәлімдеді.
Осыған орай оның ең түйткілді тұсы саналатын са­лықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазыл­мақ. Сондай-ақ жұмыс кезінде бетпе-бет кездесу мүл­дем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қыз­метін толық цифрландыру керек екені айтылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бұдан бұрын да бірнеше рет айтылып келген байлық салығын ен­гізу туралы мәселе қозғады, яғни «сән-салтанатқа са­лық» салынады. Бұл да са­лық реформасы аясында жүзеге аспақ.
– Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік са­тып алған кезде салынады. Автокөлік сатып алу ке­зін­де төленетін алым-салық мәселесіне жеке тоқ­та­лайын. Заңсыз көлік әкелетін амал-тәсілдің бәріне тос­қауыл қою үшін батыл шаралар қабылдау қажет, – деген Президент утилизация алымы мәселесіне де тоқта­лып, 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген автокөліктерге қатысты ахуалды реттеу керек деген тапсырма берді. Оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір­рет­тік алым алуды ұсынды. Президент бұл іздеу са­лын­баған және кеден рәсімдерінен өткен көліктерге ғана қатысты шара екенін де ескертіп өтті.
Салық саясатының тиімді болуы кеден жұмы­сы­ның ашықтығына тығыз байланысты екенін айтқан Президент төртінші мәселеге тоқталды.

– Салық және кеден саласындағы ақ­парат­тық жүйелерді толық біріктіру ісін аяқ­тау маңызды. Шекараға интегра­ция­лан­ған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Ке­дендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағи­даты бойынша жұмыс істеуге тиіс, – деді ол.


Бесінші. «Көрпеге қарай көсілу» қажет еке­нін ұмытпауымыз керек.
Алда бюджет саясатына реформа жа­са­лып, Бюджет кодексінде шекті нор­мативтер бе­кітілмек. Оны бюджетті жоспарлау және орын­дау кезінде міндетті түрде ұстану қажет еке­ні айтылды. Соның ішінде ең маңызды мә­селенің бірі Ұлттық қордың қаржысын тиім­сіз жұмсау тоқтатылмақ.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы тиім­ді іске асырылып жатқанын айтқан Мем­­лекет басшысы оның ауқымын кеңейтіп, жо­­баға аудандық маңызы бар қалалар мен ауыл­­­дарды тарту туралы тапсырма берді. Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексі қабылд­ан­бақ.
Алтыншы міндет – Кәсіпкерлікті жүйелі түр­де қолдау.
– Бұл жұмыста бәрін басынан бастап рет­теу керек. Тапсырма екі жылдан бері орын­далмай келеді. Жүздеген, тіпті мың­да­ған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қай­та-қайта түзете бергеннен ештеңе шық­пайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тә­сіл­ді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық ен­гізу қажет, – деген тапсырма берілді.
Енді мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылданбақ.
– Жетінші. Мемлекет пен жекеменшік се­рік­­­тестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен ше­неуніктердің майшелпегіне айналды. Келі­сімшарттар ашық және конкурстық не­­­­гіз­де жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет, – деді Мемлекет бас­шысы.
Несие ресурстарының тапшылығы отан­дық бизнес үшін үлкен проблема болып отыр­ғаны және оның шешімін табу се­гі­зінші міндет ретінде айтылды. Дегенмен елімізде ша­ғын және орта бизнесті қар­жыландыру үшін 42 миллиард долларға жуық қаражат же­тіспейді екен. Сөйте тұра, банктерде трил­лион­даған теңге қаржы іс жүзінде эко­но­ми­каға еш пайдасын тигізбей босқа жатыр.
– Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу жә­не дамыту агенттігі, Үкімет бірлесіп, нақ­ты секторды тұрақты әрі қолжетімді не­сие­мен қамтамасыз ететін нақты шешімдер қа­­­былдауға тиіс, – деген Президент шетел­дер­де бұған қатысты оң тәжірибелер бар еке­нін ескертті.
Тоғызыншы міндет ретінде шиеленісіп тұр­ған жер мәселесі төңірегіндегі түйткілдер ай­тылды. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдерін жыл аяғына дейін айқындау тапсырылды.

Екінші бағдар.


Нақты секторды дамыту
– Ең алдымен жер қойнауын игеру ісіне и­н­вестиция тарту үшін заңнаманы және рә­сімдерді барынша жеңілдету керек. Гео­ло­гиялық ақпарат туралы бірыңғай мә­лі­мет­тер банкін құру жұмысын аяқтау қажет. Үкіметке ин­дустрия және жер қойнауын игеру сала­лары­ның инвестициялық тартымдылығын арт­тыруды тапсырамын, – деп нақты міндет жүк­теген Мемлекет басшысы енді арнайы эко­номикалық аймақтарды дамыту үшін мүл­де басқа саясатқа көшкені жөн екеніне тоқ­талды. Қазір шетел компаниялары Қазақ­станға көше бастады. Сондықтан бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр.
Келесі мәселе. Бұған дейін айтылғандай, мем­лекет өзінің экономикаға араласуын бір­тіндеп азайта береді. Осы орайда «Са­мұрық-Қазына» қоры экономиканың басты са­лаларына бақылау жасауға ғана жеткілікті ықпалы бар мажоритарлы инвесторға ай­нал­мақ, ал қордың басқа активтері мен ак­ция­ларын жекешелендіріп, оны жүзеге асыруға «Халықтық ІРО» тәсілі қолданылуы мүм­кін. Ал «Самұрық-Қазына» қоры жеке ин­вес­торлар дербес жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға инвестор ретінде қа­тыса алады. Мұндай жобаларды Президент анықтайды.
Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуа­тын арттыру. Еліміз қазіргі геосаяси жағ­дай­да Азия – Еуропа арасындағы аса маңыз­ды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүм­кіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз ке­рек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жү­зе­ге асыра бастаған. Атап айтқанда, Ақтауда кон­тейнер хабы құрылып жатыр, Транск­ас­пий дәлізі дамып келеді. Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» компаниясы толық­қан­ды транзиттік-логистикалық корпора­ция болып қайта құрылатынын мәлімдеді.
Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, ше­шімін таппай отырған жол мәселесі төңі­регінде де тапсырмалар берілді. Мәселен, 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың ке­мінде 95 пайызы жақсаруы керек. Мұны да Үкіметке тапсырған Президент жалпы Үкі­меттің жұмысында қайта-қайта олқы­лық­тар болып жатқанын айтты. Қазір қоғам­дағы мәселелердің көбі Үкіметтің нақты ше­шім қабылдауға келгенде өте баяу қимыл­дап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр деп сынады.
Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проб­леманың бірі. Осы саладағы ахуал елі­міз­дің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
– Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімде­рі­нің көлемін және оның қосымша құнын арт­тыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қа­зір тек бидай мен мал сатып отыратын за­ман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын суб­сидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс, – деген ол бюд­жет қаражатының қайтарымы болуы ке­рек екенін де қадап айтты. Бұл салада со­ны­мен қатар озық технологиялар тапшы.
Одан бөлек, Мемлекет басшысы игеріл­мей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталды. Ко­миссия жұмысының аясында ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылған. Жылдың соңы­на дейін кемінде 5 миллион гектар жер­ді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игеріл­мей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды.
Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тап­шылығы қатты кедергі болып отыр. Пре­зидент бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жа­нындағы Су кеңесінің жұмысын жан­дан­дыру, саланы дамытудың үш жылдық жо­ба­сын әзірлеуді тапсырды.

Үшінші бағдар.


Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция
– Денсаулық сақтау саласында біраз рефор­ма жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Осы салаға қаржының жет­кілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айнал­ған. Соның кесірінен жұрт сақтандыру жү­й­е­­­­­сіне қосылса да, медициналық қызмет то­лық көлемде көрсетілмей отыр, – деді Пре­зидент, осылайша Үкіметке денсаулық сақ­тау саласын және жалпы әлеуметтік сала­ны қаржылан­дыру жүйесін қайта қарауды тапсырды.
Сонымен қатар медициналық инфра­құры­лымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек екені, мемлекет пен же­кеменшіктің серіктестігін тиімді пайда­лану­ға баса мән беру керегі айтылды. Келесі жыл­дан бастап ұлттық жоба жүзеге асырыл­мақ. Бұл құжат ең алдымен ауыл тұрғын­дары­ның сұра­нысын қанағаттандыруға ар­на­латын бо­лады. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық ауру­хана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге ай­налады.
Медициналық жоғары оқу орындарының жа­нынан көпбейінді ауруханалар және кли­никалар ашу көзделіп отыр. Алдағы үш жыл­да резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбеймек.
– Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қо­са, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арт­тырып, жалақысын көбейту керек. Осы сала­дағы мамандарға қойылатын нақты та­лап­тар бекітілуге тиіс. Сол үшін «Жайлы мек­теп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың за­ма­науи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауы­сыммен оқитын мектеп мәселесін толық ше­шеміз, – деді Мемлекет басшысы.
Қоғамда қазақ және орыс тілін мектепте оқыту мәселесі бойынша пікірталас болып жат­қанына тоқталған Мемлекет басшысы біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін ба­ла­ларды тәрбиелеуіміз қажет екенін айт­ты. Оқу-ағарту министрлігі популистердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қор­ғауға тиіс. Жеке білім беру ваучерлерін енгізу жос­парланып отыр.
Президент жоғары білім саласындағы ре­формаларды да осы бағытта жүзеге асыру ке­рек екенін айтты.
Одан бөлек, мемлекет ең төменгі жала­қы­ны айқындаудың жаңа тәсілін енгізбек. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүм­кіндік береді.
– Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру тура­лы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 мил­лион азаматтың табысына тікелей әсер ете­ді. Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаң­ғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі база­лық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күн­көріс деңгейінің 70 пайызына, ал жо­ғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Сондай-ақ әлеуметтің та­лап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зей­нет жасын 2028 жылға дейін 61 жас дең­гейінде қалдырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру жүйе­сіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық та­бысының 45 пайызына дейін көбейтілмек. Одан бөлек, 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр.
Жастарды жұмыспен қамту мәселесі де ерек­ше назарға алынды. Еңбекпен қамтитын түр­лі шара арқылы келесі жылы 100 мың жас­қа жұмыс беріп, олардың кәсіпкерлік бас­тамаларына қолдау көрсетіле бермек. Олар­ға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсі­мі 2,5 пайыз болатын шағын несие бері­леді.
Жолдаудың тағы бір елең еткізген тұсы – әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлт­тық байлықтың игілігін көреді. Балалар жы­лының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарлама жүзеге аспақ. Яғни, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвес­ти­­­­циялық табысының 50 пайызын бала­лар­дың арнаулы жинақтаушы есепшотына аудару ұсынылып отыр. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы ба­лалар кәмелет жасына толғаннан кейін олар­дың баспана немесе білім алуына жұм­са­латын болады. Президент жобаны 2024 жыл­ғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тап­сырды.
Ал «Самұрық-Қазына» қоры таза пайда­сы­ның кемінде 7 пайызын «Қазақстан хал­қы­на» қоғамдық қорына аударатын болады.
Президент шетелдегі дарынды жандарды ел­ге тартып, сұранысқа ие болып отырған жә­не жоғары білікті мамандардың тап­шы­лы­ғын азайту қажеттігіне де тоқталды. Одан бө­лек, қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өз­гереді.
Мемлекет басшысы бұл жолы да кәсіби­лік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жо­ғары орында тұруы керек екенін, елімізде ең­бекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс екенін баса айтты.

Төртінші бағдар.


Мемлекеттік басқару ісін
қайта жаңғырту
– Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қа­жет. Саяси қызметшілердің жеке жауап­кер­шілігін арттыра отырып, мемлекеттік бас­қару жүйесін орталықсыздандыруға баса мән беру керек. Премьер-Министр Кеңсесін мем­лекеттік басқару ісінің үздік стан­дарт­та­рына сай келетін, ықшамды Үкімет ап­пара­ты ретінде қайта құру осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ, – деді Президент.
Тұрғын-үйлер мен қала инфра­құры­лы­мын абаттандыру мәселесін қолға алу керек екені де айтылды. Осылайша Үкіметке жаңа әкім­шілік реформа әзірлеуді тапсырылды.
Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемле­кет­тік басқарушылар қажет екенін айтқан Мем­лекет басшысы мемлекеттік қызмет­ші­лер­ді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қа­жеттігіне тоқталды. Осы орайда Мем­ле­кет­тік қызмет істері агенттігі толыққанды стра­тегиялық HR институтына айналуы ке­рек. Үкіметке Агенттікпен бірлесіп, бүкіл әлем­дегі азаматтарымыздың әлеуетін жұ­мыл­дыру үшін арнайы платформаны іске қосу міндеті жүктелді.

Бесінші бағдар. Заң және тәртіп.


– Қазылар қауымын шұғыл түрде қайта ірік­теп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жо­ғары білікті, адал, сондай-ақ жем­қор­лық­тан таза болуы қажет. Ең алдымен барлық судьяның мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді бол­мауы керек. Көптеген сот төрағасы лауа­зымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төра­ғасы және Сот алқасының төрағасы лауа­зымына үміткерді судьялар өздері сай­лай­тын тәсіл енгізуді ұсынамын. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тә­сі­лін енгізген жөн, – деді Президент.
Судья болуға үміткерлерді даярлау, білік­ті­лігін көтеру жұмысы кеңестің құзыретіне бері­леді. Сондай-ақ олардың шекті жасын ұзар­ту, өкілеттігін тоқтату мәселесімен де осы мекеме айналысады. Кадрларды ірік­теу­ден бастап, барлық деңгейдегі соттарды та­ғайын­дауға ұсыным беруге дейінгі бүкіл мін­дет соларға жүктеледі.
Келесі мәселе – құқық қорғау органдарын ре­формалау төңірегінде көтерілді. «Қасіретті қаң­тар» оқиғасы тәртіп сақшылары үшін на­ғыз сынақ болды.
– Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жа­засын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бір­қа­­­тары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ой­лаймын. Сондықтан мен Қаңтар оқи­ға­сына қатысушыларға бірреттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым, – деді Президент.
Рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйым­дастыруға қатысы бар адамдарға, сон­дай-ақ мемлекетке опасыздық жасағаны жә­не билікті күшпен басып алуға әрекет­тен­гені үшін айыпталғандарға қолданыл­май­ты­ны түсінікті.
2015 жылдан бері Қылмыстық және Қыл­мыстық-процестік кодекстерге 1 200-ден астам өзгеріс енгізілген. Уақытша жа­ғ­дай­ларға байланысты немесе аясы тар ко­р­поративті мүдделерге бола заңдарды өзгер­туге жол берілмеуге тиіс. Сондықтан қыл­мыс­тық және қылмыстық-процестік заң­на­маны түзету құзыреті Әділет министрлігіне берілмек.
Қазіргі геосаяси жағдайда біз мем­ле­кет­тілігімізді біртіндеп нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстануымыз қа­жет екеніне тоқталған президент алдағы сайлау ке­зең­дерін тиімді жоспарлау қажет екенін ай­тып, биылғы күзде кезектен тыс Пре­зи­дент сайлауын өткізуді ұсынды.
Мемлекет басшысы: – Мен үшін мемле­кет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкі­леттік мерзімімді қысқартуға және кезек­тен тыс Президент сайлауына баруға дайын­мын. Сондай-ақ мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақ­ты­ғын қайта қарау қажет деген байламға кел­дім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады, – деп бұл бастаманың негізін Мемлекет бас­шысы былайша түсіндірді, – Бір жағынан, 7 жыл – кез келген ауқымды бағдарламаны жү­­зеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жа­ғы­нан, Президент мандатын бір мерзім­мен шектеу Мемлекет басшысының жал­пыұлттық дамудың стратегиялық міндет­те­рін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді. Саяси кадрларды жаңарту – әлдекімнің ермегі емес, өмірлік қажеттілік. Мен ұсынып отырған конституциялық жаңалық билікті мо­нополизациялау қаупін айтарлықтай азай­тады, – деді.
Сонымен қатар Президент Мәжілістің жә­не барлық деңгейдегі мәслихаттардың сай­лауын келесі жылдың бірінші жарт­ы­сын­да өткізуді ұсынды, осы арқылы көпшіліктің мүд­десін білдіретін депутаттардың жаңа құра­мы жасақталмақ.
Осылайша, биыл Президент сайлауы, ке­лесі жылы Мәжіліс және мәслихат депу­тат­тарының сайлауы өтеді. Содан кейін Үкі­мет құрамы жасақталады. Соның нәти­жесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси инс­титуттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады.

Ауқымды саяси өзгерістерді ашық­тық, әділдік және өзара сенім арқылы жү­зеге асыру аса маңызды екенін айтқан Пре­зидент осы қадамның бәрі біздің «Күшті Президент – ықпалды Парла-мент – есеп беретін Үкімет» атты басты фор­му­ламызды біртіндеп нақты мән-маз­мұнмен байыта түсетінін, еліміздің бо­лашағын айқындайтынына бек сенімді екенін білдірді.



90)Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде (1991-2022 жж.). ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Қ.К.Тоқаевтың «Жарық пен көлеңке», «Дипломат очерктері» атты еңбектері – Қазақстанның сыртқы саясатының мәселелері бойынша дереккөздер ретінде.
​Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық құқық субьектісі ретінде дүние жүзілік қатынастар аренасына шықты. Қазақстан егемендіктің алғашқы жылдарынан-ақ, халықаралық саяси жүйеде өзінің бағыт-бағдарын анықтау мәселесін қойды. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 ж. мамыр айында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы ТМД мемлекеттерімен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен дипломатиялық қатынасты өркендетіп, мәдени-экономикалық байланысты күшейту арқылы өркениетті елдердің қатарына ену және Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау болып табылады. Осы мақсаттар негізінде 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол Еуразия жер бөлігінің орталығында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Этностық құрамның күрделілігі және ашық тұрпатты нарық қатынастарына ұмтылысы Қазақстанға сыртқы саясатта бейбітшілікті жақтау бағытын ұстану қажеттігін алға тартты. Бұл бағытты Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алған бетте-ақ дүние жүзіне жария етті. Шет елдердің тәуелсіз Қазақстанды тану үрдісі ауқымды және біршама жылдам жүрді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылы ішінде елімізді 108 мемлекет танып, оның 70-нің дипломаттық өкілдіктері ел астанасында жұмысқа кірісті. Бүгінде Қазақстанды дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті танып, 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Елде 68 елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелген. Ал Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері әлемнің 100-ден астам елінде ашылған. Сондай-ақ, Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Ортақ мұраттар төңірегінде берік байланыс бар.
Қазақстан Еуропаны Азия - Тынық мұхит өңірімен байланыстыратын сыртқы саяси және стратегиялық тиімді кеңістікті алып жатыр. Осы факторды тиімді пайдалану үшін Ресей және Қытай мемлекеттерімен ынтымақтаса отырып, келер ғасырлардың босағасын бірлікте аттаудың маңызы зор. 1992 жылдың 25 мамырында Мәскеуде Ресеймен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Бұл құжатта екі жақты ынтымақтастыратын, эканомикадан бастап әскери-саяси шараларға дейінгі күллі мәселелер қамтылды. Бұлардың ішінде Қазақстан мен Ресейдің қазіргі шекараларының мызғымастығы туралы ереже маңызды болып саналады.Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен (ҚХР) қатынастарында да қомақты халықаралық құқықтық негіз қаланды. Қазақ-Қытай қатынастарында ең жоғарғы деңгейдегі саяси байланыстарға жол ашылды. Қазақстанның аса ірі екі көрші елмен қатынастарында өзара байланыстардың алғашқы кезеңіндегі келісімдер мен шарттар халықаралық құқықтың қатаң шеңберінде жүріп жатуының маңызы өте зор.
Қазақстан ежелден тарихи тағдырлас, этностық туыс елдермен -Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Түркіменістанмен сан салалы, қоян-қолтық байланыстар жасап келеді. Бұл елдердің Қазақстанмен шекаралас әрі КСРО тұсында тығыз байланыста болғаны, шаруашылығының бір-біріне тәуелділігі бұдан былайғы уақыттарда да қалыптасқан дәстүрлі қатынастарды жалғастыра беруді міндеттейді.
1992 жылғы 25 қаңтарды тарихи күн деп атауға болады, бұл күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің атына БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бутрос Галиден жеделхат келіп түсті. Онда 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өзінің отырысында Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылдау жөнінде Бас Ассамблеяға кепілдеме берілген хабарды хабарланған-ды. Бас Хатшы жеке өзінің құттықтауын айтып, Қауіпсіздік кеңесінің президенті Кеңестің мүшелерінің атынан мәлімдеме табыс етті. Қауіпсіздік кеңесінің шешімі мәлімдемеде тарихи оқиға ретінде бағаланды. Қазақстан БҰҰ Жарғысында баяндалған міндеттемелерді орындауға қабілетті және орындағысы келетін бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде осынау халықаралық ұйым қызметінің барлық салаларына белсенді де сыңдарлы зор үлес қосады, сондай-ақ оның Жарғысының мақсаттары мен принциптерін қатаң сақтайды деген сенім білдірілді. 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы өзінің мәні жөнінен аса маңызды тарихи құжат болған 46/224 қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды. 
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы күзде өткен 47-сессиясы Қазақстан делегациясының БҰҰ-ның толық мүшесі ретінде қатысқан бірінші форумы еді. Бұл сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы келелі сөз сөйледі. Қазақстан Таулы Қарабақ пен Тәжікстандағы қақтығыстарды реттеуге айтарлықтай үлес қосты. Дүние жүзілік қауымдастық бұны қанағаттанарлықпен қабылдады. Президент Н.Ә.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі қарулы жанжалдардың алдын алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің көрінісі іспетті болды. Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағдарламсы, соның ішінде Азияда бірлесіп қимылдау және сенім шаралары жөнінде кеңес шақыру ұсыныстары салауатты қадам ретінде бағаланды. БҰҰ-ның сол кездегі Бас хатшысы Бутрос Гали Қазақстан президентінің Азиялық форум ұсынысын қолдайтынын білдірді. Осылайша, БҰҰ қатарындағы өзінің мүшелігі кезінде Қазақстан мемлекеттердің халықаралық қоғамдастығына ойдағыдай ықпалдасып қана қойған жоқ, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын да ала білді. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды белесіне айналды. Ол Қазақстан мен БҰҰ арасындағы онжылдық ынтымақтастықтың нәтижелерін баянды етті және өзара іс-қимыл үшін жаңа келешекті белгіледі.
Тәуелсіздік алып, одақтың құрамынан шыққан мезеттегі Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымына дүние жүзі ерекше көңіл бөлді. Оның себебі Қазақстан аумағында біршама ядролық қарудың болуында еді. Ядролық мемлекет ретіндегі Қазақстанның тәртібіне деген ыждағаттылық осыдан туған болатын. Бұл тұрғыда Республика басшылығы дүние жүзі елдерінің қобалжуын ұзаққа создырмады. 1991 жылы желтоқсанның 21-інде Алматыда қабылданған декларацияда ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар жүргізілу келісілді. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі және су астында ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы (1963 ж.) шарттарға, табиғи ортаны, әскери немесе өзге ықпал ету құралдарын дұшпандық мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы конвенцияға (1976 ж.) ден қоятындығын білдірді.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік, соғысты болдырмау, даулы мәселелерді келісімдер жасау жолымен шешу. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың өзінде Қазақстанды 108 мемлекет таныса, бұл біздің еліміздің сыртқы қатынаста ұстанып отырған сындарлы саясатының нәтижесі еді. Бүгінде Қазақстанды дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті танып, 120-дан астам ел дипломатиялық қатынастар орнатып үлгерді. Президент өзінің 2017 жылға арналған Жолдауында қазіргі заманғы адамзаттың лаңкестік әрекеттердің белең алуымен бетпа-бет келуіне алаңдаушылық білдіре келе, оларға «қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады» - деп атап өтіп, Қазақстанның сыртқы қатынастар саласындағы бүгінгі басымдықтарының жетекші саласын көрсетіп берді. Қазақстан жағрафиялық жағына байланысты ең алдымен Ресей және Қытай сияқты көрші мемлекеттерімен ынтымақтасуда. Әсірес, Қытаймен екі ел арасындағы қатынас жылдан-жылға жақсарып келеді. Айталық, 2016 жылдың қыркүйек айында Қытай жерінде болған G20 Саммитінің шешімімен Инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылатын 2015-2019 жылдары аралығында біздің елде 395,5 мың жұмыс орны ашылатын болды. Оның ішінде жалпы құны 23 млрд. долларды құрайтын 25 жоба бойынша қазіргі уақытта келісімге қол қойылды. Таяу болашақта Қытайдан біздің елге бұлардан бөлек тағы да 20-дан аса өндіріс орындарын көшіріп әкелу жобалары бар. Бұл жобалардың Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы арасындағы синергия үшін негіз қалары сөзсіз. Ресеймен екі арадағы ынтымақтастыққа келсек, Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин 2005 жылы 18 қаңтарда Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Осы құжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сәйкес шешімін тапты. Қазақстан ежелден этностық туыс елдер - Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменістанмен жан-жақты байланыстар жасап келеді. Қазақстанның Түркиямен қатынастары ерекше жақсы жолға қойылған. Сондай-ақ, Қазақстанмен терең тарихи тамырластығы бар Үндістан, Иран сияқты елдермен қатынастың болашағы зор болмақ. Бүгін Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Айталық, 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 ж. күзде өткен 47-сессиясында Президент Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеп, Қазақстанның Таулы Қарабақ пен Тәжікстандағы қақтығыстарды реттеуге айтарлықтай үлес қосқандығы баяндалды. Дүние жүзілік қауымдастық бұны барынша жылы қабылдады. Қазақстан 1996 жылы 26 сәуірде дүниеге келіп, шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекетті біріктіретін Шанхай бестігінің мүшесі ретінде, оның құрылған күнінен бастап, айтарлықтай белсенділік көрсетуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет