33-сұрақ. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы. Отырар қаласының аймағындағы Арыс тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласыңың аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарык, Шу өзенінен Қалмаарық сияқты т.б көптеген арық-тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс өзені бойында, Зайсан көлінің айналасында да егіншілік айтарлықтай дамыды.
34-сұрақ. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы. Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. Қазақ хандығына қарсы жорығы
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Шайбани хан 1500-1504 жылдар аралығында Орта Азияның бірталай аймақтарын бағындырып, мемлекет құрды. Ал 1505-1509 жылдар аралығында Қазақ хандығына қарсы үш рет жорық ұйымдастырды. Бұл жорықтар кезінде Шайбани хан Сыр өңіріндегі қазақ сұлтандарының ұлыстарын талқандап, мыңдаған мал мен жанды олжаға түсірді. Талауға түскен, негізінен, Жәнібек хан ұлдарының ұлыстары болатын. Шайбани ханның кезекті, 1509 жылдың қысында болған жорығы, Бұрындық ханның беделіне нұсқан келтірді Бұл уақытта бүкіл қазақ елін жауға қарсы жұмылдыра алатын жалғыз тұлға — Қасым болды. Қасым сұлтанның әскері 1510 жылы Сығанақ түбінде Шайбани хан әскерін талқандап, қазақ жерінен қуып шықты. Бұл жеңіс Қасымның халық алдындағы абырой-беделін одан әрі өсірді. Мұхаммед Хайдар Дулати бұл кезең туралы: «Қасым хан күшінің өскендігі соншалықты, Бұрындық хан туралы ешкім де ойламады, ол хандықты басқару мен ондағы бүкіл билікті қолына алды» — деп жазады.
Ал өз жұрты алдында беделден жұрдай болған Бұрындық хан тақты тастап, 1511 жылы Мауреннахрға, Самарқандағы қызына (Михр Сұлтан ханымға) кетуге мәжбүр болады.