«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары



Дата26.09.2024
өлшемі27,22 Kb.
#205196
Байланысты:
МЕ сұрақтары 2023 ж 14.11 (1)


«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары

  1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі, ежелгі адамның мәдениеті.

  2. Ұлы дала аумағындағы тас-мыс және қола дәуірлері. Ботай мәдениеті.

  3. Атқа міну мәдениеті: көшпеліліктің пайда болуы.

  4. Ерте темір дәуірі. Тасмола мәдениеті.

  5. Ерте темір дәуіріндегі сақ тайпаларының тарихы.

  6. Ежелгі ғұн тайпалары: шығу тегі мен этносаяси тарихы.

  7. Үйсіндер мен қаңлылар: саяси тарихы, мәдени мұрасы.

  8. Түрік және Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы.

  9. Түргеш мемлекеті. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы араб-қытай қақтығысы.

  10. Қарлұқ қағанаты. Қарахандар мемлекеті– түркі мемлекеттілігінің жаңа кезеңі.

  11. Оғыз хандығы және оғыздардың қазақ халқының қалыптасуындағы орны. Қимақ қағанаты.

  12. Найман және керей ұлыстары: этносаяси тарихы.

  13. Қыпшақ хандығы: этносаяси, мәдени тарихы.

  14. Ұлы Жібек жолы. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі.

  15. VI-XII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті: жазу, ауызша шығармашылық және әдебиет, ғылым және өнер, дін.

  16. Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында ғылыми білімді тарату (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн,Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари).

  17. Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияны басып алуы. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында.

  18. Алтын Орданың Еуразия мемлекеті ретінде құрылуы: саяси тарихы, мәдениеті.

  19. Ақ Орда мемлекеті: қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы маңызы.

  20. Моғолстан мемлекеті: аумағы және этникалық құрамы, саяси тарихы.

  21. Әбілхайыр хандығы (1428-1468 жж.): аумағы және этникалық құрамы, саяси тарихы.

  22. Ноғай Ордасы және Сібір хандығы: этникалық құрамы және саяси тарихы.

  23. Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының гүлденуі.

  24. Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек хандардың қазақ мемлекеттілігін құрудағы ролі.

  25. Қазақ халқының қалыптасуының алғышарттары. «Қазақ» этнонимі.

  26. Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы. Қазақ жүздерінің қалыптасуының алғышарттары мен ерекшеліктері.

  27. XVI ғасырдағы Қазақ хандығы: ру-тайпалық құрамы, шаруашылығы. Қасым, Хакназар мен Тауекел хандар.

  28. Қазақ хандығы XVII-XVIII ғғ. басында. Қазақ-жоңғар соғыстары. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

  29. XIV-XVIII ғғ. басындағы қазақтардың материалдық мәдениеті: қару-жарақ, қолөнер және үй кәсіпшілігі.

  30. XIV–XVIII ғғ. басындағы қазақ халқының рухани мәдениеті.

  31. Қазақтың ауызша және жазбаша тарихнамасы: Мұхамед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың аса көрнекті еңбектерінің маңызы.

  32. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Бұланты өзені мен Аңырақай шайқасындағы қазақтардың жеңісінің мәні.

  33. XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының жағдайы: қазақ-орыс, қазақ-башқұрт және қазақ-қалмақ қатынастары.Абылай сұлтан.

  34. Абылай хан және оның Қытай мен Ресеймен сыртқы саясаты.

  35. Әбілқайыр хан және Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.

  36. Қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі (1858 ж.). Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі.

  37. Ресей империясының Қазақстанды әскери-казактық отарлауы. Шекара желілерін салу, жерлерді алу.

  38. Патша өкіметінің 1822 және 1824 жылдардағы Орта және Кіші Жүздегі әкімшілік реформалары: себептері, барысы мен салдары.

  39. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар және отаршылдық саясатының күшеюі.

  40. Бөкей хандығының (Ішкі орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумағы.

  41. 1867-1868 жылдардағы жер реформасы: орыс шаруаларының Қазақ даласына жер аударуы. XIX ғ. екінші жартысы- ХХ ғ. басындағы ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

  42. ХІХ ғасырдағы әдебиет пен мәдениет. Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. «Зар-заман» мектебінің өкілдері.

  43. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымының өзгеріске ұшырауы (XIX ғ. 20 жылдары -ХХ ғ.басы.): жергілікті басқару жүйесінде қазақ шенділерінің қалыптасуы.

  44. Орынбор мұсылмандарының Діни жиналысы және Қазақ даласы. Джадидизм ілімі және мектептердің ашылуы.

  45. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей хандығындағы көтеріліс (1836-1838 жж.).

  46. Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс: Сырым Датұлы. Қаратай мен Арынғазы сұлтандарының (1816-1821 жж.) және Жоламан Тіленші көтерілістері (1822-1824 жж.).

  47. Саржан мен Кенесары Қасымұлы сұлтандар бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1825-1847 жж.).

  48. Торғай, Орал облыстарындағы (1868-1869 жж.) және Маңғыстаудағы (1870 ж.) ұлт-азаттық көтерілістер.

  49. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.

  50. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақ даласы. 1916 жылғы азаттық көтеріліс.

  51. ХVIII-ХХ ғ. басындағы қазақ халқының мәдениеті.

  52. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мерзімді баспасөз: «Қазақ», «Шуро», «Сарыарқа» газеттері, «Айқап» журналы. М. Сералин, С. Көбеев, С. Торайғыров және т. б. шығармашылығы.

  53. Қазақ зиялыларының қалыптасуы. I және II Мемлекеттік Думаның қазақ депутаттарының қызметі. Қарқаралы петициясы (1905 ж.).

  54. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы.

  55. I жалпы қазақ құрылтайы және Алаш партиясын құру туралы шешім, партия бағдарламасы.

  56. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметінің орнауы.

  57. II жалпы қазақ құрылтайы және Алаш автономиясы. Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы).

  58. Алаш көсемі Ә. Бөкейхан: өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.

  59. М. Шоқай: өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі.

  60. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Соғыс коммунизмі» саясаты.

  61. Қырғыз (Қазақ) кеңестік автономиялық республикасының құрылуы. С. Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі.

  62. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 1921 жылғы жер-су реформасы. 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық.

  63. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты: мәні мен салдары. Саяси қуғын-сүргіннің басталуы (М.Дулатов, ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев және т. б.).

  64. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның қайғылы салдары. Ашаршылық.

  65. 1929-1931 жылдардағы қарулы көтерілістер: себептері, барысы, салдары.

  66. Қазақстанды индустрияландыру: ерекшеліктері, барысы, салдары.

  67. Жаппай саяси қуғын-сүргін және оның салдары (1937-1938 жж.). Халықтарды Қазақстанға депортациялау.

  68. Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыс майданындағы әскери қимылдарға қатысуы. Тыл еңбеккерлерінің ерен ерліктері. Соғыс жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы.

  69. Соғыс тұтқындарының тағдыры. «Түркістан легионы» және М.Шоқай.

  70. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдары (1946-1953 жж.). Бейбіт құрылысқа көшудің мәселелері мен қиындықтары.

  71. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың салдары. «Невада-Семей» қозғалысы.

  72. 1950-1960 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер. Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтаудың басталуы. Ж. Тәшеновтің саяси қызметі.

  73. 1950-1960 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық реформалар және олардың салдары (1957, 1965 жж.).

  74. Ауыл шаруашылығын реформалау (1954 ж.): тың және тыңайған жерлерді игеру. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – тың өлкесіндегі алғашқы жоғарғы оқу орны.

  75. Қазақстанның 1970-1980 жылдардағы экономикалық дамуының ерекшеліктері. Экономиканың экстенсивті сипаты.

  76. 1970-1980 жылдардағы кеңестік қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің өсуі: азық-түлік және тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, күнделікті өмірдегі тілдік шектеу.

  77. 1970-1980 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Ұлттық мәселедегі қайшылықтар мен мәселелер: М.Шаханов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, О. Сүлейменов, І. Есенберлин және т.б.

  78. Қазақстан қоғамын «қайта құру» әрекеттері: республиканың экономикалық және қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер (1985-1990 жж.). Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

  79. КСРО-ның ыдырауы және Қазақстанның егемендік алуының алғышарттары: Қазақ КСР-інде «Тілдер туралы Заңның» қабылдануы (1989 ж.). Қазақ КСР-інің «Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы» (1990 ж.).

  80. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Қазақстанның 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары. Ел Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі Референдум (2022 жылғы 5 маусым).

  81. ҚР мемлекеттік шекарасын белгілеу. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту.

  82. Қазақстан Республикасында қоғамдық қозғалыстардың және көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

  83. Дүниежүзілік Қазақ құрылтайлары: барысы, шешімдері.

  84. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы мәдени үдерістер. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі. Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясының негіздері.

  85. Тәуелсіз Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру. Астана – Қазақстанның жаңа елордасы: тарихы мен бүгіні.

  86. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: тарихы мен мәні.

  87. Д.А.Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметі.

  88. Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің мәселелері мен қиындықтары. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастыру. Ұлттық валютаны енгізу.

  89. Елдің саяси жүйесін демократияландыру және жаңғырту саясаты. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы.

  90. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде (1992-2022 жж.). ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Шет елдермен дипломатиялық қатынастардың орнауы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет