Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы



бет18/52
Дата18.12.2022
өлшемі165,98 Kb.
#163157
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Байланысты:
Тарих 100 сұрақ

29-сұрақ. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы.
XV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібірде Алтын Орданың құлдырап, одан Шибани ұлысының бөлініп шығуынан пайда болған феодалдық мемлекет. Сібір хандығы Пермь жерімен, Қазақ хандығымен, Ноғай Ордасымен шектесті. Солтүстігіндегі шекарасы Обь өзенінің төменгі ағысына, ал шығыста Ала Ордаға (орыс деректері бойынша - Пегая Орда) дейін жететін.«Сібір» терминін ең алғаш Жошының 1206 жылы «Shibir» жерінен оңтүстікке қарай орналасқан орман тайпаларын бағындыруы жайлы жазылған, 1240 жылы жарық көрген «Моңғолдардың құпия шежіресінде» кездестіреміз. Алайда ғалымдар «Сібірдің» қамтыған аумағын сенімді түрде нақтылай алмауда. Палладидің тұжырымына сәйкес - бұл Барабы жазығының солтүстігі (Ертіс пен Обь арасы). XIV ғасырда Сібір хандығының болашақ астаналары батысеуропалықтардың карталарында кездесе бастайды: Қашлық «Sebur» ретінде венециандық ағайынды Пицциганилердің картасында (1367), ал Чинги-Тура «Singui» ретінде Каталон атласында (1375). Сібір (Түмен) хандығының құрылуына негіз болған әкімшілік-саяси бірлікті анықтау барысында екі негізгі пікір қалыптасты.
30-сұрақ. Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі.
Алтын Орда дәуірінде (13 - 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалык дәрежеге көтерiлдi.Алтын Ордаға көрнекті ғалымдары, сәулетшілері, ақындары, өнер қайраткерлері, т.б. жиналған еді.
Көптеген әдеби шығармалар, шежірелер, күйлер секiлдi көптеген жаңашылдықтар болды. Мәдениет пен ғылым алға өрбіді, ал қалалар сауда, архитектуралық жетістіктер мен өнерлердің түрлері арқылы гүлдене бастайды.Алтын Орданың жеткен жетістіктері болашақ мемлекеттердің этностар қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
31-сұрақ. Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер.
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.
Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.
Лингвистикалық жағынан алғанда, бұл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III — I мың жылдықтарды қамтиды.
Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бұл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет