44-сұрақ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі?
18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды. 19 ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта, Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа жəне Қоқан хандықтарының иелігінде болды.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда жəне саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кіруіне алғышарттар дайындады. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған аймақ Ресей құрамына алынды.
45-сұрақ. Орынбор генерал-губернаторы О.Игельстромның реформасы.Кіші және Орта жүздерде хандық билігін жою.
Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба “Игельстром Реформасы” деп аталды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды.
46. Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу үдерісі. Жатақтық.
Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және Қазақстандағы қала халқы санының арта түсуіне байланысты мал жайылымдарының көлемі қысқара бастады.
Патша үкіметі қазақтардың тұрақты отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын қолдап отырды
Ресейден қоныс аударушы шаруалар үшін қыруар көп жер төлімдерін босатып беруі және қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын. Қазақтар бірте-бірте орыс шаруаларының үлгісімен егін егуді игере бастады. Негізгі еңбек құралдары соқа, тырма, қол орақ, ағаш айыр, күрек пен кетпен болды.
47-сұрақ. Қазақ халқының отырықшылыққа қарсы халық-азаттық күресі?
1914 жыл 1 тамызда 38 мемлекет қатысқан I дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысты бастаушы бәсекелес әскери-саяси блоктар: үштік одақ (Германия, Австро-Венгрия) және Антанта (Англия, Франция, Ресей). “Қазақ” газетінде Ə.Бөкейхановтың “Тағы соғыс” мақаласы жарияланды: “Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ".
20 ғасырдың басында Қазақстан шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды. Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді. 1907-1912 жылдары елдің еуропалық бөлігінен 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |