«Қазақстан тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Берілген картаны қолдана отырып, Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруіне әсер еткен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап, кестені толтырыңыз



бет10/16
Дата16.10.2023
өлшемі1,84 Mb.
#185888
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
osh fo qazaqstan-tarihy emn-i-ogn 10-klass kaz
8 сынып БЖБ 3 тоқсан, 8 сынып БЖБ 3 тоқсан, 1-2 сабақ
Берілген картаны қолдана отырып, Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруіне әсер еткен ішкі және сыртқы жағдайларды анықтап, кестені толтырыңыз.

Қолдану

Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі

Бөлім

Оқу мақсаты
Бөлім: Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан

Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы


10.3.4.1 Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау Білім алушы:





  • Қазақстанның егемендіктен айрылуының себебін көрсетеді













ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ

ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ хандығының

хандығының ішкі жағдайы

сыртқы жағдайы

1.




1.

2.




2.

Қазақ хандығының Ресей империясының

Қазақ хандығының Ресей империясының

құрамына кіруге әсер еткен ішкі

құрамына кіруіне әсер еткен сыртқы

факторлар




факторлар

1.




1.

2.




2.







Қазақ хандығының тәуелсіздігінен

Қазақ хандығының тәуелсіздігенен

айырылғаннан кейінгі ішкі жағдайы

айырылғаннан кейінгі сыртқы жағдайы

1.




1.

2.




2.

Дескриптор

Білім алушы:







  • қазақ хандығының 1-ішкі жағдайын жазады;

  • қазақ хандығының 2-ішкі жағдайын анықтайды;

  • қазақ хандығының 1-сыртқы жағдайын көрсетеді;

  • қазақ хандығының 2-сыртқы жағдайын ажыратады;







  • Қазақ хандығының Ресей империясының отары болуына әсер еткен 2-ішкі факторды жазады;




  • Қазақ хандығының Ресей империясының отары болуына әсер еткен 1-сыртқы факторды көрсетеді;




  • Қазақ хандығының Ресей империясының отары болуына әсер еткен 2-сыртқы факторды анықтайды;




  • Қазақ хандығының отар болғаннан кейінгі 1-ішкі жағдайды жазады;

27


  • Қазақ хандығының отар болғаннан кейінгі 2-ішкі жағдайды жазады;




  • Қазақ хандығының отар болғаннан кейінгі 1-сыртқы жағдайды анықтайды;




  • Қазақ хандығының отар болғаннан кейінгі 1-сыртқы жағдайды көрсетеді.

28



Бөлім: Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан



Бөлім


Оқу мақсаты


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта


жаңғыртылуы
10.3.4.2 Қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына
келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу
Білім алушы:
 Егемендікті алу жолында жүргізген күресті зерделейді
Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Мәтінді қолдана отырып, берілген кестені толтырыңыз.


Қазақстан тарихшылары кейінгі уақытта бұған дейін жеке-жеке қарастырып келген ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстарды енді тұтас қарастыратын болды. Шынында да, Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы алғашқы көтеріліс нышаны XVIII ғасырдың 70-жылдарында байқалса, сондай оқиғалар біріне-бірі жалғасып, бірі басыла бергенде, екіншісі басталып жатпады ма?




Академик М.Қозыбаев Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды төмендегідей кезеңдерге бөледі:
1- кезең
Сібір жұртын жаулап алуға қарсы қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың азаттық қозғалысы. Оны Сібір даласында Көшім хан басқарды. Сібір халқы шапқыншыларға қарсы 1590—1617 жылдар арасында 30-дан астам қарсылық көрсетті. Көшім хан мен оның балалары Ешім, Абылай, Дәулеткерей орыс мемлекетінің шапқыншыларымен ұзақ жыл арпалысты. Бүкіл түркі тілді қандас халықтар қазақ елінің сұлтаны Мұртазаның баласы Көшімнің әулетін колдап, қол ұшын берді.
2-кезең
Қазақ елінің оңтүстігі — Жетісу, Сыр бойы жоңғарларға, Қоқан, Хиуа хандықтарына тәуелді болды. Ал XVIII ғасырдың бір сәтінде жоңғарлар Сарыарқаның бір бөлігі мен Алтай өңірін, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуды басып алып, халқын бодан етті. Жоңғарлармен соғыс Отан соғысына айналып, ұлт-азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, біріктірді, бүкілхалықтық дәрежеге көтерді.


3-кезең
Әбілқайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей қол астына өтуінен басталады. Мұны өте тез әрі тиімді пайдаланған патша өкіметі қазақ жеріне тереңдей ене берді. Осы мақсатта тек қаруды ғана емес неше түрлі қитұрқы саясатты да пайдаланды. Империяның құрығы қанша ұзын болса да, қазақ даласы тұзаққа тез түспеді. Қазақстанды жаулап алу ұзаққа созылды.


4-кезең
Қазақ даласы таланып, патша өкіметі мен оның қарулы күші — қазақтар жасағы хан, сұлтандармен бірігіп, зорлық-зомбылық мемлекеттік дәрежеде өрбіген кезде ұлт-азаттық қозғалыс та өрши түсті. Бұл кезеңде қазақ сахарасында отарлау саясаты толық қалыптасты. Бүкіл қазақ даласына патша өкіметі өз билігін үстем етті. Хандық билік жойылды. Ен далада жазалаушы отряд сайрандады. Халық тығырыққа тірелді, қазақ мемлекеттігінің соңғы буындары жойылды, шаруалар жерінен айырылып, кұмды, шөлейт далаға ысырылды. Халық басына ауыр күн туды. Сырым Датұлы мен Исатай Тайманұлы көтерілістері осындай жағдайға байланысты шықты.
29

5-кезең
Хан Кене бастаған ұлт-азаттық қозғалыс лаулады. Он жылдан астам уақытқа созылған бұл қозғалыс үш жүздің басын қосып, Ресейге протекторат негізінде мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталды, оны халықтың көпшілігі қолдады. Жеңілгеніне қарамастан бұл Еуропаға даңқы жеткен ең ірі қозғалыстардың бірі еді.
6-кезең

  1. ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық бағытпен дамытпақ

болған реформатор зиялы қауым бастады. Олар бүкілхалықтық мүддені алға қойды. Федеративті Ресейдің құрамында демократиялық автономия алуды


көздеген Алаш елінің буржуазиялық демократия жолымен даму бағытын ұстады. Қазақ зиялы кауымының бір бөлігі — демократия мен дамудың еуропалық бағытын, ал екінші бөлігі социал-демократиялық дамудың радикалды бағытын ұстады.


1916 жылы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс революцияға ұласты, 1917 жылы Ресейде Ақпан революциясы басталған сәтте оның құрамдас бөлігіне айналды. 1916 жылдың екінші жартысында отаршылдыққа карсы наразылық Қазақ хандығының негізін қайта калпына келтіруден көрінді. Қазақ даласында хандар сайланды, сардарбектер тағайындалды, әскер құрылды, хан кеңесі, қазылар алқасы, ел бектері, қазынашылар, басқаша айтқанда, билік жүйесі қалыптасты. Міне, осылай қазақ мемлекеттігінің құрамды белгілері қалпына келтірілді. Бұл — Ресейге бодан болғаннан бергі ең ірі қозғалыс. Халық каһарына мініп, өз ерлігін керсеткен 1916 жыл ұлт-азаттық қозғалысының ең жоғары шыңы болды.
7-кезең

Ұлт-азаттық қозғалыстар мен 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі азаматтық қарама-қарсылықтар кезінде дамыды да, үлкен көтеріліске ұласты. Бұл күшпен ұжымдастыру 370-тен астам шаруалар қарсылығының жеңілісімен аяқталды...






Дереккөзі: https://kk.wikipedia.org/wiki/
















ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ

ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ




себептерін көрсетіңіз

салдарларын көрсетіңіз




1.

1.







2.

2.







3.

3.







«Қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілістер қазақ ұлтының тәуелсіздігіне негіз болды?» бұл пікірмен қаншалықты келісесіз, дәлелдер келтіре отырып ойыңызды жазыңыз.


Дескриптор Білім алушы:

  • Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ 1-себебін көрсетеді;

  • Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ 2-себебін көрсетеді;

  • Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ 3-себебін көрсетеді;

  • Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ 1-салдарын көрсетеді;

  • Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ 2-салдарын көрсетеді;

  • Ұлт-азаттық көтерілістердің ортақ 3-салдарын көрсетеді;




  • Берілген тұжырым бойынша өзіндік пікірін дәлелдер келтіріп жазады.

30
Бөлім: Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет