«Қазақстан тарихы» пәнінен
тапсырмалар жинағы
6-сынып
Мазмұны
Бөлім VI – IX ғасырлардағы Қазақстан 3
Бөлім X ғасыр - ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан 10
Бөлім: XIII - XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан 16
Бөлім Қазақ халқының қалыптасуы 20
Бөлім Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы 21
Бөлім Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы 23
Бөлім XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет 34
|
Тақырып
|
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
|
Оқу мақсаты
|
6.3.1.1 Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау
|
Тапсырма
Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.
«Теле» сөзінің мағынасы қандай?
|
|
Түрік қағанатының құрылған жылы қандай?
|
|
Түрік қағанатын құрған қаған кім?
|
|
Түрік қағанатының қай жылы екіге бөлінді?
|
|
Мемлекетті күшейтудегі қызметін сипаттап, сөйлемдерді жалғастырыңыз.
Мен, Бумын қаған ...
Мен, Шегу қаған ...
Мен, Білге қаған ...
Мен, Мұқан қаған …
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
Теле сөзінің мағынасын анықтайды;
Түрік қағанатының құрылған жылын анықтайды;
Түрік қағанатын құрған қағанды анықтайды;
Түрік қағанатының екіге бөлінген жылын анықтайды;
Бумын қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
Шегу қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
Білге қағанның түрік қағанатын нығайтудағы ролін анықтайды;
Мұқан қағанның мемлекетті нығайтудағы ролін анықтайды.
|
Тақырып
|
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
|
Оқу мақсаты
|
6.3.2.2 Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
|
Тапсырма
Мәтінге және өз біліміңізге сүйеніп, Түрік қағанатының сыртқы саясатындағы әр бағытының маңыздылығын сиппаттап кестеге толтырып жазыңыз.
Түріктер әрісі Бумын, берісі Мұқан қағанның тұсында жужандарды бас көтерместей етіп жеңді. Түріктер өз биліктерін батыс бағытта да жүргізе бастайды. Осы жорықта Бумын қағанның інісі Иштеми 10 түмен әскерді басқарды. Ол күшпен ху елін (соғдылықтарды) жаулап алуға аттанды. Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды.Түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін жеткен және жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмеген. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына қарай жасаған жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көріп, жорықтарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Оларды он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. 581 жылы (Тобо қаған қаза болғаннан кейін ) қағанат ішінде өзара соғыс басталды.
Шығыста
|
Батыста
|
|
|
Түрік қағанатының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған бағыттарды атаңыз. .
|
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
Түріктердің шығыс бағытта жүргізген саясатын атайды;
Түріктердің батыста жүргізген саясатын атайды;
Түрік қағанатының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған бағыттарды анықтайды.
|
Тақырып
|
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
|
Оқу мақсаты
|
6.2.1.3 Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану
|
Тапсырма
«Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашыңыз.
Ежелгі Қазақстан мен Орта ғасырлардағы Қазақстан картасын салыстырып, қандай өзгерістер орын алғандығын сипаттаңыз.
Ежелгі Қазақстан картасы Орта ғасырдағы Қазақстан картасы
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
Дескриптор
|
Білім алушы
|
«Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашады;
территориялық өзгерістерді анықтайды;
мемлекеттер арасындағы сабақтастықты анықтайды.
|
Тақырып
|
Көне түркі жазуы
|
Оқу мақсаты
|
6.2.3.1 Көне түркі жазуының маңызын түсіндіру
|
Тапсырма
Суретті негізге ала отырып, сұрақтарға жауап беріңіз
|
Руна жазуы ұғымы қандай мағына береді?
Орхон – Енисей ескерткіштерінен қандай мәліметтер алуға болады?
Неліктен зерттеушілерді түркі жазулары қызықтырады?
|
|
Көне түркі жазуының маңыздылығын анықтаңыз.
1. Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолданды
|
Себебі ...
|
2. Көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар береді
|
Себебі ...
|
3. Көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін көрсетеді
|
Себебі ...
|
4. Көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін сипаттайды
|
Себебі ...
|
Дескриптор Білім алушы
|
|
Руна жазулар ұғымын анықтайды;
Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі мәліметті саралайды;
зерттеушілердің түркі жазуына қызығуының себептерін көрсетеді;
көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар, хаттар әзірлеуде қолдануын түсіндіреді;
көне түрік жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпараттар беретіндігін түсіндіреді;
көне түрік жазуы түріктердің мәдениетін, сауаттылығын көрсететіндігін түсіндіреді;
көне түрік жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін көрсететіндігін түсіндіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |