Күні:
|
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
|
7-сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақ хандығының құрылуы
|
Сабақтың мақсаты
|
Мемлекеттің негізін қалаушылар -Керей мен Жәнібек, жер аумағы, халықтың этникалық құрамы, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы туралы біледі;
|
Сабақтың міндеті
| -
Шығармашылыққа баулу;
-
өз бетімен зертттеу, ізденуге жетелеуге ықпал ету;
-
әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;
-
сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге дағдыландыру.
|
Күтілетін нәтиже
| -
Оқушылар топта жұмыс жасай алады;
-
өзіндік көзқарас қалыптастыра алады;
-
білім алуға деген қызығушылығы артады;
-
салыстыра алады;
-
ой қорытып, талдай алады;
-
өзін бағалай алады;
-
алған білімін жүйелей алады;
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
1. Ұйымдастыру
кезеңі (3 мин)
| -
Сәлемдесу. Түгендеу
-
Сергіту сәті.
-
Топқа бөлу
|
2.Үй тапсырмасын
сұрау: (5 мин)
|
1-тапсырма. Математикалық ойын
-
4000 / 2 -532=1468 (Әбілхайыр ханның қайтыс болған жылы)
-
400 *3 +148 =1348 (Моғолстанның құрылған жылы)
-
2800+105-1500=1405 (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)
-
732*2+1=1465 (Қазақ хандығының құрылған жылы)
-
4000+221-3000=1221 (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)
-
500*2+395=1395 (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)
-
3800 / 2+91=1991 (ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы)
|
3.Жаңа сабақ (25мин)
|
«Ұлы дала дүбірі» деректі фильм көрсетіледі. (Оқушылардың ойы тыңдалады)
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс
2-тапсырма. Қазақ хандығының негізін қалаушыларға тарихи сипаттама бер.
Тайпалардың_орналасуы»_кестесін_толтыр._(дәптермен_жұмыс)'>3-тапсырма. Кім? Қай жерде? «Тайпалардың орналасуы» кестесін толтыр. (дәптермен жұмыс)
Тайпалар
|
Аумақ
|
Наймандар
|
Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлер
|
Қоңыраттар
|
Түркістан мен Қаратау аралығында
|
Арғындар
|
Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда
|
Керейлер
|
Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы мен Обь және Тобыл өзендері аралығында
|
Дулаттар
|
Іле,Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде
|
Қаңлылар
|
Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері бойында
|
Үйсіндер
|
Жетісуда
|
Жалайырлар
|
Қаратауда, Сырдария бойында, Жетісуда
|
|
|
|
Сабақты бекіту
(5-мин)
|
«Өзіңді тексер». Келіскен сөйлемдерді ғана белгіле.
-
М.Х. Дулати «Тарих-и-Рашиди атты еңбегінде Қазақ хандығының құрылу уақытын хижралық есептеу бойынша 870 жыл деп есептейді ( 1465-1466)
-
Есен- бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алды және Шу мен Қозыбасы бойынан қоныс бөліп берді.
-
Жетісуда тұрған тайпаларға Есен бұға жиі шапқыншылық жасады.
-
Есен бұға Керей мен Жәнібекті Әбілқайырға қарсы шапқыншылыққа пайдаланды
-
Моғолстан ханы қазақтардың күшін жоңғарларға соққы беруге пайдаланғысы келді
-
Есен бұға билікке таласып отырған өзінің ағасы Жүніске қарсы күресте Кереймен және Жәнібекпен мықты одақ құрғысы келді.
|
Үйге тапсырма
(2-мин)
|
Тақырыпты оқып келу. Тест сұрақтарына жауап беру. Керей мен Жәнібек сұлтандарға бөлінген Моғолстан жерін анықтап, картаға түсір.
|
Рефлексия (2-мин)
|
Тыңдап отырған үштік әдісімен бекітемін.
|
Бағалау (3-мин)
| |